Экономические науки/8. Математические методы в экономике

 

 

Серкебаева Л.Т.

 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова, Республика  Казахстан

 

 

Халықтың өмір деңгейі: түсінігі, көрсеткіштер жүйесі

 

 

Мемлекеттің экономикалық деңгейі нәтижесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып халықтың өмір деңгейі табылады. Өмір деңгейінің категориясы өзінің бастапқы күйінде салыстырмалы мінезіне ие және сәйкес келетін көрсеткіштердің уақыт аралықтарында салыстыруымен анықталады.

«Өмір деңгейі» түсінігінің бірнеше анықтамалар бар.

«Өмір деңгейі» терминінің кең тараған анықтамасы – халықтың материалдық және материалдық емес игіліктерінің қажеттіліктерін қамтамассыздандыратын, сонымен қатар сол қажеттіліктерді дамытуға шарттарды қарастыратын, күрделі әлеуметтік-экономикалық категория.

Түсінік сандық және сапалық мазмұнына ие. Ол өңдірістік процесстің әр түрлі категорияларымен, еңбек, өмір және тұрмыстың  шарттарын жаңа сипатталуымен толықтырылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттерде өмір деңгейінің концепциялары ұлттық ерекшеліктерге ие. Бұл концепциялардың ең жалпы және маңызды компоненттері Біріккен Ұлттардың Ұйымының ұсыныстарында келтірілген. Оларға жататын денсаулық, тамақтандыру, білім беру, еңбекті ұйымдастыру және жұмыспен қамту, өмірлік жайлылық, әлеуметтік қамту, киім, демалыс және бос уақыт, адам және жеке тұлғаның құқықтары. Сондықтан, өмір деңгейінің концепциясы жеке адамның, отбасының, халықтың әлеуметтік топтарының физикалық, зерделік, әлеуметтік саулықтарын қамтитын шарттар жиынтығын қалыптастырады.

Өмірдің сапасын және бағасын анықтайтын, нақты факторлар (қорек, тұрақ, жұмыс) ғана емес, сонымен қатар  адаммен өз аманшылығын қабылдайтын факторлар (жеке жетістіктер, ертеңгі күнге сенімділік, әлеуметтік әділдікке сенімділік, өмірлік жетістік және т.б.) пайдаланады.

Халықтың өмір деңгейі бірнеше элементтерден тұратын, күрделі көрсеткіш болғандықтан, оның өлшемін және құрылымын анықтау үшін көрсеткіштер жүйесі қалыптасқан. Бірнеше елдердің өмір деңгейлерін халықаралық салыстыру үшін  «адам дамуының индексі» пайдаланады.

Бұл индексті есептеу үшін келесі үш интегралдық көрсеткіштер қолданылады (схема 1):

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Схема 1 – Адам дамуының индекс көрсеткіштері

Экономикалық әдебиетте өмір деңгейін сипаттау үшін келесі негізгі көрсеткіштерді пайдаланады:

·        өмір деңгейінің жалпылама көрсеткіштері;

·        халықтың табыстарының көрсеткіштері;

·        халықтың шығындарының көрсеткіштері;

·        халықтың пайдалану көрсеткіштері;

·        тұрақ және ұзақ пайдаланудың тұтыну тауарларымен қамтамассыздандыру көрсеткіштері;

·        халықтың ақшалай жинақтарының көрсеткіштері;

·        еңбек және демалу шарттарының көрсеткіштері;

·        адам тұрықтарында экологиялық жағдайдын көрсеткіштері;

·        демографиялық көрсеткіштер.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігімен өмір деңгейін бағалау үшін келесі индикаторлар (көрсеткіштер) пайдаланады: халықтың кірістері, денсаулықты сақтау, білім беру, жылжымайтын мүлік, халықты мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тағайындалудың заттарымен қамтамасыздандыру, демография, қауіпсіздік. 

Халықтың өмір деңгейін зерттеу барысында, сол көрсеткішті жылдар және аймақтық аралығында динамикасын  көрсететін, бағалауына назар аудару керек.

Халықтың өмір деңгейін бағалау қоғамдық дамудың және мемлекеттің әлеуметтік пен экономикалық саясатының тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіші болып табылады.

Өмір деңгейінің және сапасының мәселелерін шешу нәтижесінен мемлекетте енгізілетін өзгерістер бағыттары, және ақырында, қоғамдағы саяси және экономикалық тұрақтылық  байланысты.

Сондықтан мемлекеттік деңгейде халықтың өмір деңгейін және өмір сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

 

Литература:

1.      Социально-экономическая статистика: Учебник для вузов/ Под ред. проф. Б.И.Башкатова.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. – 703 с.
2.      Национальная экономика: Учебник / Под общей ред. акад. РАЕН [В. А. Шульги:] — М.: Изд-во Рос. экон. акад., 2002. — 592 с.
3.      «Уровень жизни населения в Казахстане» Статистический сборник/2009-172 с. Под редакцией А.Смаилова