Магистрант Құрманбаева Ж.

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Өндірістік қатынастарды менеджменті бағалау кезіндегі көрсеткіштердің жіктелуі

 

Өндіріс үдерісіне қажетті заттық ресурстар кәсіпорынның өндірістік қорын құрайды. Еңбек құралы ретінде қызмет ететін қор бөлігі өндіріске ұзақ уақыт бойы қызмет көрсетеді, және осы жағдайда өзінің табиғи нысанын сақтайды және өнімнің құнын бірте-бірте, бөліктерге бөле отырып ауыстырады, өнім тозған жағдайда, кәсіпорынның негізгі қорын (жабдықтар, көлік құралдары, өндірістік ғимараттар, ғимараттар және т.б.) жасайды.

Өндіріс үдерісі дегеніміз - ресурстардың өзара әрекетінің үдерісі. Кәсіпорын ресурстарын жіктеудің бірнеше әдісі бар. Соның ішінде жалпы екі әдісіне тоқтала кетуге болады.

Біріншіден, заттық және еңбек (жеке тұлғалы) ресурстары деп бөлінеді. Заттық ресурстар еңбек құралдары (жабдықтар, машиналар мен тетіктер, ғимараттар мен ғимараттар, көлік жабдықтары, тұрмыстық желі және т.б.) түрінде немесе еңбек заттары (отын, шикізат, жинақтаушы бұйымдар және т.б.) түрінде беріледі, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорнының иелігінде ағымдағы қызметі мен өндірісті дамытуға арналған ақшалай қаражаты болады.

Еңбек ресурстары дегеніміз - өндіріс үдерісіне қатысатын, кәсіби білімдері бар, жеке және рухани мүмкіндіктер жиынтығын құрайтын қызметкерлер.

Кез келген менеджменттің өндірістік кезеңде толығымен қолданылатын және толығымен өзінің құнын жаңа жасалған өнімге ауыстыратын қор элементтері айналым қорына (шикізаттың, материалдар мен отынның артық қорлары; аяқталмаған өндіріс, өндірісті дайындау шығындары, өнімнің жаңа түрлерін игеру, яғни болашақ кезең шығындары және т.б.). Өндіріс үдерісін аяқтау үшін өнім тұтынушыға жеткізілуі тиіс, яғни айналыс фазасынан толық өтуі тиіс. Айналыс аясындағы жабдықтар жиынтығына айналыстағы қорлар (қоймадағы немесе жол үстіндегі дайын өнім, ақшалай қаражат және есеп-айырысу қаражаттары) жатады.

Жоғарыда аталған әр фактордың меншік иелері табыс алуда, өнім шығару жөніндегі жұмыстардың жиынтық көлеміне үйлесімді ат салысуда бір мүддені көздеген. Жоғарыда аталған факторлардың ешқайсысы ештеңені дербес шеше алмайды, толық өндіріс бойынша да, жеке өз бөлігі бойынша да  бір-бірінің қатысуңынсыз бұйым өндіре алмайды, атап айтқанда, бастапқы химиялық шикізатқа да, реагенттерге де, энергияға, катализаторға да алынған химиялық өнімнің қандай да бір бөлігін айырбастауға болмайды [1]. 

Тауарлар мен қызмет көрсетулер аты аталған факторлар ресурстарының өзара байланысы арқылы ғана жасалады. Жіктеуге қатысты қарастырылған екі әдіс те өндірістік ресурстардың түрлері туралы түсінік береді, бірақ егер бірінші әдіс, ең алдымен, кәсіпорынның қарамағындағы жабдықтардың құрылымын көрсететін болса, екінші әдіс (ресурстарды өндіріс факторлары бойынша топтау) ресурстарды тек түр-түрге ғана бөліп қоймайды, сондай-ақ ресурстардың меншік иелерінің мүдделерін (олардың «дайын өнімге» қосқан үлесін және тиісті табысты алудан күтетін нәтижелерін) көрсетеді, олай болса, біздің көзқарасымыз бойынша, осы кешенді әдіс тиімділікті өлшеу мақсаттарына толық жауап беруге тиіс.

Қолданылған ресурстар дегеніміз - өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған аванстандырылған шығындар. Оларға кәсіпорынның негізгі қорлары («капитал»), оның айналым қаражаттары («материал») және жұмыс күші - өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жиынтық саны («жанды еңбек») жатады. Тұтынылған ресурстар дегеніміз өнімді өндіруге жұмсалатын жалпы ағымдық шығындарды қалыптастырады және осы шығындардың жекелеген элементтерін көрсетеді. Тиісінше жанды  еңбекті тұтыну кәсіпорынның еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарын, негізгі капиталды - өтелімге (амортизациялауға) кететін шығындарды, материалдық ресурстарды - материалдық шығындарды сипаттайды. 

Ресурстар - ол белгіленген кезеңде кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық айналымына енгізілген өндіріс факторлары. Кәсіпорынның ресурстар құрамына: өндірістік және қаржылық ресурстарды жатқызуға болады. Шығындар дегеніміз - өнімдерді дайындау және сату үдерісінде тұтынылған ресурстардың (өнімнің өзіндік құнын құрайтын) бір бөлігі.

Шығындар жүзеге асу кезеңділігіне қарай бір жолғы және ағымдық болып бөлінеді [2].  Ағымдық шығындар жыл бойы өнім өндіруге және қызмет көрсетуге қажетті үнемі жұмсалатын материалдық шығындар мен еңбек шығындары. Біржолғы шығындар дегеніміз - өндірістік қорларды кеңінен қайта өндіруге, өндірісті техникалық тұрғыда жетілдіруге қажетті бірқатар жылдарға авансталған материалдық-техникалық жабдықтар (инвестициялар). Олардың жыл бойы нәтиже беретін ағымдық шығындардан айырмашылығы  біржолғы шығындар, өндірістік күштерді қолданысқа енгізгеннен кейін, әдетте, бір жылдан артық нәтиже береді. Біржолғы шығындар өндірістік және капиталдық салымдарға бөлінеді. Өндірістік шығындар іс-шараларды әзірлеуге байланысты ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық жұмыстар кешенін жүргізуге арналады. Тиімділік деңгейі туралы ақпараттың нақтылығы  экономикалық нәтиженің жіктелуіне және тұлғалау нысандарына байланысты. Экономикалық нәтижені бағалау көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: көлемді, соңғы және әлеуметтік нәтижелер.

Экономикалық нәтиженің көлемдік көрсеткіштері бастапқы көрсеткіш болып табылады және оған өндірілген өнім мен қызмет көрсетулердің табиғи және бағалық көрсеткіштері: табиғи өлшеуіштердегі өнім өндірісінің көлемі, жалпы тауарлық өнім, монтаждау-құрылыс жұмыстарының көлемі, өңдеудің нормативтік құны және т.б. жатады.

Көлемдік нәтижелер менеджменттің сараланған көрсеткіштерін есептеу кезінде, ал соңғы экономикалық нәтижелер тиімділіктің қорытындылау (кешендік) көрсеткіштерін есептеу кезінде есепке алынады.

Өндіріс тиімділігін бағалауда өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінің қоғамның, ұжымның әлеуметтік мақсаттарына сәйкестігін, экономиканың дамуындағы адамдық (жеке тұлғалық) фактордың артықшылығын бейнелейтін әлеуметтік нәтижелер маңызды орын алады. Әлеуметтік нәтижелер өндіріс саласында да, одан тысқары жағдайларда да адам өмірімен байланысты іс-әрекеттің бәрін тұлғалайды. Өндірушілердің экономикалық мүдделері әлеуметтік нәтижелермен өзара тығыз байланысты: экономикалық нәтижелер неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік нәтижелер де солғұрлым жоғары болмақ және керісінше. Әлеуметтік нәтижелер өмір сүру деңгейін жақсарту (еңбекақы төлемін, нақты табыстарды, ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету деңгейін, қызметкерлердің жалпы білім және кәсіби деңгейін көтеру), бос уақыт және оны пайдалану тиімділігі, еңбек жағдайы (жарақаттанудың азайтылуы, кадрлардың тұрақтылығы, халықты жұмыспен қамту), экологияның жай-күйі және өндірістің елдегі және аймақтағы экологиялық жағдайға әсері сияқты көрсеткіштермен айқындалады [3]. 

Әлеуметтік нәтижелер мен олардың экономикалық нәтижелерге ықпалы нақты сандық бағалауға келе бермейтінін, оларды жанама бағалаудың кеңінен таратылғанын, мақсаттардың  сараланып отыратынын атап өткен жөн.

Ресурстарды немесе шығындарды қамту өз деңгейі бойынша ресурстардың немесе шығындардың бір түрін қолдану тиімділігін және ресурстардың немесе шығындардың барлық түрінің қолданылуын сипаттайтын жеке көрсеткіштерге бөлінеді. Есептеу әдістемесіне қарай тиімділік көрсеткіштері шығындық және ресурстық болып жіктеледі. Тиімділіктің ресурстық көрсеткіштерін есептеу кезінде кәсіпорынның шаруашылық айналымына енгізілген реурстар шамасы қатысады, ал шығындық көрсеткіштер - бағаланған объектіні сату кезінде жүзеге асырылған ресурстар шығынының шамасы. Өз бағытына қарай іс-әрекеттер сыйымдылық және қайтарымдылық көрсеткіштеріне бөлінеді.

Сыйымдылық көрсеткіштері нәтиже бірлігінде ресурстардың немесе шығындардың қанша екенін көрсетеді және ресурстардың немесе шығындардың нәтиже шамасына қатынасымен анықталады. Қайтарымдылық көрсеткіштері, керісінше, нәтиже шамасын ресурстар шығындарына бөлу арқылы анықталады.

Қазіргі уақытта менеджменттің кәсіпорынының өндірістік шаруашылық қызметі тиімділігінің жалпылай қабылданған көрсеткіштер жүйесі жоқ. Қандай да болсын іс-шаралардың тиімділігін өлшеу үшін кейде өзара байланысы жоқ, әр түрлі нәтиже беретін  түрлі әдістемелер қолданылады.

Әдістемелер қатарынан көрсеткіштердің қажетті салғастырымдылығын да кездестіре алмайсың. Сондай-ақ, тиімділіктің жоспарлы және есеп беру көрсеткіштері сараланады. Мұның бәрі кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің тиімділігін кешенді бағалауда қиындық келтіреді және оны іске асырудың әр түрлі жақтарына жүйелі түрде талдау жасауға мүмкіндік бермейді.

Шаруашылық есепті жетілдіру

 

        Сурет 1. Өндірістің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары

        Кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау үшін пайда көрсеткішін қолдану жеткіліксіз. Кәсіпорынның пайдаға шығуы тұтынушыға қажет өнімнің белгіленген мөлшерін шығарудың нәтижесі болып табылады.

Сондықтан да, нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі жағдайларында революциялық, сапалы өзгерістер қажет. Арнайы жаңа технологияларға, болашақ ұрпақ техникасына көшу дегеніміз - ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері негізінде халық шаруашылығының барлық салаларын түбегейлі қайта жарақтандыру қажет болып табылады.

Әдебиеттер:

1.     Әбілдина Л.І., Белгібаев К.М. Ауыл шаруашылығы экономикасы .

Алматы: Қайнар, 2008.

2.       Белашов Л.А. Өндіріс тиімділігі. -М.: Жоғары мектеп, 2009.

3. Беркутова Н.С. Астық сапасын бағалау және қалыптастыру әдістері. -М.:   Раритет, 2009.

Аннотация

В статье рассмотрены актуальные проблемы производства и пути его решения.

Resume

The article deals with current problems of production and ways of its solution.