Магистрант Жакупова Гулима
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан
Мемлекеттік реттеу жүйесін
қалыптастырудағы аграрлық сектордың орны
Аграрлық сектор мемлекеттік реттеуді аса
қажет етеді. Нарық жағдайында мемлекет нарықты
реттеуші, экономиканың мүмкін коньюнктуралық
құлдырауы мен көтерілуін түзету енгізіп отыратын делдал
ретінде жүреді. Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу міндеті
баға инфляциясының жоғарғы деңгейін болдырмау мен
ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажетті табыстылығын
қамтамасыз етуде болып отыр. Бағаны мемлекет реттеу мемлекеттік
органдар жүргізетін және жекелеген тауарлар бағасының
әрекет етуші деңгейі мен экономикалық және
әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою үшін
бағаның жалпы деңгейін сақтау немесе өзгертуге
бағытталған шаралар жүйесі ретінде жүреді. Бағаны
реттеу дегеніміз – бағаға кез-келген әсер ету емес, ал
бағаға, оның деңгейіне, жүйесіне және
динамикасына мақсатты, сапалы түрде әсер ету [1].
Экономиканың аграрлық секторы мемлекеттік
реттеудің жалпы тұжырымдамасынан шыға отырып баға
белгілеудің нысандары мен әдістерін анықтау кезінде ауыл
шаруашылығы шикизаты мен азық түлік рыногын, сонымен
қатар келісім-шарт негізінде орталықтандырылған
қорларға жеткізудің бірнеше деңгейін бөліп
көрсетуге болатын оның ұйымдастыру құрылымын,
тікелей байланыстарды, биржалық сауданы, сауда желісі арқылы сатуды
қалыптастыру мен дамытудың ерекшелігін ескеру қажет.
Баға белгілеу нарықтық экономика дамуының объективті
заңдарына қайшы келмейтін, рұқсат етілетін
ауытқулар шеңберінде ғана мемлекет саясатының
пәні бола алады. Егер оны өндірістің тепе-тең
дамуының басқа жағдайларынан оқшаулап
қолдансақ ол экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығара
алмайды. Бағаны босату экономиканың онсыз да тұйық
жағдайын тереңдете түседі.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығы экономикасына
араласуы нарықтық қатынастар дамуымен аңықталады.
Реттеу қағидаларын бұзу өндірістік процестің
әр қатысушының монополиялануына әкеліп, экономиканы
қиратады. Директивті түрде бағаны орнату сұраныс пен
ұсыныс, тепе-теңдігі заңын мойындамайды. Бағаны
мемлекеттік реттеуді реттеудің жалпы құн
қағидаларын пайдалан отырып құрған
дұрысырақ яғни бағдарламалық,
тұрақтандыру және төмендету. Бағдарламалық
механизмдер тауар нарықтарында бағалар өндіріс басталғанға дейін белгілі болуы үшін
қажет.
Ауыл шаруашылығы мен оған қатысты
салаларды реттеу жүйесінің маңызды элементі мемлекеттік
бағдарламалар болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама
Агроөнеркәсіпті дамытудың жалпы ұлттық
міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің
өзара байланысқан шаралары мен істері жүйесін
көрсетеді. Бағдарламалар өз мазмұны бойынша сан
түрлі болуы мүмкін:
- аграрлық өндіріс кәсіпорны жекелеген
салалары мен сфераларының проблемаларын шешуге бағытталған
салалық және азық-түліктік;
- аграрлық өндіріс кәсіпорны
мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтерін іске асыруға
бағытталған функционалды (инвестициялық
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
т.б.);
- мемлекеттің жекелеген облыстар мен
аймақтардың агроөнеркәсіптік өндірісі дамуына
әсер етуінің кешендері шараларын сақтайтын
аймақтық бағдарламалар кешенді сипатта болуы мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен орындауды
ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығы министрлігі мен ауыл шаруашылығының
облыстық басқармасына жүктеледі. Бағдарламаға
қатысушылардың экономикалық мүддесі оларды іске асыруда
қамтамасыз етіледі:
- бағдарлама шараларын мақсатты бюджеттік
қаржыландыру;
- бағдарламаға қатысушыларға
жеңілдетілген салық салу.
Өндіріс пен айналым шығындарын
қалыптастыратын өндіріс қаражаттарына бағаларды
субсидиялау өндіруші сатып алатын өндіріс
құралдарының бағаның төмендеуіне
көмектеседі және осының есебінен өндіріс
шығындары мен ұсыныс бағаларын салыстырмалы төмендетуді
қамтамасыз етеді.
Аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу
шаралауының ішінен міндетті болып әкімшілік әсер ету
табылады. Бұл – негізінен өнім сапасы, өнім стандартизациясы,
экологиялық қауіпсіздігі, өнімді тұрақты
және тиімді айырбастауды қамтамасыз ететін нарықтық
инфрақұлымды құру және т.б. сұрақтар.
Қазақстанның өтпелі экономикасындағы мемлекеттік
реттеу мөлшері төмендемей, қайта өсіп отыр. Сонымен
қатар реттеу сферасы да өзгеріп отыр. Ауырлық орталығы
кәсіпорынның тікелей реттеудегі макроэкономикалық тетіктерді
пайдалану, өнімдерді сату, нарыққа өтудің,
жағымсыз салдарларын жұмсарту үшін тиімді жағдайлар
құруға ауысып отыр. Нарықтық қатынастар
дамуына қарай ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу өз
мәнділігін жоймай, керісінше күрделеніп, жетіліп отыр. Реттеуші
қызметтен бас тарту мемлекеттің өзінен бас тарту деген
сөз болар еді. Бүгінгі күні баға диспаритеті проблемасы
бар. Сондықтан толық қайта монополизацияланғанға
дейін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімін
бағасын арттыруға рұқсат беру, ал кәсіпорындар
монополистерге, мемлекетке келісілген бағалардың
жоғарғы шегін анықтау қажет. Мүмкін сол кезде
нарық аграрлық сектор өнімдеріне толар.
Қазақстандағы бағаға
мемлекеттік әсер ету нарықтық қатынастардың жалпы
дамымуы, ақша қаражаттарының тапшылығы іске асырылып
отыр.
Қазақстан Республикасында ауыл
шаруашылығы өнімін мемлекеттік реттеу механизмі
нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда
күрделірек жүйе болып табылады. Бұл экономикалық
және саяси даму ерекшеліктері арқасында туындап отыр.
Аграрлық секторды дағдарыстан шығару үшін
Қазақстан Республикасында бірқатар шаралар іске асырылып
жатыр. Осындай шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы
өнімдерінің сатып алушы бағаларын бір рет қайта
қарастыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне
қолдау жасау. Бірақ, бұл шаралар бүгінгі күн
талабына жауап бермейді. Себебі мемлекеттік тарапынан бағаларды
қайта қарау баға диспаритетін жоя алмайды.
Кесте-1. Қазақстан Республикасы және
Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылық саласын дамытуға
жіберілген күрделі қаржы (қазіргі баға бойынша) млн
теңге.
|
Жылдар |
Күрделі қаржы |
|
|
|
Қазақстан Республикасы бойынша барлығы |
Ақмола облысы бойынша – барлығы |
|
2004 |
5423 |
330 |
|
2005 |
4190 |
252 |
|
2006 |
2051 |
125 |
|
2007 |
9011 |
55 |
|
2008 |
1400 |
85 |
|
2009 |
5870 |
198 |
|
2010 |
8436 |
488 |
|
2011 |
1 0000 |
590 |
|
2012 |
1 0015 |
596 |
|
*www.gov.kz сайтының мәліметтері негізінде
құрастырылған |
||
Бұл статистикалық
мәліметтерден Қазақстан Республикасы және Ақмола
облысы бойынша ең аз күрделі қаржы бөлінген уақыт
– 2007 жыл, республика бойынша 6,0 есеге, Ақмола облысы бойынша да 6,0
есеге көбейгенін көруге болады. Ал 2010-2012 жылдардағы
көрсеткіштерден күрделі қаржының өскені
байқалады, тікелей мақсаттық бағытқа
жұмсалса нәтиже жаман болмайды [2]. Ауыл шаруашылығында
тұрақты экономикалық дамудың басты алғы шарты
жерді тиімді пайдалану. Біздің елімізде бұл іс ақсап
тұр. Республикада 272,5 миллион гектар жер бар, оның 226,6 миллион
гектары ауыл шаруашылық жері бұл бүкіл Батыс
Еуропанының барлық жерінің 60 пайызы. Біздің мемлекетте
жерге байланысты мемлекет те, қоғам да жете көңіл
бөлмей келе жатқан өте үлкен проблема бар, ол –
жердің орасан зор көлемде азғындауға ұшырауы. Біз
жеріміздің көптігімен мақтанамыз. Бірақ екі млн. гектар
жер Семей полигонында радиоактивті қалдықтар мен бүлініп
жарамыз, тіпті аса қауіпті жағдайда. 4,8 млн. гектар
Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу, сынау
алаңында. Осы секілді түкке жарамсыз жер көлемі республика
бойынша 6,45 млн. гектар, оның ішінде зиянды жер – 15,5 млн гектардай.
Демек, ауыл шаруашылығы экономикасында тұрақты даму ісі
қамтамасыз етілмесе, осы әрекет жылма-жыл қайталана береді,
шаруа жылдан-жылға кедейленеді, жер азғындап, өнімділігі
төмендейді, тіпті жарамсызданып, ұзақ мерзімге істен
шығуы да мүмкін. Ауылдық жерде республика
халқының 44 пайызы тұрады. Бұдан он жыл бұрын 48
пайыз болатын. Қисын бойынша, ауылда тұратындар санының
бүкіләлемдік көрсеткішіне (30 пайыз) тағы 30-40 жылда
барып жетеміз.
Сондықтан ауыл халқын азайтып, қала
тұрғынын көбейтуге тырыса беру де тиімсіз. Сонда бұл
проблеманы шешудің жолы қандай? Осы мәселе ретінде мынандай
ұсыныстарды атап өтуге болады.
Біріншіден, шынымен ауылды қолдауды жолға
қоямыз десек және оны алдағы үш жылдағы ең
басым сала деп белгілесек, алдымен істі ауылдағы тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау ісінен бастауымыз керек.
Бүкіләлемдік тәжірибеде ауылдағы азық-түлік
өндірушілерді 60 пайыздан 250 пайызға дейін қаржылай
қолдау көрсетеді. Мәселен, Еуропалық Одақ елдері
өз халқынан килосы бес доллардан ет сатып алып, оны дамушы елдерге
екі доллардан сатады, сол арқылы өз тауар өндірушілерін
қорғайды [2]. Екіншіден, ауылдағы ұсақ кәсіпшілердің
басын біріктіріп, күш қуатты, еңбекті кооперациялау керек. Ол
үшін мемлекет өз заңдарында кооперацияны
қолдайтының бүкпесіз айтып қана қоймай, оны
басымдылыққа ие ету үшін және халықты кооперация
жасауға тарту үшін сол жүйені мемлекет тарапынан басым
қолдауы керек. Мәселен, кооперациялану жолын таңдаған
шаруаларға салықтық, тағы басқа
жеңілдіктер, қаржылай көмек берілетінің нақтылау
керек.
Қорытындылай келе жер біздің елімізде
құнды тауар ретінде қарастырылуы керек. Инвестиция талап
ететін қайтарымы мол басқа салалар жеткілікті
болғандықтан жер жеке меншікке көшкен күнде де
ғана кепілдік объекті бола алады.
Әдебиеттер:
1. Исмаилов А.А. Ауыл
шаруашылығының экономикалық қатынастары // - Алматы,
2010.
2. Сундетбеков А.Л.
Экономиканың ауыл шаруашылығындағы тиімділігі
//Қаржы-қаражат, 2011.
Аннотация
В данной статье рассмотрены
проблемные аспекты и пути развития аграрного сектора Казахстана.
Resume
In this article problem
aspects are considered and development of agrarian sector of Kazakhstan.