Современные информационные технологии/3. Программное обеспечение

Жуаспаев Т.А., старший преподаватель

 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова, Республика  Казахстан

 

Автоматтандырылған оқыту жүйелерінде

оқыту модельдерін іске асыру

 

Осы күнде пайдаланатын оқытудың дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақ дегендей ұйымдастырушылық формаларының келесі маңызды кемшіліктері бар: білім берудің сөздік баяндау әдістерінің кең таралуы; материалды баяндаудың орташа қарқыны; студенттердің білім деңгейлеріне және өзіндік жұмыстарына назар аудармайтын, тәжірибелік сабақтардың жаппай өткізу формалары. Студенттердің оқулықтармен, оқу құралдарымен өзіндік жұмыстары оқу материалының жеткіліксіз бөлшектеуіне, баяндау тілінің  толықсыздығына, эмоционалдық қарым-қатынастың және білім беруді бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты қиындайды.

Автоматтандырылған оқыту жүйелері дидактиканың негізгі қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік береді: ғылымилық, жүйелілік, модульдік, жалғастырушылық, көрнекілік, - осының барлығы кәсіби дайындықтың сапасын көтеру үшін алғышарттарды жасайды. Олар білім алушыларға келесі мүмкіндіктерді береді: баяндаудың қарқының басқару, оқылған тарауларға қайта оралу, материалды бірнеше рет қайталау, терминдер және түсініктер сөздігін кез келген уақытта қарастыру, сұрақтар мен тапсырмалар арқылы білім деңгейін тексеру, машықтар мен икемділікті істеп өтеу.  Автоматтандырылған оқыту жүйелерін пайдалана отырып, өзіндік жұмысты, өзіндік бақылауды және білім деңгейін тексеруді сапалы түрде ұйымдастыруға болады.

Қазіргі уақытта бірталай электрондық оқыту материалдары ретінде, электрондық кітаптар, электрондық оқыту құралдары, автоматтандырылған оқыту жүйелері құрастырылған.  Бүгінгі күнде пайдаланатын электрондық оқыту материалдары, оқыту процесі кезінде білім алушыны басқару деңгейімен анықталатын,  жан-жақты тиімділікпен оқытудың кез келген мәселелерін шешеді. Электрондық-әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын құрастыру кезінде туындалатын қызықтық сол материалдарды ерекшелік жағынан және пайдалану облысына сәйкес топтастыру сұрақтарын қарастыруға мүмкіндік береді.  Оқыту жүйелерінің, олардың әртүрлі қасиеттеріне сәйкес, бірнеше топтастырулары бар.

Қолданбалы бағдарламалар пакеті әдісінің негізінде оқыту модельдерін іске асыру.

Қарастырылып отырған кезең қолданбалы бағдарламалар пакеті әдісінінің негізінде электрондық оқу-әдістемелік материалдарында программалық оқытудың идеясын іске асыру мүмкіндігімен сипатталады.

Бұл әдістің негізгі принципі ретінде, машина ресурстарын басқарып отыратын,  қалыпты бағдарламалардың  кітапханалар бөлінуі табылады.  Автоматтандырылған оқыту жүйелеріндегі оқыту процессінің схемасы келесі: оқушыға оқуға қажетті ақпарат беріледі, білім деңгейін тексеру үшін тапсырма беріледі, оқушымен берілген жауаптар тексеріліп, келесі қажетті ақпарат беріледі. Бірнеше уақыт өткен соң, басқа оқыту схемалары пайда болды: мұндай схемаларында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, әрбір топқа оқыту жоспары орташа уақытпен  берілген.  Оқушының сипаттамасы ретінде топ нөмірі немесе оның бағасы болатын.  Оқушының қажетті топқа жатқызу оның жауаптары арқылы іске асырылады.  Қолданбалы бағдарламалар пакеті әдісі осы схемаларды іске асыруға мүмкіндік береді: сұхбаттық компонентаның программалау тілі оқушының жауаптарын қабылдайды, программа оқушының жауаптарын тексереді және оқытудың келесі кезеңін таңдауға рұқсат етеді.

 Тармақталған оқыту схемалары бар автоматтандырылған оқыту жүйелері оқушылардың әрбір топтарына жеке оқыту жоспарларын беруге мүмкіндік беретін, бірақ бұндай оқыту жоспарлары орташа оқушы деңгейіне тірелген. Зерттеушілер оқушы деген күрделі объектісін басқару үшін алдынала оқытудың дәл және толық траекториясын анықтауға қиын деп анықтайды, сондықтан да оқыту процессін жекелендіру жөн.

Сарапшы жүйелері әдісімен оқыту модельдерін іске асыру.

Оқышуның білім деңгейін тиімді түрде басқару үшін, зерттеушілер «бейімделу» түсінігіне көп назар аударады. Басқару объектісіне лайықтану процессі ретінде қарастырылатын, бейімделу, бірнеше  иерархиялық деңгейлерден тұрады:

– Параметрлік бейімделу.

– Құрылымдық бейімделу.

– Басқару объектісін бейімделу.  

– Мақсаттары бойынша бейімделу.  

Жоғарыда келтірілген бейімделудің барлық деңгейлерін іске асыру үшін, тармақталған оқыту схемалары бар модельдерінде оқушы бойынша ақпарат толық болмаған.  Бұл жағдай қосымша оқуты модельдерінің анықталуын туындады. Осы көзқарастың іске асырылуы 1982 жылы эксперттік жүйелердің әдісі негізінде оқыту жүйелерінің жаңа моделінің туындағанына соққы берді.  

Осы модельдердің басты айырмашылығы – оқытудың рет ретімен қадамдарын анықтамау, жүйе әрбір оқушыға оқытудың жеке жоспарын құрастыруға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған оқыту жүйелерінде параметрлік және құрылымдық бейімделуді іске асыруға пайдалы. Осы жүйелердегі зерттеудің пәні мен әдістерінің сарапшылық білімдері толық болып, оқыту процессінде өзгеруге тиісті емес. Бұдан басқа, жүйенің жұмысы оқытудың тек қана бір мақсатына жету үшін бағытталған. Бұл оқытудың мақсаттарын және оқытудың объектісін бейімделуге мүмкіндік бермейді.

 

Әдебиет:

1.     Архангельская Л.С. Разработка и применение обучающих программ в учебном процессе на базе АОС. М.: Изд-во МАИ, 1990.

2.     Одинцов Б.Е. Проектирование экономических экспертных систем: Учеб. пособие для ВУЗов. Под ред. А.Н.Романова. М.: Компьютер: ЮНИТИ, 1996.