Т.ғ.к.,Қарсыбаева Ж.А., Демеу А.Ғ.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
«Қазақ» газеті:
ұлттық маңызды мәселелердің қарастырылуы
Жалпы адам баласына
хабар таратудың ең тиімді жолы баспасөз ісінен
басталғаны белгілі. Исі қазаққа таныс
алғашқы, қазақ даласында пайда болған басылым ол
дала генерал-губернаторының қолдауымен шығып
тұрған «Дала уалаятының газеті» болса кейіннен
«Түркістан улаятының газеті» жарық көрді. Бертін келе
қазақ зиялыларының мақалалары жарық
қөрген, ұлттық құндылықты насихаттау,
елдегі проблемеаларды көтеру, қазақт балаларына білім беру,
ұлттық идеологияны мықты ұстанған
алғашқы қазақ
басылымдарының бірі де бірегейі «Қазақ» газеті болатын. Қаншама қазақ
зиялыларының шындықты шырылдата жазғаны, сол жылдары
қазақ даласындағы отаршылдық кезеңі, әйел
теңсіздігі, жер дауы сынды сан қырлы сауалдарға жауап
табуға тырысқан «Қазақ» газеті ресмией түрде 1913
жылыңдың наурыз айында жарыққа шықты. Орынборда
3000 тиражбен (кей бір мағлұматтарда 8000-ға жеткен) аптасына
бір рет шығатын бұл газет ХХ ғасырдың
бұқпасыз, боямасыз болмысын бейнелеуге тырысқан.
«Қазақ» - қоғамдық-саяси және әдеби
басылым. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынов болса, екінші редакторы –
қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, басып
шығарушысы Мұстафа Оразаев, кейін «Азамат» серіктестігі болды [1, 48-49 б.].
Әлихан Бөкейхан, Ахмет
Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы және
басқалар бастаған алдыңғы қатарлы
қазақ оқығандары жалпыхалықтық газет ашумен
1905 жылдан айналыса бастады. Газетте ХХ ғасырдағы
қазақ жұртының саяси-әлеуметтік ең
түйінді мәселелерін, шаруашылық жағдайына, жер
мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына,
оқу-ағарту, тәрбие ісіне, әдебиет пен мәдениет,
әдет-ғұрп, салт-санаға, тарих пен шежіреге
арналған Ә.Бөкейхановтың,
Ш.Құдайбергеновтың, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаев,
Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов,
Б,Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды
әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан ардақты
ағаларымыздың ғылыми шығармашылығы,
әңгіме, өлеңдері басылып аудармалар туралы сын
мақалалар мен қатар Л.Талстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан,
В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық
көрген. [1, 49 б.]. Қазақ аспанын
қара бұлттай торлаған қара түнек патшалық
дәуірінде дүниеге келіп, ақын айтқандай:
«қараңғы қазақ көгіне өрмелеп
шығып күн болам» деген газет туралы, «Ақиқат» журналы:
«Қазақ» өзі өмір сүрген бес жыл ішінде талай
күрделі құбылыстардың, қоғамдық
сілкіністердің куәсі болды [2, 178 б.]. Айналдырған бес
жылдың көлемінде бірнеше ғасырға татитын
оқиғалар мен өзгерістерді басынан кешкен, бұл
басылымның біздің тарихымызда алар оны екер. Мысалыға,
«Қазақ» екі жойқын соғыстың (І дүние
жүзілік және азамат соғыстары), 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілістің, екі
қоғамдық-саяси төңкерістің (ақпан
және қазан), төрт саяси биліктің (патша өкіметі,
Уақытша үкімет, Алаш Орда үкіметі, кеңес өкіметі)
куәсі болды – деп жазады [2, 179б.].
Басқа
басылымдармен салыстырғанда 1913-1918 жылдардың өзінде 265
саны жарық көрді. «Қазақтың» қайраткерлері
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатовтар болатын. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері
«Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне
көтерді. «қазақ» газетімен қазақтың тілі
туды. Зерттеушілер «Қазақтың» жарық көрген 265
нөмірінің басым бөлігінің нақты айтсақ,
220-сының қатаң бақылау жағдайында шығып
тұрғанын, сондықтан олардың өзіндік ерекшеліктері
бар екендігін ескерулері керек. «Қазақ» ақпан революциясынан
кейін ғана, «Зор өзгеріс» деген мақала жариялап, 1917
жылғы 9 наурыздағы 221-санынан бастап демократиялық
жағдайда шыға бастады [2, 197 б.].
«Қазақтың»
басты бағыты оқу-ағарту ісі, білім-ғылым, өнер
саласында қамтыды. Қалың қазаққа бас болды.
Мысалы, «Өнер мектебі» деген мақалада, марқұм инспектор
Ыбырай Алтынсарин ыждахатымен 1883 жылы Торғайда өнер мектебі
(ремесленный школа) ашылған еді. 25 қазақ баласына
арналған қазыналық орын бар. Мұндай бастауыш
дәрежелі орысша оқытудан басқа үш түрлі
өнер үйретіледі. Тігіншілік, ағаш ісі һәм
ұсталық [3,
222 б.]. Енді бірде газеттің
103 нөмір «Қазақта» Темір уезі, Темір-Орқашболысы,
үшініші ауылында мұғалім Ғабдолла Бергенов өз
үйінің бір жағына аймағының балаларын жинап, өз
жанынан балалардың керек-жарақтарың алып, «Қазақ»
емілесімен оқытылып жатыр деп жазылған еді. Қыстай
оқытып апрельде емтихин болғанда, мұғалім
балалардың әкелерін, басқа ақсақалдарды жинап
емтихан қылды [3, 226 б.]. Жер мәселесіне байланысты
басқарманың бір мақаласында, бұл күні
қазақтың қажет һәм кемшілігі қай
жағынан болса да көп, солардың арасында ең біріншісі –
жер мәселесі. Біз бұл туралы мұнан бұрын жасзған
жоқ едік. Жазғанда ұмытып кеткендіктен емес яки керексіз деп
білгендіктен емес, әркім жер деген сөзді жеңіл түсініп
жүрген секілді. Екі жылдан бері «Айқап» журналы қазақ
қала болу керек деп жазады. Қала болған қазақ
оған қарап қала болған жоқ, болмаған
жұрт артық қобалжыған жоқ. Егер біздің
газетіміз әлгі айтылған ақылдың бірін айтқанда
қазақтың сүттей ұйып тыңдай қоюына
біздің де көзіміз жетпейді.
Сөйтсе де істің асылын түсіндіру, түйінін шешу
бір басқа, сол түсіндірген нәрсені орындау бір басқа
[3, 32 б.] –деп нақты қадап айтады. Жер мәселесіне байланысты
дау сонымен тынып қалмайды, ол жайлы жазылған «5 мың десетина
жер», «Қазақ жайы», «Жер мәселесі», «Ата қонысынан
айрылған қазақ жайы» сынды шындықпен шымшып алар
мақалалар «Қазақта» басылып тұрды. Осыған дейінгі
және осыдан кейінгі басылымдар мысалы «Қазақстан»,
«Айқап», «Қазақ үні», «Серке», «Ақ жол», «Бірлік
туы» сынды қазақ тарихында баспасөзің дамуына
үлес қосқан қаншама басылым болса да еш бірі осы бір
«Қазақ» газеті сынды ашық ақиқатты айта
алған жоқ.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Құсбайұлы А, Оразаев Ф.
Қазақ журналистикасының тарихы. (1870-2008ж). – Алматы: Білім, 2010. – 308 б.
2. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі. Қазақстан
тарихының дерек көзі. Ғылыми монография. -Алматы:
Қазақ университеті, 2000. – 358 б.
3. «Қазақ». Қазақ этиклопедиясы. –Алматы, 1998. -360
б.