Қабатай Б.Т., п.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті

Бейсенбекова Г.Т., п.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті

Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті

 

ЖОО-да студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру

 

      Нарықтық қатынастар жағдайында білім беру мен кәсіптік даярлау бағытындағы оқу орындарының негізгі міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Бұл міндеттерді орындау үшін болашақ мамандарды даярлауда қазіргі қоғам үрдісіне сай жаңа технологияларды қолдана отырып білім беру қажеттігі туындайды.  Студенттің кәсіби моделін игертудің басты өзегі – елімізде бәсекеге қабілетті өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімді, өндірісте жұмыс істей алатын жан-жақты дамыған құзіретті маман даярлау. Яғни  мемлекеттік тілді студенттер меңгере отырып, болашақ мамандықтарын жан-жақты игерген құзіретті маман болуы қажет.

Ол үшін мынадай кәсіптік қызмет түрлерін қалыптастыруы тиіс:

·        Кәсіби-ұйымдастырушылық құзіреті;

·        Кәсіби-басқарушылық құзіреті;

·        Кәсіби-жобалау құзіреті.

 

 

 

Құзіретті маман дайындауға қойылатын қызмет түрлері

 

·                                     Кәсіби-ұйымдастырушылық құзіреті. Бұл құзірет бойынша студент кәсіпорынды басқару технологиясын жасау және және қолдану аймағында білікті жұмысқа қажет барлық дағдыларға ие болуы; басқарудың ғылыми-әдіснамалық және технологиялық ұйымдастыру базасын құруға қатысуы; басқа мамандармен бірлесе отырып, нақты бір фирмада немесе компанияда менеджменттің ең тиімді әдістерін, ережелерін жасауы; ішкі кәсіптік қызметті жүргізуге өндіріс ұйымдары үдерісінде белсенді түрде қатысуы; табиғат пайдалану экономикасы және қоршаған ортаны қорғау шараларына белсенді қатысуы тиіс;

·                                     Кәсіби-басқарушылық құзіреті.  Кәсіптік басқару үдерісіне байланысты барлық сұрақтарды шешуі қажет, сонымен қатар кәсіпорынды басқару, тиімді басқару жүйесін қалыптастыру, басқару тиімділігін сараптау, өндірістік-басқарушылық қызметке тән ерекшеліктерді игеру болашақ маманның міндеті болып табылады.

·                                     Кәсіби жобалау құзіреті. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жасауды, оларды енігзуді, бейімдеуді қамтиды; сонымен қатар кәсіптік жобалауды талдау, жаңа кәсіпорын немесе кәсіптік жобаны ұйымдастыруға қатысты және несие, қарыз, қаржылық қолдаудың барлық түрін алуға қажет арнаулы құжаттар мен олардың тиімділігі талдауды көздейді.

     Осы тұрғыда құзіретті маман ұғымының мәнін ашып қарастырған жөн, ал бұл ұғымның мәнін ашу үшін «құзірет» және «құзіреттілік» түсініктерін анықтау керек. Яғни бәскеге қабілетті және құзіретті мамандарды даярлауды жүзеге асырудағы басты мәселе – жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары әлемдік жетік технологиямен қаруланған, жоғары дәрежелі деңгейдегі мамандар даярлау туралы сөз болып отыр.

     Жоғары оқу орындарындағы студенттердің құзіреттілігін әлемдік деңгейге сәйкес қалыптастыру күрделі мәселелелердің бірі болып табылады. Бұл педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінде, т,б. және гуманитарлық пәндерде әр қырынан қарастырылуда:

·        өзінің әлеуетін жүзеге асыру мен оған талпынысы;

·        табысты кәсіби әрекет үшін өзінің білімін, іскерлігін, біліктілігі мен тәжірибесін іс жүзінде көрсете білу қабілеті;

·        өз әрекетінің нәтижелеріне жеке жауапкершілікпен қарау және оның әлеуметтік мәнін түсіну, оны әр уақытта жетілдіру қажеттігі.

     Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорыта келе, «құзіреттілік» түсінігі әлеуметтендіру мен оқыту үрдісі барысында қалыптасқан білім мен тәжірибеге негізделген, жалпы қабілеттер мен белгілі бір іс-әрекетке дайындығында көрінетін, сонымен бірге қызметте   өзіндік және табысты әрекет етуге бағдарланған жеке тұлғаның интегралдық қасиеті деп түсіндіріледі. Қазіргі көптеген әдебиеттерде, сөздіктерде құзіреттілік – дербес және жауаптылықпен әрекет етуде белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын психологиялық ахуал ретінде белгіленуде. Құзіреттілікті адамның білімдарлығымен жапсарластыруға және адамның белгілі бір мәселені шешу қабілетімен де шатастыруға болмайды. Себебі адам өз саласында кәсіпқой және білімдар болуы мүмкін, ал бірақ кәсіби мәселелердің бәрін шешуге құзіреті жетпейді. 

     Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі мемлекеттің, сонымен бірге білім беру мекемелерінің басты мәселелерінің бірі – Қазақстан халқының мүддесін өз мақсат-мүддесінен жоғары қоятын білімді, саналы, кәсіпқой мамандарды тәрбиелеу. Ал оның ішінде бәсекеге қабілетті, құзіретті болашақ мамандарды даярлау – кәсіби оқу орнындағы міндеттердің бірі. Осыған байланысты мемлекетімізде қоғамдық өміріміздің барлық салаларында кәсіби деңгейі жоғары болашақ мамандарды даярлау басты мақсат ретінде алынып отыр. Ал бұл бағыттағы мәселе білім беру саласына тікелей қатысты, себебі білім – жеке тұлғаның саяси-ілеуметтік көзқарасын дамытатын, дүниетанымдық аясын кеңейтетін маңызды фактордың бірі болып саналады. 

     К.С.Құдайбергенова «құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік дағдыдан айырмасын былай ажыратады:

     а) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;

     ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып, өзгерте алатын саналы қызмет;

      б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше, бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

     Сондықтан да құзырды әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты, тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады».

     «Құзыр» білім беру үрдісі нәтижесінде студенттің мінез-құлқына, әрекетіне қойылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, жатық іс-әрекеттер арқылы анықталатын ұғым, ал құзырлы адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік туғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды. Аталмыш ұғымдарды түйінді сөздермен жинақтайтын болсақ, құзырлылық

·                                кіріктірілген сипаттама;

·                                жалпы мәдениеті мен кәсіби әлеуетін дамыту сипаты;

·                                тұлғаның адамзат мәдениетімен теңдес келетін қабілеті;

·                                тұлға қасиеті;

·                                тұлға сапасы, тұлғалық сипаттамасы;

·                                даралығы мен кәсіби тұлғалық бейнесінің тұрақтануы;

·                                білім мен тәжірибесіне негізделген жалпы қабілеті мен тұлғаның қызметке дайындығы;

·                                адамның жаңа заман қажеттіліктерінің, жаңа экономианың адами ресурстарға деген жаңа көзқарастарының салдары;

·                                шешім қабылдау құқы;

·                                тәжірибе өлшемі.

           Құзыр –          

·                                құндылыққа бағытталуына негізделген жалпы қабілет;

·                                сапалы, өнімді қызмет ету үшін қажетті тұлғаның бір-бірімен тығыз байланыстағы сапалары;

·                                қызмет тәсілдерін пайдалану дайындығы;

·                                қойылатын талаптарға жеке бас қасиеттерінің сай келу дәрежесі,

·                                таным тәжірибесі;

·                                адамның өзінің рефлексиясына, шешім қабылдаудағы өзіндігі мен жауапкершілігіне бағытталуы».

           Құзіреттіліктің негізгі белгілері ретінде төмендегідей ерекшеліктер ұсынылады:

-                        тұлғаралық, еңбектегі байланыс мәдениеті;

-                        практикалық кәсіби тапсырмалары орындаудағы дайындық мүмкіндігі;

-                        тиімді шешім қабылдау  қабілеті;

-                        нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі, танып білудегі; жаңа технологияны меңгерудегі ерекшеліктерді; әр түрлі жағдаяттан шығу біліктілігін жатқызуға болады.

     Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде  жиырмадан астам құзіреттілік жөнінде пікірлер қалыптасқан. Мысалы, әлеуметтік, когнитивті, қатысымдық, ақпараттық-технологиялық және т.б. құзіреттіліктер. Бұл құзіреттіліктер өзара тығыз байланысты, өзара сабақтасып жатқандығын көрсетеді.