ӘОЖ
378.02:37.026.9:78
CТУДЕНТТЕРДІҢ
КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
– ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құдретулдаева
Н.Б. магистр-оқытушы,
Байғонова
А.С. магистр-оқытушы, ОҚМПИ Шымкент қ., Қазақстан
Резюме
В
статье рассматриваются проблемы педагого-психологических основ
развития профессиональной культуры студентов.
Summary
In this article provide
by problems about
pedagogical-psychological basis to development professional culture of
the students.
Еліміздің
болашағы кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты,
білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың
дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру,
қоғамды ілгерілету үдерісінде кәсіби мәдениетін
дамытуға үлкен мән беру, жоғары білімді,
мәдениетті өкілдерді тәрбиелеу ісі ұстаздарымыздың
еншісінде екендігі айқын десек те, бұл міндеттердің
өмірлік тәжірибеде толық мәнді жүзеге асырылмай
жататыны да белгілі. Олай дейтініміздің бір себебі, мұғалімдер
мәртебесінің өз дәрежесінде қоғамдық
ортадан көрініс таппауы.
Қазіргі кезде білімнің
беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың
мәртебесі құнсызданып отырған жағдайда А.А.
Бейсенбаева бұл гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі
тұлға – мұғалімге үлкен мән береді
және «Себебі білім беруді гуманитарландыруда педагог маманның
мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер
деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз» - деп біледі.
Педагог-ғалымның бұл пікірі құптарлық ой
десек те, оның қамтамасыз етілуі бірқатар
зерттеулердің, жұмыстардың атқарылуын талап етеді [1].
Педагогикалық жүйеде
педагогтың атқарар рөлі, алатын орны өте жоғары
екендігі белгілі. Ол жөнінде қазақ ағартушылары
және жазушы педагогтары Ы. Алтынсариннің, М.
Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың және
басқалардың айтқан пікірлерінің мәні өте
зор. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті
қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист-ғалым Ахмет
Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді,
әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін
мұғалім» деп баға бергені бүгінгі күнде де
өз мәнін жойған жоқ.
Мұғалім және
оның педагогикалық іс-әрекеті жөнінде кезінде
көптеген ғұламалар, педагог ғалымдар
өздерінің пікірлерін жазып қалдырған. Атап айтар
болсақ: Ян Амос Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци т.б. Кеңес
дәуірінің ірі педагогі А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский балалармен
күнделікті қарым-қатынаста болу адамға деген
сүйіспеншілікті, сенімділікті арттыратындығын жазған [2].
Мұғалім
мамандығын даярлау – қашан да педагогиканың көкейкесті
мәселесінің бірі және солай қала береді де. Оның
себебінің бірі ретінде ғылым мен техниканың, ел
экономикасының дамуы мен әлеуметтік өмір сүру
жағдайының жоғарылауына және т.б. байланысты білім мен
тәрбие ісінің өзгеруін, соған сәйкес жаңа
тұрпатты мұғалімді даярлау ұдайы өзгерісте болуын
айтуға болады.
Қазіргі кезде жоғары
мектеп педагогикасы жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге
асырумен айналысуда. Жоғары білімді мамандарды даярлау негізгі
нормативтік құжат - стандарт шеңберінде жүзеге
асырылатыны белгілі. Зерттеу міндеттеріне тән болашақ педагог-психологтарды
дайындауда нормативтік құжаттар басшылыққа алынады.
Қазіргі уақытта білім
беру саласының маңызды проблемасы болып белсенді өмірлік
позициясы бар, жаңа көзқарасқа ие, өзін және қоршаған
ортаны қайта құруға, әр түрлі өмірлік
және кәсіби міндеттерді жеке шеше алуға қабілетті
тұлғаны даярлау болып табылады. Баланың осындай
тұлғалық сапаларының дамуына оның мәдени
ортамен өзара әрекеттестікте болуы оң ықпал етеді.
Бүгінгі мәдени орта – халықтық және қазіргі
мұралардың көркемдік-эстетикалық дамуының
біртұтастығын құрайды. Ал бұл болса, көп
ғасырлық ұлттық мәдени мұраларды
тұлғаның эстетикалық мәдениетін
қалыптастыру процесінде тиімді пайдалануды қажет етеді.
Мәдениеттің әр түрлі проблемасының
зерттелгенін, көпқырлылығын, жан-жақтылығы мен
көкейкестілігін ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау
дәлелдейді. Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар
санын А. Моль 1967 жылы 250-ден астам деп көрсеткен. Бүгінгі
таңда отандық және шетелдік әдебиеттерде оған
берілген анықтамалар саны 1000-нан асады. Солардың ішінде
философиялық, ғылыми-педагогикалық, психологиялық,
әлеуметтану ғылымдары саласында берілген анықтамалар
мәдениет ұғымының әр түрлі қырынан
тұжырымдалғанын байқатты.
Олардың негізгілерін шартты түрде былайша бөліп
көрсетуге болады:
1) мәдениет белгілі бір тарихи-нақты
қоғамды көрсететін адамзаттың атрибуты; 2)
іс-әрекет образдарының (әдет-ғұрыптар,
дәстүрлер) және олардың жүзеге асу
формаларының жиынтығы;
3) адамның мінез-құлықтары
мен қоғамның іс-әрекеттерінің нәтижесі;
4) адамның бастапқы өмірінен
соңғы күніне дейін жасайтын дүниесі;
5) табиғат заттарынан материалдық
дүниені жасайтын адами іс-әрекеттер;
6) адамда адамды қалыптастыру
құралы;
7) адамдардың
мінез-құлықтарында және іс-әрекеттерінде
еркіндіктің пайда болу мүмкіндігінің өлшемі;
8) қарым-қатынас жасау тәсілі.
Көрсетілген
топтамалардың барлығы да мәдениет ұғымының
адамның іс-әрекетімен өзара байланыстылығын
көрсетеді. Осыған орай М.С. Каган мәдениетті адам
еңбегінің жемісі тұрғысынан адамзат мәдениеті
(жалпы деңгей), әлеуметтік топ мәдениеті (ерекше
деңгей), жеке тұлғаның мәдениеті (жалпы мен
ерекше деңгейдің бірегей көрінісі) деп, үш топқа
бөліп қарастырады.
Біздің зерттеуімізде
мәдениет жеке тұлғаның мәдениеті
тұрғысынан қарастырылады. Осыған сәйкес
мәдениет ұғымына жасаған жан-жақты талдау
негізінде, біз мәдениет бір жағынан, адамның шығармашылық іс-әрекетінің
нәтижелерін жинақтайды, екінші жағынан, оның
рухани-практикалық күштерін жетілдіреді және оны
шығармашылық тұлға тұрғысынан
қалыптастырады, деп ой түйіндейміз.
Жеке тұлғаның
мәдениеті ұғымының
мәнін анықтау барысында Н.Д. Хмельдің «адамның
мәнді күштерінің дамуының жоғары деңгейі
мен оларды материалдық және рухани құндылықтарды
жасау мен тұтыну бойынша жүзеге асыру тәсілдері» делінген
анықтамасын негізге ала отырып, бұл «адамның қолынан
келетін және игеруге тиісті адамзаттың ғасырлар бойы
жасаған ең жақсыларына тәрбие арқылы қол
жеткізуінің, оларды бойға сіңірудегі адами жетілуінің
дәрежесі» деп түсінеміз [3].
Жеке тұлғаның
адами жетілу дәрежесінің қалыптасуы (білімі, іскерлігі,
дағдылары) әр түрлі салаларда жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес оның мәдениеті сөйлеу
мәдениеті, кәсіби мәдениет, құқық
мәдениеті, эстетикалық мәдениет және т.б. болып
бөлінуі мүмкін.
Зерттеу жұмысының
тақырыбындағы «мәдениет» деген терминіне келсек, ол
қазақ тіліне арабтың «маданият», яғни «қала,
қалалық» деген сөзінен енген. Бұл орта
ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу
кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың
ұзақ даму жолынан өтті. Мысалы, Еуропа халықтары
мәдениетті өркениетпен қатар қойып, байланыстырады.
Тіпті кейбір шетелдік зерттеушілер «Мәдениет пен өркениет бір, олар
синонимдер», «Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашақ
бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі» деп
түсіндіреді.
Негізінен, адамның дамуына
сырттай әсер ететін қозғаушы факторлар – білім беру,
оқыту, тәрбиелеу, яғни педагогиканың негізгі
категориялары болса, ал
адам өмірінің құндылығы оның
руханилығы, өзінің кім екенін саналы түрде
меңгеруге ықпал ететін
қозғаушы факторлар –
жан мен рух екенін көптеген ғалымдар мойындауда. Б.С. Гершунский
«…адамгершілік, рухани құндылықтың сапалық
деңгейінің төмендеуі, өркениет пен
дүниетанымның тұйыққа тірелуі, ХХI ғасыр
қарсаңындағы және үшінші
мыңжылдықтағы жүйелі тоқырау,
қоғамдық өмірдің үш моделін: білім, дін, ғылымды
қамтитындығын көрсетеді [4].
Келешекте білім беру арқылы
білім мен сенімнің арасындағы алшақтықты жоюға
және білім арқылы материалдық және рухани әлемді
тануға болады» деген көзқарас тудырады.
Қазіргі заманғы
сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар
берілген:
1. Мәдениет – белгілі бір
халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы.
2. Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір
тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері
(палеолит мәдениеті, сақ мәдениеті, скиф дәуірі мәдениеті,
қазақ мәдениеті).
3. Мәдениет – адамзаттың тарихи дамуының
нәтижесі және адамгершілік қоғамдық
қарым-қатынастарының қол жеткен табысы.
Анықтамалар жүйесіне
назар аударсақ мәдениеттің мәні негізінен адам
іс-әрекеті арқылы ашылатынын байқадық. Яғни,
мәдениет ұғымының аясы кең әрі
күрделі. Біздің зерттеу жұмысымыздың
тақырыбындағы кәсіби мәдениет ол адамдық
әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі деп ойлаймыз.
Болашақ маманның
кәсіби мәдениеті - жоғары оқу
орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттерді жеке
тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ кәсібіне
қажетті сапаларды тәрбиелеу, кәсіптік білім, білік,
дағдыларды жоғары деңгейде меңгерту мақсаты
алға қойылады.
Демек, зерттеу жұмысымызда
мәдениет, яғни кәсіби мәдениет – тұлға
мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі ретінде
қарастырылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық
білім беру тұжырымдамасы.-1996ж
2. Сухомлинский
В.А. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы: Мектеп, 1987. – 207 б.
3. Кваша В.П. Управление инновационными процессами в образовании:
Дисс…канд.пед.наук. – Минск, 1994. – 26 с.
4. Гершунский Б.С.
Философия образования для ХХ века. (В поисках практико-ориентированных
образовательных концепций).- М.: Изд-во «Совершенство», 1998. – 608 с.