Түрлі тарихи кезеңдердегі өзбек әдеби тіл

Оспанова Б. Р

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  педагогикалық университеті

050000,Қазақстан Республикасы,Алматы қаласы, Достық даңғылы 13.

Тел.\факс.: (8-7272)45-9082, E-mail:baian_80@mail.ru

Өзбек әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс алуымен тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын өзбектің төл көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда өзбек филологиясында көркем әдебиетінің тарихы жөнінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Әрине, өзбек халқы өз алдына басқа түркі халықтары сияқты XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың тарихы тым әріде. Түркі халықтарының Орхон-Енисей, Талас жазбалары (V-VIII ғасыр), Ерте Орта ғасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), Кейінгі Орта ғасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М. Қашқаридың "Диван лүғат ит-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді өзбек халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің өзбек тілі тарихын зерттеуде, өзбек тілінің ертедегі жай-күйін сипаттауда, сондай-ақ өзбек әдебиетіндегі көркемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда оларды өзбек тіліне, өзбек әдебиетіне қатысы бар деуге болады. Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған төл тума деп тануға болмайды. Өзбек халқының өз алдына дербес халық болып қалыптаса бастаған тарихына тоқталсақ  өзбек этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбек ұлтының қалыптасуы тарихи деректерге қарағанда ұзаққа созылғандығын аңғаруға болады, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді: бірінші топ — көгалды алаптардағы отырықшы халықтар арасындағы өзбектер. Бұлардың басты белгілері ру мен тайпаға бөлінбеді, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшылануына едәуір ықпал жасады. Екінші топ - Мауераннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол, т.б.), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атады. Үшінші топ — 15 ғ-дың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, ұйғыр, т.б. тайпалар мен халықтар еді. Бұлар, ең алдымен, қазақ, сосын барып өзбек секілді бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе Хорезмде) оғыздардың да ықпалы болды. 16 ғ-да Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғ-дың бас кезінде Қоқан хандығының құрылуы өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуын ұзақ уақыт тежеді. Олар тек 20 ғ-да Кеңес өкіметі тұсында ғана ұлт ретінде қалыптасты. Кеңестік жүйе олардың әрбір аудандағы өзіндік мәдениетін бір арнаға күштеп түсірді. 15-18 ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде өзбек халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе орта азиялық түркі тілі қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де халықтық тілге негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын дегенмен осы тілде  белгілі мөлшерде адамдар осы тіл арқылы қарым-қатынас жасаған.  Қоғамның гуманитарлық-эканомикалық өмірінде әдебиет пен өнер, қоғам және гуманитарлық сана тарихымен байланыспай өзбек әдеби тілінің қалыптасуы және дамуын қарастыруға болмайды. Себебі әдеби тіл ұлттық мәдениеттің бір түрі ретінде  қоғам дамуымен байланысты. Өзбек әдеби тілі өзінің қалыптасу және дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап қазіргі күндерге дейін өте күрделі даму жолдан өтті. Сан ғасырлар бойы  өзбек әдеби тілінде сыртқы және ішкі әсердің негізінде болып келген сандық және сапалық өзгерістерге  өту жолымен жалғасты. Осыған орай тілдің ішкі құрылысындағы өзгерулер мен  байланысты өзбек әдеби тілінің даму кезеңі бір-бірімен жалғасып тұратын бірнеше кезеңдерге бөлінеді.Әдеби тіл өмірінде түрлі қоғамдық жағдайлардың  дамуы жайлы, тіл және қоғам, тілдің дамуына  әр-түрлі тарихи-гуманитарлық  және мәдени-гуманитарлық амалдар жайлы білімге негізделеді. Тіл дамуының ішкі ережелері жайлы білім-тілдің халық тарихымен байланысты түрде дамуы жайлы ілім мен тығыз байланысты болып, олар бір-бірін толықтырады.  Демек, жоғарыда көрсетілген ережелер негізінде өзбек әдеби тілінің тарихи қалыптасуын кезеңдерге бөлу мәселесі өте маңызды. Әдеби тіл тарихы осы тілде сөйлейтін халық тарихымен, әдеби тілдің түзілімі, құрамдық құрылысындағы өзгерулер оның гуманитарлық міндеттерімен тығыз байланысты. Сол себепті өзбек әдеби тілін тарихын кезеңдерге бөлуде зерттеуші ғалымдар тарапынан алға қойылған идеялар, жалпы ережелер бір-бірінен ұқсастығы байқалады. Ал бұл жағдай тіл құрылысындағы өзгерістердің оның қоғамдық міндетіндегі өзгерулермен, әдеби тіл тарихының халық тарихымен тығыз байланыстылығын айқындайды. Өзбек әдеби тілі тарихын кезеңдерге бөлу бір тараптан өзбек халқының қалыптасуы, оның өзіне ұқсас күрделі тарихи дамуы кезеңімен байланысты болса, екінші тараптан, ежелгі жалпы түрк әдеби тіл құрылысында және де қазіргі  түркі тілдер зерттеулерінде өзбек әдеби тілінің иеленген орны өзіне ұқсас қасиеттерін анықтаумен байланысты.

      Өзбек әдеби тілі тарихын кезеңдерге бөлу түркі тілдерін зерттеу мәселесімен де тығыз байланысты.Себебі өзінің сөз байлығы, дыбыстық құрамы және грамматикалық қасиеттері жағынан көпшілік түркі тілдер бір-бірімен өте ұқсас болады. Бірақ олар өзіне ұқсас қасиеттерімен  бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Ал бұл қасиеттерді анықтау түркі тілдерін зерттегенде ғане қарастыруға болады. Кезеңдерге бөлу үшін өзбек тілі және оған туыстас туркі тілдердің келіп шығуы, даму  кезеңдерін зерделеу, өзара   ара-қатынастарын салыстыра  зерттеуді қажет етеді. Түркі тілдерді зерттеу және оның даму тарихын кезеңдерге бөлу мәселесіне келсек  әдеби тіл тарихыда ғалымдар жағынан түрліше кезеңдестіріледі.   Бұл жөнінде С.Е.Малов өзбек әдеби тілі тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырады:1) Уйғыр әдеби тілі; 2) Шығатай әдеби тілі; 3) Өзбек әдеби тілі [1; 5-8]. Бұл кезеңдерге бөлуден біз  қазіргі өзбек әдеби тілін шығатай әдеби тілінен келіп шыққандығын аңғарамыз. Шығатай (көне өзбек) әдеби тілі орнында, ұйғыр  әдеби тілінен келіп шығады дегенді көруге болады.

    А.Н.Самайлович өзбек әдеби тілі тарихын үш дәуірге  бөледі:

1.Қараханилер дәуірі әдеби тілі (Х-IVғасырлар). Бұл дәуір қараханилер мемлекетінде қалыптасқан және кең қолданылған  шығыс түрк әдеби тіл және осы тілде жазылған шығармалармен ажыралып тұрады. 2.Оғыз-қыпшақ әдеби тілі (ХII-ХIVғасырлар ). Бұл дәуір харезмде оғыз-қыпшақ диалектті негізінде дамыған батыс түрк әдеби тілі және бұл жерде жазылған шығармалармен байланысты. 3.Орта Азия түркі әдеби тілі (ХIV-ХХ). Бұл кезең тілі осы ғасырлар барысында түркі-көне өзбек әдеби тілінде жазылған шығармалармен  байланысты. Ал Қазіргі өзбек әдеби тілі  Орта Азия түркі әдеби тілінің жалғасы деп қарастырған.[2; 77]

    А.М.Шчербак өзбек әдеби тілі тарихын төрт кезеңге бөледі:

I.Өзбек әдеби тілінің ең ежелгі кезеңі  (Х-ХIII ғасырлар). Бұл кезеңәсіресе  шығыс түркі әдеби тіл және белгілі дәрежеде батыс түрк әдеби  тіл мен байланысқан. II.Өзбек әдеби тілінің  орта –«шығатай» тілі кезеңі (ХIV-ХVII ғасырлар).Бұл дәуір тілі әсіресе көне өзбек әдеби тілі жәнеде осы тілде жазылған шығармалармен байланысқан. III. Өзбек әдеби тілінің жаңа кезеңі (ХVII-VIII). Бұл дәуір хандық дәуірі әдеби тілін  жалпылап алады. IV. Өзбек әдеби тілінің ең жаңа дәуірі (ХI-ХХ ғасырлар). [3; 323]

      О.Усманов өзбек әдеби тілі тарихын бес кезеңге  бөледі: I . Ежелгі түрк тілі кезеңі (VI-IX ғасырлар). II. Ежелгі өзбек тілі кезеңі (IX-XII ғасырлар). III. Көне өзбек тілінің алғашқы кезеңі (XIII-XIV ғасырлар). IV. Көне өзбек тілі (XIV-XIX ғасырлар). V .Қазіргі  дәуір өзбек әдеби тілі.[4]

    Ғ.Абдурахманов өзбек әдеби тілі тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлді: I .Ең ежелгі түркі тіл (VII ғасырға дейін болған кезең). II. Ежелгі түркі тіл (VII-XI ғасырлар).

III. Көне түркі тіл (XI-XIII ғасырлар). IV. Көне өзбек әдеби тілі  (XIV-XIXғасырлар). V. Жаңа өзбек әдеби тілі (XIX-XX ғасырлар). VI. Қазіргі дәуір  өзбек ідеби тілі. [5; 19]

    Бұл мәселе  жөнінде  ғалымдар әр түрлі  ойларды елеп-екшеп және оларға сүйенген жағдайда, өзбек әдеби тілінің тарихын  өзбек халқының тарихи және де қоғамның гуманитарлық-эканомикалық өмірінің  дамуына байланысты бірнеше кезеңдерге бөлгендігін аңғаруға болады. I. Ежелгі түрк тілі кезеңі (VII ғасырдан  XIII ғасырға дейін). II. Көне өзбек әдеби тілі кезеңі (XIII-XIV ғасырдан  XX ғасырға дейін). III. Қазіргі өзбек әдеби тілі  кезеңі (XIX-XXғасырға дейін.)

  Қазіргі түрк әдеби тілі. Бұл кезең тілін VII ғасырдан, яғни түрк хандығы  (Туркия империясы) қалыптасқан дәуірден XII ғасырға дейін өте үлкен аймақ (Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Сібір және Солтүстік Мағолстан) та  өмір сүрген түрк қауымдарының тілі құрайды. Қазіргі түрк әдеби тілі дәуірі, алдымен  түрк тілдерінің толық бөлінуімен ажыратылып тұрады. Сонымен қатар  бұл дәуірде түрк тілдерінің дамуы сол уақыттарда қалыптасқан батыс және шығыс түрк тайпалары,  мемлекеттерінің  құрамына кірген тайпалардың  тарихымен байланысты  түрдегі жалғасы десек қателемпейміз. Демек, тарихи даму, қосылу, және орталық жағдайда ажыралып шыға бастаған  түрк тілдері қоғамының маңызды байланыс  құралы қызметін атқарды. Қазіргі түрк әдеби тілі өзіне ұқсас қасиеттермен ерекшеленіп тұрады. Бір жағынан, руна және сары уйғыр жазуларымен жазылған VII-X ғасырларда пайда болған  жәдігерлердің тілі  жәнеде екінші жағынан,  Х-XIII ғасырларда   жазылған шығармалардың  тілі өзінің көп фонетикалық және грамматикалық қасиеттерімен  бір-бірінен ерекшеленеді.Сол себепті ғылыми әдебиеттерде, түркі тілдер тарихын кезеңдерге бөлуге арналған шығармаларда  бұл кезеңдер бір-бірінен ажыратылып, «кәдімгі түркі тіл» және «көне түркі тіл» деген атаумен жүргізіледі. Сонымен, келесі шығармаларда пайда болған жәдігерліктердің тілі  сол кезеңдегі түркі тілінің, қарлұқғ, ұйғыр, қыпшақ секілді тілдерінің қасиеттерін айқындайды. Соңғы уақыттарда міне осы дәуірлерде түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуы, демек, қауым тілдері негізінде  халық тілдерінің қалыптасу кезеңі басталған еді.

         Көне өзбек әдеби тілі. Бұл  XIII-XIVғасырлардан бастап, ХХ ғасыр бастарына дейінгі уақытты қамтығын. XIII ғасырдың соңы  және  XIV ғасыр бастарына келіп өзбектің халықтілі, жалпыхалықтық өзбек әдеби тілі қалыптасты. Бұл кезеңде өзбек әдеби тілінің  өзіне ұқсас қасиеті осыдан құралған, оның жалпыхалықтық ерекшеліктері дамыды соның ішінде сөздік құрамы, фонетикалық және грамматикалық  құрылысы толық  қалыптаса бастады. Көне өзбек әдеби тілі  ХIV-ХV ғасырларда өзінің негізгі қасиеттері, белгілерімен дерлік өзбек әдеби тіліне жақын бір саланы қамтыды. Ғасырлар барысында  өзбек әдеби тілі  әсіресе жеке бағыт бойынша дамыды мысалы: әдеби тіл мөлшерлері, көркем сурет құралдары,  жаңа  көркем-стиль салалары,тілдің қолдану шеңберінің кеңейюі, оның халық тіліне айналуы  және барша халыққа түсінікті болған сайын бағыты дамыды. Бірақ тарихи дамудың түрлі кезеңдерінде халықтың тұрмысында, қоғамның  әлеуметтік-эканомикалық және мәдени-саяси өмірінде пайда болған өзгерістер өзбек әдеби тілінің дамуына өз ықпалын тигізді. Мысалы, түрлі дәуірлерде Мауренахр, Харезм және Алтын Ордада жазылған көркем шығармалардың тілі белгілі диалектілік айырмашылықтар мен  ерекшеленеді. Өзбек әдеби тілі тарихында ХIII-ХIV ғасырда қалыптасып, ХХ ғасыр бастарына дейін жалғасқан көне өзбек әдеби тілінің тарихи дәуірі өте үлкен маңызға ие. Жалпы халық тілінің негізінде қалыптасқан  көне өзбек әдеби тілінің қалыптасуына Хорезми, Лутфи, Атоий, Сакокий секілді ақындарда өз үлестерін қосты. Көне өзбек әдеби тілінің негізін салуға Әлішер Науайидың ықпалы ерекше болды. Әлішер Науай өзбек әдеби тілінің мүмкіндіктерін кеңейтті, оның байлығын, көркемдік құралдарының анық және ықшамдылығын ғылыми жақтан негіздеген ғалым ретінде белгілі. Ол әдеби тілді жетілдірді, оны жаңа салалармен байтты. Әлішер Науай шығармалары негізінде көне өзбек әдеби тілінде  өз дамуының шыңына жетті. Сондықтанда өзбек халқы көне өзбек әдеби тілін Науай тілі деп атайды. Әлішер Науайидан кейін көп ғасырлар барысында көне өзбек әдеби тілінде Науаий дәстүрі жалғасты. Әлішер Науайидан кейін өмір сүрген барлық  ақын, жазушылардың шығармаларында  Науайи әдеби тілінің  нақыштары сақталды, соныменн қатар өзбек әдеби тілі дамып толықты халықтың сауаттылығы артты. Осыған орай көне өзбек әдеби тілі түрлі кезеңдерде  дамып жетіліп отырды. Ол соның негізінде жалпы халық тілімен  ұласты. Әдеби тілдің тәсілдерінің кеңейюі, қолдануы бір неше кезеңдерге бөлінеді: 1.Жалпы халықтық өзбек әдеби тілінің толық қалыптасу кезеңі (XIV-XVIIғасырлар);

 2.  Өзбек әдеби тілінің жалпы халық тіліне ауысу кезеңінің күшейу кезеңі (XVII-XIX ғасырлар). Өзбек әдеби тілінің дамуында жаңа бағыттардың пайда болу кезеңі (XIX ғасыр екінші жарымы-XX ғасыр бастары).  Көне өзбек әдеби тілі дамуының негізінде қазіргі өзбек әдеби тілі қалыптасты.  Бұл кезең ХХ ғасыр басынан басталады. Осы кезде өзбек халқы ұлт ретінде, тілі ұлттық әдеби тілі ретінде қалыптасты. Қолдану аясы кеңейді. Қазіргі өзбек әдеби тілінің әлеуметтік қызметі кеңейді, Өзбекстан Республикасының  мемлекеттік тілі ретінде оның маңызы және рөлі жоғары дәрежеге көтерілді, қызмет аясы кеңейді. Сонымен қатар өзбек әдеби тілінің әлеуметтік функциясының кеңейуі нәтижесінде өзбек әдеби тілінің теориясы қалыптасты.Әдеби тілдің сөздік құрамында салмақты өзгерулер туындады. Халық қожалығының қайта қурылыуы, әлеуметтік-саяси тұрмысының жаңа түрлері, эканомика, өндірістің дамуы,  техника және мәдениет саласында өзгерістер өзбек әдеби  тілінің  лексикасын байытты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1С.Е. Малов Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. // М.-Л.: 1951. 451 с.

2 А. Н. Самойлович. Некоторые дополнения к классификации тюркских языков. Тюркское языкознание. Филология. Руника. М., 2005 (Некоторые дополнения к классификации тюркских языков, стр. 77—87; К вопросу о классификации турецких языков, стр. 88—91; Турецкие числительные количественные и обзор попыток из толкования, стр. 92—106)

3 А.М.Шчербак.  К истории узбекского литературного языка древнего периода. 1953

4 Олим Усманов Узбек тилинин маселилари. Тошкент 1957

5 Абдурахманов Г., Шукуров Ш. Узбек тилининг тарихий грамматика-си: Морфология ва синтаксис. Тошкент, 1973. 19 с.