Мерхадинова А.Е.
№
3 балалар музыка мектебі
Балалар музыка мектебінің музыкалық
әдебиет музыкалық шығарма талдаудың іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру
Музыкалық
шығарманы талдау – бұл музыканы тануға, түсінуге
бағытталған алғашқы қадамдардың бірі. Музыкалық
әдебиет пәнінің ең күрделі элементтерінің
бірі болып саналады. Бұл іс-әрекет барысында оқушы
музыкалық шығарманы талдаудың дағдыларын
үйренеді.
Музыкалық шығарманы талдау
әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі.
Көркемдеу құралы, көркем бейнелердің жасалу
жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған білгілі бір
мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп,
сөздік қорының молаюына жол ашады. Талдау үшін
музыкалық құбылыстарға тән
ұғымдардың қалай аталатының білу
қажеттілігі туындайтындықтан, бұларды түсіндіріп
отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл
ретте оқушылардың музыкалық сөздік
дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл
ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана
бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы
әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры
молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі.
Талдау,
үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі
шығарманы салыстыру - оқушыға өз ойын жеткізу
жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй
жанрларының ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау
мен қатар, тиісті айырмашылығын (бірі жеңілдеу, екіншісі
ауырлау болса, бірі жоғары, екіншісі төмен регистрде орындалуы)
арқылы тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы
анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене
тыңдай отырып, талқылауға белсене қатысады.
Мектеп
оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене
береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылуы
оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық
қабылдауына жол ашумен бірге, олардың өзіндік пікірін айта
алатындай деңгейге жеткізеді. Музыкалық шығармада адам сезіміне
әсер етудің қайнар
көзі музыкалық тақырып болып табылады.
Тақырып
шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл
атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай
алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай
дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де
болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы
музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя беріп, сол
арқылы көңіл күйдің (жігерлі, серегек, сабырлы,
ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға
үйреніп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына
қарай ауысады.
О.Апраксина:
«музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт»
- дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсіндірумен
шектелмейді, ол элементтердің көркем шығармадағы
рөлін анықтауға күш салған жөн.
Әрине, оның рөлін әр оқушы өзінің
түсінігіне тәжірибиесіне сүйеніп анықтайды.
Мұғалім оқушыға шығарманың
мазмұның композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді
басты мақсат етіп қою қажет.
Жалпы,
қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: «.. кез келген қабылдау
күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері
қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық
байланыстар жиынтығы түзіледі». «Музыка қабылдау –оның
мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық
шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік
бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілетті»-деп ата
корсетті.
Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде
оқушы оны толық тыңдайды, бірақ толық
түсінбей немесе мүлде түсіне алмауы мүмкін. Бұл
оның музыка тыңдауға тәжірибе ауқымына
байланысты. Музыкадағы барлық оқиға желісі музыка
үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі.
Күрделі мазмұнға құрылған
композиторлық желісі, байланысы бар кесек туындыларды тыңдай
білмеген, толық түсіне білу қиын. Сөз жоқ, ішкі
мазмұны музыка тілі арқылы берілетін күрделі
шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып
табылады. Ал, тыңдаушы музыкалық білімнің, әсіресе
тыңдау қабілетінің аздығынан сол әуеннен
ештеңені сезіне алмай, музыканы шала ұғып, эстетикалық
әсерленуі ойдағыдай болмайды. Кейде соның салдарынан
музыкалық шығарманы түсінбей де қалады. Бұдан
музыканы қабылдау үшін оны тек тыңдап қана қою
жеткіліксіз екенін аңғарамыз. Сондықтан қабылдау
процесі-музыкалық шығарманы тыңдаумен қатар, есте қалу
процесі ретінде қарастырады. Музыкалық шығарманы талдап,
тыңдаудың екінші жағы - музыканы ойлап көрсету.
Мұғалім шығарманы өзі орындайды немесе үнтаспадан
тыңдатады. Бастауыш сыныптарда музыкалық шығарманы
мұғалім өзі орындап көрсеткені тиімді. Бұл
сыныптарда өтілетін музыкалық шығармалардың
көлемі шағын болғанымен, орындау үлкен шеберлікті
қажет етеді. Бір шығарманы әртүрлі аспапта ойнап
көрсету, мәнерлі орындау. Ойнатуға
мұғалімнің мүмкінділігі жетпеген жағдайда
музыкалық шығарма үнтаспадан тыңдатылады. Оны
қалай түсінуге болады? Күрделі шығармадан үзінді
орындаған симфониялық оркестірдің
құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын
ешқандай да орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата,опера,симфониядан
алынған үзінділерді үнтаспадан тындатқанда ғана
сабақ мақсатына жетеді. Қай жағдайда да,
орындаушы-шығарма мазмұның жеткізуші.
Шығарманы
тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге
бағытталған сұрақтар жүйесін сабақтан
бұрын жан-жақты ойластырып алу қажет. Бұл
мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы
оқушыларға нені меңгеретінің өзі анықтап
алады. Қойылатын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы
да бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы
музыкалық жабдықталу деңгейі. Осы екеуін ескере отырып,
нақты сұрақтар жүйесі дайындалады.
Олар,анық,қысқа,дұрыс жауапқа бағыттау
арқылы оларды жалпы нәрселерден ең бастысын
қорытындылай білуге үйретеді.
Бүгінгі
таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды
мәселелердің бірі – осы ата-бабаларымыздай музыканың
құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани
азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын
музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Баланы музыка
тыңдауға, тыңдай отырып оны саналы түрде қабылдауға
баулу- музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі
міндеттерінің бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық
мәдениеттілігін қалыптастырудың алғашқы шарты
болып есептеледі.
Пайдаланған
әдебиет:
1.
Теплов Б.М. Психология музыкальных
способностей.//Избранные труды. М.:Педагогика,1985.
2.
Э.Б.Абдуллин. Теория музыкального
образования.//М.Академия.2004 г.
3.
Г.С.Тарасов. Педагогика в системе
музыкального образования. М.1986 г.
4.
Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания
в школе. М. «Просвещение» 1983.