Педагогические науки/5.Современные методы преподавания
п. ғ. д., профессор Әбдікәрім Т.М.
БҒМ педагогика ғылымдары академиясының академигі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
магистрант Қапарова Ә.
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
Мәтін
арқылы тіл дамыту әдістері
Сонау ХХ ғасырдың
басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті
жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын
өнер» -деген екен. Адам баласының
әр кезеңiндегi өмiр қадамы оның тiлiн
дамытуға өз үлесi қосып, iзiн қалдырады, былайша
айтқанда, адам тiлi өмiр бақи дамып отырады. Оның
ең негiзгi маңыздысы – сөз байлығы.
Мәтіннің
сөйлеу бірлігі және сөйлеу шығармашылығы ретінде
зерттеле бастауы тіл білімі ғылымында мәтін лингвистикасы
пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны
танып-білудің әдістері, амал-тәсілдері пайда болып, оны
тілдік жағынан тану тілдік бірліктердің қызметін,
мағыналық қырларын анықтау қажеттігі туды.
«Қай
халықтың болса да, қоғамдық
өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі
мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай
халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі көп
салалармен тармақтала, молыға келіп, тағы да сол ана
тілінің алтын қорына қосыла береді,- дей келе, академик
Ғ.Мүсірепов тіл, жалпы сөз жайында, ойдан – әрекет,
әрекеттен – тіл, әрекет пен тіл ағалы-қарындасты
егіздің сыңары екенінде дау болмасқа керек» - деген
салмақты тұжырым жасайды [1].
Сөз жеке
тұрғанда, заттың, сынның, қимылдың т.б.
атауы болып номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы
қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға
байланысты жұмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады.
Тіптен контекссіз дербес қолданылып, грамматикалық
тұлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен
айтылса да, әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие
болады. Н.И.Жинкин предикативтік құрылым арқылы
мәтіндердің мағынасын анықтауға болатынын
көрсетеді [2]. Предикаттар мағыналық бірліктер жүйесін
құрып, мәтіннің негізгі ойын ашуда маңызды
рөл атқарады. Бір оқиғаны суреттеудің негізінде
сол заттың тұтас бейнесі қалыптасса, онда ол нақты
бейне ретінде танылады. Мұндай бейненің тұтастығы
негізгі заттың басқа заттармен тікелей және жанама
қатынастар жүйесінің ашылу деңгейіне байланысты.
Мазмұндық деңгейдегі толықтық негізгі
заттың басқа заттармен тікелей қатынастарының саны
жағынан байқалады. Бұл қатынастар мәтінді
суреттеу аспектілерінің рөлін атқарады және оларды тақырыпша
деп атауға болады.
Мәтіндегі жаңа
және белгілі ақпараттың бір-бірімен байланысы оңтайлы болуы
табысты қарым-қатынастың шарты болып табылады.
Мәтіннің тағы бір ерекшелігі – оның реттілігі.
Ойдың толық жеткізіліп, мәтінге айналуы коммуникативтік
міндетті іске асырушы құралдардың бірі болып табылатын
нақты реттілік арқылы іске асады. Мәтінде білдірілуге тиіс
мазмұн ойдағымен бірдей бола алмайды. Мәтін композициясы
мазмұн элементтерінің жалғасуының түрлі болуына
жол береді. Мәтін композциясын талдауда маңызды орын алатын
мәселе – мәтіннің типологиясы. Мәтіннің
типологиясын тану арқылы ауызекі сөз бен жазба мәтіннің
өзара ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар жасалу жолдары,
байланыстары мен қатынастары да айқындалады. Негізгі
мәселелер қатарында мәтін типтеріне сай болатын тұрақты
композициялардың болуы мен олардың сақталу дәрежелері
және ондай типтік композициялардың өзгеруі мен даму жолдары
да аталады [3].
Сөз мағынасын түсіндіру, ашу,
нақтылау – мәтінмен жұмыс істеудің негізгі бір
маңызды түрі деп білеміз. Сөздік жұмысы аранайы
сабақ болып, әдейі өтілмейді. Бірақ сөздік
жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Сөздік
жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен
ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді, таныс
сөздердің мәтінде қолданылған
мағыналық реңкіне көңіл бөлу, олардың
мағынасының түрлі
реңкі, мәні болатынын түсіндіру өте қажет.
Ол баланың ойын, сөздік қорын дамытады.
Мәтіндегі түсініксіз сөздермен
жұмысты осы үш кезеңің қайсысында өткізуді
түрліше белгілеуге болады. Дегенмен оны немқұрайды шеше
салуға болмайды, ол мәтіндегі түсініксіз сөздерге
байланысты шешіледі. Сондықтан бұлардың әрқайсысына
жеке-жеке тоқталу қажет.
Мәтінде таныс емес сөздер көп
болғанда, оны мәтінді оқу кезінде түсіндіруге болмайды.
Мысалы, жоғарыда келтірілген ғарыш жайлы өлеңде
жаңа сөздер көп, оны түсіндіруге бірсыпыра уақыт
керек. Өлеңнің әр жолын оқыған сайын
тоқтап, таныс емес сөздерді түсіндірсе, желісі үзіліп,
ой шашырап, өлеңді ұға алмайды. Өлеңді
оқудың сәні, мәнері бұзылып, ол
өзінің тартымдылығынан айрылады. Сондықтан
мәтінде таныс емес сөздің көп болуы, оның
түсіндірілуінің мәтінді оқу кезінде емес, мәтінді
оқудан бұрын өткізілуін қажет етеді.
Түсініксіз сөздерді
мәтінді оқу алдында
түсіндірудің тағы бір дидактикалық пайдалы
жағы бар. Бұл да мәтінді жақсы түсінуге қажетті жағдай
болып саналады. Ал қандай жағдайда таныс емес сөздерді
мәтінді оқудың
алдында түсіндіруде екі түрлі жағдайды көрсету
қажет:
- мәтінде
түсіндірілуі жеңіл жаңа сөздер көп
болғанда, оларды оқылымға дейін түсіндіру;
- мәтінде таныс емес түсіндірілуі қиын,
түсіндіруіне көп уақытты керек ететін сөздер, я
сөз тіркестері болады.
Мысалы, С.Сейфуллиннің «Қыс» деген
өлеңінде, қызыл
шұнақ үскірік, екі санын сабалап,
құлақтанып қызыл күн сияқты тіркестер
бар. Осы үш тіркестердегі сөздер жеке алғанда
түсінікті, бірақ осы тіркес түрінде ол оқушыға
түсініксіз. Оларды өлеңді оқу кезінде түсіндіруге
болмайды, ол өлеңнің мәнін кетіреді.
Бұлардың әрқайсысын бір-бір сөзбен
түсіндіру өте қиын, оларды түсіндіруге белгілі
уақыт керек. Сондықтан олар өлеңді оқу алдында
түсіндірілуі қажет.
Сол сияқты Абайдың «Қыс» атты
өлеңіндегі «ақ киімді денелі ақ сақалды,
соқыр мылқау, бұрқ-сарқ етіп долданғанда»
сияқты тіркестерді де оқылымға
дейін түсіндірген орынды. Өйткені оларды бір сөзбен
түсіндіру мүмкін емес. Міне, мұндай түсіндіруге ауыр
сөздер, тіркестер мәтінді оқығанға дейін
түсіндіріледі.
Сөйтіп, мәтінде таныс емес
сөздердің саны көп болса, не олардың түсіндірілуі
қиын, күрделі болса, олар мәтін оқуда ұзақ
үзілісті керек ететін болғандықтан, оларды оқылым
алдында түсіндірген дұрыс, ұтымды.
Мәтінді оқып тұрған кезде таныс
емес кейбір сөздерді түсіндіруіне болады. Бұл
мұғалімдер тәжірибесінде жиі кездеседі. Жалпы мәтінді
оқу үстінде түсіндіруге ыңғайлы сөздерге
бір синонимдік қатарға жататын сөздер жатады.
Оқылым әрекетінен кейін мәтіндегі
түсініксіз, таныс емес сөздермен жүргізілетін
жұмыстардың мақсаты – жаңа сөздерді
меңгерту. Бұл мақсатты орындау үшін түрлі
жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстардың ең негізгісі
– сөздік жұмысы.
Екі түрлі жалғаудың
тысқарғысы сөйлегенде, жазғанда сөздерді
біріне-бірін қиылыстырып тізу үшін қажет, ішкергісі бір
мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып,
сөзден сөз туғызып, көбейтіп тілді байыту үшін
қажет. Ішкергі жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық
«Тіл – құралда» сөз тұлғасын сөйлеген
орындарда көрсетілді. Тысқарғы жалғау туралы екінші
жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді
дұрыс тізіп сөйлеу, әсіресе дұрыс тізіп жазу туралы
үшінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы» - деп
саралап көрсеткен [4].
Мәтіннің сөйлеу бірлігі және
сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы тіл білімі
ғылымында мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді.
Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің әдістері,
амал-тәсілдері пайда болып, оны тілдік жағынан тану тілдік
бірліктердің қызметін, мағыналық қырларын
анықтау қажеттігі туды.
«Қай халықтың болса да,
қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле
алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып
отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі
көп салалармен тармақтала, молыға келіп, тағы да сол
ана тілінің алтын қорына қосыла береді,- дей келе, академик
Ғ.Мүсірепов тіл, жалпы сөз жайында, ойдан – әрекет,
әрекеттен – тіл, әрекет пен тіл ағалы-қарындасты
егіздің сыңары екенінде дау болмасқа керек»-деген
салмақты тұжырым жасайды [5].
Мәтін арқылы тіл дамыту жұмысының
ішінде мәтіннің мазмұнын айтқызудың орны ерекше.
Мәтіннің мазмұнын айтқызу арқылы сөйлеуге
жаттықтыру, өз ойын жеткізуге дағдыландыру істері
жүзеге асырылады.
Мұғалім мәтіннің мазмұнын
айтқызу жұмысына жеткілікті мән беріп, әдістемелік
жағынан толық ойластырып саналы түрде шеберлікпен жұмыс
жүргізсе ғана, тіл дамытуда
жақсы нәтижеге жетуге
болады.
Мәтіннің
сөйлемдерден, сөйлемдердің фонемалардан, фонемалардың
сөздерден құралатынына тоқтала отырып,
мәтіннің ең кіші бөлігін анықтап
көрсетілді. Сонымен бірге мәтін лингвистикасы мен оның
бағыттары, теориялық ерекшеліктері, мәтіннің
қоммуникативтік және стилистикалық негіздері сөз болды.
Мәтінді толық баяндауға қажетті
тәсілдердің бірі – заттың белгілерін қосып айту,
қимыл-әрекеттің қашан, қай жерде болғанын
қосып толықтырып баяндату. Мәтіндегі
негізгі ойларды сұрақ арқылы баяндату да мәтінді
толық әңгімелеуге септігін тигізеді. Мәтіннің
мазмұнын түгел баяндауға толық жоспар арқылы
әңгімелеу де жақсы көмектеседі. Мәтінді кинофильм
ретінде баяндату мен жоспар арқылы әңгімелеудің ойды
толық жеткізуге қалыптастыру, жаттықтырумен бірге тағы
бір пайдалы жағы бар. Ол оқушыны өз ойын жүйелі
жеткізуіне байланысты сөйлеуге дағдыландырады. Бұл – тіл
дамытудағы өте бағалы мәселе [6].
Қорыта
айтқанда, мәтіндегі сөздердің ішіндегі
оқушыға түсініксіз сөз елеусіз қалмауын
қадағалап отыру керек. Таныс емес сөздерді, жаңа
сөздерді оқушы тіліндегі белсенді сөзге айналдыру –
мұғалімнің міндеті. Мұғалім ол үшін
оқушымен сөздік жұмысын өте
ұқыптылықпен, шеберлікпен жүргізуге тиісті, сонда ғана біз оқушы тілін дамыта
аламыз.
Мәтіннің
өзіндік құрылымы мен мағынасы бар, ол ішкі және
сыртқы байланыстар мен қатынастарға негізделіп жасалады.
Біріншіден, мәтіннің тілдік қабатын сөздер, сөз
тіркестері, сөйлемдерді талдау арқылы көрсетуге болады.
Екіншіден, мәтіннің тұтастығын
құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін анықтау
арқылы көрсетуге болады. Мәтіннің маңызды
ерекшелігінің бірі – бұл оның байланыстылығы.
Мәтінді түсінуде оның элементтерін тұтас
құрылымға біріктіретін байланысты құралдары
маңызды болып табылатындықтан ол мәтіннің негізгі
түпкілікті ерекшелігі ретінде танылады. Мәтінді түсінуде ішкі
байланыс басыңқы орын алады. Ол мәтінді тұтас
құрылым ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін
негізгі құрал болып табылады. Мәтіннің формальды
түрде берілген сыртқы байланысы болғанмен, оның ішкі
байланысы болмаса, мәтінді түсіну қиынға соғады.
Әдебиеттер:
1 Мүсірепов Ғ. Ана тілін анамыздай ардақтайық //
Өнер алды қызыл тіл. -Алматы: Жазушы, 1986.
2 Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. – М.: Наука,1982.
3 Әбдікәрім. Т.М. Мәтін теориясы. – Павлодар, 2007.
4 Байтұрсынов А. Тіл құрал. – Қызылорда: Казмембас,
1925.
5 Мүсірепов Ғ. Ана тілін анамыздай ардақтайық//
Өнер алды қызыл тіл. -Алматы: Жазушы, 1986.
6. Досанова А.Ж. Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі,
канд. дисс., 2009.