Г.А.Амангалиева

Орал, Қазақстан

Бастауыш сынып мұғалімі

 

3- ке көбейту және бөлу

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:3 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру. Есептердің шығу жолын үйрету.

Дамытушылығы:Логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,             татулыққа, достыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білім беру

Типі: ұжымдық

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: көбейту кестесі, сатылатын заттар, суреттер

Пәнаралық байланыс:  дүниетану

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

“Жылулық шеңбері”

Бәріміз орнымыздан тұрып, үйімізде қанша адам болса, сонша жұлдыз алып, шеңбер құрып, отбасымыздың, еліміздің амандығын тілеп, қолдарымыздағы жұлдыздарды ортаға шашамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5-тапсырма.
Теңдеулерді шеш:
а – 219
= 19 + 145    
89 + в
= 900 -125
87 – 12 +
d = 113

ІІІ. Өткенді қайталау.

«Ой шақыру».

1. Арманда 3 марка бар. Ал Темірханда одан 3 есе артық марка  бар, сонда Арман мен Темірханда неше марка болды?

2. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?

ІҮ. Жаңа сабақ.

Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз 3 – ке көбейту және бөлу .

 

 

2-тапсырма.
Үш бала күз мерекесіне залды безендіру үшін бірдей мөлшерде жапырақтар қиып дайындамақ болды. Егер олардың әрқайсысы 3(4,6,8) данадан қиған болса, балалар барлығы қанша жапырақ дайындар еді.

   3*3=9         4*3=12       6*3=18         8*3=24

 

3- тапсырма.

Есепті шығар. Кері есептер құрастыр және оларды шығар.

15 тотықұс 3 торға тең бөліп отырғызылды. Әр торда қанша тотықұстан ?

                     15/3=5          5*3=15

 

Ү. Сергіту сәті

5- тапсырма.        Теңдеулерді шешу.

«Бәйге» ойыны.

Х*2=6          У/3=4           А*3=18         3*А=9         15/В=5       Х/3=9

Х=6/2           У=4*3          А=18/3          А=9/3          В=15/5       Х=9*3

Х=3              У=12            А=6               А=3              В=3           Х=27

3*2=6           12/3=4          6*3=18          3*3=9          15/3=5       27/3=9

 

6- тапсырма.
 Сурет бойынша теңдіктер теңсіздіктер құрастыру.
а) суреттегі көкөністер мен кір тастарын пайдаланып

 

2*3+1=1*3+2*2

 

 

Ә) суреттегі таразы табақтарын қалай теңестіруге болады?

 

8-3=2*3-1

 

7 – тапсырма.
Қысқаша жазылуы мен сызба бойынша есеп құрастыр және шығар.

А) Сатып алынды-  3кг- нан                        Ә) Жасыл- 2 кг- нан

                                 3 банка                                              8 банка

Пайдаланылды- 4  кг                                       Қызыл- 10 кг

Қалды - ? кг                                                      Барлығы- ? кг

Шешуі: 3*3-4=5                                               Шешуі: 2*8+10=26

Жауабы: 5 кг банка қалды.                             Жауабы: барлығы 26 кг.

 

Шығармашылық тапсырма
             Дариға Асқардан 3 жас үлкен, бірақ Ғалиядан 2 жас кіші. Ғалия Асқардан неше жас үлкен.

 

          ҮІ. Бекіту.

Математикалық диктант.

3*8        3+3      5-3       27/3      3*3

 

ҮІІ.Қорытынды.

көз  3 би

жұрт

 

ҮІІІ.Бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма.

4- тапсырма.