ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӘСІПТІК ОРТА ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Рамашов Н.Р., Сармантаев А.С., Хуатхан Ш.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ., Қарағанды қаласы

 

ҚР «Білім туралы» Заңы бойынша «ғылыми инновациялық негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуді» алға тартып отыр[1]. Қазіргі кезде оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан қилы оқыту технологиялары оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжрибеде сынап қараудың маңызы зор.

Педагогикалық технология дәстүрлі және жекеше-бағдарлы «ақпараттық» және «дамушылық», «өнімсіздік» болып бөлінеді. Жекеше-бағдарлы негізіндегі педагогикалық технологияларын ынтымақтастық педагогикасы, Амонашвили технологиясы, Ильина технологиясы.

Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыру, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру процесін белсендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге оқу процесін қарқындату, белсендіру, компьютерлендіру де көзделді. М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», – деп жазады[2].

Біздің пікірімізше, педагогикалық процесс технологиясы денгеніміз – мақсат – мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекетін қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұнының, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.

Бұл проблеманың көкейкестілігі, әсіресе кәсіби әрекеті тікелей шығармашылықпен байланысты оқытушы-ұйымдастырушыларды даярлау барысында арта түседі деп есептейміз.

Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу – тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе оқытушы-ұйымдастырушының кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұнын өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.

Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай инновациялық білім беруді ашып көрсетейік.

Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» қайталанатын процесс, құбылыс, оқиға, т.с.с. білдіреті жұрнақ) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым кейде «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық», «жаңаны жасау», «реформалау» ұйымдарымен теңестіріледі, ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі аз келген өзгерісті білдіреді[3].

Инновация теориясының алғашқы  ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист Т.Шумпетер болып табылады, олар бұл қағидаларды әлеуметтік-экономикалық және технологиялық процестерге байланысты қолданған[5].

Бүгінде ғылыми зерттеулерде әдіснамалық тұрғыдан қатынастың әртүрлігіне байланысты «инновация» түрліше анықталады. Бұл ұғымды өз зерттеулерінің объектісі мен пәніне байланысты тұжырымдайды. Мәселен, Б.Твисс инновацияны жаңалық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын процесс ретіңде анықтайды. Ф. Никсон инновацияны - бұл нapықтa жаңа және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен құрал-жабдықтардың пайда болуына алып келетін техникалык. өңдірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы деп есептейді. Т.Шумпетер инновацияны кәсіпкерлік рухпен шыңдалған өндірістік факторлардың ғылыми­ ұйымдастырылған құрамасы ретіңде тұжырымдайды.

«Педагогикалық инновация» (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай aнықтама беріледі:

1)        тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұpaқты элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер;

2)        жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру процесі;

3) ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу. Сонымен бірге педагогикалық инновация педагогикалық іс-әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі арттыру мақсатында олардың мазмұны мен технологиясын өзгерту болып табылады.

Әртүрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытыңдыға әкеледі, ал инноваци өзгерістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады. Инновация мамандар даярлау міндеттерін дәстүр формалар (мазмұн) арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда пайда болып, жаңа мақсат пен міңдеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін табылдырады. Оқытушы білім берудің мақсаты мен міндеттерін нәтижелі жүзеге асыру үшін педагогикалық технологиялардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді негізге ала отырып, оларды өзара байланыстырып қолданудың мәнін жете түсіну қажеттілігін ғалымдар өз зерттеулерінде (В.Беспалько, В.Т.Фоменко, т.б.) анықтап отыр[5].

Сондықтан бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша инновациялық технологияның мәнін толықтай ашуды жөн көрдік. Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында болашақ оқытушы-ұйымдастырушылардың ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылық­пен жұмыс істеуге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және студенттерге білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқытушы-ұйымдастырушылардың даярлығын жетілдіруде инновациялық педагогикалық технологиялар ерекше орын алады. Осыған сәйкес зерттеу барысында біз алдымен жоғары оқу орнының оқу процесіне сәйкес келетін инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді таңдап алу мен пайдаланудың мынадай негізгі принциптері aнықтадық.

- технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу ушін атқаратын қызметін aнықтаy;

- студенттерге тән тұлғалық сaпаларға, нaқты пәнге, оның мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін есепке алу;

- технологиялардың ерекшеліктерін, мазмұнын, пайдалану жолдары мен іске асыру шарттарын жетік меңгеру;

- технологиялардың өзара байланысын игеру. Инновациялық технологияны іске асырудың қажетті шарты ретінде ғалымдар

Мынадай әдіснамалық принциптерді міндетті түрде орындауға баса көңіл аудару аса маңызды деп есептейміз:

1. Оқытушы-ұйымдастырушының педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі.

2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен студенттің кепілді дайындығы болу принципі.

3.Оқу процесінің модульдік жобалау принципі.

4.Жоғары оқу орындарындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеушілікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара қатынаста үйлесімді пайдалану принципі.

5.Ұйымдастыру мен оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы педагогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі.

6.Жоғары оқу орнының оқытушы-ұйымдастырушыдері мен студенттерінің оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі.

7. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принципі.. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі.

8. Әр студенттің жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі [6].

«Қазір біз жаңа XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз. Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш, өз елін туған жерін сүйетін ұлтжанды, патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек»- дейді елбасы. [7].

Қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру талаптарына сай жүргізіліп жатқан білім беру саласындағы реформалар оқытушы-ұйымдастырушылердің кәсіби даярлығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруде орын алды.

Жоғары педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында болашақ оқытушы-ұйымдастырушылерді даярлаудың жай-күйін талдау бүгінгі күнде қоғамдық сұраныстың өсуіне байланысты жоғары оқу орындарында болашақ оқытушы-ұйымдастырушылардың даярлығын жетілдірудің бір жолы оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану екендігін айқындауға мүмкіндік берді.

Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде оқытушы-ұйымдастырушылардың даярлығын жетілдіру мүмкіндіктері барлық кәсіби-педагогикалық оқу пәндерінің әсіресе «алғашқы әскери дайындық негіздері» және «алғашқы әскери дайындық әдістемесі» пәндерінің оқу процесін жобалаудан көрінді, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетінде және оқудан тыс әрекетте, педагогикалық практика барысында пайдалануға болады.

Қортындылай келе, болашақ оқытушы-ұйымдастырушылардың даярлығын жетілдіру процесінің нәтижелігі инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде болашақ оқытушы - ұйымдастырушылардың даярлығын жетілдірудің моделін қолданумен қамтамасыз етілді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1 Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы.// Егемен Қазақстан. 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256

2  Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.

3 Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы»-Ақтөбе,1999ж.

4 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/-Алматы,2006.-180б.

5 Селевко Г. К. Современные образовательные технологий.-М.: Народное образование 1998

6 Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары.

7 Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №2000 Жарлығы