Алимжанова Жанна

Қазақстан Республикасы

Тарбағатай ауданы

Қарғыба ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп

 

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ОҚУШЫНЫ ҰШҚЫР ОЙЛЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

 

Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы.  А.БАЙТҰРСЫНОВ

 

Қазіргі білім беру жүйесінде «құзыреттілік» деген термин қолданылып жүр. Психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева құзіреттілікті тұлға бойындағы белгілі пән бойынша алған нәтижелі білімнің білік дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзіреттілікті білім мен тәжірибені пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп көрсетеді.

Білім мен біліктілікті арттыру мақсатында келген үшінші деңгейлік оқыту бағдарламасы нені үйретті: ең бірінші топтасуды, яғни ойды ортаға салуды. Ал екінші жағынан жасаған жобаны жанталаса қорғау ұтымды пікір мен тұшымды ой салу пікірлесу мен тәжірибе бөлісудің таптырмас бір мүмкіндігі іспетті. Ол үшін әрбір ұстаз өз маманының майталманы болуы керек.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдері

- Шақыру;

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;

- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;

- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру;

- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою;

Іске асыру – Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.

- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу;

- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену;

- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау;

Рефлкексия- Жаңа білімді беру.

- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау. Мәселен, өрісін кеңейту, оқу іс-әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.

- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы. Бұдан нәтижесі қандай болмақ?

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау барысында жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерін көруге  қабілетті, мәселелерді шешуде маңызы зор.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:

- Шақыру;

- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну);

- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы).

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек. Осы білімді беруде мұғалімнің алға қояр мақсаты мен міндетін былай айтуға болады. Оқушы- оқу үдерісі– нәтиже.

Оқушы бойында өзін-өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;

- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

Оқушы – өзін – өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру;

- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;

- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;

- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;

- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үдерісі- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіру;

- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;

- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;

- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.

Нәтиже- мектепте, ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;

- өзін-өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;

- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдісті қалыптастыру.

Оқушы білуі қажет:  

- алдын-ала сенімділік туғызу; 

- білімдерін бір-біріне жеткізу; 

- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.

Сыни тұрғыдан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі. 

- Мен не білемін, нені білгім келеді? 

- Менің жаңаша көзқарасым қалай өзгерді? 

- Менің қызығушылығым неден артты? 

- Мен осы біліммен не істей аламын, кімге көмек қолын созамын?

Мұғалім әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойлануы қажет.

Менің оқушыларым не істей алады? Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құру. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ.

Өз тәжірибемде оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады: 

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады; 

2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды; 

3.Топтарының сұрақтарына жауап береді; 

4.Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды; 

5. Қорытынды шығарады.

Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығынжан-жақты дамытатынын байқалады.

Мұғалім жан-жақты білімі жетілген, көзі ашық, көкірегі ояу болғаны абзал. Әрбір бала -жанар шырақ, оны жаға білу – мұғалімнің парызы мен міндеті. Ол міндетке жету жолында еш қажымай, талмай, ерінбей, еңбек етуі керек. Баланың дарыны мен қабілетін ашу ұстаздың қолында болса, бойға жиған білім нәрін жас ұрпаққа сіңіруде тер төгейік. Ащы термен шыққан, тәтті балды сезінейік. Шәкірт қанаты талмай, биік шыңға самғасын.