Сабаева Гүлбаршын
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ
курс магистранты
Алматы,
Қазақстан
ПСИХОЛОГИЗМ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ
Жалпы дүние жүзінде
психологизм ұғымына баса назар аударған ғалымдар
өте көп болды. Оның ішінде, кеңес дәуірінде А.Н.Леонтьев – іс-әрекет, сана,
тұлға, психологиядағы іс-әрекет мәселесіне
тоқталса, С.Л.Рубинштейн – әрекет, әрекет пен қозғалыс,
әрекет және дағды мәселесіне тоқталды.
Л.С.Выготский психологиядағы сана әрекетін назарға алды.
Адам психологиясы көптеген
ғалымдарды қызықтырумен қатар, адам санасы мен
қимылын зерттеуге алып келді. Адам
баласының ішкі әлеміндегі болып жатқан түрлі психикалық
іс-әрекеттерге назар аударған ғалымдардың бірі –
Зигмунд Фрейд болды. З.Фрейд түс көру туралы көптеген
ғылыми еңбектер жазды. Түс көру ұғымын сана
әрекеті деп қарастырды. Ал, Эрих Фромм болса, мінез типтерін ашып
көрсетті. Атақты психологтардың бірі – Карен Хорни өзін
өзі талдау принциптерін атап кетті. Г.У.Оллпорт жеке тұлға
жайында еңбек жазды. Карл Роджерс Эмоцияға мән берді.
Мұнда адам баласының бет-пішінінде сезім негізінде пайда болатын
эмоцияларды көрсетіп берді. А.Х.Маслоу болса, мотивация мен жеке
тұлғаға мән берді. Психологияны зерттеп жүрген бұл психологтар
еңбегі көркем шығармадағы психологизмнің ашылуына
көптеп мүмкіндік беретіні сөзсіз ақ. Біз
қазақ әдебиетінде кездесетін психологиялық аспектілерді
осы психологтардың еңбегіне сүйеніп зерттейтініміз даусыз. Көркем
шығармада кездесетін іс-әрекет, эмоциялар, мотивация, ситуация,
түс көру, әуестік,
сағыну, аңсау т.б психологиялық іс-әрекеттер
жүйелі түрде зерттелген десек
қателеспеген болар едік. Осы еңбектер әдебиеттегі
психологиялық аспектілерді ашуға жол ашады десе де болады.
М.Горький, Ш.Айтматов,
М.Әуезов, Э.Хемингуей, Т.Драйзер т.б жазушылар шығарманы сөз
өрнегімен өрнектеп, психологиялық аспектілерді ұтымды
қолдану нәтижесінде
шыңға шығара білді.
Орыс әдебиетінде
психологиялық аспектілерді зерттеу ісі өткен ғасырдың
жетпісінші жылдарынан бастау алады десек қателеспеген болар едік.
Бұл кезде 1970 жылы Ленинград қаласынан жарық
көрген «Проблема психологизма в
советской литературе», 1983 жылы Мәскеу қаласынан
шыққан «Проблема
психологического анализа в литературе», Гинзбург «О психологической прозе», «О
литературном герое», А.Есина «Психологизм русской классической литературы».
Бұл еңбектер көркем шығармадағы
психологиялық аспектілердің негізгі жүйелері мен әдісін, компоненттерін көрсете
білді. Сонымен қатар А.Н.Веселовскийдің «Психологический параллелизм
и его формы отражениях
поэтического стиля» деп аталатын еңбегі
1989 жылы жарық көрді. Сонымен қатар,
Т.Мотылеваның «Внутренни монолог и поток сознаний» мақаласы 1986
жылы жарыққа шықты. В.Компанеецтің «Художественный
психологизм в советской литературе»
еңбегі 1980 жылы жарық
көрді. Сонымен қатар, психологизм мәселесімен айналысқандар М.Бахтин, Д.Лихачев есімдерін атасақ та болады. Бұл
аталған ғалымдардың еңбектерінен психологизм
мәнін ашатын жаңалықтарды көре аламыз.
Ал қазақ
әдебиетіндегі психологиялық аспектілерді зерттеп кеткен: З.Ахметов,
З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б
ғалымдарымыз болды. Бұл ғалымдардың еңбектерінен
қазақ әдебиетінде кездесетін түрлі психологиялық
аспектілерді байқауымызға болады. Мәселен, Бақытжан
Майтанұлының «Қазақ
романы және психологиялық
талдау» деп аталатын еңбегінде
қазақ жазушыларының шығармалары ұтымды
түрде талданып кеткен. Ғалым бұл еңбегінде әрекет
кеңістігі, дәстүр және шеберлік, жан сырын талдау,
жаңашыл арна, тарихи сана иірімдері, мүсіндеу өнері, нақты
әлем және оны қабылдау, диалогтағы сезім
шынайылығы, ішкі монолог мәселелерін талдап, анықтап
көрсетіп кетті. Бұл
ғалымның психологизм әдісін зерттеп жүрген
ғалымдарымыздың бірі болғандықтан, «Психологизм
художественной литературе» еңбегінде де
психологиялық параллелизм, пейзаж, монолог, т.б мәселелер
қозғалғаны даусыз. Бертін келе Ержанова
Гүлдарияның Қазіргі
қазақ повестеріндегі психологизм еңбегі 1994 жылы жарық
көрді. Бұл еңбекте негізінен психологизм түрлері, пайда
болу кезеңдері жақсы көрсетілген. Сонымен қатар,
Пірәлиева Гүлзияның «Қазіргі қазақ
прозасындағы психологизм», «Ішкі
монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі» деп аталатын
еңбектері жарық көргені бәрімізге белгілі. Бұл
еңбектерде психологиялық аспектілер шығарма барысында
талданып, жүйеленіп көрсетілген.
Қ.Әшірбекованың
«Қазақ романындағы адам мен табиғат
байланысының көрінісі» деген еңбегі жарыққа
шықты. Бұл еңбекте романдарда кездесетін психологиялық
параллелизм әдісі жақсы
зерттелген десе де болады. Әрине табиғат пен адамды бөліп
қарауға болмайды. Адам табиғаттың бір бөлігі ғана. Осыны
ғалым осы еңбегінде нақты ашып көрсете білген.
Психологизм
ұғымының әдебиетте қай дәуірде
қалыптасқанын нақты айту қиынға соғады.
Ежелгі антик дәуірі әдебиеті драматургия негізінде дамығаны
белгілі. Софокл, Еврипид, т.б сияқты драматургтер өмірге
көптеген драмалық шығармаларды әкелді. Ежелгі Грецияда
театр өнері пайда бола бастады. Трагедия мен комедия да сол кездің
психологиялық аспектілерінің бірі болып табылатындығы даусыз
ақ. Трагедия – грек тілінен аударғанда трагус – ешкі, оде –
өлең деген мағына береді екен. Гректер құдайлары
Диониске арнап ешкі малын құрбандыққа шалған.
Міне сол жиында ода айтатын болған. Яғни, өлең айтады.
Кейін бұл өлең мұң, шер өлеңге
айналады. Халық өз мұңын өлеңге жырлап
қосып, айтады. Комедия жанры көңілді жанр болып табылады.
Міне ежелгі антик дәуірінде психологиялық аспектінің екі
түрі пайда болғанын байқап отырмыз. Қайғыру мен
қуану аспектілері. Психологиялық аспектілердің бастауын осы
кезеңнен байқауымызға болады.
Қазақ әдебиетінің бастауы болып
саналатын Орхон Енисей жазба ескерткіштерінде психологиялық аспектілер
көрінеді. Бірақ бұл ескерткіштердегі психологиялық
күйлер халық ауыз әдебиетінде кездесетін ертегідегі
психологиялық күйлер сияқты, тереңнен ашылған
жоқ. Тек, адам қуанса қуанды, жыласа жылады деп
қана қойды. Одан
тереңін ашып көрсете білген жоқ. Психологизм ұғымы
әдебиеттің дамуынан пайда болған ұғымдардың
бірі десек қателеспеген болар едік. Біз әдебиеттегі
психологиялық аспектілердің қалай және қай
дәуірде пайда болғандығын айқындаймыз.
Психологияның пайда болуын қарастырмаймыз, бұл психология
ғылымының еншісінде болып
табылады. Яғни, мұнда да аспектінің екі түрін
байқай аламыз қайғыру
мен қуану аспектілері.
Адам жанының құпияларына Әбу Насыр
әл-Фараби, Х.Яссауи, Ж.Баласағұни т.б. оқымыстылар да
көңіл бөлгендігін шығармаларынан
байқауымызға болады.
Алтын Орда
дәуіріндегі әдебиетке
назар аударсақ, нәзира дәстүрімен жазылған қисса
дастандарды айта аламыз. Бұл кезеңде қисса
– дастандар түрлі тақырыпта жырланды. Махаббат тақырыбына
жырланған
қисса-дастандарға көз жүгіртейік. Бұл
дастандардан психологиялық
күйлер мен сезімдерді көптеп байқауымызға
болады. Бұл дастандардағы психологиялық аспкетілер әлі
күнге дейін зерттелмей келе жатқан дүние. Бұл дастанда жалғыздық, аңсау,
толғау, күйініш, сүйініш, түс көру, аян беру
сезімдері мен құбылыстары суреттелген. Бұл дастандарда психологиялық параллелизм
әдісі де кеңінен қолданылған. Осы аталған
аспектілер көркем прозада ХХ ғасырдың басында кеңінен қолданылса, қисса
дастандарда әлдеқашан пайда болған аспектілер болып табылатындығын
аңғаруымызға болады. Бұл дәуірде жазылған
шығармалардың басты
тақырыбы – махабат тақырыбы болғандықтан, дастандар
лиризмге өте толы болды. Осы лирикалық
иірімдерден адам жанында болып жатқан сезімдерді
байқауымызға болады. Қазақ әдебиетінде
психологиялық аспектілер қисса-дастандарда кеңінен
сипатталады десек қателеспеген болар едік. Бұл дәуірдегі
дастандар лирикалық сарындарға өте толы болды. Адам жанын
елжіретер сезімдер суреттелді.
Біздің зерттеп
отырған жұмысымыз – көркем шығармадағы
психологизм ұғымы болғандықтан, көптеген
дастандарды емес, бір ғана Бозжігіт дастанынан психологиялық
аспектілерді тауып көрейік.
«Бір түнде ұйықтап бір түс
көреді,
Алдында сұлу,
жақсы қыз көреді.
О дағы бір
патшаның жалғызы екен,
Бір
жалғызға бір жалғыз дос болады» [14, 25].
Байқап отырсақ,
бұл жерден түс көру құбылысын аңғарып
отырмыз. Егер де бұл дастанды толық оқитын болсақ,
түс көру мен қатар жалғыздық ұғымы да
қатар жүретінін аңғарамыз. Сонымен қатар,
бұл дастанда аңсау, сағыну, қалау, тілеу сияқты
психологиялық аспектілерді де байқауымызға болады екен. Ал
Ләйлі-Мәжнүн датаны да осындай лиризмге толы.
Ләйлінің табиғатпен сырласуы, аңсауы, сағынуы
психологиялық аспектілер
қатарына жататын ұғымдар болып табылады екен.
Бұл ұғымды психологиялық параллелизм деп айтсақ,
қателеспеген болар едік.
Сондай ақ, эпостық,
лиро-эпостық жырларда портреттеу, суреттеу ұғымдары
көптеп кездеседі. Сұлу қыздың, батыр жігіттің, сәйгүлік
аттардың портретін беру жыр мен дастандарда пайда болған
ұғымдардаң бірі екен. Эпостық, лиро-эпостық
жырлардан динамикалық психологизммен қатар, аналитикалық
психологизм ұғымдарын байқай аламыз. Кез келген батырлар
жырында портрет беріледі, түс көрудегі аян беру, сағыну,
зарлау, жоқтау сияқты ұғымдарды көптеп кездестіре
аламыз. Лиро-эпостық жырлар да лиризмге толы болғандықтан,
психологиялық аспектілерді байқай аламыз. Зерттеуші
Г.Пірәлиева өз еңбегінде осы мәселеге тоқталып
кеткен болатын. «Бірінші, ол лиро-эпостық жырлардағы
ғашықтық сезімдер, батырлар жырларындағы
кейіпкерлердің күйініш-сүйініші, толғанысы,
ел-жұрттық, ата-анасының көңіл-күйлері
арқылы көрінді. Алайда олар қарапайым бейнеленіп, ішкі
сөз ойлары тек қана баяндаушының көзқарасы,
әңгімесі арқылы берілді. Сондықтан да біздің
эпикалық жырларымызда сырттан
бақылау басым болып кетеді де, кейіпкердің
көңіл-күйлері, жеке бастың жан-сезімдері соның
көлеңкесінде қалып қояды». Бұл пікірге әрине, келісеміз. Бұл
жырлардағы кейіпкерлердің психологизмінің берілуі баяндаушыға байланысты болып келері
даусыз. Осы мәселеге қатысты көп емес, бір-екі мысал
ғана келтіре кетейік. Мәселен «Қобыланды батыр»
жырындағы Құртқа бейнесіне назар аударайық:
«Сонда
сұлу қыз Құртқа
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң
етіп, сылт етіп,
Төбеде
шоғы бұлт етіп,
Алтынды тоны
жылт етіп,
Саулы
іңгендей ыңқылдап,
Күшігендей сұңқылдап,
Сөйлеген сөзі сымпылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буыны
түсіп былқылдап,
Алтын
қалпақ дулығы,
Шекесінде
жарқылдап,
Мақпал
төсек мамықтан,
Алтын иек
ақ тамақ,» (24).
Бұл жыр жолдарынан Құртқаның портретін байқап отырмыз. Портрет теңеу арқылы жақсы
суреттелген. Сонымен қатар, бұл жырларда тек қана портрет
қана емес, ұлттық психологиялық аспектілерді де
кездестіре аламыз. Толғау, жоқтау, естірту, сыңсу т.б
жанрларды біз ұлттық психологизмдер қатарына жатқыза
аламыз. Эпостық, лиро-эпостық жырлар ұлттық
психологизмдерге аса бай болғанын айғақтай аламыз.
Жыраулар
поэзиясының шығармаларынан да жан туралы мәселе бойынша
сөз қозғағандығын аңғара аламыз. Асан
қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар т.б жыраулар
шығармашылығынан да жан мәселесіне сөз
қозғағанын аңғара аламыз.
Бұл ұғым көптеген зерттеушілердің
пікірінше бірден қалыптаса
қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне
бұл ұғым даусыз ақ, ХХ ғасырдың басында
көзге айқын көріне бастады. Жоғарыда атап
өткеніміздей, бұл ұғымға қазақ
әдебиетінде назар аударғандар: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Әуезов, М.Жұмабаев т.б.
Қорыта
айтқанда,
қазақ
әдебиетіндегі
психологизм
ұғымының
қай кезде пайда
болғандығын,
қай кезде нақты
ғылым саласы болып
қалыптасқанын айтып кеттік.
Әдебиеттер:
1. Психология. – Алматы:
Таймасбаспаүйі, 2005. – Т.10. – 480 бет.
2. Аймауытұлы Ж.
Қартқожа. Роман. Алматы: Жазушы,
2004 – 186 бет.
3. Елубай С. Ақ боз үй: Роман. – Алматы: Жазушы, 2011. – 376 бет.
4.
Майтанов Б. Қазақ романы және
психологиялық талдау. Оқу құралы.– Алматы, Санат, 1996. – 336
бет.
5.
Байтұрсынов
А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.
(Құрастырған – Шәріпов Ә., Дәуітов С.) –
Алматы: Жазушы, 1989. –320 бет.
6. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы
психологизм мәселелері –
диссертация. Алматы, 2006 – 240
бет.