Иманқұлова С.М.
әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ‑дің
доценті, Қазақстан
Интернет‑ресурстар арқылы тілді меңгеру
мүмкіндіктері
Елбасы Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан-2050.Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан.
Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен
және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс»[1], ‑ дей келе,
жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттігін
нақтылап өтті. Шындығында, қазіргі «техника ғасырына»
бізден гөрі балаларымыздың тез бейімделуі кез келген маманның
заман ағымына қарай жұмыс тәсілін өзгертуін талап
етеді.
Білім беру жүйесінде оқыту әдістемелерін жаңғыртудың
ең оңтайлы жолы – қашықтан оқыту және
онлайн жүйесінде тілді меңгерту. Себебі, мұндай мультимедиалық
оқыту тілді меңгертудің шексіз мүмкіндігін
көрсетеді: оқытуды әр түрлі формада
ұйымдастыруда, тіл үйренушінің тілдік деңгейі мен
қызығушылығын арттыруда, уақытты үнемдеуде, ойын
түрлері, фильм көру арқылы тілді үйренуде, өз
замандастарымен чат, блок, сайт арқылы хат жазысып алған
әсерлерін бөлісуде үлкен әлеуетке ие.
Тіл
үйренушінің сұранысына жауап беретін, бүгінгі
таңда кең таралған
интернет‑ресурстарды қарастырғанда, ең алдымен http://www.slovabegom.kz сайтында қолданушылардың көп екені байқалды. 2010 жылы 10 мамырда Астана
қаласында тұсауын кескен Латвияның "СЛОВА БЕГОМ.
Казахский язык" атты мультимедиалық бағдарламасын 112‑ден
астам қазақстандық ұйымдар мен мыңдаған
жеке тұтынушылар пайдаланады екен. Тілдік ортаға басқа да 10
шет тілі (түрік, араб, кәріс, ағылшын, француз, испан
және т.б.) ұсынылады.
Барлық тілдер үшін төмендегі блогтар бойынша тілді меңгерту жүзеге
асырылады:
v Сөздік қорды есте сақтау
жүйесі блогі (блок режима запоминания словарного запаса),
v Айтылым жаттығу жұмыстары (тренажер произношения),
v Жазылым жаттығу жұмыстары (тренажер
правописания),
v Грамматикалық және фонетикалық
анықтағыштар (грамматический и фонетический справочники),
v Бес тұтынушы үшін тілді дамытуға
арналған жеке блок (блок индивидуальной настройки для пяти
пользователей),
v Сөз бен сөз тіркесі сөздіктері
(словари слов и выражений),
v Жаттанды сөздермен жұмыс блогі (блок
работы с уже выученными словами),
v Алған білімді бақылау (контроль полученных
знаний),
v Әдістеме бойынша тұтынушының
анықтағышы (справочник пользователя по методике).
Бағдарлама үш деңгейге
арналған:
1. СЛОВА БЕГОМ STANDARD – қарапайым деңгейдегі ауызекі сөйлеу
лексикасынан;
2. СЛОВА БЕГОМ PROFY – кеңейтілген сөйлеу тілі;
3. СЛОВА БЕГОМ SUPERPROFY – кеңейтілген сөйлеу тілі мен бизнес‑лексикадан
тұрады.
Бұл бағдарлама
қазақ тілін (сонымен қатар басқа тілдерді де)
үйретуде нәтижелі болғанымен, кез келген тілдік
тұлғаға қолжетімді емес. Бағасы – 39000
теңгеден 78000 теңгеге
дейін. Ал смартфондар мен планшетті Android, iPhone және
iPad компьютелер үшін 10 мың теңгеден 150 мың
теңгеге дейін. Әр деңгейдің бағасы жеке
бағаланады.
Ал
ағылшын тіліне арналған оқулықтардың
көшбасшысы 1990 жылдан бері қолданыста жүрген, Кэмбридж
Университеті баспасынан шыққан Раймонд Мёрфидің
«Қолданыстағы грамматика» оқулығын бүкіл
әлем біледі. Бұл оқулық бірнеше рет қайта
өңделіп, әрбір тілдік деңгейге жеке‑жеке
шығарылды. «Ағылшын тілінің грамматикасының» электронды нұсқасы өз бетімен үйренуге арналған
анықтағыш пен практикалық оқулықтан тұрады.
Оқулықтың сол жағында түсініктеме, оң
жағында практикалық жаттығулар, соңында берілген
жауаптардың кілті тілді меңгеруге қолайлы жағдай
жасайды. Тілдік модельдер сызба, кесте, иллюстрациялар арқылы беріледі.
Әр иллюстрация грамматикалық тақырыпқа, ережеге сай
беріліп, тіл үйренушінің логикалық ойлау мен көзбен көргенді
көңілге тоқу жадысын
дамытады. Оқулыққа қосымша CD-ROM дискі берілген.
Дискіде: грамматикалық тақырыпқа байланысты қосымша
жаттығулар, ойындар, тест тапсырмалары, грамматикалық сілтеме,
сөздік берілген.
Шетелдіктерге арналған орыс тілі
орталығының (РКИ Международный центр русского языка как
иностранного) қашықтықтан оқыту курсы www.rki-site.ru
төмендегідей бөлімдерден тұрады: оқытудың жалпы
әдістемесі, дыбысталу мен интонация, грамматиканы оқыту
әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі және
сөйлеу әрекетін (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым)
оқыту әдістемесі.
Курстың ерекшелігі тіл
үйренушілерге қажетті қолданысқа қажетті
құрылымдар меңгертіледі, филологиялық терминдер
қолданылмайды.
Қазақ тілін
дамытуға арналған бағдарламалар, мультимедиалық
кешендер, оқулықтар мен оқу құралдары,
телебағдарламалар соңғы уақытта қарқынды
дамып келеді. Мысалы, ҚР Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Тіл комитеті Мемлекеттік тіл порталының www.til.gov.kz сайтында көптеген бағдарлама, сөздік, тілашар, бейне,
аудиосабақтар орналастырылған. Соның ішінде ересектерге
мемлекеттік тілді интенсивті оқытуға арналған кешен бар.
Бұл мультимедиалық кешен он‑лайн жүйесі бойынша тілді
қашықтықтан оқып‑үйренуге арналған 90
сабақтан тұрады. Үш деңгейге (бастапқы,
жалғастырушы, жетік) бөлінген. Әрбір сабақтың
құрылымы өте мұқият жоспарланған. Мысалы,
тірек сөздердің дыбысталуы, мәтінге қатысты
иллюстрациялық материалдар, тақырып көлеміндегі белгілі бір
мәтін ағылшын, орыс тіліндегі аудармасымен беріледі, аудио‑жазбасы
да бар, жағдаяттық тапсырмаларға арналған
сұхбаттар бейне‑жазбасымен, сұхбатқа арналған
тапсырмалар, грамматика кесте, сызбалар арқылы беріледі, сосын лексика‑грамматикалық
материалдар бойынша жаттығу жұмыстары, соңында бекітуге
арналған тест тапсырмаларымен аяқталады. Осындай кең
көлемде қазақ тілін оқытуға арналған
үш тілді кешенді көптеген тіл үйренушілер жылы
қабылдады. Атап айтқанда, «екі аптада қазақ тілін
үйретуге болады дейтін» белгілі
ресейлік психолингвист, әлемнің 30 тілін меңгерген, тілдерді
жеделдетіп меңгерудің бірегей әдістемелерінің авторы
Дмитрий Петров осы кешен арқылы қазақ тілін үйрене
бастаған. Сөйтіп өзі де 300-400-ге жуық қазақ
тілінде жиі кездесетін сөздерді арнайы дыбыс жазу техникасына
сүйеніп жаттау арқылы қазақ тілінің базалық
білімін, ауызекі тілде сұхбаттасуды басқаларға
үйретуді бастаған. Тіл үйренушіні қатысымға
жетелейтін 8 тақырып аясында 400-ге жуық сөзді 15 шақты
грамматикалық құрылымдар арқылы сөйлетуге
болатынын көрсеткен.
Сондай‑ақ, онлайн сөздіктер де тілді
меңгертудің алғышарты болып табылады. Елімізде
қазақша‑орысша немесе керісінше орысша‑қазақша
www.sozdik.kz., қазақша-ағылшынша www.lugat.kz сөздік сайты мен www.soylem.kz электронды аударма
жүйесі де халыққа таралуда. Жалпы, қазіргі таңда
қазақ тілін үйренем деген жанға мүмкіндіктер
шексіз. Соңғы екі‑үш жылдың ішінде көптеген
онлайн кешендер мен бағдарламалар шығып жатыр. Оның бер
жағында шығып жатқан тілді деңгейлеп
оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдары,
әдістемелік құралдар қаншама. Біз мақаламызда
ондай материалдардың бір бөлігін ғана сөз еттік. Сапасы
жоғары өнімдерді таңдап, ниет еткен адамға
қазақ тілін үйрену аса қиындық тудырмайтынын
айналамыздағы адамдардан, теледидардағы дикторлардан көріп
жүрміз. Ең бастысы, тілге деген қызығушылық пен
ынта болса болғаны...
Жақында
Елбасы бір топ Ғылым, Әдебиет пен Өнер қайраткерлерімен
кездесуінде: «Ұлттың тынысы, санасы ұлттық тілмен
ғана баянды болады. Қазақтың мемлекеттік тілі –
қазақ тілі. Ол Ата заңмен бекітілген. Ешкімнің
оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады.
Халыққа жаппай қазақ тілін үйретсек, бір ел
боламыз. 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95
пайызының қазақ тілін білуі көзделіп отыр. Оған
негіз жасалған» [2], ‑ дей келе, әр елді ұйыстырып
отырған біл тіл екендігін, елімізде
барлық халық қазақша сөйлейтін болса, біз
де бір ұлт, бір елге айналатынымызды тілге тиек етті. «Бір ел, бір
тілге» айналу үшін тілді дамытуға арналған іс‑шараларды
үздіксіз жүргізіп, оған тіл маманын ғана емес,
қоғамды да белсенді
жұмылдыру – мемлекеттік тілдің қарыштап дамуын
жеделдететіні анық.
Қазақ
тілінің болашағы – оның мемлекеттік тіл ретінде
қоғам өмірінің барлық саласында кең
қолданыс табуында. Себебі қазақ тілі – мемлекеттік тіл
ғана емес, қазақ халқының сан
ғасырлық тарихы бар рухани мұрасы. Демек, қазақ
тілі ғылым, білімнің қуатты құралына айналуы
үшін оның сан салалы қызметін жан-жақты дамытуға
бағытталған мүмкіндіктерді ізденіс көзіне айналдыру
көкейкесті мәселе болып табылады.
Пайдаланған материалдар
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы. 14.12.2012.
7. www.lugat.kz
8. Қайыржан
Төрежан. «Н. Назарбаев Зиялы
қауыммен жұмыс істейтін жаңа жүйе керек». «Айқын»
газеті, 10.01.13.
Резюме
Развитие казахского языка на основе его
активного функционирования во всех сферах является актуальной задачей не только
языковедов, но и всего общества, решение которой должно быть безотлагательным.
Эти задачи могут быть реализованы с помощью использования возможностей
интернет-ресурсов. В наш информационный век, когда весь стал одной большой
информационной «биржей», именно посредством интернет-сайтов, обладающих особыми
приоритетами, можно обучить языку, что
внесет большой вклад в интенсивное развитие государственного языка.
Summary
The development of the Kazakh language, based on its active functioning in
all areas is an important task not only linguists, but the whole society, whose
decision shall be urgent. These objectives will be accomplished through the use
of options online resources. In the information age, when all become one big
information "exchange", it is through the internet sites with
specific priorities can be taught language, which will contribute to the rapid
development of the state language.