А.Кайпбаева
Қазақ халқының ұлттық
дүниетанымындағы фразеологизмдердің көрінісі
Бай
тіл қазынасын этнос болмысы
тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір
тұңғиық теңіздей терең
мағына-мазмұнына бойлап еніп,оны игеріп танып-білу жүйелей
түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты.
Фразеологиялық единицалар тілімізге образды, бейнелі және
мәнерлі рең беруде тіліміздің эмоционалды-экспрессивті болуын
арттыруда зор мәні бар./1,65/
Бетке
айту – шындықты көзге айту, тура өзіне айту. Көзге
жылпың көріну – бояма бет, жағымсыз адамдар туралы,
сыртқа қылпың. Тұрақты сөз тіркестері:
қақпан құру, іштен тыну, көзі ашылу, қанжар
байлау, белді бекем буу. Ендігі бір фразеологиялық тіркестер алуан
түрлі мағына, зат және табиғат құбылысы
жайында ұғым береді. Іс-әрекетті бейнелейді. Ондай
сөздерді ақын-жазушылар тұтастай алып қолданады. «Көппен
көрген ұлы той» [2, 38-б], «Жығылған жан
күреске тоймас» [2, 39-б], «Қашқан жаудан құтылар»
[2, 35-б], «Молданың ісін қылма» [2, 62-б],
«Сынық ине, сыдырым таспа» [2, 76-б], «Арамнан жиған мал
дәулет емес» [2, 78-б], «Есің барда елің тап»,
«Қазақтың жаманы болмас, жаманнан аманы болмас» [2,
36-б], «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» [2, 95-б] осылайша
жалғаса береді.
Ауыз
әдебиеті халықтың тек қана көркем өнері
емес, әрі философиясы, әрі ғылымы, әрі тәрбие
құралы болады дедік. Ендеше, сол әдебиетті тәрбие
құралы етудің тілегі жұртты өмірді тануға,
адамды өмірдегі жақсылыққа үйретіп, жамандықтан
қашыруға жетектейтін ақыл, нақыл сөздердің
ауыз әдебиетінен үлкен орын алуының негізгі себебі болады, -
дейді академик Қажым Жұмалиев .
Ақын-жазушылар шығармашылық
контексінде тілдік фактілер жүйесін ретімен кәдеге жарата отырып,
көркем сөз кестесін өрнектеп, өзіндік
қолтаңбаларын белгілейді.
Ақын-жазушылар тілінде ащы сөзі тірліктің мол
азабын, уайым-қайғысын, азапты өмірдің суретін береді
де, у сөзімен алмастырылады. Өмірдің уы,
көңілдің уы, жүректің уы, сөздің уы,
арақтың уы, тамақтың уы, судың уы, жемістің
уы, ойдың уы, дәрінің уы болып бірнеше мағынаға
ие болады. Ал, әдеби шығармаларда, қолданылуын ақындар
өлеңдеріндегі түрлі түрлендірулер арқылы
көрсетсек: өлеңнің сырты ащы, іші тәтті [2,
40-б], тілі ащы деп жігіттер мені сөкпе [2, 96-б], ащы
сөзім достығым маған нансаң [2, 96-б],
сөзім ащы тиген соң сізге таман [2, 97-б], ащы тілмен
мен айттым ел мінезін [2, 97-б]
ащы сөзі қатар тұрған сөздермен тіркесіп
түрлі мағынаға ие болған. Ащы сөз, ащы тіл, сырты
ащы, ащы тию т.б.Бір ғана ащы есімінің басқа сөзбен
тіркесуінен мағыналық өрісінің кеңеюін байқадық.
Қазақ дәстүрінде, бата жасап, бас кескен
қариялар, алдымен, бастың езуінен бір кесіп алып өзі ауыз
тиген соң, бастың оң жақ құлағын
кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне:«мә,
балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда,
үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» деп
береді. Бұл «Құлақ беру» деп аталады.
Қариялардың балаларға құлақ кесіп
беруінің үлкен тәлім-тәрбиелік және ғылыми
мәні бар, яғни, жасынан қариялардың қолынан
құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала
үлкенді сыйлап, кішіні аялағыш, сөз тыңдағыш,
сөз қадірін түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді.
Әдепті, ибалы болуға дағдыланады.
Құлақ жейміз деген дәмемен
атамыздың етегіне жабысып, той-томалақтан қалмаушы
едік.Құлақ беру арқылы құйма
құлақ болсын деп,баланы үлкендерді
тыңдатуға тәрбиелеу
қазақ халқының ұлттық нақышын
бейнелейді. Құлақ тисе мәз болып, жеп,жырғап
қалатынбыз. Ал қазіргі балаларға құлақ
берсең қолына алғанымен «жүн екен, жаман екен…»деген
сылтаумен аузына да салмайды. Көріп те жүрміз, біліп те
жүрміз. Қазіргі балалар тіліңді оңай алмайды, сосын да,
құлақ беретін атамыздың жоқтығын
сағынамыз, балаларымызға атасы құлақ беріп
үйретсе екен деп тілейтін болдық. Әр тілдің
фразеологизмінде үлкен мазмұн-халық өмірі,мәдениеті бар.Нақыл сөздерден
мысалдар келтіре кетейік:
Тіріңде мақталғаннан көрі,
көз
жұмған соң
датталудан қорық.
Әлемнің тарлығын
пиғылың кеңейген күні білесің.
Жаһанды рахатқа айналдыра білу –
тұрмыстың шеберлегі.
Махаббат – назға толы
ғашықтық күйінің сыңғыры, неке –
отбасындағы қазан-аяқтың сылдыры.
Ақылды күндемейді. Күндестік –
өзіңнің әлжуәздығыңның
дәлелі.
Қимасыңды қиғанда
ғана қияметке қолың жетеді.
Сөйлей білудің алғышарты – тілге
тиек қоя білу.
Досың мен дұшпаның – екеуі де көңіл
қоймаңның құпиясына қызығушы.
Сорды бақытқа, төзімді
ләззәтқа айналдыратын – үміткерлік.
Жақсы істің де жаман жағын ойлай
жүр, жаман істе тәтті үмітке бойлай біл.
Фразеологиялық
тіркестердің пайда болу көздерін халықтың тарихымен
заттық және рухани мәдениетімен,өмір тіршілігімен
тығыз байланысты болғандықтан олардың мағынасын
лингвомәдени және танымдық
тұрғыдан талдау арқылы тарихи этимологиялық көздерін ашуға болады.Тіл
мен мәдениет өзара байланыстағы бірін-бірі толықтырар
біртұтас жүйе.Нақыл сөздер ішіндегі
фразеологиялық тіркестердегі жеке көріністер тек сол тілге
ғана тән ерекшеліктермен сипатталып ұлттық
нақышпен бейнеленеді.Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық
дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді,құрамындағы
ұлттық мәдени компоненттер фразеологиялық
тіркестердің ұлтық мәдени сипатын ашады. .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Қайдар Ә.Т.Қазақ тілінің
өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі. 1998. 314б.
2.Кеңесбаев І.К. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977,
712б.