Қазақтар және Орта Азия халықтары
салт – дәстүріндегі лингво-мәдени бірліктер.
«Қазақтар және Орта
Азия халықтары салт – дәстүріндегі лингво-мәдени
бірліктер» тақырыбындағы мақалада аймақ
халықтарының салт дәстүрлері,лингво-мәдени
бірліктер қарастырылады.
Отбасының
материалдық жағын табиғи биологиялық және
шаруашылық-тұтыну қатынастары құрастырады, рухани
жағын –
құқықтық, адамгершілік және
психологиялық қатынастар құрайды.(1,67)
Дәстүрлі дүниетаным бойынша
күнделікті отбасылық тіршілік ырғағының
қалпы қоршаған ортаның үйлесімділік немесе
үйлесімсіздік жағдайларына, әдет-ғұрыптарына,
салт-дәстүрлеріне, діни наным сенімдеріне байланысты болды.
Аймақ халықтарының
салт-жоралғыларының түпкі мақсаттары бір – ол
отбасылық және қоғамдық
қатынастардың, материалдық және рухани
жағдайлардың, экономикалық іс-әрекеттердің
принциптерін сақтау болды. Осы салт-жоралардың бәрі
қазақтар мен Орталық Азия халықтарының
қалыпты тіршілік тынысының, ғұрпы мен
дәстүрінің, дінінің, негізі болды [ 2,29].
Орталық Азияның
этномәдениетінің осы
аймақтағы тамыры кемінде ерте темір дәуірінен, дәлірек
айтсақ сақтардан және сақтектес тайпалардан басталады.
Моңғол
шапқыншылығының кесірінен біраз кідіріп қалған
дәстүрлер үдерісі ХІҮ ғасырда қайта жандана
түсті, Орталық Азия халықтарының көпшілігінде халық
болып қалыптасу үдерісі бұдан соңғы бір-екі
ғасыр аясында аяқталды. Халықтың өзгеше
қасиеттерінің бірі – ол
әр халықтың өздігінше
әдет-ғұрып, салт-санасының болуы. Міне осы өзгеше
қасиеттер Орталық Азия халықтарының халық болып
қалыптасу кезеңдерінде қалыптасты.
Жалпы
қазақтағы қара
шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын
қадірлеумен байланысты шыққан және өте
әріден келе жатқан дәстүр.Ол ыдырап бара жатқан
қара шаңырақты
сақтап қалуға бағытталып, ерекше идеологиялық мәнге ие
болған.
ХІХ
ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезінде қазақтардың
патриархал отбасында
әйелдердің жағдайына байланысты әмеңгерлік салт (левират) және балдыз алу
(сорорат) дәстүрі кең өріс алды. Себебі, ол
әдеттік заңның ғұрпы болды. [ 2,32].
Орталық
Азия халықтарының, сонымен қатар
қазақтардың
тұрмыс-тіршілігінде жиен
мен нағашының ерекше жақындығы байқалады.
Бұл халықтардың дәстүрлі салты бойынша нағашысы жиенінің жар
таңдауында, үйленуінде маңызды рөл
атқарған.
«Қазақтар мен Орталық Азия
халықтарының некелік әдет-ғұрыптары» деп аталатын
екінші бөлімде осы аймақ халықтарының отбасын
құруға байла нысты салт-саналары, ырым-жоралғылары,
ғұрыптары сипатталып зерделенеді.[2, 34].
Орталық
Азия халықтарының көпшілігінде, қызға құда түсуді алдымен қыз әкесіне жаушы жіберуден бастаған.
Бұл өзінің түрі, мазмұны, өткізу
рәсімдері жағынан қазақтар мен басқа
Орталық Азия халықтарының салт-дәстүріне
өте жақын, ұқсас.
Орталық
Азия халықтарының барлығы да келін түсіруді құдалық арқылы іске
асырған.Тойға жұмсалатын шығынды туыстары бірігіп
атқарған.
Көмекке барлық туыстар қатысуы міндет
болған. Әсіресе бұл салт отырықшы өзбектер арасында
қатты сақталған [2,35].
Өзбек, тәжік,
қарақалпақтарда қыз жағындағы болатын
тойға жігіт жағы азық-түлік – күріш, ұн,
май, сәбіз, пияз және тойға соятын мал жеткізеді. Ал қазақтар той
болардан бұрын қыз жағына
тоймал береді.
Қазақта туыстық жақындығы
жеті атаға толмай қыз алыспау тәртібі
қалыптасқан. Бұл дәстүр өзбектерде,
түрікмендерде, ұйғырларда өзгеше. Олар алыстан
қыз іздемей-ақ жақын туғандарына үйлене берген.
Ал қырғыздар 4 атаға
дейін қыз алыспайды [ 2,36].
Регион халықтарының бәрінде де
құдалық салты бар. Бесік
құда,бел құда қарсы
құда барлығына да тән, деседе бұл салт
көшпелі, жартылай көшпелі, мал шаруашылығымен басымырақ
айналысқан халықтарда көбірек көрініс табады.
Қазан төңкерісіне дейін неке
құру қырғыздарда қалыңдыққа қалыңмал төлеу
арқылы жүрді.
Әдетте, ең бірінші болып анасының ағасы –
туған нағашысы жігітке
қол ұшын беріп, көмегін көрсеткен. Ал қыздың
әкесіне берілетін қалыңмалдың белгілі мөлшері
қыз шешесінің ағасына
тиесілі болған. [ 2,37]
Этнографтардың
пікірінше, қазақтардың арасында қалыңмал міндетті
саналған, оның көлемі
де басқа халықтардікіне қарағанда көтеріңкі
болған.
Қалыңмалдың
көпшілік бөлігі төленгеннен кейін қазақта
күйеу жігіттің қалыңдығына «ұрын бару» ғұрпы
орындалатын, ал қайын жұрты оның бұл сапарын –
«ұрын келу» деп атаған. Ал ұзатылатын қызға жасау
беру салты бар
Орталық Азия халықтарының қыз
ұзату тойы және қазақтардың қыз ұзату
тойы ерте кезде қызқашар
ойынымен аяқталған. Қазақта
түскен келінді жаңа қауымға таныстыру,
сәлемдестіру мақсатында
және оған өсиет айту үшін беташар айтылады. Беташар мазмұны жағынан
басқа кейбір халықтардағы жырларға аздап
ұқсағанымен, түр, орындалу жағдайы жағынан тек қазақтар мен
қарақалпақтарда ғана кездеседі [ 2,38].
Жар-жар
айтылып болғаннан кейін, қазақтың көне
дәстүрі бойынша екі жастың некесін қию шаралары
өткізіледі. Неке қию
қырғыздың, өзбек пен түрікменнің,
тәжік пен қарақалпақтың үйлену тойына
тән ғұрыптың бірі.
Қызды алуға келгенде күйеу
жігітке толып жатқан жоралар, ырымдар жасалады. Бұл жағынан
алғанда көшпелі, жартылай көшпелі, руға бөлінетін
өзбектердің жол-жоралары
қазақтікіне өте
ұқсас. Мысалы, ит ырылдар, кемпір өлді, бақан
тастар, т.б. салттар өзбектерде де бар
Сәукеле қазақ,
қырғыз, қарақалпақта бар, бұл олардың
өзара этногенетикалық және этномәдени ерекше
жақындығының бір белгісі деп білеміз.
Айырмашылық
рәсімдік тағамнан да білінеді. Егер тәжіктер мен
отырықшы өзбектерде (сарттарда) ұннан жасалған
тағам көп болса, жартылай отырықшы өзбектерден біз етті
тағамдарды байқаймыз, ол мал шаруашылығымен айналысатын
халықтарға тән.
Мысалға, егінші, отырықшы халықтарда
өсіп-өнудің, көбеюдің символы ретінде гранат,
өрік-мейіз, жұмыртқа, қатпарлы бәліш болса,
көшпелі-малшыларда еттің, әсіресе қой етінің
бөлшектері: құйрық, бауыр, төс, кәріжілік,
т.б. Бұл нені білдіреді. Бұл дегеніңіз халықтың
негізгі күн-көріс шаруашылығының түріне
қарай, олардың байлық, бақыт, тоқшылық,
өсіп-өну символдарының түрліше болатынының
айғағы.[ 2,40].
Қырғыздар да
қазақтар сияқты құдалықты құйрық-бауыр жеумен
бекітеді.
Құдалық шешілгеннен соң оны рәсімдеу нан сындыру
ғұрпы бойынша іске асады.
Орталық Азия және қазақ салт
дәстүрлерінен қалған лингво-мәдени бірліктер осы
халықтардың бұрынғы,қазіргі мәдениетіне зор
үлес қосты.Бұл лингво-мәдени бірліктер(қара
шаңырақ,құда түсу,жаушы жіберу, келін
түсіру,тоймал беру, бесік құда,бел
құда,қарсы құда,қалыңмал
төлеу,ұрын бару,қызқашар, беташар,ит ырылдар, кемпір өлу,бақан
тастар,құйрық бауыр жеу, нан сындыру т.б.)Орталық Азия
халықтары және қазақ этносының
қалыптасуына,дамуына мол әсер ететін факторлардың бірі десек
қателеспейміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1 Қайдаров Ә.Т. Қазақ
тілінің өзекті мәселелері. Алматы:Ана тілі- 1998. 3О4б.
2 Кеңесбаев І.К.Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі.Алматы:Ғылым-1977.712б
3 Манкеева
Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.Алматы. `Тіл таным,№4, 39-44б