Кабул О.К.

аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қазақстан, Қостанай қ.

 

«АҒАРТУ» ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮРДІСІ

 

Философиялық әдебиеттерде «Ағарту» термині «Европалық Ағарту философиясы» деген ұғыммен барабар. Өйткені, XVII- XVIII ғасырда өмір сүрген европалық философияның өкілдері Англияда – Локк, Шефтсбери, Францияда – Монтескье, Гельвеций, Вольтер, Гольбах, Германияда – Лессинг, Кант өз еңбектерінде тұтастай «Ағарту» идеясын көтерді. Кейіннен Ағарту идеясы Батыс Европадан тыс елдерге тарай бастады. Айталық, Америкада (XVII-XIX ғ.ғ.) – Б.Франклин, Т.Купер, Т.Пейн, Ресейде (XVII ғ.) – А.И.Радищев, Н.И.Новиков, Я.П.Козельский; Шығыста (XIX-XX ғ.ғ.) – А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ахмет Дониш, С.Айнилар осы идеяны өрістетушілер еді. Ағарту ұғымы философия тарихы мен рухани мәдениет тарихында өзінің iшкі бағыт-бағдарының жете дайындалуымен ерекшеленеді Осы философиялық бағыттың өзекті мәселесі не? Оны толғандыратын негізгі проблемалар қандай?

Ағартушылық тарихи-хронологиялық тұрғыдан да, мазмұны мен мәні жағынан да біртекті құбылыс емес. Ағарту дәуірі ойшылдардың философиялық бағдары мен бейімі, пікірі мен көзқарастары әркелкі болатын. Дегенмен, сол кезеңдегі философияның идеясы мен концепциясы буржуазиялық революцияларды дайындауға және олардың жүзеге асуына дәл келетін тарихи мезеттің пісіп-жетілуіне жағдай жасап, жол сілтейді. Ағарту дәуірі ойшылдарының кейбірі онтология және таным теориясының проблемаларымен айналысса да, басым көпшілігі әлеуметтік философияға көңіл бөліп, оны тереңдете зерттеуге ұмтылуы – философия тарихының маңызды сәті болды. Ағарту философиясының концепциясын айқындайтын негізгі жәйттер әлeyмeттiк философия төңірегінде қалыптасты.

Француз ағартушыларының алдыңғы қатарлы өкілдерінің бipi публицист, философ – Скептик Бейль Пьер (1647-1706) Седан академиясының және Роттердам университетінің профессоры. Осы жерде ол өзінің басты еңбегі «Тарихи және сыншыл сөздік» деген еңбегін жаза бастайды. Тоғыз жылдан кейін оның соңғы үлкен шығармасы «Ауылдың 6ip тұрғынының сұрақтарына жауап» деген еңбегі жарық көреді. Бейльдің басты назар аударғаны дін және сенім мәселелері болды. Бейльдің дін мен ілімнің әр тектілігін айқындап, дінге деген төзімділікті уағыздады. Сол кезден Франция жағдайының негізінде тарихтан мысалдар келтіре отырып, дінге төзбеушіліктің адамзатқа қандай зиян әкелетіні туралы бірнеше мақалалар жазады. «Сөздігінде» П.Бейль әртүрлі қозғалыстар, идеялық ағымдар, тарихи тұлғалардың ic-әрекеті, олардың діни мәселелерге қатысы жөніндегі хабарлар жинайды. Осы жинаған бай материалдардың негізінде діни енжарлық мәселесін алға тартады. Өзі атейст болмаса да, оның дінге енжарлығын Вольтер нәзіктікпен байқады. Бейльдің өзі құдайсыз болғанымен қоймай, басқаларды да діннен бездірді деді. Бейль туа біткен инстинктер мен ақылдың ic-қызметінің принциптері туралы өз көзқарасын былайша түсіндіреді: адамның осы туа біткен қассиеттepi діннен тәуелсіз нағыз моральді түсіндіруіне көмектеседі дейді. Осылайша ол моральді діннен бөліп алып қарастырады. Ол ашықтан-ашық ақыл мен сенімнің бip-бipiмен сай келмейтінін ашып көрсетеді Ол: кімде-кім ақылды таңдаса философиямен айналысуы, теологияны естен шығаруы және де кepicінше сенімді таңдаса, ол адам. «Ғылымның әдет-ғұрыптарға әсері» атты еңбегінің басты өзегі әлеуметтік теңсіздікке арналған. Мұнда ол қазіргі кезеңдегі өркениетті сынға алып, оны теңсіздік өркениеті деді. Ғылымдардың дамуы адамдардың жетілуіне ешқандай да жақсылық әкелмейді деген ойда болды. Бірақ ол ғылым мен мәдениетті жоққа шығарған жоқ. Оның дәлелі осы еңбегінің кіріспесінде ол былай деп жазды: «Мен ғылымға қарсы eмеспін, бірақ қайрымдылықты жақтаймын». Осы еңбегінде қоғамдық өмірдің нeгізін «тән қажеттіліктері» қалайды, рухани кажеттілік оларды сәндендіре түседі дейді. Өнер мен ғылымның дамуы Жан Жак Руссоның пайымдауынша адамдарды болуға емес көрінуге, тырысуға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ ол мәдениет пен өнер билеуші әлеуметтік топтардың меншігіне жатады деді. Руссоның eшбіp жерде мәдениет пен өнердің тарихи функциясына баға бергенін кездестірмейміз. Француз материалистерінің бipi – Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) – өзінің көзқарасын «Рух туралы», (Ақыл туралы) және «Адам туралы» деген еңбектерінде атап көрсетеді. Алғашында еңбек үлкен қызығушылық тудырды. Автор реакциялық топтардан қуғынға ұшыраса да, Англияның, Германияның, Швейцарияның алдыңғы қатарлы ойшылдарының ортасында құрметке ие болды. «Адам туралы» трактаты әлеуметтік саяси проблемаға арналған. Гельвеций сыртқы дүниенің объективті өмір сүретіндігін және оның материалдық сипатын мойындайды, дүниені қозғалыстағы материя деп түсіндіреді. Кеңістік пен уақытты материяның өмір сүру формалары дейді. Ламетри мен Гольбах секілді Гельвеций адамды табиғаттьң жалпы жүйесіне жатқызып, «адам табиғаттың 6ip бөлшегі және оның зандылықтарына бағынады», - дейді. Гельвеций өзінен басқа француз материалистері секілді адамның және адамзат қоғамының ерекшелігін түсіне алмады. Жанның мәңгілігін Гельвеций жоққа  шығарады: «Жанның өмір cүpyi үшін идеяның да, ақылдың да қажеті жоқ. Адамда сезім болғанда ғана, оның жаны бар. Сезіне білу жанның өмір сүруін тудырады», - деді. Гольбах секілді Гельвеций де детерминизімді жақтады. Табиғат саласында құдыретті күшті табиғи заң бәрін билеп тұрса, адамзат мінез-құлқы және ic-әрекеті, «мүдделер заңына» бағынады. «Мүдде» адам белсенділігіне байланысты негізгі факторларды біріктірді. Басқаша айтқанда, Гельвеций бойынша табиғи физикалық қажеттіліктер, екінші жағынан – құштарлық. Физикалық қажеттіліктердің арасында бірінші орында аштық пен ауру; осыларды ол адамдардың негізін қозғаушы күшi деп есептейді. Құштарлықта маңызды рөл өзін-өзі сүю.

Осындай ой-пікірлер Европалық Ағарту идеясының негізін қалап, әлемдік ағарту тармақтарының пайда болуына әсер етті.