Кабул О.К.
аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
АҒАРТУ ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ,
БАҒДАРЫ МЕН БЕЙІМІ
Ағарту философиясының пайда болуы және оның мәні туралы
мәселесіне Поль Анри Гольбах (1723-1789) "Табиғат жүйесі"
атты еңбегінде арнайы тоқталды. Дінге байланысты пікірін аса сақтықпен жұмсартып айтатын ол, бip жағынан теологияны сынаса, eкінші жағынан
"дүниені құдай жаратты" деген тезиспен келісетін басқа
ағартушыларға қарағанда материалистік және
атейстік позицияны ұстанды. Ағарту дәуіріндегі
ойшылдардың материя мен қозғалыстың шындығын
мойындайтын пікірлерге сүйене отырып, Гольбах материя мен
қозғалыс мәңгі, олай болса, әлемдегі жаратушы
құдырет бар деуге ешқандай негіз жоқ, теология
ғылымының дамуына кедергі жасайды деді. Гольбах аталмыш
еңбегінде дін мен саясаттың идеологиялық сипаты жөнінде
пікір қозғайды.
Бейльдің
көзқарастарындағы материалистік тенденциялар мен дінге қатынасты
сақтандыруларына қарамастан ол атеизмге де ашық келмейді, ақыр соңында ceнімнің ақылдан басым екендігін мойындайды. Бұл оньң танымының
айқындығы жөніндегі
көзқарасында анық байқалады. Бейль сезім де, ақыл
да шындықтың критерийі бола алмайтындығын дәлелдейді.
Бейль пұтқа табынушылықтың бip
түpi ретінде христиан іліміне
сынның негізін қалады. Скептицизм оның сыншылдық
уәждемесінің нeгізі болды. Бұл скептицизм, қандай да болсын
метафизика мен дін іліміне деген сенімге көлеңкесін түсірді. Дін
мен философия саласындағы сияқты біртекті
еместігі ол әлеуметтік-саяси
мәселелерді де айтады. Ол Франциядан монархиялық
абсолютизмнің қысым көрсетуімен қуғындалса да,
ең жақсы мемлекеттік құрылым монархия болып табылады
деп дәлелдейді.
Бейль атеизмге бip жола бас ұрмаса да,
оның дінді сынға алуы сондай-ақ оның скептицизмі
француз ойлауына, ішінара Ағартудың көрнекті өкілдеріне
үлкен әсерін тигізді. Ағарту дәуірінің
философиясы мен мәдениетінде жазушы драматург іpi
философ-публицист Франсуа Мари
Вольтердің (1694-1778) алатын орны ерекше. Вольтердің еңбектерінде
гносеологиялық тұрғыдағы рационализмге сәйкес
келмейтін Ағарту философиясы рационализімнің рухы айқын
көрінеді. Ақыл-ой мен білімге бас иіп,
оны дәріптеу -
француздың ұлы ойшылы және жазушысы Вольтер
шығармашылығының негізгі арқауы еді. Адамның қабілеті
мен іскерлігі сияқты ерекше қасиетіне деген ceнімін
Вольтер сын тезіне салу
арқылы бекітіп отырады. Жазушының өткір тілі мен аяусыз
сынына тipкey өкілдері
де, ортағасырлық схоластикалық философия да, қаламгер
әріптестері де жиі-жиі ілініп
отыратын. Жаратылыстануға көңіл аударып,
Ньютонның механикасы мен физикасының жақтаушысы болуы -
оның философиялық позициясына тән нәрсе. Ньютон
шығармашылығындағы фактілерге жүгіну, тәжірбие
арқылы дәлелдер келтіру тәсілі Вольтерді тәнті еткен
болатын. Жазушының оқырман ұғымына жеңіл, анық
әpi оралымды
көркемсөз стилі оның философиялық, ғылыми
еңбектеріндегі ой-пікірлерді айшықты eтіп
көрсетеді.
Мәдениет,
өнер және эстетикалық тәрбие мәселесіне арнап
жазған бірқатар мақаласында адамның
интеллектуалдық қабілеті мен ceзімі туралы ой толғайды. Адам бойына туа біткен
қабілеттер ары қарай жетілдіруді, дамытуды қажет етеді дейді
Вольтер. Атақты энциклопедияға арнап жазған
"Талғам туралы" деген мақаласында өнердегі
әсемдіктің "сыйқырлы" күште таңданып,
оның көпшілікке де, зиялыға да
"айқындығына" назар аударды.
Жан Жак Руссо
(1712-1778). Егер Вольтер "Үшінші сословиенің"
өкілі болса, Жан Жак Руссо оның
ең төменгі тобының өкілі болды. Оның арнаулы енбектері көптеген
проблемаларды қамтиды. Мәселен, ғылым мен өркениетті
сынға алуы ("Ғылымның
әдет-ғұрыптарға әсері туралы"), экономикалық
проблематика ("Саяси экономия туралы пайымдаулар"), әлеуметтік-саяси
мәселелер ("Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы себептері туралы пайымдау"). Оның "Эмиль немесе тәрбие туралы" деп
аталатын романын атап кеткен де жөн. Бұл еңбектер табиғи моральдің ен жақсы прогреci
болып табылады. Тақырыбының ала-құла болып келетіне қарамастан Руссо
еңбектері орталық бір дәлелді көрсетеді. Ол дәлелдер адамдар арасындағы теңсіздік пен оны жою жолдары
туралы проблема. Ағартушылардың
басым көпшілігі шіркеу туралы жағымсыз пікірі
ортақ болғанымен, кұдайды
жоққа шығара алмады. Осы себептен болар, ағартушылық
қойнауынан шыққан діни-философиялық ілім - деизм қанат
жайып, дами бастады. Деизм бip жағынан теизм мен пантеизмнен аулақ кетсе,
екінші жағынан атеизмнен де оқшау тұрады. Деизм өкілдері
табиғи дін немесе ақыл-ой діні деген идеяны ұсынды. Бұл
идеяны ұлы француз революциясы кезінде Робеспьер жүзеге асыруға
әрекеттенді. Ағартушылардың ұғымы бойынша,
"Ақыл-ой шеңберіндегі дін" оны ырымшылдықтан, аңғал
антропоморфизмнен, поптардың надандығынан, сектанттық
фанатизмнен арылтып, діни сенім мен көзқарастағы плюрализмге ерік береді. "Табиғи дін" идеясы
ағартуда бұрынырақ пайда болған "табиғи
адам" теориясымен үндес келеді. Француз ағартушысы Этьен Бонно
де Кондильяк (1715-1780) "Адам білімінің шығу тегі туралы" деп аталатын еңбегінде адамзат
дамуының сыртқы себептеріне тікелей байланысы туралы
көзқарасын дамытты. Кондильяктың және басқа
бірқатар ағартушылардың ойынша, табиғи адам
табиғаттан пайда болған әpi белгіл 6ip әлеуметтік жағдайдың ықпалымен
табиғи түрде дамып жетіледі. Бipaқ, әлеуметтік институттар мен билік формасы адам табиғатына
қысым жасап өзгертіп, оны теріс жолға салуы мүмкін.
Сөйтіп, адамзаттың табиғи жағдайда дамуына кедергі
жасайды.
"Табиғи
адам" туралы ілім адам құқығына баса
көңіл бөледі. Адамның табиғи
құқысы жайындағы постулатты ұсына отырып,
ағартушылар ең басты да қажетті нәрсеге адамның өмір сүруге
құқын, бостандықсыз, теңдікке және меншікке
құқылығын жатқызады. Адам
құқысына байланысты пікірлер кейіннен жиі айтылатын
өзекті проблемаға айналды. Ал, 1948 жылы Біріккен
Ұлттар Ұйымы қабылдаған
адам құқы жөніндегі Декларацияның негізі ретінде
алынды.
Сонымен,
адамзаттың ақыл-парасатына деген сенім, феодалдық
қоғам мен дінді сынау, схоластикаға қарсы шығу,
"табиғи адамға" құштарлық,
"табиғи" және эстетикалық тәрбие теориясы,
қоғамды реформалар жүргізу арқылы өзгерту, осылар
ағартудың басты ерекшеліктері еді.
Осы
кезеңде Европалық Ағарту идеясының нeгізі қаланып, әлeмдiк ағарту
тармақтарының пайда болуына әсер eттi.
Француз
ағартушылары сияқты неміс ойшылы Готхольд Эфраим Лессинг те
(1729-1781) өзгерту мүмкіндігін санадағы өзгерістермен
байланыстырады. Лессинг өзінің тәрбие теориясын эстетикалық
тәрбие теориясы реттеуді ұсынады. "Гамбург драматургиясы"
атты атақты еңбегінде өнердің маңызын айта келіп,
оны "адамгершілік мектебі дейді. Театрды Ағарту идеясын
таратудың демократиялық формасы деп санады.
Оқымысты туралы идея ағартудағы тәрбие
теориясының шарықтау шегі еді. Ағартушылар тәрбие теориясын дамыта
келіп, оқымысты туралы идеяны қолдады. Оқымысты ағартушылардың ойынша,
ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы реформаларды
жүзеге асырады және қоғамның бас ұстазы
болып есептеледі. Бұл пікірді француз Вольтер де қолдады. Мемлекеттік
өкіметтің идеалы оның ойынша, Людовик XIV патшалық
құрған кезең еді. Өз еңбектерінде бұл
ойын ашық айтады: "Ұлы патшалардың тұсында
өнер мен білім үнемі
өркендеп өciп отырады.
Ал, олардың құлдырауы көбінесе, мемлекеттің
құлдырауын көбінесе, мемлекеттің
құлдырауын білдіреді. Өкімет пен Ағартудың өзара байланысы туралы ойлар
ағылшын, француз, неміс ағартушыларының көпшілігіне
тән болатын.