Діни секталар

                                       Назарбекова З.М.- А.Байтурсынов атындағы

                                         Қостанайлық мемлекеттік университетінің, философия

                                        мемлекеттік университетінің, философия

                                        кафедрасының аға оқытушы

   

Дәстүрлі дін халықтың тарихи-мәдени дамуында қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қағида, салт дәстүрлерін өз ілімдері тұрғысынан   қабылдап, оларға қарсы келмейді. Ал дәстүрлі емес діндер қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда   қалыптасқан   құндылықтарды,  салт-дәстүрлерді  танымайтын, оны жоққа шығаратын   үлкен діндерден   бөлініп  шыққан  жаңадан    пайда болған діни қозғалыс.

 Діни секта термині дінтануда дәстүрлі емес діни қозғалыс, әлеуметтік  мағынада  қолданады Діни сектаға діннен бөлініп жаңадан қалыптасады.

      Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар ХVІІ-ХХ ғ.ғ. пайда болған және қазірде пайда болуда,олардың санының қанша екені анық емес, шамамен әлемде 150-200 млн адам діни секталар мүшесі. Діни секталардың көншілігі батыс қоғамынан шығуда. Олардың пайда болуының шарттары да күрделі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік немесе дүниетанымдық процестермен қатар, оның шығу себептеріне ғаламдық деңгейдегі экономикалық, демографиялық, әлеуметтік проблемалардың зардаптары (наркомандық, спид, халық қылмыс, коррупция және т.б ) және күнде өзгеріп жатқан әлемдегі әр бір нәрсеге кейбір дәстүрлі діндердің дер кезінде жауап бере алмауы, діни догмаға шырмалуы секілді факторлардың әсрі де айрықша. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының себептеріне ғалымдар көбіне батыс қоғамындағы өзгерістерді жатқызады.

      Діни секталардың мүшелері көбіне қалыпты әлеуметтік тіршілігін бұзған адамдар, яғни мығым рухани бағдар таба алмауы немесе оны жоғалтуы.

     Сонымен діни секталар дәстүрлі діндерден бөлінуден және дүниетанымдық ізденістерден пайда болады.

     Діни сектаның негізін қалаушы шәкірттеріне (жолын ұстанушылар) белгілі бір ақиқатты танытады, барлығының құтылатынына кепілдік береді егер оның керсеткен жолымен жүрген жағдайда. Құтылушылық білімді игеру діни секта мүшелерін танылмаған әулие, әлемнің шынай элитасы етіп көрсетеді.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстарды жіктелуінің ғылымда ортақ принциптері қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделігінде. Сол себепті кейбір зерттеушілер бір діни сектаны белгілі топқа жатқызса, екіншілері оны басқаша жіктейді. Дінтануда діни секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық негіздеріне байланысты шартты түрде топтастыру қалыптасқан. Осы принциптер бойынша діни секталардың классификациясы төмендегідей беріледі:

      Бірінші замануи тәртіпке (принципі) қатысты дәстүрлі емес діни қозғалыстар үшке бөлінеді:

            1) Дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни дүниелік заңдар мен саяси-әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және дүниетанымдық ілімдер жатады.

            2) Дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни қозғалыстарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде, яғни әлемде өзара күресуші бітіспейтін ізгілік жэне зұлымдық секілді екі күш бар, ақырзаманның орнауы барлығын орнына қояды, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхатологиялық сенім. Бұл топқа жалған христиандық (псевдохристианства) бағыттағы Виссарион шіркеуі жатады. Иеговаларды да армагедон идеясына байланысты осы топқа кіргізуге болады.

            3) Дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы зұлымдықпен күресу күш салады. Адамның интеллектуалдық қабілетін арттырудың әдіс тәсілдерін ұсынады. Оны ғылыми негіздеуге талпынады. Мысалы: саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі

       Екінші классификация генетикалық принцип бойынша:

            1) Жаңа христиандық діни секталар- бұл қозғалыстар Библияны өз ілімдерінің басты қайнары ретінде таниды. Иса-ілімдерінің орталық фигурасы, бірақ олардың Иса туралы түсініктерінің дәстүрлі христиан шіркеуінен ерекше. Мессиандық (құтқарушы), құтылу, ақырзаман ілімдеріне аса мән беріп, ресми шіркеуді мойындамай, ғұрыптарын басқаша атқарады. Бұл топқа Иегова куәгерлері, Мормондар, Христос тәні, Құдай уағызы және т.б. көптеген інжілдік христиандар діни секталары жатады.

            2) Жаңа шығыстық діни ғұрыптар- бұл діни ғұрыптардың негізінде қазіргі заманға бейімделген (модернизация) будда, синтоизм, индуизм діндерінің діни ілімге аса мән бермейтін,ғұрыптық практиканы жоғары қоятын (медитациялармен шұғылдану) Кришна қоғамы, Йога, Дзэн-буддизм, жаңа синтоизм ғұрыптары және т.б діни секталар.

            3) Саентологиялық бағыттағы -дін, ғьлым және құпия ілімдерді біріктіріп адам психикасының құпия тылсым сырларын ашып оны ізгілік пен молшылыққа кенелтіп, бақытты етуді мақсатындағы діни секталар. Саентология шіркеуі, Ақыл ілімі, Христиан ғылымы тәрізді діни секталар осы топқа кіреді.

4)     Синкреттік бағыттағы-бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді мақсат етуші Бірігу шіркеуі, Бахай сенімі, Ұлы Ақ ағайындар секілді діни секталар.

5)    Шайтанға табынушылық - зұлымдықты насихаттайтын, мистикалық тұрғыда шайтанмен байланысқа түсуді уағыздайтын құпия әрекет жасайтын діни ілімдер. Оларға прагматизм, зорлық жасау, күш, оқшауланушылық элементтері тән.

6)   Жаңа пұтқа табынушылық діни қозғалыстары- көне діни сенім-нанымдардың қазіргі кездегі түрлері. Қазіргі магия, Иванов қозғалысы және т.б.[2.].

Дәстүрлі   емес   діни   қозғалыстардың   дүниетанымдық   ұстанымдары   мен ғұрыптары түрлі болғанымен, оларға ортақ ерекшеліктер тән.