Право/8. Конституционное право
Оқытушы, құқық магистрі
Пошанов Н.Н.
ЗҚТ-011 тобының студенті Айдарбеков А.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
Университеті, Қазақстан
Сайлаудың саяси жүйені
демократияландыруда алатын орны
1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының
2-тармақшасы азаматтарға
мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарын сайлауға және оларға
сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумдарға
қатысуына құқық береді. Азаматтардың
сайлауға қатысудың бұл құқығы
мемлекеттік істерді басқаруда конституциялық
құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы бүгінгі еліміздің сайлау
жүйесінің демократиялық негізін жасауға және оны
әлемдік деңгей талаптары тұрғысынан алуға
және қоғамның
саяси жүйесінің маңызды саласы-буыны ретінде
қалыптастыруға қажетті жағдайларды толық қамтамасыз
ете алады.
Қазақстанның
қазіргі қолданыстағы сайлау туралы Конституциялық
заңы халықаралық демократиялық сайлау
құқығының жалпыға ортақ
қағидаларына барынша жақындатылған. Алайда, өмір
тәжірибесі мен сайлауларды өткізу барысы оны одан әрі
жетілдіру қажеттілігін көрсетіп отыр.
Бүгін
әлемде сайлау жүйесі қоғамның саяси
жүйесінің заңды әрі аса маңызды негіз
құраушы буыны. Сайлау жүйесі – бұл билікті
ұйымдастырудың белгілі түрін қоғамның
мемлекеттік билік органдарын – заң шығарушылық, соттың
және атқару органдарын қалыптастыруға қатысуын,
сайлауларда тұрғындардың еркін білдіруді қамтамасыз
ететін ережелер мен әдістер жиынтығы.[1,359]
Қазіргі
әлемде адам құқықтары мен
бостандықтарының бірден-бір кепілі және жүзеге асырушы
құралдары құқықтық заң мен
азаматтық қоғам. Құқықтық
заң мемлекетті демократиялық саласында нығайтатын болса, ал
азаматтық қоғам демократиялық мемлекеттілікке
қоғаммен үйлесімді байланысты қамтамасыз етеді.
Неғұрлым азаматтық қоғам дамыған болса,
демократия үшін негіздер сол ғұрлым кеңірек. Ал, саяси
режим демократиялық деп есептеледі, егер де ол төмендегі
шарттардың жүзеге асуын қамтамасыз ете алатын болса:
1. Жасы жеткен
тұрғындар мемлекеттік органдарға кандидаттарды сайлауға
қатысуға құқығы бар;
2. Сайлаулар
конституциялық талаптарға сай мерзімді кезеңде
өткізіліп отырылуы тиіс;
3. Ересек
тұрғындардың қандайы болмасын маңызды топтары
партия құру құқығынан өздерінің
кандидаттарын ұсынудан айрылуға тиісті емес;
4. Негізгі заң
шығару палаталарындағы барлық орындар бәсеке
нәтижесінде иемденуге тиіс;
5. Сайлау
науқандары адал, таза және әділетті өткізілуі,
сайлаушыларға өз көзқарастары мен өз
таңдауларын еркін білдіруге кедергі келтірмеуі тиіс;
6. Дауыс еркін
және жасырын берілуі және оған керекті жағдайлар жасалуы
қажет.[2,167]
Бүкіл халықтық дауыс беру арқылы
билік органдарын қалыптастыру – бұл бүкіл демократиялық
саяси жүйенің негізін қалайтын процедура. Әрине, барлық
уақытқа бір ғана заң бола алмайды. Ол әр
түрлі жағдайларға байланысты және де заңға
өзгерістер енгені сияқты сәйкесінше толықтырулар да
енеді. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2005 ж. 11
қарашадағы «Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда
бұқаралық ақпарат құралдарымен және ақпаратпен
қамсыздандыру арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихаттарды
жүзеге асыру Ережелерін мақұлдау туралы» Қаулысы немесе
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау
комиссиясының 2004ж. 16 қыркүйегіндегі «Билбордта жазылатын
ақпараттар туралы» Қаулысы.
Сайлау туралы
заңдардың дамуына саяси жүйенің демократизациялануы,
көппартиялықтың құрылуы, экономикадағы
нарықтық қатынастардың дамуы,
бұқаралық ақпарат құралдарының еркін
дамуы, азаматтық қоғамның дамуы ықпал етті.
Қазақстан
Республикасының Президентінің 2005 жылдың
ақпанындағы Жолдауында: «Сайлау процесінің құқықтық
қамсыздандыру кемшіліктеріне қатаң сараптама жүргізу»
туралы Орталық сайлау комиссиясына берген тапсырысы ерекше орын алады.
Жалғастыра
келе, Қазақстан Республикасының Президенті
«Халықаралық стандарттарға және біздің
қоғамымыздың даму деңгейіне толығымен
сәйкес келетін сайлау
механизмдерін сапалы жақсартудағы пікірлерді өңдеп
оларды енгізуді» сілтеді.[3]
Қазақстан
Республикасының Конституциясы – Республикамызда еркін демократиялық
сайлау және референдумдарды ұйымдастыру мен өткізудің,
Қазақстан Республикасының азаматының мемлекеттік билік
органдарын және жергілікті өкілді органдарды конституциялық
сайлау және оларға сайлану құқықтарын
жүзеге асыруы мен қорғаудың
құқықтық реттеу тетігінің негізі болып
табылады.
Егер де,
Конституциямыздың 3-бабының 1-тармағын ескерсек, яғни
мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық болса, онда сайлау
жүйесінде «өкілді мемлекет» ұғымы ерекше орын алатыны
белгілі.
О.Э. Лейсттің белгілеуінше
«өкілді мемлекет» дегеніміз «әр түрлі әлеуметтік
күштердің күресі мен келісімі» нәтижесі,
халықтың толық билігінің синтезі,
құқықты қорғаушы жүйесі болып
табылады. Сондықтан, мұндай мемлекеттің негізінде
өкілділік және билікті
бөлу қағидасы жатыр.[4,356]
Еуропа
кеңесімен өкілді демократияның сипаттары белгіленген.
Оларға мыналар жатады: адам құқықтарының сақталуы
кепілдері мен плюралистік демократия қағидаларына негізделген саяси
құрылыстың болуы. Бұған А. И. Ковлер
ұсынған тағы бір сипатты қосуға болады,
оның пайымдауынша: халық билігі мен демократияның
бір-бірінің айырылмайтындығы туралы айтқанда, нағыз
демократиялық мемлекет деп тек сол мемлекет халқының басым
көпшілігі ортақ істерді басқаруда мемлекетке тұтынушы
ретінде қарамай, керісінше оған әрдайым белсенді
қатысатын елді айта аламыз.[5,19]
Жоғарыда
келтірілген жағдайлардан келесідей тұжырымдама жасауға
болады: өкілді демократия институттарының қазіргі
жағдайда болуы, олардың сайлау арқылы құрылуына
байланысты.
Көптеген
заңгерлерлердің ойынша, сайлаудың көмегімен мемлекеттік
билік халықпен құрылады, легитимделінеді және
бақыланады.
Мысал ретінде, Ресей
және Қазақстанның мемлекеттік билік органдарын
құру бойынша
конституциялық-құқықтық құрылысындағы сайлау
жүйесінің орнын сипаттап көрелік. Ресей Федерациясы
Конституциясының
3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес
«халық билігі тікелей референдум және еркін сайлаулар арқылы жүзеге
асырылады». Егер де,
1-тармаққа сәйкес мемлекеттік билік бастауы –
халық екенін ескерсек, онда сайлау жүйесінің ресейлік
«өкілді мемлекетте» айрықша маңызы мен орнын түсінуге
болады. Дәл осындай жағдай Қазақстан
Республикасының Конституциясының 3-бабының 4-тармағында
көзделген. Сондай-ақ, Конституцияның 3-бабының 4
және 3-тармағы, 41-бабының 1-тармағы, 44-бабы, 49-бабының 2-тармағы, 53-57
баптарын зерттей келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады: еркін
сайлаулар – мемлекеттік биліктің біртұтастығының
қайнаркөзі ретінде және тепе-теңдік тежемелік
жүйесін қамтамасыз етуде мемлекеттік биліктің үшке
бөліне отырып, әрбір мемлекеттік билік органының
қызметіне жағдай жасайды.[6]
Сондай-ақ,
Жалпыға бірдей адам құқығының
декларациясының 21-бабында «Мемлекеттік басқаруда әрбір
адамның қатысуға құқығы бар, солай
бола тұра халықтың еркі Үкімет билігінің негізі
болуы тиіс» деп көрсетілген. Сайлау – азаматтардың құқық субъектілігін
жүзеге асыруға себепші болатын маңызды институт болып
табылады.
Орыс мемлекеттанушысы
Б.Н. Чичериннің пікірінше, демократияның шектеулігін түсіне
отырып және әрбір адамның билікке деген
құқығы бар екенін ескерсек, онда азаматтар ортақ
мәселелерді шешуде «ұйымдастырылған мекемелер» арқылы
қатысуы тиіс деген тұжырымдама жасады. Табиғи
құқықты қарастыра отырып, Б.Н. Чичерин
адамдардың мұндай мекемелерге қатысуы олардың
субъективтік бостандығынан шығады деп есептеген.[7,147].
Сайлау
жүйесінің мемлекеттің қызмет ету механизміндегі
маңызын қарастырсақ, онда ол екі негізгі мәселені шешуге
мүмкіндік береді: биліктің алмасуын қамтамасыз ету және
саяси келісім негізінде саяси қатысушылардың көпшілік тобы
үшін ең оңтайлы саяси бағытты ұстану.
Алмасушылық –
«өкілді мемлекеттегі» бүкіл мемлекеттік механизмнің
қызмет етуі қағидасы.
Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін
өкілді мекеме өкілеттігінің мерзіміне шектеулер бекітілген
және сайланушы тұлға өз лауазымына бір реттен (екі
немесе т.б.) артық иелене алмайды. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес Президент бес жылда, Сенат депутаттарының
өкілеттілігі – алты, Мәжіліс депутаттарының
өкілеттілігі бес жыл мерзімде сайлаулар өткізіледі. Президент
өз өкілеттілігін екі реттен артық иелене алмайды.
Шынында да, сайлау
халықтың еркі мен билік
сияқты екі күштің арасындағы балансты қамтамасыз
етеді. Демократиялық сайлау жүйесі ғана саясаттың
негізгі міндеттерін орындап,
жүзеге асыра алады. Олар – азаматтар мен
қоғамдық топтардың мүдделерін білдіру,
тартыстарды шешу және келісімділікке келу, қоғамдық
игіліктерді бөлу, қоғамдық процесті билеу және
әлеуметтік дамудың ортақ мақсаттарын білдіру,
қоғамның бірігуі мен біртұтастығы,
тұлғаның әлеуметтенуі және әлеуметтік
байланысты қамтамасыз ету.
Демократиялық
сайлаудың тағы бір ерекшелігі, мемлекеттік істерді басқаруда
санының аздығына қарамастан байырғы
халықтың өкілдерінің қатыса алуын
қамтамасыз етеді. Сайлау жүйесінің арнайы
құрылымы болған жағдайда ғана мұндай
азшылық халықтың мемлекеттік билік органдарында өкілдік
етуіне жол ашады.
Сонымен, сайлау
халық егеменділігі көрініс алуының және оның
билік қайнаркөзі ретінде саяси рөлінің негізгі нысаны
болып табылады. Сайлау арқылы азаматтардың биліктің заң
шығарушы, атқару және сот органдарын құруына
қатысуы қамтамасыз етіледі, өйткені дәл осы сайлау
нәтижесімен халықпен сайланған кандидаттар өз
өкілеттілігін иеленеді. Көптеген азаматтар үшін сайлау
саясатқа шынайы қатысуларының жалғыз нысаны болып
табылады.
Қазақстанда
билік институттарын құрудағы сайлау жүйесінің
рөлін сипаттай келе және азаматтық қоғамның
дамуының оңтайлы үрдістерін ескеріп,
Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесінде
қазақстандық өкілді демократия жеткілікті
дәрежеде даму үстінде десек қателеспеспіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Конституционное право Республики
Казахстан: Учебник / Сост. д.ю.н., профессор А.Т. Ащеулов. – Алматы: КазГЮА,
2001. – 656 с.
2. Лұқпанов А.М. ҚР
сайлау жүйесінің өркениеттілік негіздері //
Өркениеттілік сананы қалыптастыру мәселелері.
Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. Алматы:
Қазақ университеті, 2004ж.
3. Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру
жолында. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2005ж. 18 ақпан.
4. Общая теория государства и права:
Академический курс в 2-х томах.
5. Том 1. Теория государства / Отв.ред.
М.Н. Марченко. М., 2000.
6. Ковлер А.И. Кризис демократии?
Демократия на рубеже XXI века. М., 1997.
7. 1789 жылғы Адам және
азаматтың құқықтары Декларациясы: Сборник
международных документов. Хельсинский фонд по правам человека, Варшава, 2002.