П.ғ.к. Д.Д.Байдалиев,
Х.К. Жоланова
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан
ОҚУ
ПРОЕЦЕСІНДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
ШАМАДАН АРТЫҚ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗОРЛАНУ МӘСЕЛЕСІ
Жеке адамның эмоциялық жағдайының
тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына,
экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне
байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты
өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен
қабілет деңгейінің тиімділігін» [1] арттыру қажет
екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық
даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың
эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы
байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті
мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
балалардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары
қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен
айтылған: «Біріншіден, осы өңірде
тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден,
географиялық орналасуы жағынан
алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған
өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [2].
Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге
қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания,
адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік
әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда
дәлелденген.
Оқушылардың
мектеп табалдырығынан аттауымен байланысты көптеген
жаңалықтарды меңгеруімен байланысты, бала өміріндегі
кризистік даму кезеңдерімен байланысты орын алатын қиындықтар
олардың мінез-құлқының кейбір
көрсеткіштерінің шамадан
артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы
байқалады [3].
Қазіргі
кезде бастауыш сынып оқушыларын шамадан артық зорлану орын
алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен
құралдарын анықтау қажеттілігі заман талабынан туындап
отырған мәселелердің бірі екендігі даусыз.
Қ.Жарықбаевтың
сыныптастыруы бойынша эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады.
Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады.
Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі
өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу
шарттарының бірі болып табылады. Мысалы, қуаныш,
сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай.
Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар деп
аталады. Бұлар – белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан
келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену,
үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар,
қарапайым және күрделі эмоциялар болып бөлінеді.
Қарапайым эмоциялар адамның органикалық
қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады.
Күрделі түрлеріне көңіл-күй, аффект,
құмарлық эмоциялары кіреді [4].
Мектепке дейінгі
жас кезеңінде балалардың мектепте оқуға
даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы
тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты бала
психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы
мүмкін. Олардың ішінде депривация көрініс берген және
осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан
өтпегендері мектептік қарым-қатынасқа және
оқушының күнтәртібіне адаптациядан өтуі
қиын болады. Депривация (жетіспеушілік деген мағнаны береді) орын
алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
1.
Сенсорлық депривация баланы
қоршаған сыртқы ортаның аз және ондағы
тітіргендіргіштерінің аз өзгеруімен байланысты орын алады.
Баланың жаңалықтарға
қызықпаушылығымен және танымдық
қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады.
2.
Когнитивтік депривация керісінше,
қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз
өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын
ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей
қалады, сондықтан олардың танымдық әрекеті
шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады.
3.
Эмоционалдық депривация
баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айрылуымен,
ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен
қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді.
4.
Әлеуметтік депривация
баланың ден саулығымен байланысты өзіне тән
әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің
шектеулілігімен байланысты қалыптасады. ДЦП, сал аурулары, созылмалы
қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір
балалар ойын шағындағы өздерінің құрбыларымен
қимыл ойындарға толық қатынасуға шамасы
келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады.
Осы орайда, шамадан артық
эмоционалдық зорлануы байқалған балаларға
психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруда мынадай ұсыныстар
негізге алынса ұтымды болар еді.
1.Оқу процесі
барысында жеңілден – ауырға принципін негізге алу;
2.Балалармен
психоккорекциялық жұмыстар жасау;
3. Баланың
бойында өзіндік «Менін» қалыптастыру;
4. Шектен тыс
зорығуға негізделген тапсырмаларды орындатудан аулақ болу.
Балалармен
жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстарға балалармен
бірге олардың ата-аналарын қатыстырып жүргізілсе тиімділігі
арта түсер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2007.
2. Қазақстан Республикасының Президентінің
Қазақстан халқына «Қазақстан 2030» стратегиясы, 1997.
3. Божович Л.И.
Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.
4. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы: 2004.