П.ғ.к. Д.Д.Байдалиев, Ж.М.Атажанова

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АГРЕССИЯСЫНЫҢ

СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН - АЛУ ЖОЛДАРЫ

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.

Жалпы, «агрессия» сөзі басқа адамның (немесе адамдар тобына) психикалық және физикалық бүтіндігін бұзатын, оған материалды зиян келтіріп, оның мақсатқа жетудегі іс-әрекетіне кедергі жасайтын түрлі іс-әрекеттерді айтады.

 Іс-әркетті мотивациялық- психологиялық талдау барысында бұл құбылыстардың тек фенотиптік емес, сонымен қатар генотиптік дифференциациясы қарапайым түрде айқындала береді. Ал агрессивті іс-әрекеттің іске асу жағдайларын анықтаудың  өзі оңайға соқпайды. Басқа да әлеуметтік мотивация жағдайындағыдай адам агрессивті іс-әрекетті жүзеге асыра отырып, жағдайдың қандай да бір ерекшелігіне жай көңіл аударып қана қоймайды, сонымен қатар жағдайдың дамуының күрделі тарихина енгізіледі,  ал бұл өз кезегімен басқа адамның ниетін және өз іс-әркетінің салдарын бағалауды талап етеді [1].

Ғалым Р.С.Хоманс, агрессия әділдікке ұмтылыспен байланысты жағдайды туғызады – деген тұжырымды алға тартады [2].

Э.Фромның пікірінше, агрессия басқа адамға, адамдар немесе жануарлар тобына, сонымен қатар, барлық жаны жоқ объектілерге зиян келтіретін кез келген іс-әрекет [3].

Д.Уотсон агрессия, зорлықты индивидтің бұрынғы тәжірибелерінің нәтижесі, қоршаған ортаның оның мінез-құлқына ықпалы деп санады [4].

Бала тұлғасында агрессивті қасиеттердің көрінуіне негіз болатын жанұялық қатынастар мен тәрбиелеу ерекшеліктерінің бір қатар түрлері бар (Е.Е. Копченова):

1) Ата – ана тарапынан мейірімнің жетіспеуі

2) Балаға деген қызығушылықтың жоқтығы, селқостық.

3) Ата – ананың баламен қарым – қатынасқа түсуден қашуы, қатыгездік

Балардың агрессиясын болдырмаудың жолдарына мыналарды жатқызуға болады.

1.     Балаларға барынша көп уақыт бөлу;

2.     Олардың сауалдарына барынша толық әрі шынайы жауап беру;

3.     Отбасында ұрыс – керіс, дау – жанжалға жолбермеу;

4.     Баланың есінде қалатындай демалыстар ұйымдастыру;

5.     Баланың дұрыс емес іс – әрекеті үшін жазалаудың орынана түсіндіру;

6.     Баланың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға шарт түзу.

Ал қазіргі кезде бала бойында кездесетін агрессиясын түзету – дамыту жұмыстарын қазіргі кезде психолог мамандар жүргізеді[5].

Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс - әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінде барлық уақытта маңыздылығын  сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары ойын әрекеттің орны өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалалық «Менің» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.

1. Балалар барысында сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.

2. Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға үйренеді.

3. Өзіне сенімі нығайады.

4. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптасады.

5. Ойын және іскерлік, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.

6. Балаларды сыйлап кішігірім санасын олардың дербес, өз бетімен қажетті мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Агрессиялы балаға психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында оны қоршаған ересек адамдармен де тығыз байланыстағы іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігінің мәні зор. Осындай кешенді жұмыстар жүргізу арқылы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия./Д. Ричардсон, Р. Берон - СПб.: Изд-во «Питер».1997.

2.   Эмоции человека. Кэрролл, Е. Изард. /Л.Я. Гозман, М.С. Егорова.-М.: Изд-во Московского университета. 1980. 

3.   Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности /Э.Фромм- М.: 1994, 78с

4.   Смирнова Е.О., Хузеева Г.Р. Психологические особенности и варианты детской агрессивности. // Вопросы психологии. 2002. 1

5.    Булянов М.И. Ребёнок из неблагополучной семьи. - М., 1988.

6.    Бютнер К. Жить с агрессивными детьми. - М., 1991. - 88 с.