Момынова С.Н., Базарбек А., Абсалямова Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ    ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Дарынды бала ұғымы өте кең түсінік, оны түсіну үшін дарындылықтың психологиялық астарларына мән беру қажет. Дарындылық – баланың қалыпты дамуымен қатар жүріп отыратын, уақыт пен белгілі кезеңдерде ерекше байқалатын интенсивті, динамикалық құбылыс.

Заман талабына сай оқушының бойында дарындылықы дамыу. шығармашылық ойлауын дамыту, оқушы жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту негізгі буын болып саналады. Білім берудің басты мақсаты – білім, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, сонымен жылдам қарқында өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру. Ол адамның дарынды, интеллектуалды мен креативті болуын талап етеді. Психологиялық сөздікте дарындылық ұғымына мынадай анықтама берілген: «Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен  салыстырғанда  адамның   бір немесе бірнеше  іс-әрекет  төңірегінде  әдеттен тыс, сирек  кездесетін  жоғары   нәтижелерге  жету  мүмкіндігі».Сондықтан дарындылық адам өзінің жеке дара ерекшеліктері, ал дарынды балы өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі  бір  іс-әрекет  бойынша  асқан қабілеттілік танытып, жоғары  жетістіктерімен  дараланады

Осы ерекше қабілет туралы ұлы Абайдың жетінші сөзінде былай делінген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».

Дарындылықтың негізгі белгілері:

-         ой-өрістің жоғарлығы;

-         шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын еркін айта алуы;

-         қатынас пен белсенділік;

-         қозғалғыштық.

Сонымен дарындылық тұлғаның өз білімі мен ақыл-ой қабілеті деңгейінің жоғары дамуы  мен шығармашылық белсенділігі арқылы қалыптасатын қасиет болып табылады. Дарындылық мәселесінің психологиялық тұрғыдан талдануы сол ұғымның мазмұны мен мағынасын ашумен сипатталады. Олай болса, «дарындылық» терминінің мәнін түсіну қажет. Ол ең алдымен, дарындылық дегеніміз не? Бұл ұғымның жалпы қолданылу аясы не? деген сұрақтардың жауабын табу үшін дарындылық мәселесінің қай кезеңнен бастап қолданысқа ие болғандығын анықтау қажет .

Дарындылық туралы психологиялық көзқарастың педагогикалық көзқарастан басты айырмашылығы:  дарындылық – теориялық және практикалық психологияның зерттеу обьектісі бола отырып, дарындылық тек қабілет формасы ретінде ғана емес, сонымен бірге потенциалды мүмкіндік деп бағаланады.

Психологтар дарындылық қабілеттің көріну формасына қарай мынадай жіктеулерін ұсынады:

1)       айқын дарындылық – сырт көзге бірден байқалатын түрі, мұндай типтегі дарындылар жалпы  дарынды балалар санының шамамен 1 – 3  % құрайды;

2)       жасырын  байқалмаған дарындылық – баланың ешбір іс-әрекетінде байқалмаған немесе «әлсіз» байқалған түрі. Дарындылықты анықтаудың қиыншылығы да осында, мұндай балалардың саны көп, олар жалпы  дарынды балалар санының шамамен 20 – 25 % құрайды.

3)       жас кезеңі  дарындылығы – белгілі бір жас кезеңдерінде ерекше көрініп, кейде жоғалып кететін түрі. Оның пайда болуы мен жоғалып кету себептері ғалымдардың тарапынан қызығушылық тудырып отыр. Дарындылық адамның түрлі жас кезеңдерінде байқалуы мүмкін.   

Дарындылық төмендегідей түрлерге жіктеледі:

1.       жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық – дарындылықтың негізгі белгілері бар балалар: олар негізгі түсініктерді тез игеріп, информацияны оңай есте сақтайды, мәліметтерді өңдеудің жоғары деңгейі байқалады. Мұндай қабілеттер оларға ілімдер жүйесінің көптеген салаларында жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

2.       көркемдік дарындылық -  дарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде, студияларда т.б мекемелерде жетілдіріледі. Оның мәні баланың көркемдік шығармашылық аймағында жоғары жетістіктерге жетуі музыка, бейнелеу өнері, мүсіндеу, актерлік, психомотрлық қабілеттер – спорт, би т.с сияқты аймақтардағы ерекше қабілеттілігін білдіреді.

3.       шығармашылық дарындылық -  ең әуелі дарындылықтың бұл түрін бөліп қарастырудың өзі талас-тартыс туғызады.

Басқа зерттеушілер  шығармашылық дарындылықты жеке түр ретінде қарастырады. Дарындылық: 1) жоқтан пайда болдырумен яғни продуктивтік қабілетке; 2) бұрынғыны пайдалана отырып, қайтадан жаңаша орындаумен сипатталады.

4.       әлеуметтік дарындылықбұл басқа адамдармен толық жетілген, конструктивті қарым-қатынас құра білу қабілеттілігі. Әлеуметтік дарындылық бірқатар кәсіби іс-әрекет аймағында жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Ал дарындылық мәселесін жүзеге асыру идеясы Қазақстан Республикасында  1996 жылы жүзеге асты, еліміздің білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде ерекше оқиға болды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту» қаулысын (24 мамыр 1996 жыл) іске асыру мақсатында неғұрлым дарынды, талантты балаларды оқытумен айналысатын арнайы мектептер (оның ішінде лицейлер мен гимназиялар да) мемлекеттік қолдау обьектісіне айналды.

Дарынды балалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу үшін жас дарындырды табу мен қолдауға бағытталған «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаттары:

1.       дарынды балалар мен жастарды іздеу, анықтау шаралары, дарындылығын қалыптастырып, қолдау көрсету, дамытуға ықпал жасау;

2.       Қазақстан Республикасының инттелектуалды потенциалын біртекті үздіксіз дамыту, жаңарту процестерінің біртұтастығы;

Бүкіл әлемдік қоғамдастық аясында өзара  байланыс орнату, тәжірибе алмасу, өндірісті жандандыру (өмірдің барлық саласында) ерекше  қарқындылықпен жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта барлық мемлекеттің ойлау қабілеті жоғары, мәселені қойып, оны шешудің тың жолын ұсына алатын адамдарға сұранысы артып отыр. Мұндай қасиеттер әдетте ерекше қабілетті, дарынды адамдарда болатыны белгілі. жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Қазір ел егемендігін алып, еңсесі биіктеп тұрған кезде дарынды азаматтардың ел экономикасын көтеруде, мәдени-рухани өсуіміз үшін ролі зор болмақ. Осы ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев дарынды жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл күнде жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жасалды. Ең бастысы – бала мектеп қабырғасында жүріп,өзіне деген үлкен сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қолдауды сезініп, көруде.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.    Білім туралы Қазақстан Республикасының  заңы // Егемен Қазақстан, 15 – маусым, 2007.

2.    Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы.- А.: Қазақ университеті, 2007. – 230 б.

3.     Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. // Вопросы психологии. 1988. №4 с.88-98.

4.    Силков В.В., Галин А.Л. Личность и творчество. – Новосибирск, 1989.

5.     Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе. - А.: Қазақ университеті, 2007

6.     Жақыпов С.М.  Дарындылықтың психологиялық диагностикасы. – Астана.: Дарын., 2007