ӘОЖ 66:613.63/65:616.23

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЖЕР БЕТІ,  ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ АНАЛИЗДІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті  

Жанилова А.Т., Киргизбаева А. (білімгер)

Адамзат өмірінде су өте маңызды роль атқарады, су ағзаның физиологиялық және гигиеналық сұрақтарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар рекреационды мақсатта қолданылады. Негізгі гидросфераның ластаушы көзі болып, өнеркәсіптік ағымды сулар ауылшаруашылық өрістер, қопсытқан жерлер сулары, ірі қара ауылшаруашылығымен айналысатын елді мекендерден, әр түрлі территорияларда ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған су ағымдары болып табылады.

Су қалдықтарынан дұрыс жазаланбауы және канализациялардағы әр түрлі авариялардан гидросфераның айқынды түрде ластануы мүмкін, ал гидросфераның ластануы адамзат денсаулығына зор зардаптар әкелуі ғажап емес.

Аурудың жиеленуі ластанған суға байланысты, себебі таза су өткізгіш құбырларынан төменгі сапалы судың ағып келуінен. Американ ғалымдарының айтуынша, көптеген өзендер ішу көздері, олардың 10%-ті ғана таза ағымды су. Дүние жүзінде 100 млн адам, арнайы тазартылған ағымды сулармен қамтылған. Жер бетіндегі сулардың тазалануы кейбір жетістіктерге жеткізіп отырса, ал ластанған грунттық сулар өте қиын мәселені тудырып отыр. Негізгі ластанушы және ертінділер сақтаушы жер асты резервуарлар,   өнеркәсіп   ағымды  сулар,  су  жинақтаушы  тоғандар   болып  келеді. Грунттық сулар шамамен 50%-тен тұшы су берсе, ал ауыл жағдайларында 90-тей таза тұшы су береді. Жердің су сіңіру қабатында барлық токсиндер микроогранизмдермен бейтарап талынбайды және топырақ суды толық тазартпайды. Өте жие жэне тұрақты ластанатын хлорленген көмірсутегі, трихлоэтилен, тетрахлорэтилен және тетрахлорметан.

Жер асты суларының ластануы мұнай қалдықтарынан, далалы жер суларының дұрыс фильтрацияланбауы, металлургия заводтарының қалдықтары, химиялық заттар, қоқыстардан, ауыл шаруашылығынан, канализацияланбайтын шағын елді мекендерде жүреді. Су сапасының төмендеуі табиғи сулардың дұрыс өңдеуден өткізілмегендіктен болады. Ластанған жер асты суының көлемі 100 м2-ге жетті. Ластанған жер асты суының құрамында:  мұнай өнімдері, фосфаттар, фенол,  ауыр металдар (кадмий, сынап, қалайы, никель, цинк), сульфаттар, хлоридтар, азот қос тотығы кездеседі. 30 % ластанған жер асты суларының көлемі және құрамы әрі қарай өршей түсуде. Өте жиі ластанатын жер асты су 1-100 ПДК деңгейіне жетті.

БҰҰ мәліметтері бойынша, дүние жүзінде бұрын болмаған 1 млн-ға жуық өнімдер шығып жатыр, оған қосса олардың 100 мыңы химиялық қосьшыстарынан құралса, ал 15 мыңы потенциалды токсиканттар болып табылады. Эксперттердің бағалауынша 80%-ке жуық химиялық қосылыстардан құралса, ол кейін ертеме, кеш пе, су көздеріне қайта оралады. Есеп бойынша, жылына 420-км ағымды су төгіліп жатыр, ластанған судың арқасында 7 мың км3 таза тұщы су бүлінуі мүмкін.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың академия ғылымы кеңесі дүние жүзілік зерттеулер бойынша токсикологтар анықтаған пестицидтер адамзат денсаулығына 10%, дәрі-дәрмектер 18% әсер етеді. Тек 1/3 бөлігі пестицидтер мен дәрі-дәрмектердің токсикалық сынаудан өтілмеген. Су қалдықтарынан дұрыс жазаланбауы және канализациялардағы әр түрлі авариялардан гидросфераның айқынды түрде ластануы мүмкін, ал гидросфераның ластануы адамзат денсаулығына зор зардаптар әкелуі ғажап емес. Ағымдағы судың жалпы көлемі 62,1 км3, оның 40 % "лас" дәрежелі су, 51 % үй шаруашылығында төгілген су мөлшері, 35 % кәсіпорындардан және өндірістерден төгілген су қалдықтары. Тұрғындарға берілетін ауыз-су сапасы жақсарған жоқ. Шамамен 22-23 % зерттеу сынақтары жасалған, олардың еш қайсысында гигиеналық көрсеткіштер үшін жауап бермейді, оның ішінде 12-13 % микробиологиялық көрсеткіштен сынақ жасалған.

Қара және түрлі түсті металлургия, химиялық, мұнай-химиялық, мұнай, газ, көмір, отын, қағаз жасайтын кәсіпорындар, ауылшаруашылығының зиянды, улы заттарынан жер үсті сулары ластанып отыр. Ауыл шаруашылық қалдықтары, жайлаулар және мал шаруашылығымен айналысатын фермаларының қоқыс-қалдықтарынан жер үсті ағымды суларының құрамында биогенді және органикалық заттар жинақталуда.

Қазіргі суды тазарту дәрежесі мынадай, биологиялық әдіспенен суды тазартқаннан кейін, оның құрамында нитраттар мен фосфаттар жеткілікті түрде қалып, су қоймаларында эвтрофирования жүргізеді.

Жер бетіндегі сулар ғана емес, жер асты сулары да ластанып отырады. 1996 жылы ластанған жер асты суларының 1200-ге жуық орындарын тапты, оның 75% елді-мекендерде орналасқан.

Жер асты суларының сапасы төмендей бастады, су 60 шақты қалаларда ауыз-су ретінде қолданылады. Айта кететін жайт, жер асты суларын тазарту үшін шаралар қолданбаса, олар әрі қарай ластана береді. Су сапасының төмендеуі табиғи сулардың дұрыс өңдеуден өткізілмегендіктен болады. Ластанған жер асты суының көлемі 100 м2-ге жетті.

«Су туралы негізгі заңдар» министрліктерде, мемлекеттік органдарда сақталады. Көлдерді, өзендерді, теңіздерді, мұхиттарды, су сақтаушы қоймаларды, жер беті, жер асты суларын қорғайтын арнайы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар құралған. Заң ережелерінен қарсы қозғалған іс-қағаздардың күші жоқ, өйткені бұл ережелердің заңдық күші өте жоғары сапалы. Сондықтанда жаңадан құрылған АКТ «Су туралы негізгі заңдар» кеңесінде дұрыс құрастырылуы керек.

Су заңдылығының негізгі мақсаты: барлық тұрғындардың тұрмыстық, ауыз-су жағынан сумен қамтамасыз ету, ластану лардан қорғау, су көздерін өңдеп жақсарту, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың құқықтарын қорғау, судың зиянды заттармен ластанбауын қадағалау.

«Құқық негіздерінде» негізгі ұстамдарының бірі тұрмыстық және ауыз су мәселелерін шешу. Бұл ұстамның мақсаты кәсіпорындар болсын, ауыл шаруашылығы болсын тұрмыс - ауыз суымен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етуде ешқандай кедергі жасамауы жөн. Судың қоқыстануы мен ластануына қарсы барлық іс - шаралар мен әрекеттер қолданылуда. Егер кәсіпорындар, цехтар, агрегаттар керекті су өңдейтін құрал - жабдықтары жеткіліксіз түрде болса немесе болмаған жағдайда оларды сумен қамтамасыз етуге тиым салынған. Су қорғайтын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, су қоймалары, тоғандар, қар суларын, бұлақтарды, өзендер т.б. суларды кәсіпорындардың, заводтардың, ауыл шаруашылықтың қалдықтарымен, қоқыстарымен, улы заттармен ластанбауын қадағалайды.

Мемлекеттік су шаруашылық жүйесінің басқармасы колхоздар, фермалық шаруашылық, кәсіпорындар, өндірістердің қоқыс - қалдықтармен, ядохимикаттармен суды ластануын тоқтатуы керек. Барлық кәсіпорындар қолданған суды үнемдеп жұмсауға, ағымды суларды төкпеуге тиіс. Өндірістердің өзіндік су тазарту құрал - жабдықтары болуы шарт. Ағымды сулардың төгілуі тек қана су қорғайтын және қамтамасыздандыратын ұйымдардың, мекемелердің рұқсатымен жүргізіледі. Егер ағымды су басқа су бассейндарына ластаушы заттармен зардап тигізбесе.

«Су санитарлық заң» бойынша су қоймаларына белгілі бір мөлшерде улы заттар    болуы    тиіс.    Егер    бұл    нормативті    сақтаған    жағдайда    адамзат денсаулығына қауіпсіздік тудыруға болады. Қазіргі уақытта ПДК белгілеуінде су ластанушы заттар 1300 жуық. Су қоймалары (өзендер, тоғандар, бұлақтар, көлдер, жасанды каналдар) ауыз - су түрінде, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық және балық шаруашылық мақсатында қолданылуда. Су қоймалары және су ағымдарының химиялық құрамы өзгергендіктен оларды ластанған деп есептейді, оны тұрмыстық, ауыз-су түрінде қолдануға болмайды. Ластанған суда улы заттар пайда болысымен, органикалық құрылымын өзгертіп, адамдар, жануарлар, құстар, балықтардың ағзаларын зақымдайды. Егер судағы температура қалыпты температурасынан тым жоғарыласа, суда мекендейтін организмдердің тіршілік қалпын өзгертеді. Су құрамы сапалы болса, жер үсті сулары ауыз - су түрінде, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық жағдайда балық шаруашылық мақсатында тиімді түрде қолданылады. Су қолдану түрін екі категорияға бөлуге болады: біріншісі, орталықтанған және орталықтанбаған шаруашылықтарда және азық -түлік өндірістерінде қолданылады; екіншісі, спорт саласында, денсаулық сақтау орындарында шомылуға арналған сулар.

Санитарлық - эпидемиологиялық мекемелерде ағымды суларды бірінші және екінші категорияларға бөліп, елді мекендерді, ауыл шаруашылығын, кәсіпорындардыы, азық - түлік өндірістерін, фермаларды керекті су мөлшерімен қамтамасыз етіп түрады және жұмсаған су көлемін қағазға тіркеп отырады. Құбырларда судың кұрамы және қасиеті жармалардың талаптарына сәйкес болуы шарт (ауыз-су және тұрмыстық, шаруашылық үшін, шомылу орталықтары, демалыс орындары және елді - мекендерде су қоймалары тұрғызылады т.б).

Су қоймалары мен су ағындыларында судың құрамы мен қасиеті нормативтік көрсеткіштерге сай келуі жөн. Су көздеріне тастауға, құюға мына жағдайларда тиым салынады:

Құрамында радионуклидтері бар ағымды суларды радиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отыра, төгуге өңдеуге және тазартуға болады. Тұрмыстық, технологиялық құрамында радионуклидтер, мұз қабықтарын, су тұнбаларын су қоймаларына құюға тыйым салынған.

Барлық өркендеген елдерде су сапасына мемлекеттік органдары үлкен көңіл бөлуде. Мемлекеттің экологиялық жағдайы тек қана өз шекарасының қоршаған ортасының ластанбауын қадағалаумен шектелу емес, сонымен қатар көрші мемлекеттің табиғатты қорғауына көз салған ықтимал. Көптеген мемлекеттер өздері негіздеген саясатына бағына қоршаған ортаға байланысты туындайтын мәселелерді халықаралық ұжымдар құрып шешуде. Негізінен суға зардап келтіретін бұл - адамдар. Көптеген мемлекеттер лас судан зардап шегіп отыр.

Қорыта келе айтқанда, химиялық заттармен ластанған су қоймалары, адамзат денсаулығын сақтау мәселесіндегі зиян келтіретін факторлардың бірі болып қала береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Алимбетов Қ.Ә, Оспанова Г.С, Мейірбекова А.Қ - Табиғатты пайдалану және қорғау негіздері. Алматы, 2000ж

2.      Абишев М, Бактаев Ш, Боканова А  - Озонная очистка сточных вод от нефтепродуктов. Москва, 2001 г

3.      Позняковский В.М - Гигиенические основы питания, безопасность и  экспертиза продовольственных товаров. Новасибирск, 1999 г

4.      Протасов В.Ф. Экология здорвье и охрана окружающей среды в Россий. Москва,  2000 г

5.      Садовников Л.К. - Экология и охрана окружающей среды при химическом загрязнении.  Москва, 2006