Н.Т.Түменбаева

ҚазҰАУ, "Өсімдік қорғау және карантин" мамандығының докторанты,

Алматы, Қазақстан, nagi_kosi@mail.ru

Оңтүстік- Шығыс Қазақстанның шөл аймағындағы сексеуілді (Haloxylon) зақымдайтын зиянкес қабыршаққанаттылардың  (Insecta:  Lepidoptera) түрлік құрамы,

биоэкологиялық ерекшеліктері.

 

Қазіргі таңда ең негізгі мақсаттардың бірі биологиялық әртүрлілікті сақтау. Осыған байланысты халықаралық және ұлттық стратегияларында, Қазақстандағы фауна мен флорадағы  сирек және жойылып бара жатқан түрлердің, in situ және ex situ жағдайында сақтап қалу. 

Қазіргі кезеңде биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында көптеген бағдарламалар мен жоспарлар бар және жүзеге асуда. Ұлттық жоспарлардың негізгі басым бағыттары Қазақстан аумағындағы биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу мақсатында әзірленген. Қазақстандағы мақсаттардың жүзеге асуына Дүниежүзілік бас қосулардың (саммит) батыл дамуына негізгі стратегиялық ұлттық құжаттар: "Қазақстан-2030", "Қазақстанның стратегиялық даму жоспары 2010 жылға дейін", "Айрықша қорғалатын табиғи аймақтардың дамуы мен орнығуы тұжырымдамасы 2030 жылға дейін", "ҚР экологиялық қауіпсіздігі 2004-2015 жылдар аралығында","Қазақстан Республикасының батыл дамуы 2007-2024 жылдар аралығында" биологиялық әртүрлілікті сақтау және қорғау туралы мәселені  шешу жолын толық қамтиды.

Қазақстанның орман қоры, барлық жер қорымыздың 4% -ын, оның ішінде сексеуіл ағашы өсетін аумақ 2%-ды құрайды. Қазіргі жағдайда сексеуіл ағашынның өсу аумағы тарылуда. Осы мәселені шешу үшін мемлекетіміздегі тиісті мекемелер (облыстық және аудандық орман шаруашылықтары), сексеуіл ағашын қолдан өсіруде. Бірақ, екпе сексеуіл алқаптарындағы, олардың өсімталдығы мен тұрақтануы, кей жылдары ойдағыдай нәтижеге қол жете бермейде. Оған себеп, антропогендік әсерлерден басқада, биогендік факторлардың да рөлі орасан зор зиян келтіруде. Мысалы, өткен жылдардағы зерттеулердің мәліметтерінде сексеуіл ағашымен қоректенетін зиянкестердің көптеген түрлері бар екені белгілі (кеміргіштер, бөжектер т.б.). Олар, сексеуіл ағашының вегетативті және генеративті мүшелерімен, ерте көктемнен бастап күзге дейін қоректеніп, кей жылдары орасан зор зиян да келтіреді. Осыған байланысты шөл аймақта өсетін жалғыз ағаштектес өсімдіктің бірі сексеуіл ағашынның (Haloxylon) өсу аумағын қайта қалына келтіру, сексеуіл қорын сақтау және зиянкестерден  қорғау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. 

Сексеуілдің зиянкестерінің ішіндегі негізгісі болып қабыршаққанатты-бөжектердің зиякестілігі алдыңғы қатарда тұр. Қабыршаққанаттылар ерте көктемнен бастап қара күзге дейін сексеуілдің әр түрлі мүшелерімен қоректенеді. Арасында полифагтар (Noctuidae, Geometridae т.б.) мен қатар генеративті мүшелерімен қоректенуге бейімделген аса қауіпті (тұқым шаруашылығына), зиянкес түрлері бар (Coleophoridae - құндақты көбелектер). Қазіргі уақытта, зиянкес түрлерінің түрлік құрамы, биологиясы мен экологиясы  толық зерттелмеген. Осы туындаған сұрақтардың шешімімен қатар, биологиялық негіздеме жасау арқылы сексеуілдің қабыршаққанатты зиякес түрлерімен күресу жолдарын шешу қарастырылады. 

Сол себепті де  оңтүстік шығыс Қазақстан аймағындағы сексеуіл ағашын зақымдайтын, қабыршаққанатты зиянкес-бөжектерінің түрлік құрамын, олардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Сонымен қатар, сексеуіл ағашын егістік алқабын қабыршаққанаты зиянкес-бөжектерден қорғау үшін күресу шараларына биологиялық негіздеме жасау.

Оңтүстік-шығыс Қазақстанның шөл аймағындағы сексеуілді (Haloxylon) зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) түрлік құрамы, биологиясы және экологиялық ерекшеліктері зерттеу қазіргі кезде негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осы сұрақтардың шешімімен қатар, зиянкес-қабыршаққанаттыттылармен күресу жолдарын анықтап, оларға күресу шараларының биологиялық негіздемесін жасау. 

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөл аймағындағы сексеуілді (Haloxylon) зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) фаунасы, биологиясы мен экологиялық ерекшеліктері және зиянкес түрлерімен күресуге биологиялық негіздеме жасау шешімін отаппай отырған мәселелердің бірі болып отыр. 

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерге қол жеткізу керек:

1. Оңтүстік- Шығыс Қазақстанның шөл аймағындағы сексеуілді (Haloxylon) зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) таксономиялық фаунасының алуантүрлілігін анықтау және түрлік құрамын түгендеу.

2. Сексеуілді зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) биологиясы мен экологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

3. Сексеуілдің вегетативті, генеративті мүшелерінің, дің және тамыр зиянкес қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) қоректік байланысын зерттеу.

4. Маусымдық зиянкес топтарын (ерте көктемдік, көктемдік, көктем-жаздық, жаздық және күздік) анықтау.

5. Сексеуілді зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің зиянкестілігін анықтау.

6. Абиотикалық факторлар туралы мәліметтер жинау және оның қабыршаққанатылардың дамуына әсерін бағалау.  

7. Сексеуілдің зиянкес қабыршаққантты-бөжектер түрлерімен күресуге биологиялық негіздеме жасау.

            Зерттеу жүргізу мақсатында жүзеге асатын фаунистикалық, энтомологиялық материалдарды далалық жағдайда жинау үшін жалпыға бірдей қабылданған дәстүрлі әдістемелер (Фасулати, 1971; Николаев, 2002 және басқалар) кейбір өзгертулермен қолданылады.  Қабыршаққанаттылардың экологиялық топтары мен өмір сүруінің орташа сан мөлшерін (популяция тығыздығын) жеке зерттелінетін телімдерден дәстүрлі, ыңғайлы әдістемелер арқылы (Добровольский, 1961; Яхонтов, 1969; Гиляров, 1975; Кащеев, Чильдебаев, Псарев, 1998; Николаев, 2001 және басқалар) зерттелінеді. 

            Бөжектерді зерттеу үшін материалды дұрыс жинау қажет. Жиналған зоологиялық жинақ  систематика, фауна, экология, биология және түрлердің таралуы туралы мағлұмат береді. Бөжектерді жинаудың әртүрлі әдістері және әрқайсысының  өз ерекшеліктері бар. Далалық жағдайда бөжектерді ұстау келесі міндеттерден тұрады: жеке түрді зерттеу, жеке түр топтарын зерттеу, белгілі бір аймақта тіршілік ететін түр жинағын зерттеу. Мұндай міндеттердің мақсаты эколого-фаунистикалық зерттеу, монографикалық зерттеу, жеке немесе жинақтық түрлерді зерттеу, биоценотикалық зерттеуді  анықтау болуы мүмкін. Жинау әдістерін таңдау және жабдықтар сонымен қатар түрдің белгілі бір аймаққа бейімделуі-суат, шабындық, орман. 

 Бөжектердің әр түрлі даму сатысында түрлі тіршілік ету аймақтарына бейімделгенін де ескеру қажет, мысалы, шегірткелер дернәсіл кезеңінде суаттарда, ал ересектері жағалауларда, суаттарда, орманда немесе белгілі бір тік зоналық аймаққа, топыраққа және т.б. бейімделген. Бөжектердің аралас тәуліктік белсенділікте және әр түрлі тәулік уақыттарында  белсенді бола алатындығын (қабыршаққанаттылардың көп түрі) ескере отырсақ, дәл солай құрал - жабдықтарды және ұстау әдістерін   таңдаудың сипатын анықтайды.  Бөжектерді жинау үшін сачоктердi, әр түрлi қақпандар, iскектер, шоқ, түтiк, қорап, өлтiрушiні  пайдаланады. Тәуліктің кешкі және түнгі уақыттарында белсенді бөжектерді жинауда олар түсетін  шамдар (ДРЛ- 250 дұрыс) мен коллекторлар  ұштасатын әртүрлі тетiктерден  тұратын   жарық қақпандары  қолданылады. Дегенмен біздің ойымызша шамға көптеген бөжектерді аулауды, мысалы қабыршаққанаттылар шамға жақын ұшып келмейді және одан 2-7 метр қашықтықта қонбайтындықтан коллектор бақылауымен жүргізген дұрыс. Шамды жерден 2 метр биіктікте, ақ матадан жасалған және  ұшып келген бөжектер жақсы көрінетін экранды орналастыру ұсынылады. 

Топырақ бөжектерін  топырақтан  қазып алып, мұқият қарап шығады. Материал жинауды шөпті, бұталарды, әртүрлі субстраттарды  жай қарап шығумен де жасауға болады. 

Жинақтың құралуының соңғы кезеңі олардың рәсімделуінің зоологиялық жинақ талаптарына сай болуы қажет. Жұмыс белгіленген зерттеу аумақтарында жүргізіледі.         

Алғаш рет Оңтүстік- Шығыс Қазақстанның шөл аймағындағы сексеуілді (Haloxylon) зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) таксономиялық фаунасының алуан түрлілігін анықтау және түрлік құрамын түгенделеді, сексеуілді зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) биологиясы мен экологиялық ерекшеліктерін зерттеледі, сексеуілдің вегетативті, генеративті мүшелерінің, дің және тамыр зиянкес қабыршаққанатты-бөжектердің  (Insecta:  Lepidoptera) қоректік байланысын зерттеледі, маусымдық зиянкес топтарын (ерте көктемдік, көктемдік, көктем-жаздық, жаздық және күздік) анықталады, сексеуілді зақымдайтын қабыршаққанатты-бөжектердің зиянкестілігі анықталады, абиотикалық факторлар туралы мәліметтер жинау және оның қабыршаққанатылардың дамуына әсерін бағалау жүргізіледі, сексеуілдің зиянкес қабыршаққантты-бөжектер түрлерімен күресуге биологиялық негіздеме жасалады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Богданов П.В. Сбор. Препаровка и реставрация насекомых для музейных энтомологических коллекций./ Государственный Дарвиновский музей. – М., 2001

2. Козлов М., Нимбург Е. Ваша коллекция. – М.: Просвещение, 1971.

3. Маленький собиратель насекомых (описание и изображение дневных, сумеречных и ночных бабочек) – С.-П./М.: издание  М.О. Вольфа, 1877.

4. Павлович С.А. Составление коллекций по естествознанию (практическое руководство для юных натуралистов).- Л.: Учпедгиз,1938.

5. Рейли К.В. Руководство к собиранию и хранению насекомых. С.-П.: издание А.Ф. Девриена, 1908.

6. Фасулати К.Ф. Полевое изучение наземных беспозвоночных .- М.: Высш.шк.1961

7. Ильинский А.И. Тропин И.В. «Надзор, учет и прогноз массовых размножений хвое и листогрызущих насекомых в лесах СССР». Изд. «Лесная промышленность». Москва, 1965 

8. Новосельцев В.Д. «Справочник лесничего», Москва, 1980

9. Палий В.Ф. «Методика изучения фауны и фенологии насекомых». Воронеж. 1970 г.

10. Фасулати К.К. «Полевое изучение наземных безпозвоночных». Москва. 1971 г.

11.Поляков И.Я. «Прогноз появления и учет вредителей и болезней сельскохозяйственных культур». Москва. 1958 г. 

12. Танский В.И. «Вредоносность насекомых» Защита растений. Москва №12. 1970 г.