ӘОЖ 581.6:71

 

СЫРТҚЫ ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ҮЙ ӨСІМДІКТЕРІНЕ ӘСЕРІ

 

Жанилова А.Т., Садыбаева А.  (білімгер)

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Ұзақ зерттеулердің жетістіктер нәтижесінде үй өсімдіктерінің тіршілікке керекті факторлары толығымен анықталды.  Өсімдіктерге энергия көзі болып, күннің жарығы  және күн радиациясы деп аталатын оның сәулелі қуаты, ал олардың органикалық бөлімін құрайтын заттар ретінде  су, оттегі, көміртегі және топырақтан алынатын қоректік заттар жатады.   Сонымен, үйде өсірілетін гүлді өсімдіктердің тіршілігі мен өнімділігін қамтамасыз ету үшін бес негізгі фактор керек.  Олар-жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар.

Сыртқы орта үй өсімдіктеріне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Өсімдіктер мен оларды қоршап тұрған орта арасындағы өзара әсер және өсімдіктердің үнемі меңгеріп  отыратын тіршілік жағдайына бейімделуі жалпы жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Жарық пен жылу космостық факторлар, ал қалған үшеуі-су, қоректі заттар мен ауа, топырақтан алынатын факторлар қатарына жатады. Осыған байланысты-үй жағдайында гүл өсіргенде аталған факторларға қажеттілігін жан-жақты зерттеу нәтижесінде олармен жеткілікті түрде өсімдіктерді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын анықтап,  дұрыс қолдану керек.

Жарық -гүлді өсімдіктердің  биомассасын құрайтын органикалық заттардың 90-95 % фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болады, ал минералды элементтермен қоректенудің салдарынан өнімнің құрғақ  массасының тек 5-10% ғана түзіледі.  Сондықтан өнімді тұрақты түрде арттыру дегеніміз-топырақтан алынатын факторларды реттеп отырумен қатар, фотосинтез процесін керекті бағытта жүргізуді мұхият іске асырып отыру керек.

Фотосинтез процесіне және оның қарқынды жүруіне күннің жарығы керек. Сондықтан жарық жеткіліксіз болғанда, өсімдік алдымен қоректі заттардың тапшылығына ұшырайды, одан әрі оның опат болуына апарып соғуы мүмкін. Жарық жеткіліксіз болса, өсімдіктердің өсіп-дамуы әдеттегіден өзгереді, олардың сабақтары ұзын, жіңішке және әлсіз болып келеді.  Күн-сәуленің сарқылмас көзі екендігі және оның жер бетіне түсетін қуатының өлшеусіз көптігі бұл фактордың өсімдік тіршілігіне жеткілікті екендігі сияқты әсер қалдырады.  Алайда жүргізілген зерттеулер өсімдік жарықпен барлық кезде жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейтінін  және оны толық пайдалана алмайтынын көрсетеді. Үйде өсірілетін гүлді өсімдіктердің өсіп-дамуының ең жауапты кезеңдерінде күн энергиясы жетіспесе, жоспарланған нәтиже алуға  болмайды. Өсімдіктердің өсіп-дамуына белгілі мөлшерде жылу керек. Маңызды физиологиялық процестер фотосинтез, тыныс алу, транспирацияның қарқынды жүруі өсімдік пен қоршаған  ауаның температурасына байланысты. Температураның белгілі мөлшерге дейін жоғарылауы аталған процестердің жүру пәрменділігін арттырады, бірақ одан әрі көбейгенде өсімдіктің әдеттегі тіршілігі бұзылады: синтез әлсірейді, тыныстану күшейеді, берік емес қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрі жоғарыласа, зат алмасуының орнына келмейтін бұзылу процестері күшейіп, нәтижесінде өсімдіктің опат болуына әкеп соғады.  Өсімдіктің өсу кезеңдерінде де, температура да үлкен рөл атқарады: өсімдік тамырының дамуына, өнім беретін мүшелерінің қалыптасуына, т.б.

1-кесте

Өсімдіктерге қажетті жарықтың мөлшері

 

Жарық мөлшері

Өсімдіктердің аттары

Тікелей күн көзі

 

Жарық сүйгіш

Asparagus, Caladium, Cyclamen, Hibiscus, Pseuderanthemum,  Stephanotis

Тікелей күн көзінен сақтау керек

Жарық сүйгіш/жартылай көлеңкелі

Azaliea, Cyssus

 

жартылай көлеңкелі

Begonia, Calathea, Impatiens, Shefflera

Күн көзінен сақтаудың қажеті жоқ

жартылай көлеңкелі

Agave, Anturium, Aucuba, Clerodendrum,Gardenia, Hoya, Jasminum, Myrtus, Rosa

Тікелей күн көзінен сақтау керек

Жарық сүйгіш/жартылай көлеңкелі

Chlorophytum, Draceana, Passiflora, Saxifraga

 

Жарық сүйгіш/жартылай көлеңкелі/көлеңке

Cyperus, Pelargonium, Sansevieria

 

            Үйде өсірілетін гүлді өсімдіктердің онтогенезінде топырақта болып жататын процестер температурамен байланысты болады.  Мысалы, минералды заттардың ерігіштігі мен судың  тұтқырлығы 4% судың тұтқырлығы соншалықты көбейіп, су өсімдікке енц қабілетін жоғалтады.  Өсімдікте және топырақта жүретін барлық химиялық реакциялар температураға байланысты. Топырақ ерітіндісіндегі оттегі мен көмірқышқыл газының ергіштігі, осы газдардың топырақ бөлшектерінің бетіне адсорбциялануы, топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесінің жылдамдығы, судың өсімдік тамырына ену қарқыны, транспирация мөлшері температураға байланысты болып келеді.

Ауа -топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне керекті факторлардың қатарына жатады. Ол белгілі төрт газдың қосындысынан құралады, олар-азот, оттегі, аргон және көмірқышқыл газы Көлемінің 0,01 процентін неон, гелий, криптон, ксенон, сутегі және азоннан тұрады. Бұлармен қатар радон, метан, азоттың шала тотығы, күкірттің қос тотығы, көмірсутегінің тотығының іздері де кездесіп қалуы мүмкін. Оттегі топырақта өсімдік тамырының, микроорганизмдердің дем алуына, химиялық процестердің жүруіне бірден-бір керекті элемент.  Оттегі жетіспегенде топырақта қалпына келтіру процестері күшейіп, өсімдікте зиянды шала тотыққан қоспалар көбейеді.

2-кесте

Бөлмедегі температура мөлшері

 

Температура, °С

Өсімдіктің түрлері

Қыста

Жазда

 

1

2

3

20-25

20-25

Agave, Passiflora

16-19

20-25

Anthurium, Cissus, Gardenia, Jasminum, Pseuderanthemum

12-15

20-25

Asparagus, Begonia, Caladium, Clerodendrum, Cyclamen, Сhlorophytum, Hibiscus, Hoya, Impatiens, Sansevieria, Saxifraga, Shefflera, Stephanotis

8-12

20-25

Aucuba, Cyperus, Mytrus, Pelargonium, Rosa

16-18

18-20

Calathea, Dracaena

8-12

18-20

Fuchsia

6-8

12-15

Azaiea

 

Кестеден байқағандай көптеген өсімдіктердің тобы жазғы уақытта 20-22 0 С, ал қысқы уақытта 14-18 0 С. Осындай мөлшерде сақталған температура мөлшері көптеген өсімдіктер, сонымен қатар, тропикалық және субтропикалық аймақтардан жерсіндірілген өсімдіктерде фотосинтез процесінің қалыпты жүруіне қолайлы болып табылады.

            Үй өсімдіктерінің тіршілігі факторларының арасында тұтыну мөлшеріне байланысты су бірінші орынды алады.  Өсімдікке су бірінші күндерінде-ақ қажет болады. Гүлдің өсу процесі сусыз жүрмейді, ол үшін өзіне өсімдік белгілі мөлшерде суды өзіне сіңіруі керек. Өсімдіктің суды пайдалану процесі-судың синтезделетін органикалық заттардың құрамына кіретін химиялық элементтердің көзі, қоректік заттардың еритін ортасы болуы және суды бірсыпыра биохимиялық процестердің жүруінің нәтижесі.

Өсімдіктерге қажетті судың басым көпшілігі (95%) олардың жапырақтары арқылы буланып, ұшып кетеді. (транспирация) Бұл процестік физиологиялық маңызы зор. Сумен бірге өсімдік организімінде синтезге керек әртүрлі заттар өз ретімен қозғалып отырады. Сондықтан, булану нәтижесінде, өсімдік ұлпаларының температурасы төмендеп, ол өзін-өзі қатты қызып кетуден сақтайды.  Ылғал топырақтың әр түрлі қасиеттерін -ауа, жылу, қоректік заттарын өзгертуге әкеп соқтырады.   Топырақ ылғалынан көптеген агротехникалық шаралардың өнімділігі мен сапасы тікелей байланысты болып келеді.

3-кесте

Үй өсімдіктерін қысқы және көктемгі мезгілде суғару мөлшері.

Суғару мөлшері

Өсімдіктің түрі

Қыста

Жазда

1

2

3

жиі суғару

жиі суғару

Cyperus, Passiflora, Pseuderanthemum

мөлшермен суғару

жиі суғару

Asparagus,  Aucuba, Azaiea, Begonia, Calathea, Cissus, Clerodendrum, Fuchsia, Gardenia, Hoya, Impatiens, Jasminum,  Shefflera, Stephanotis

аз суғару

жиі суғару

Caladium, Сhlorophytum, Hibiscus,  Myrtus, Pelargonium, Saxifraga

мөлшермен суғару

мөлшермен суғару

Anthurium

аз суғару

мөлшермен суғару

Agave, Cyclamen, Dracaena, Rosa, Sansevieria

 

Топыраққа оттегі жетіспеген жағдайда өсімдіктің тамыры қысқа және жуан болады, тамыр түгі азаяды. Зерттеушілердің айтуынша, топырақтағы оттегінің концентрациясы 5% төмендегенде, өсімдік тамырының өсуі тоқтайды. Мұнымен қатар, топырақтағы оттегінің мөлшері азайғанда, өсімдіктің суды және қоректік заттарды сіңіруі төмендеп, оның жер бетіндегі бөлігінің өсуі де баяулайды.

4-кесте

 Ұсынылған ауа ылғалдылығының мөлшері

 

Қатысты ауа ылғалдығы , %

Үй өсімдіктерінің аты

 50-ге дейін  (бөлме)

Agave, Asparagus, Aucuba, Chlorophytum, Clerodendrum, Cyclamen, Cyperus, Draceana, Fuchsia, Hoya, Impatiens, Jasminus, Passiflora, Pelargonium, Rosa, Sansevieria, Saxifraga, Stephanotis

50-60

Anthurium, Begonia, Caladium, Cissus, Gardenia, Hibiscus, Myrtus, Pseuderanthemum, Sheflera,

60-80

Azaiea, Calathea,

 

Топырақтағы көмірқышқыл газының мөлшері жердің және атмосфераның жылу балансына әсер ететінін айту керек. Бұл газдың қатысуымен фотосинтез процесі жүретіні белгілі. Көмірқышқыл газы топырақтағы заттардың ертілу қабілетін жоғарылатып, оның қоректік жүргісін жақсартады. Сонымен қатар, топырақ көміртегінің өсімдік үшін оның маңызды көзі болады.  Азот өсімдік өмірінде зор міндет атқарады, ол протоплазма құру үшін қажет. Дегенмен, өсімдік азотты тікелей сіңіре алмайды, тек бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнекті бактериялардың көмегімен ауадағы  біраз азотты органикалық түріне дейін жеткізе алады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. С.Ю.Турдиев Декоративное комнатное садоводство. Алма-ата: Кайнар, 1982

2. Мини энциклопедия. Комнатные растения  Москва: Астрель, 2001.

3. Комнатные растения в вашем доме.  Москва: Олма-пресс Гранд, 2005.

4. Ресдерфер М, Комнатное садоводство. Санкт-Петербург, 1994.

5. Корнеев И.Е. Культура оранжерейных комнатных растений. Москва. 1957.

6.Турдиев С.Ю., Беспаев С.б. Комнатное цветоводство. Алма-ата 1964.

7.Турдиев С.Ю. Седых Р.В. Эрихман В.Т. Кактусы. алма-ата.Кайнар 1980.

8.Субтропические плодовые и технические культуры. А.Д.Микеладзе Москва  ВО “Агропромиздат” 1988г

9.Үй өсімдіктері. С.Турдиев, С.Беспаев. “Қайнар” баспасы  Алматы-1971.