И.Ж. Ұзақбай, А.А. Жакупова
Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары
Нарықтық
экономикада бәсекелестік маңызды фактор болып табылады. Ол
адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне
едәуір дәрежеде ықпал етеді.
Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес
әлемдік экономикада да кеңінен зерттелуді қажет ететін мәселе
болып табылады. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі –
бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және
бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға
ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап өткізуге нақты
мүмкіндігі бар кәсіпорын.
Кәсіпорының
бәсекеге қабілеттілігі – бәсекелік нарық
жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді
басқару мүмкіндігі. Кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке
жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіші болып
өнімнің бәсеке қабілеттілігі табылады.
М.
Портердің пайымдауынша кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін анықтайтын бес бәсекелік күш бар:
-Бір саланың
бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
-Ауыстырмалы тауарлар
шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;
-Салаға жаңа
бәсекелестердің ену қаупі;
-Тасымалдаушылардың
саудаласу мүмкіндіктері;
-Тұтынушылардың
саудаласу мүмкіндіктері.
Кәсіпорының
нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті
және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар
әсер ететін нақты факторларын анықтау керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне мынадай
бірқатар факторлар әсер етеді: кәсіпорын
өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта
бәсекеге қабілеттілігі; өндірілетін өнімдердің
түрлері; нарықтың сиымдылығы; нарыққа кіру
жеңілдігі; осы нарықта жұмыс істеп жатқан
кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары; саланың
бәсекеге қабілеттілігі; аймақтың және елдің
бәсеке қабілеттілігі.
Әлемдік
бәсекеге қабілеттілік бойынша Дүниежүзілік
экономикалық форумның жыл сайынғы есебінде, 125
мемлекеттің ішінен Қазақстан 51-ші орын алып, ТМД
елдерінің барлығынан жоғары тұр[1].
Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігі мәселесін толығырақ
бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен
көрсеткіштеріне баға беру керек. Келесі түрлерін бөліп
көрсетуге болады:
Бірінші
критерий кәсіпорынның өндірістік қызметінің
тиімділігі. Осы критерий бойынша кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін бағалау мынадай көрсеткіштер тобын
қарастырады: өндірістік үрдістерді басқару тиімділігі;
өндірістік шығындардың үнемділігі; негізгі
еңбекті ұйымдастыру; өнімді өндіру; технологияның
жетілгендігі.
Кәсіпорынның
бәсекеге қабелеттілігінің екінші критерийі
кәсіпорынның қаржылық жағдайы, яғни:
мүліктік жағдайды бағалау; кәсіпорынның
өтімділік және қабілеттілік көрсеткіштері; қаржы
тұрақтылығы көрсеткіштері; іскерлік-белсенділік
көрсеткіштері; кәсіпорын қызметінің
қаржылық нәтиже көрсеткіштері.
Үшінші
критерийіне тауар қозғалысы мен өткізуді
ұйымдастырудың тиімділігі. Бұл критерий келесі
көрсеткіштермен сипатталады: дайын өнімнің жиналып қалу
коэффициенті; сату рентабельділігі; өндірістік қуаттарды жіктеу
коэффициенті; жарамдылықтың тиімділігі.
Кәсіпорынның
өндірістік қызметінің тиімділігі келесідей
көрсеткіштермен сипатталады: қор қайтарымдылығы мен
қор сыйымдылығы; материал қайтарымдылығы және
материал сыйымдылығы; еңбек өнімділігі мен еңбек
сыйымдылығы.
Кәсіпорының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі
факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс. Бұл
факторлар өнімді зерттеуде өзіндік сипаттары бойынша 4 топқа
бөліп қарастырылады:
Бірінші топ -
өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның
сапа жүйесін жетілдіру.
Екінші топ -
өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын
реттеу.
Үшінші
топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын
маркетингті жүйесін жеьілдіру.
Төртінші
топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету
немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Өндіріске
инновациялық және ғылыми-техникалықжетістіктерді
енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану
тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына
ғана емес, шикізат пен материалды үнемді пайдалануға, сонымен
қатар оның баға бәсекелесу жағдайындағы
өтімділігін арттыруға да серпін береді.
Қазіргі
экономиканың әлемдік бәсекелестікке
шаруашылықтардың тәжірибесінде жалпы мемлекеттік жоспарлау
бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті түрлерге
бөлінуде. Соның ішінде экономикасы дамыған елу елдің
қатарына қосылу үшін, бәсекеге қабілетті
өнім өндіру үшін, Қазақстанға
стратегиялық және индикативті жоспарлаудың маңызы
айтарлықтай болып отыр.
Стратегиялық
жоспарлаудың мәні, шектеулі қор көлемі бойынша
дамудың магистралды бағытын тауып, экономиканың қолайлы
тұстарын тиімді пайдаланып жағымсыз жақтарының
әсерлерін бейтараптандыру.
2010 жылы
аймақта өңдеуші өнеркәсіп орындарында
жылдық өсу қарқыны 8-8,4% мөлшерінде болса, ол
2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде үш есеге арттыру
және жалпы ішкі өнімге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету,
өңдеуші өнеркәсіптердің негізгі
қорларының өнімділігін арттыру белгіленген:
-кәсіпкерлік
ахуалды, құрылымды және жеке секторларды ынталандыратын,
әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін
қоғамдық институттарды қамту, қосылған
құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты
өндіріске қосылған құндар тізбегіндегі
элементтерді игеру;
-ғылымды көп
қажет ететін және жоғарғы технологиялық
экспортқа негізделген өндірістерден өнім өндіру
бәсекеге тартымды, оларды ынталандыру;
-мемлекеттің
экспорттық әлеуметтік қосылған құны,
жоғарғы тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай
әртараптану;
-сапаның әлемдік
стандартына көшуі;
-дүниежүзілік
ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге
қосыла отырып, өңірлік және әлемдік экономикамен
ықпалдасуды күшейту қарастырылған.
Республикадағы
өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет
көрсету саласында бәсекеге қабілетті және
экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар мен
қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриалды-инновациялық
саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
2.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу
құралы / Е. Әмірбекұлы. – Алматы: Экономика, 2009 –
120б.
3.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:ы оқу
құралы. – Алматы: Экономика. 2009 – 218 б.
4.
Жилқайдарова Г.Б. «Кәсіпорынның нәтижелі жетістігі
– бәсеке қабілеттілігі» // ҚазЭУ хабаршысы – 2009 №5 б
117-121
5.
Жолдасбаев К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы /
Алматы: Экономика – 2002, 63 бет