Джумадуллаев
Бакытжан Ергешбаевич
ГККП
«Шымкентский аграрный колледж», Республика Казахстан
АГРОӨНЕРКӘСІП
КЕШЕНІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Инновациялық
процесс-ғылыми білімнің инновацияға рәсімделуінің
көп кезеңді шаралары. Ол
келесі кезеңдерден тұрады: ғылым-техника(технология)
- өндіріс- тұтыну. Агроөнеркәсіп кешеніндегі
(АӨК) инновациялық процесс
дегеніміз ғылыми жаңалықтар, зерттеулердің
жаңартылған, жақсарған өнімдерге,
материалдарға, технологияларға
ұйымдастыру және басқарудың жаңа
формаларына қайта құру және оларды тиімді пайдалану
мақсатында өндіріске
енгізу ағыны.
Соңғы
жылдардың агроөндірістік сектордағы
әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау нәтижелері
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өндірісінің
қазіргі заманға сай емес, көбінесе тиімсіз, көп еңбек
көлемін қажет ететін
ұйымдастыру- басқару
әдістері және
формалары қолданылып келе жатқанын көрсетті. АӨК-дегі
нақты сектор кәсіпорындары
және инноватор арасында жаңалықтарды енгізу механизмі, ғылыми
–техникалық ақпарат және ақпараттандыру жүйесі
әлсіздігі себебінен реттелген және
жаңалықты енгізу құрылымдарының сенімді
өзара байланыс жетілмеген. АӨК-дегі инновациялық
белсенділіктің төмен деңгейі инновацияларды
игерудің тиімділігі төмен ұйымдастыру–экономикалық
механизмімен де байланысты. Бұл кешен салалары дамуының тоқырауына еңбек
сыйымдылығының және өзіндік құнның
өсуіне әкеліп
соқтырады, ауыл шаруашылығының тиімді әлеуметтік-экономикалық
дамуына қарама-қайшы келіп, тек қана ауыл өмірі ғана емес,
бүкіл ел өмірінің
сапасын төмендетеді.
Отандық
АӨК-нің проблемалары жан-жақты техниканың қазіргі заман талабына сай
болмауынан бастап ауылдың әлеуметтік
инфрақұрылым проблемаларына дейін. Кәсіпорындарда
өндірісті модернизациялауға қажетті қаржы жетіспеуде.
Ал АӨК-нің ресурстарды өндіру саласы заман талабына сай
келмейтін өндіріс құралдарын өндіруде,
бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы және оған
байланысты сақтау, өңдеу салаларында қарапайым технологияларды
пайдалануға
мәжбүрлейді, нәтижесінде дүние жүзіндегі озық
шаруашылықтарға қарағанда еңбек өнімділігінің едәуір төмендеуіне
әкеледі. Бұл бағыттың аса маңыздылығына
қарамастан адами капиталдағы инновациялар өте баяу жүзеге асуда, бұл
аграрлық өндірістің
дамуын және ауыл
аймақтарының
өркендеуін тежейді.
АӨК-дегі
инновациялардың болуының
үш басты себептерін атап өтуге болады. Біріншіден, ТОО-ның дайын
өнімдеріне сұраныстың болмауы. Екіншіден, АӨК-дегі бизнесмендердің, әсіресе майда
өндірушілердің жайбасарлығы. Тағы бір себебі, осы
мәселелер бойынша билік пен
бизнес арасында біріккен
өзара әрекеттің болмауы.
АӨК-дегі
инновациялық процестерді кең ауқымды регионалды,
салалық, функционалдық, технологиялық және
ұйымдастырушылық ерекшеліктермен сипаттауға болады. АӨК-дегі инновациялық
дамуға әсерін тигізетін шарттар мен факторларды жағымсыз (инновациялық
дамудың барысын баяулататын) және жағымды (инновациялық дамудың барысын жылдамдататын) деп
бөлуге болады.
Жағымсыз факторлар:
-
ғылыми мекемелерінің жаңалықтарды енгізу
құрылымдарымен өзара байланысының тиімсіздігі, ведомствовалық
бытыраңқылық;
-
аграрлық ғылым потенциалының төмендеуі;
-
аграрлық
өндірістің күрделі
құрамы;
-
АӨК-дегі инновацияларды енгізудің үлкен қауіпі;
-
қаржыландырудың
төмен деңгейі;
-
өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының сәйкессіздігі;
-
ауыл шаруашылығындағы білікті
мамандардың
жетіспеушілігі;
-
ауыл шаруашылығындағы монополизацияның күшеюі;
-
мемлекеттік инновациялық
стратегияның жоқтығы;
-
инновациялық қызметтің мемлекеттік деңгейде
басқару және реттеу жүйесінің жоқтығы;
-
азық-түлік өнімдері
импорттық үлесінің
ұлғаюы;
-
аграрлық сектор және сектордағы инновацияларды несиелеу
жүйесінің дамымауы;
-
агроөнеркәсіп секторындағы кадрлар
құрамының инновациялық менеджмент саласында дайындығының төмен деңгейі.
Жағымды факторлар:
-
АӨК-де басқарудың әкімшілік-әміршілік
әдістерінің жойылуы;
-
шаруашылықтың түрлі формаларын
енгізу мүмкіндіктері;
-
АӨК-де ғылыми-білім беру
потенциалының барысы;
-
жоғары сыйымдылықты азық-түлік рыногы;
-
экологиялық таза өнімдер өндіру саласында жаңа
технологияларды жоспарлы түрде енгізу.
-
АӨК-нің прогрессивті инновациялық дамуына циклын
тигізетін маңызды факторлар-
шаруашылықты нарықтық әдістермен жүргізу;
- елдегі табиғи ресурстардың жан-жақты
қамтылған базасының болуы;
- ғылыми-білім беру базасы;
- ел
ішіндегі және шетелдегі азық-түлік рыногының
үлкен сыйымдылығы;
- экологиялық таза, табиғи азық-түліктерді өндіру мүмкіндігі.
Негативті факторлар ретінде
ведомствалық бытыраңқылық және аграрлық
ғылымның әлсіреуін
атап өтуге болады. Отандық аграрлық ғылымға
ұйымдастырушылық құрылым күрделігінің жоғары деңгейі және ведомствалық
бытыраңқылық (АӨК мәселелерін шешуге қатысатын министрліктер
және ведомстволардың көп болуы); ғылым
мекемелерінің жаңалықтарды
енгізу құрылымдарымен өзара байланыстарының
тиімсіздігі; негізделмеген ғылыми-техникалық және
инновациялық қызметтерінің көп формаларының
реттелмеуі; регионалдық, салалық және салааралық
сипаттама ғылыми ізденістердің едәуір бөлігінің
болуы, өндіріс процестеріндегі проблемаларды зерттеулердің
ұзақ мерзімге созылатыны
тән. Атап өтілген
факторлар жалпы аграрлық ғылымдағы инновациялық
зерттеулерді басқаруды
едәуір қиындатады.
Ғылымды
қаржыландырудың кемуіне байланысты жас ғалымдардың ғылымнан кетуі бір проблеманы
туындатып отыр.
Агроөнеркәсіп
кешенінің басты ерекшелігі - өнеркәсіп
құралдарымен қатар, өндіру процесінде маңызды орынды тірі ағзалар –
мал және өсімдіктер алып
отыр. Олардың дамуы жаратылыс
заңдарына сәйкес ауа-райы, жылу, ылғал, жарық
және айтуы бойынша, «Өсімдіктер өздерінің гүлденуі үшін факторлардың
төрт тобын – жарық, жылу, су және қорек заттардың бір уақытта және барлық төрт факторлардың тиімді
мөлшерде өзара тең құндылықты
ешнәрсеге тәуелсіз үзбей қамтамасыздандырылуын талап
етеді».
Яғни, ескеретін
жағдай, ауыл шаруашылығындағы өндіру процестердің өзара әрекеттесуі негізінде жүзеге
асырылады. Сол себепті АӨК-дегі
инновацияларды басқаруда тек қана
әлеуметтік және экономикалық заңдылықтармен қатар, табиғаттағы
жаратылыс заңдылықтарын; өмір сүру факторларының
(тең мәндігін, орнын сақтау заңдылығын,
алмастыруға және жиынтығын, минимум, оптимум, максимум)
заңдылықтарын ескеру қажет. Факторлардың алмастыруға жатпайтын
заңдылығы, мысалға айтқанда, селекциялық жұмыстардың тыңайтқыштарды
ауыстырмайтындығы, агротехникадағы олқылықтарды сұрап түзетпейтіні, асыл
тұқымдылық жем-шөптің орнын баспайтынында
айқындалады.
Минимумдық заңына
сәйкес, өндірістің өсуі минимумда орналасқан
фактормен тежеледі. Мысалы, мал өнімділігінің деңгейі жем-шөп рационындағы ең көп мөлшерде белгіленген затпен анықталады.
Ауыл шаруашылық
өндірісінің күрделілігі және ерекшелігі аграрлық
сектордағы инновациялық процестер қауіпінің
жоғары деңгеймен
сипатталатынын айтып кетуіміз керек. Ғылыми-өндірістік
нәтижелерді қаржыландыру қауіпі, шығындар және
нәтижелердің уақытша
алшақтығы қауіпі, инновациялық өнімге
сұраныстың белгісіздігі жеке инвесторлардың ауыл
шаруашылығының дамуына капитал
құю қызығушылығына ықпалын тигізбейді.
Инновациялық негізі де
отандық экономиканың бәсекеге қабілетті дамуы
үшін елде стратегиялық болжау және жоспарлаудың адекватты біртұтас
жүйесінің табысты қызмет етуін ұйымдастырғаны
тиімді, ол келесі аспектілерді
қамтиды:
-
мерзімді (5 жылда 1 рет) нақтылайтын және басымдылықтар
мен стратегиялық жоспарларды өңделген
құрастырылатын, альтернативтік негізде құрастырылатын
әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, экологиялық
сипаттағы ұзақ мерзімді
болжаулар (30-50 жылға дейін);
-
Үкімет құрастыратын, Парламентте талқыланып
ҚР Президенті бекітетін
ұзақ мерзімге (15-20
жылға) жеке стратегиялық
жоспар;
-
әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ
белгіленген басымдылықтарының орындалуына бағдарланған мемлекеттік және регионалдық мақсатты
бағдарламалар және жобалар;
-
өндіріске ғылым,
техника және озат тәжірибе
жетістіктерін ендіруді жылдамдату;
-
саладағы инновациялық процестердің дамуын және осы
процестердің басқару жетілдіруді талпындыру;
-
төлем төлеу қабілетін қалпына келтіру және инновациялық
қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін жоғарылату
мақсаттарында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік
қолдау.
Табысты инновациялық даму
қомақты мемлекеттік қолдау және реттеусіз
жүзеге аспайды. Ауыл
шаруашылығын қолдау аясындағы мемлекеттік саясаттың сапалық жаңа бағыты ретінде
халық шаруашылығының
басымдылықтың
ауқымды ғылыми салаларына
ұзақ мерзімді капитал құюын
қамтамасыздандыруға арнап
құрылатын даму
институттары шығады.
Инновацияларды қаржыландыру
проблемасын вечурлық қорлар
шеше алады – бұл қауіпі бар қаржыландырулармен айналысатын
коммерциялық ұйымдар. Олар преспективалық инновациялық
жобаларды іріктеп дамуына қажетті қаражатпен
қамтамасыздандырады. Кәсіпорындар
табыс ала бастаған кезде, қор табыстың бір
бөлігін алады. Мұндай венчурлық кадрлардың бүкіл дүние жүзінде табысты
жұмыс істеп жүргеніне бірталай уақыт бола бастады.
Капиталдың бөлінуі көптеген потенциалды табысты жобаларды
жүзеге асыра алады.
Қазіргі заманғы тез
өзгеретін жағдайда АӨК-инновациялық дамуының ақпараттық
компоненттерінің, ауылшаруашылық өндірушілерін аграрлық
ғылымның жаңа жетістіктері туралы уақтылы сапалы
хабарландырудың және нақты бір аумақта практика
жүзінде оларды қолдану
мүмкіндіктерінің мәні
еселеп артуда.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,
аграрлық саладағы
жаңалықтардың таралуын АӨК басқару органдарымен,
ғылыми және оқу орталықтарымен, тәжірибелі
және озат шаруашылықтармен
тығыз байланыстағы ауылшаруашылық кеңес беруінің
аймақтық қызметтерін ұйымдастыру негізінде табысты
жүзеге асады. Аграрлық
кеңес беру қызметі
жаңалықтарды нақты тауар өндірушіге белгілі бір ауыл
аумағында жеткізетін, оның
бәсекеге қабілеттілігін едәуір
жоғарылатын АӨК-ні
инновациялық жүйесінің байланыстырушы және тасымалдаушы буыны болып табылады.
Бизнесинициативаны қолдау
және ииновациялық потенциалдың дамуын қамтамасыздандыру мақсатында
аймақтық ауылшаруашылық кластерлерін құру тиімді
болып табылады. Көптеген ғалымдардың
пікірінше, барлық кластерлер белгілі бір дәрежеде
инновациялық процестердің жылдамдауына септігін тигізеді ал
кейбіреулері осы мақсаттарды
шешуге мамандандандырылады. Бұл үрдістің алғы шарттары
– кластерлер жүйесі кәсіпорындардың интеграцияға
және жаңалықтар енгізуге талпыныстарын арттырады.
Аграрлық секторда
кластерлер жүйесі арқылы интеграцияны жүзеге асырудың
да өз орны бар. Агроөндірістік кластерлер өз қызметін
келесі үш қасиетіне негіздейді:
-
географиылық локализация;
-
сала кәсіпорындары арасындағы өзара байланыс;
-
дайын өнім өндіруге арналған түрлі
салалардың технологиялық
өзара байланысы;
Өңдеу
кәсіпорыны кластер орталығы болып табылады, оның айналасына
страгегиялық серіктестік туралы
шарттар негізінде инфрақұрылым ұйымдары, ауыл
шаруашылық тауар өндірушілер бірігеді.
Агроөнеркәсіп кластерінің
қалыптасуы келесі үш субъектінің бірінің ұсынуымен жүзеге асырылуы мүмкін:
-
ауылшаруашылық тауар өндіруші;
-
жергілікті билік органдары;
-
өңдеу кәсіпорындары.
Кластер құрудың
негізі бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы орнаған қатысушылар арасындағы қажетті деңгейдегі сенім.
Кәсіпорындардың
бірігуіне бизнесті жүргізудің кластерлі әдістерін
қамтамасыз ететін
артықшылықтар әсерін
тигізеді. Бұл,
бірінші кезекте, дайын
ауылшаруашылық өнімін
тұтынушыға жеткізетін тиімді тізбекті құруға,
инновациялық жобаларды
жүзеге асыруға бағытталған бірлескен
іс-әрекет.
Агробизнес
жүйесіндегі кластарлік топтар
барысының жағымды
жақтары:
-
ауылшаруашылық өңдеу кәсіпорындарының шикізат ресурстарына қолжетімділігі;
-
келісулер бойынша
қаржылық кепілділік;
-
ауыл шаруашылық өндірушілері үшін тиімді өткізу
жүзеге асыру мүмкіншілігі;
-
өнімнің
бәсекеге
қабілеттілігін арттыру;
-
айналым шығындарын кеміту;
-
транзакциялық
шығындарды және т.б.
кеміту;
Бұдан басқа,
агробизнес саласында кластерлерді
дамытуға негізделген мемлекет
саясаты ауылшаруашылық
өндірісте бәсекеге
қабілеттілікті арттыруға
әкеледі.
АӨК-нің инновациялық дамуы аграрлық саясаттың тиімділігіне,
оның тез өзгеретін
жағдайларға бейімделуіне, аграрлық секторды
ұлттық басымдылыққа айналдыру қабілетіне,
азық-түлікті әлемдік нарықта бәсекеге
қабілетті
қазақстандық
экспорттың негізгі құрамдас бөлігі
деңгейінде өндіру
қабілеттілігіне байланысты.
Қорытындылай
келіп, ауыл шаруашылық
өндірісінің дифференциясы,
күрделілігі және оның ерекшеліктері инновациялық
процестердің басқару әдістерінің ерекшеліктерін, инновациялардың
түрлі типтерінің барысын, инновацияларды талпындыруды мемлекет
рөлінің артуын талап етеді.
Жоғарыда
айтылғанның бәрі
қосымша жұмыс орындарын
ашатын, қоғамдық өнімнің мөлшерін
арттыру арқылы халықтың материалдық және
әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын
әлеуметтік-экономикалық жүйені құруға көмегін тигізеді.