ҚАЗАҚСТАНДА АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

 

Э.ғ.к., доцент Омарова А.И., магистрант Изтурганова Л.

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

 

 

Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың дамуына және шет елдермен сыртқы экономикалық бірлестікте жұмыс істеуіне жәрдемдесу ассоциациясы жасалған – «Казитер – свободная экономическая зона», ол еркін аймақтың әкімшілігіне аймақтың техникалық-экономикалық негіздеуін жасауға және дамытуға, кәсіпорындарды салуға, құжаттарды сараптауға, ТМД елдерінде және шетелде нақты аймақтарды жарнамалауға көмектеседі. Және де 8.06.92 жылғы Президенттің Жарлығына сәйкес, республикада шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттік құрылған, оның басты мақсаты Қазақстан экономикасына инвесторларды тарту және олардың жұмысына бақылау жасау.

Қазақстанда еркін аймақты жасау мәселесі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Алдыңғы уақытта мәселелердің экономикалық аспектілеріне назар аударылған, бірақ, аймақтар сәйкес құқықтық қамтамасыз етілмесе, жұмыс істей алмайды. Еркін экономикалық аймақтардың құқықтық тәртібінің анықталуы қабылдаушы елге де, шетел инвесторларына да маңызды. Осыған байланысты, бірқатар елдерде біріңғай бүкіл елге еркін экономикалық аймақтарды жасау және жұмыс істеу шарттарын анықтайтын арнаулы заңдар қабылданған.

Қазақстаннның арнайы экономикалық аймақтарының қызметін талдау барысында арнайы құрылған аймақ тек шағын бизнестің, сауда-делдалдық қызметтің дамуына, жалпы жұмысбастылықтың өсуіне ықпалын тигізеді, ал экспорттық әлеуеттің дамуын ынталандыруға, технологиялық базаның жандануына, жалпы ішкі өнім құрылымындағы дайын өнім үлесінің ұлғайуына, бәсекелестік қабілеттілігі мен ғылыми ауқымдылығынын жоғарылауына әсерін тигізбейді.

Қазақстанның көлік жүйесі экономиканың маңызды саласы болып табылады және келесі түрлерді қамтиды: темір жол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль, құбырлар. Көлік жүйесінің негізгі міндеттері – экономика салаларының қажеттіліктерін және жүк пен жолаушыларды тасымалдау мен орналастырудағы әлеуметтік ортаның қажеттіліктерін талап етілген көлем мен бағытта лайықты жақсартылған сервистік қызмет көрсетумен және уақытылы жеткізумен толық қамтамасыз ету.

Қазақстанның су көлігі келесі міндеттерді шешеді:

-  теңіз сыртқы сауда тасымалдауын қамтамасыз ету, бұл соңғы жылдары елді дүние жүзілік экономикалық жүйеге интегралдау курсын өткізуге байланысты ерекше маңыздылыққа ие болды;

-  халық миграциясы және әр түрлі жүктерді тасымалдау қажеттілігі шұғыл өскен кезде жазғы (навигациялық) кезеңде ішкі жүк және жолаушы тасымалдауын қамтамасыз ету;

-  Каспий аймағында тасымал қызметін көрсету, бұл жерде су көлігі күрделі жүктер партиясын тасуға қабілетті іс-жүзіндегі бірден-бір тасымал түрі болып табылады;

-  Ел бюджетіне валюталық түсімді ұлғайту; әскери-теңіз флотының стратегиялық резерві ретінде елдің қорғаныс қабілеттігін нығайту.

1-суретте Қазақстанның тасымалдау қызметтері нарығының құрылымдық-функционалдық жүйесінің үлгілі кестесі көрсетілген.

 

Қазақстанның көлік жүйесі

Ішкі

 
 

Қатынас түріне қарай тасымал қызметтері нарығы

 

Материалдық өндірістегі көлік саласы  (мұнайгаз өнеркәсібі, аграрлық сектор және экономиканың басқа салалары)

 
 


Транзиттік және интермодельді сервис, мыналарды қамтиды:

  • арнаулы тасымалдаулар үшін жылжымалы құрамды дайындау,
  • ішкі порттық жөнелтулер,
  • кесте бойынша контейнерлік поездар,
  • габариттік емес жүктерді тасымалдау,
  • жүктерді қарулы күзетпен алып бару,
  • жүктердің қозғалысы туралы мәліметтер,
  • кедендік құжаттарды рәсімдеу және басқалар.
 

Ел орналасқан жерлердің көлігі (заңды және жеке тұлғалардың)

 

Қызмет көрсету және басқару салалар ұйымдарының көлігі

 

Ақпараттар

 

Экспедициялық қызмет көрсетулер

 

Тиеу-түсіру жұмыстары

 

Тасымалдаулар

 

Қосымша

 

Негізгі

 

Қызмет түрлері

 

Халықаралық

 

Мемлекет аралық

 

Теңіз

 

Ішкі су

 

Автомобильдік

 

Әуелік

 

Құбырлық

 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Ескерту - Автормен құрастырылған.

 

Сурет 1. Қазақстанның тасымалдау қызметтері нарығының құрылымдық-функционалдық жүйесі

Ақтау теңіз порты, теңіз және басқа көліктер инфрақұрылымдық сипатта болады, өйткені материалдық өндірістің жалпы шарты болып табылады, жалпы экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси маңызы бар, жалпы мемлекеттік және басқа қызметтерді орындайды. Іс-әрекет түрі ретінде оған салааралық сипат тән және ол айналу мен қысқару процестерінде тұрған отын мен шикізатты, жылдық өнім көлемін ұлғайта отырып, ұлғайтылған өндірісті тездете немесе баяулата отырып, оның өту процесіне белсенді әсер етуге қабілетті. Қандайда бір шамада материалдық өндіріске тасымалдың әсері географиялық ортаның, пайдалы қазбалардың, еңбек және басқа табиғи қорлардың әсеріне ұқсас келеді.

Сондықтан, теңіз порты өнімдерінің үлкен номенклатурасы мен тауарлық сипатына сүйене отырып, оның көлемін, тасымалдаудағы өнім көлемі және сонымен қатар теңіз көлігі бөлімшелеріндегі өндірістің жалпы көлемі сияқты, құндылық бірлікте көрсету қажет (заңды тұлға ретінде кез келген экономикалық субъектінің өнімдері көлемін анықтаудағы сияқты).

  Ақтау тасымалдау торабының теңіз портының негізінде жұмыс істеуі мен дамуы 2-суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ескерту - Автормен құрастырылған.

 

Сурет 2. Теңіз тасымалдау торабының жұмыс істеуі мен дамуының кестесі

 

Сонымен, тауарларды жеткізу салдарынан пайда болған Ақтау порты уақыт өте жекелеген аймақтық-өндірістік кешендердің шаруашылық іс-әрекетін анықтайтын кәсіпорынға айналады. Сондықтан да бірыңғай көлік жүйесінің барлық элементтерінің өзара іс-әрекеттерін ұтымды етуде базалық порттың рөлі үнемі артып отырады. Жүк ағымдарының қозғалысы елеулі Ақтау портының даму деңгейін алдын-ала анықтайды, ал олардың құрылымы елеулі мөлшерде оның пайдалы іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның тасымалдау нарығының шиеленіскен бәсекелестік жағдайларында әр түрлі көлік түрлерінің кәсіпорындарының іс-әрекетін интеграциялау мәселесі ерекше рөлге ие болады. Тасымалдау процесінің мәнінің өзі көптеген жүкті қабылдап алушылары және жүктерді жөнелтушілері бар әр түрлі тасымалдау кәсіпорындарының бір-бірімен өзара белсенді іс-әрекеттерін алдын-ала анықтайды. Нарықтың дамуына байланысты бұл өзара әрекеттесуде тағы бір өлшем – әр түрлі жекеменшік формасындағы кәсіпорындардың өзара іс-әрекеті пайда болады.

Ақтау портының тасымалдау торабындағы жүктерді тасымалдауды арзандату бағыттарының бірі – теңіз порттарының негізінде жергілікті көліктің бірлескен шаруашылығын құру.

Теңіз порттары шаруашылық субъектілерінің өндірістік қажеттіліктерімен сәйкес қуаттарын арттырады, порттар олардың тауар айналымына қызмет көрсетеді. Бұл порттардың тасымалдау флотымен өзара қарым-қатынасы шаруашылық келісімі ережесінің негізінде құрылады. Ведомствоға тәуелді порттар, бір жағынан, флотты өңдеудің жоғары қарқындылығына жетпейді, екінші жағынан – қуаттың толық пайдаланбауымен ерекшеленеді.

Енді еркін экономикалық аймақ туралы айтатын болсақ, еркін экономикалық аймақты басқару жүйесі 3 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ескерту - Автормен құрастырылған.

 

Сурет 3. Еркін экономикалық аймақты басқару жүйесі

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесі жасалған. Еркін экономикалық аймақтарды басқаратын құрылымдардың ең бастысы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министірлігі, еркін экономикалық аймақтардың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырады және стратегиялық дамуын анықтайды, еркін экономикалық аймақтарды жасау бойынша конкурстар жүргізеді және еркін экономикалық аймақты жасаудың ең мақсатқа лайықты өңірлерін анықтайды. Еркін экономикалық аймақты басқару бойынша Республикалық агенттік – тәжірибелік жұмысты ұйымдастыратын және жауап беретін үкіметтің орындаушы органы. Сондай-ақ әр аймақта бақылау кеңесі жасалады, оның құрамына кіретіндер: республикалық орталықтың, өңірлік және муниципалды үкімет органдарының уәкілдері және бизнестің, бизнес құрылымдардың уәкілдері және резиденттер. Бұл орган басқарудың ең маңыздысы болып табылады, себебі ол өңірдегі еркін экономикалық аймақтың жасалуының және дамуының дұрыстығын анықтайды. Еркін экономикалық аймақтың басқару органның мүшелері, біздің жағдайда Ақтау қаласының әкімдігі, орындаушы орган, алқалық кеңесші орган, сарапшы кеңесі, «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймақ дирекциясы және қосалқы аймақтың оператор-компаниясы. Еркін экономикалық аймақты жасау және басқару жүйесінде барлық рольдер анық белгіленген. 4 суретте еркін экономикалық аймақтың басқару құрылымы келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ескерту - Автормен құрастырылған.

 

Сурет 4. «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймақты басқару құрылымы

 

«Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймақтың қосалқы аймағы төрт бағытта маманданған, атап айтсақ, индустриалды қала, көлік-логистикалық орталық, Каспий шельфін меңгеріу бойынша орталық және шекараға жақын сауда орталығы. Еркін экономикалық аймақтың қатысушыларын таңдау ендігі тәртіппен жүргізіледі. Алдыменен өтініш беруші компания еркін экономикалық аймақтың қосалқы аймағының оператор-компаниясына өз өтінішін береді. Ол өтініш сарапшы кеңесіне түседі, одан еркін экономикалық аймақтың дирекциясына жіберіледі. Еркін экономикалық аймақ дирекциясының шешіміне байланысты еркін экономикалық аймақтың қатысушысы болады. Қосалқы аймақтың оператор-компаниясы конкурс негізінде еркін экономикалық аймақтың басқару органымен анықталатын заңды тұлға. Қосалқы аймақтың міндеті: жобаларды көбейту бойынша іс-әрекет жүргізеді, жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылым және басқа қажетті жағдайларды жасайды, жүйелердің өз қалпында жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Теңіз порттары мен шаруашылық етуші субъектілердің стратегиялық мүдделерінің тұтастығы тікелей шаруашылық байланыстарын орнатуға және бірлестіктің жаңа түрінің пайда болуына – көлік кешендерінің экономикалық субъектілерінің пайда болуына әкеледі.

Аталып көрсетілген факторлар жүк және тасымалдау ағымдарын тездете меңгерудің маңыздылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан, порттардағы көліктің басқа түрлерінің аралас кәсіпорындарымен бірлесу мәселесін шешуді, бағытты таңдауды және порттардың даму кезеңдерін анықтауды аймақтық-өндірістік кешендерді көлікпен қамтамасыз етудің кешендік бағдарламасы негізінде шешу керек.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ:

 

1.                        Транспортная стратегия Казахстана до 2020 года. - Астана, 2010.

2.                        Схема мероприятий по реконструкции порта Актау в связи с повыше­нием уровня Каспийского моря. - Баку: Каспморниипроект, 1992.

3.                        План расширения морского порта Актау в северном направлении, РГП «АММТП», 2012.

4.                        ТЭО РГП АММТП «Расширение порта Актау в северном направле­нии», ТОО «Казгидро». - Алматы, 2007.