Рахимжанова Т.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ  САТЫЛАРЫ

 

         Қазақстанның дамуының барлық тарихи сатыларында сыртқы экономикалық қызмет түрлі деңгейдегі экономикалық проблемаларды шешуге өз ықпалын тигізді. Халық шаруашылығының жалпы құрылымының бір бөлігі ретінде ішкі шаруашылық пропорциялар мен өндіріс күштерінің орналасуы мен дамуына әсер етеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бұрын сыртқы экономикалық байланыстар тек мемлекеттік деңгейде қарастырылды және оның бұрынға КСРО (СССР) елдеріне әсері минималды болуы басты мақсат еді. Жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті басқару және жоспарлау экспорт тиімділігінің өсуіне ықпал етпеді, ел экономикасы барлық бағыттары бойынша тепе-теңдік сақтамады, импорт жетіспеген сұранысты қанағаттандырса, экспорт импортты төлеу құны ғана болды. 

Сыртқы экономикалық қызметті реформалау нәтижесінде орталықсыздандыру мен мемлекеттің сыртқы сауда монополиясынан бас тарта бастады.Кәсіпорындар өз бетінше сыртқы нарыққа шығуға бет алды. Қазақстан сыртқы әлемдік қоғамдастықтың қаржы-экономикалық институттарына өнеркәсіптік потенциалы жоғары серіктестік ретінде қызығушылық танытады.

  Қазақстан КСРО құрамында болғанда, экспортты-импортты операцияларды КСРО-ның ведомстволарының «делдалдығы» арқылы ғана жүзеге асырды. Республика көбіне тек шикізатты шығарып, тұрды, ал дайын өнімнің экспорттағы үлесі 10% ғана болды. Импорт көлемі экспорт көлеміне қарағанда жоғары болып, нәтижесінде ел сатудан сатып алу басымырақ болды, солай «баға қайшылығы» туындады. Металлургиялық кәсіпорындар кешені кәсіпорындарына өз табысының тек 30 % бөлінсе, мұнай өнімдері бойынша республика қорына мүлдем ақша аударылмады.

  Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың келесі формалары бар: сыртқы сауда, Қазақстан территориясындағы және шетелдердегі біріккен кәсіпорындар, Қазақстан территориясындағы шетел кәсіпорындары, халықаралық ұйымдар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, шетелдік жұмыс күшін тарту, шетелдік туризм, еркін экономикалық аймақтардағы ынтымақтастық және халықаралық экономикалық қызметтестіктің басқа да формалары [1].

  Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық реформалар ең алдымен елдің ұлттық жағдайына, оның проблемалары және міндеттерімен байланысты. Сонымен қатар ішкі өзгерістер процесі әлемдік еңбек бөлінісі негізінді әлемдік шаруашылыққа тиімді енусіз жемісті болмайды.

  Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі негізгі міндеті – халық шаруашылығы құрылымын жетілдіру мақсатында халықаралық еңбек бөлінісін белсенді қатыстыру, технологиялық артта қалушылықтан арылу, республикалық валюта қорын қалыптастыру.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастырушы факторлар және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қалыптасу этаптары.

  Сыртқы экономикалық саясатты қалыптастырушы факторлар:

- мемлекеттің ұлттық құрылымының біркелкілігі

- дамудың жаңа моделіне өту басқарудың авторитарлы формасынан демократиялық өту қажеттілігін тудырады, алайда дәстүрлі кеңістікте бұл мәселе жеңілдейді.

- нарықтық экономиканың болмауы,орта кластың болуы, экономиканың жаһандану стратегиясы

- ұлттық экономика даму динамикасын анықтау;

- әлемдік нарықтың монополизациялануының жоғары дәрежесі;

- халықаралық сауданың өзгеріп отыратын жүйесі;

- белгілі бір мемлекеттің басқа мемлекетке артықшылығы тиімді болатын елдің орналасуы және көрсеткіштері;

- табиғи климаттық жағдайлар, территория масштабы;

Барлық факторларды ұлттық, экономикалық, саяси, аймақтық деп топтастыруға болады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу деп сыртқы экономикалық қызметті отандық өндірушілерді сыртқы бәсекеден қорғау арқылы ұлттық экономиканың мүддесін қорғайтын мемлекеттік іс-шаралардың жүйесін айтуға болады. Бұл реттеуге салық және кеден жүйелерін реттеу, валюталық операцияларды реттеу, импортқа тарифті емес әсер ету, экспортты ұлғайтуды ынталандыратын іс-шаралар кіреді.Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттарына:

-  нарықтық экономиканы қалыптастыру және тұрақтандыру үшін сыртқы экономикалық байланыстарды пайдалану;

-  сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға нарыққа шығуға, мемлекеттік,

-  ұйымдастырушылық және ақпараттық жағдай жасау;

  -Қазақстандық нарық пен мүдделерін қорғау;

-мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынаста елдің имиджін

 жоғарылату;

-қатысушыларға (субъектілерге) құқықтық жүйе кепілдігін беру.

ҚР сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық қалыптасу мерзімін 3 этапқа бөлуге болады. Бірінші этап 1990-1994 жж. құрайды, екінші этап 1995-2000 жж. құраса, үшінші этап 2001-2006 жылдарды қамтиды.Негізгі нормативті-құқықтық актілер этап бойынша хронологиялық тәртіпте төменде көрсетілген.

Бірінші этап, мемлекеттің үкіметі деңгейінде бір шама сырқы экономика жағдайының дамуына қатысты заңдар мен қаулылар, жене оны жүргізудің нормативті құқықтық негідері қабылданды.

Бұл кезеңдер сыртқы экономикалық қызметті реттеуге байланысты Үкімет пен ведомстволық құжаттарды қамтитын заңнамалық базаны қамтиды.

Халықаралық экономикалық интеграция. Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары. Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының зандылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көп жақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болды [2].

Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді керсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскери қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенін ғаламдық Қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақытында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттык және т. б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғарғы технология және озық техниканың, информатика және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономикасы дамуына және еңбек бөлінісінің терендеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймактардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халыкаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Смағұлова Г.С.  Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Алматы, экономика, 2005

2.     «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» туралы 1995ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасының Заңы

3.   Сборник нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан // Сб. указанных актов, выпущенных в период с 1994 по 2000 годы. В 15-ти томах. Ч.1-15. – Алматы: Информационное агентство «EconoMix Data». – 1994-2000 «АСҚБ» АҚ-ның 2008 ж жалпы ережелері.