Экономические науки/15.Государственное регулирование экономики

 

Корганбекова Г. Б.

магистрант  1 курса, специальность Экономика

Казахский университет технологий и бизнеса

Қазақстанның индустриалды инновациялық даму деңгейін бағалау

 

Индустриалды-инновациялық қызмет территориялық басқаруға сай келеді. Шет елдерде инновациялық кіші фирмалардың саны 20 % айналысында. Индустриалды-инновациялық қызметтің кіші фирмалар арқылы таралуы тиімді болып табылып отыр. Олардың түрлері жеке фирманың спецификасына тән. Сондықтан, кіші бизнесті ынталандыру аймақтық саясаттың тетіктеріне жатады.

Нарықтың жоғары дамыған инфраструктурасын құру мақсатында салынатын ірі инвестициялар болмаса, онда көптеген облыстардың халықаралық нарыққа шығуы сәтті болмайды. Индустриалды-инновациялық қызмет негізінде ғана инвестицияны тарту мүмкіншіліктері қарастырылуы қажет,себебі моралді және техника-технологиялық ескірген құрал-жабдықтарды қайтадан өндіріп шығару тиімді емес. Ал индустриалды-инновациялық қызмет  белгілі деңгейде оң нәтижеге жетуі үшін міндетті түрде капитал салымы болуы қажет. Сонымен қатар қазіргі өндірістік және әлеуметтік инфраструктураны толығымен ауыстыру қажет. Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру негізінде кәсіпкерлерге қалыптасып,дамуы үшін экономикалық еркіндік берілуі қажет. Сөз жоқ, стратегияны іске асырғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігін және диспропорцияны минимумға түсіру мүмкіншілігі пайда болады. Сондықтан, әрбір аймақ өзінің ерекшеліктеріне байланысты жаңа ғылыми-техникалық стратегияны қалыптастыруы керек. Ал ол өз уақытында, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің жоғары дәрежеде орындалуы төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктерді  береді:

-  аймақтың ғылыми-техникалық сферасының жағдайын анықтау;

-  индустриалды-инновациялық қызметтің басымдылықтарын анықтау;

-  аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму моделінің бір бөлігі ретінде ғылыми-техникалық сфераны құру;

-  Индустриалды-инновациялық қызметтің ресурстарын бағалау;

-  ғылыми- инновациялық сфераны реттеудің тетіктерін анықтау;

-  жүргізілген шаралардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесін бағалау.

Қазақстанда білікті-эксперименталдық және ақпарат - аналитикалық құрылымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары құрылымдық құрамы келесі түрде жіктеледі:

Қарағанды қаласы – 34, Оңтүстік Қазақстан облысы – 28, Павлодар облысы – 23, Ақтөбе облысы – 20 және т.с.с. Аймақтар шегінде ғылыми зерттеулер жағдайын талдаудың негізінде, зерттеулер жүргізудегі неғұрлым белсенді ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар Алматы қаласында орналасқан және ол жалпы жұмыс көлеміндегі үлес салмағы 35 % құрайды: Ал облыстар бойынша: Шығыс Қазақстанда – 33,1%; Маңғыстауда – 9,6%; Атырауда – 7,7%; Қарағандыда – 5,6% -дық көрсеткіштерін құрайды.Сонымен қатар, осы аймақтарды инновациялық дамыту және кластер құру үшін үлкен ғылыми-техникалық әлеуеттер бар.

Аймақтардың индустриалды-инновациялық қызметтің даму бағдарламасы екі қажетті блоктан құрылуы керек:

-  аймақтардың индустриалды-инновациялық қызметтін даму стратегиясы негізінде;

-  индустриалды-инновациялық жобалар тізімін құрау негізінде.

Қазақстан Республикасының  индустриалды-инновациялық қызметтің дамуы стратегиялық негізге ие бола отырып, құрамдық бөлігі ретінде, әрбір облыс пен қалаға алдымен жергілікті ғылыми-техникалық әлуетті кең көлемде қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық бағдарламасын құруы қажет. Аймақтар қуатты болса, Қазақстан экономикасы да қуатты болады.

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

2000 жылдың басында басталған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұрыс екенін көрсетті: экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды.

Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздер:

- экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін ұлттық қор;

- серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;

- әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;

- мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін келіссөз алаңдары құрылды.

Пайданылған әдебиеттер тізімі

1.   Назарбаев Н. Ә. Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2010 ж. 29 қаңтар). // Егемен Қазақстан.  – 2010. – 30 қаңтар.

2.   Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 жыл.

3.   Арыстанов А.К. Экономика будущего – это инновационная экономика // Альпари. -2010.- №4.