Ахметқали Т.А.
экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы
А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті,Қазақстан
БанкТЕР өтімділігінің мәселелері мен
әдістерін
бағалау
Экономиканы
басқаруда банктер ең маңызды орын алады. Соңғы
жылдардағы саяси және экономикалық жағдайлар банк
ісінің мәні мен жағдайын түбегейлі өзгертті деп
айтуға болады. Банктік өтімділікті басқару
әдістемесін жетілдіру Қазақстан экономикасының
қазіргі жағдайында өзекті мәселеге айналуда.
Қазақстан банк жүйесі 2007
жылдан болған әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін
қайта өз қалпына келе бастады, бұл жылдары болған
болған дағдарыс бірқатар банктердің меншікті капиталына
елеулі соққыға және жоғары өтімді
активтердің жетіспеушілігіне алып келді.
Сол себепті, бұл банктер біраз шығынға ұшырады,
олардың кейбіреуі өз қарыздарының қайта
құрылымдаудан өткізді.
Банктер өздерінің дамуындағы мәселелерге қарамастан
банк қызметтері Қазақстанның қаржы секторында
бұрынғыдай басты сегмент болып табылады.
Қазақстанның қаржы
жүйесіндегі пайда болған құрылымдық
мәселелердің негізгі себептерінің бірі болып банктегі
корпоративтік басқарудың төменгі деңгейінен және
тәуекел менеджмент жүйесінің жеткіліксіз дамымауынан туындаған тәуекелдерді
бағаламаушылықтан болды [1].
Банктік қызмет
әртүрлі тәуекел түрлерімен түйіседі,
соңғы уақытта өтімділік тәуекеліне
және оны басқаруға
көп көңіл болуде. Банк қызметіндегі классикалық
талаптар болып баланстанған өтімділікті қолдау, яғни
банк активтерді өтімділікті қолдауға немесе сәйкес
ресурстық базасын қалыптастыра ашық нарықта алуы
қажет. Сонымен, Банктік қызмет кәсіпкерлік
қызметтің ең бір тәуекелді түріне жатады.
Коммерциялық банк оған сеніп тапсырылған
құралдарды сақтауды қамтамасыз етуі қажет, тартылған
ресурстар үшін пайыз төлеп шығынданусыз, яғни
өтімділіктің белгілі деңгейін ұстап тұрып, оларды
меншік иелеріне бекітілген мерзімде
немесе бірінші талап етуі бойынша қайтаруға тиісті [2].
Өтімділікті басқару кез келген
банктің орталық мәселесі болып табылатындықтан, айтып
кеткендей бірінші ретте оның өзектілігі анықталады,
әрбір банктің табыстылығы, сенімділігі және
төлемқабілеттілігі оған тәуелді болып келеді, ал ол
дегеніміз елдің барлық банктік жүйесін білдіреді. Қойылған
мақсаттар шегінде келесі міндеттерді шешу қажет: коммерциялық
банктің өтімділігі түсінігін анықтау, қазіргі
кезеңде банктер өтімділігінің мәселелерін
айқындау, коммерциялық банктердің өтімділігін
бағалау тәсілдерін зерттеу.
Коммерциялық банктің
өтімділігі банк қызметінің ең маңызды жалпылама
сапалы сипаттамасының бірі болып табылады. Өтімділіктен операциялық күн барысында
қабылдарлық шығынмен, банктің клиенттері және
банк кредиторларының қаржылық ресурстарда қажеттілігін
қанағаттандыра алу қабілеті түсіндіріледі.
Банк өтімді болып табылады, егер
банктің басқа көздерден тезарада мобилизациялай алатын
ақша қаражаттары сомасы, оның пассив бойынша міндеттемелерін
уақытылы орындауға мүмкіндік беретін болса.
Өзінің тұрақталығын ұстау мақсатында
банктің белгілі бір өтімді қоры болуы қажет, ол кез
келген күтілмеген қаржылық қажеттіліктерды
қанағаттандыру үшін қажет. Елдегі экономикалық
және саяси жағдайлар, мемлекеттік басқару және реттеу
тиімділігі, банктің қызметін басқару сапасы, сомасы мен
мерзімі және басқа да факторлары бойынша активтер мен пассивтердің баланстығы сияқты, өтімділікке
әсер ететін бірқатар ішкі және сыртқы факторлар болады.
Өтімділікті банкпен жиналған, оған ақшаның
барлығы, жоғары өтімді құнды қағаздар
жатады, және сатып алынған анықтайды, мысалы тартылған
банкаралық несиелер, шығарылған банктік вексельдер,
депозиттік және жинақталған сертификаттар.
Экономикалық талдау теориясында өтімділік сипаттамасының
қор және ағын сияқты екі тәсілі бар.
Қордың принципі өзіне коммерциялық банктің
белгілі бір нақты уақыт сәтінде клиенттер алдында өз
міндеттемелерін орындай алу мүмкіндік деңгейін анықтауды
қосады. Ағын принципі динамика көзқарасы тұсынан
талданады, ол коммерциялық банктің белгілі уақыт кезеңі
ішінде қалыптасқан өтімділік деңгейін өзгерту
мүмкіндігін бағалауды білдіреді.
Көптеген банктердің өтімділік
мәселелерінің себебі әртүрлі. Олар жоғары
тәуекелді инвестициялардың бар болуы, сапсыз активтер,
капиталдың сыртқа ағуы, заемшылардың
несиеқабілеттілік деңгейінің төмен болуы есебінен
ссудаларды қайтармауы, және басқа ба мәселелері болуы
мүмкін.
Банктің өтімділігін талдаудың
негізгі әдістері бар, оларға қаражаттарды айырбастау
әдісін, активтерді өтімділігі бойынша топтастыру әдісін, өтімділік
көрсеткіштерін олардың нормативтерімен салыстыру әдісін
жатқызуға болады
Банктің
өтімділігін басқару үшін активтерді олардың
көздеріне байланысты тарату әдісі немесе қаражаттарды
айырбастау әдісі қолданылады, оның мәні келесіде,
әртүрлі көздерден мобилизацияланған қаражаттар,
әртүрлі қолданылады. Бұл әдістің негізгі
ойы активтер мен пассивтерді сомасы және мерзімі бойынша салыстыруда. Ол
үшін қаражаттарды орналастырудың көздері мен негізгі
бағыттары топтастырылып және белгілі пассив топтарының
қаражаттары, банктің өтімділігін қолдау және
салымдардың табыстылығын ескерумен, белгілі бір активтер тобынына
орналасуы арқылы салыстырылады. Банк қызметін талдауға қажетті ақпараттың
негізгі көзі болып банк балансы табылады. Қаржылық талдаушы
баланстық мәліметтерді талдау арқылы негізгі мақсатты
шаралар, банк операциясының табыстылығы мен тәуелділігі,
активтік және пассивтік операциялардың баланстылығы, сонымен
қатар банктің бекітілген заңнамалық
нормативтерінің орындалу үрдісі туралы шешімдер қабылдай
алады. Өтімділік көрсеткіштерінің талдауы сондай-ақ
банк балансын талдаудан алынған ақпаратқа негізделеді. Банк
өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдерін келесі суретте
көрсетілген.
|
Банктің
қаржылық жағдайын өтімділігі тұрғысыннан
бағалау |
|
|
|
|
|
Өтімділікке
әсер ететін факторларды талдау |
|
|
|
|
|
Пассивтерді
құрылымдық талдау |
Активтерді
құрылымдық талдау |
|
Активтер мен
пассивтерді басқару стратегиясының тиімділігін бағалау |
|
|
|
|
|
Өтімділік
коэффиценттерін есептеу және талдау |
|
|
|
|
|
Өтімділікті
ары карай басқаруда ұсыныстар дайындау |
|
Сурет. Банк
өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдері
Банктің қызметін оның
өтімділігі тұрғысынан талдау процесінде төмендегідей
шарттар қойылады: нақты өтімділікті анықтау;
өтімділіктің нормативтерге сәйкестілігін анықтау; Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген өтімділік
нормативтерінен нақты өтімділік нормативтер мәндерінің
ауытқуына әсер еткен факторларды анықтау. Қазіргі
әлемдік қаржы дағдарыс жағдайында банк
өтімділігін тиімді басқару, дұрыс бағалау және
талдау – банк табыстылығының кепілі болып табылады [3].
Банктің өтімділігіне сомасы және
мерзімі бойынша активтердің баланстығы маңызды әсер
етеді. Тартылған ресурстарды мерзімді сипаттағы активтерге
орнықтыра отыра, банк олар салымшылармен қандай мерзімге және
қандай сомада
ұсынылғанын таса ескеруі қажет.
Өтімділік талдауына қолданылатын
коэффициенттерді есептеу әдісі, алынатын есептік мәндер негізінде
және бекітілген мәндермен оның сәйкестігін
бақылау негізінде өтімділіктің бар деңгейін санды
бағалауға және банктің өтімді
қаражаттарға қажеттілігінің өзгеруін анықтауға
болады.
Коммерциялық банктердің
өтімділігі болып елдің банктік жүйесінің
тұрақтылығы және сенімділік кепілдігі табылады. Жалпылама
өтімділік пен сенімділік мәслелері банктердің осал жері болып
келеді. Өтімділікті басқару процесінде максималды табысқа
талпыныс пен минималды тәуекелдік
арасында қажетті объективті теңдік сақталуы тиіс.
Банкте өтімділікті басқару өзіне
келесілерді қосады: банктегі өтімділік жағдайы туралы
ақпаратты банктік ақпараттық жүйеге енгізу және
жинау; тезарада, ағымдағы және ұзақ мерзімді өтімділік
жағдайын талдау және есептеу; өтімділіктің
қысқа мерзімді және ағымдағы болжамын жасау;
өтімділіктің артықшылығы (дефицит)
коэффициентінің бекітілген шекті мәнін сақтауын
бақылау; өтімділікті қалпына келтіру бойынша
ұсыныстарды құрастырып шығару.
Банктің өтімділігін жоғарлату
үшін теориялық түрде оның қызметінің кейбір
бағыттарын белгілеуге болады: талап етілгенге дейін ссуданы өтеуді
талап ету; меншік қарыздық құнды қағаздарды
шығару; клиенттер қаражаттарын тарту бойынша пассивті операциялар
масштабын кеңейту; өтеу мерзімі аяқталып келе жатқан
ссуданың жаңғыртылмауы; ақша нарығында займдарды
іске асыру, активтерді өткізу және пассивтерді тарту барысында
шығындарды азайту.
Осылайша, банктік
секторда өтімділікпен байланысты мәселелер әлі күнге
дейін бар және оларды шешу үшін әрбір коммерциялық банк
белгіленген деңгейде өтімділікті ұстауды, оның
жағдайын талдау сияқты, қызметтің нәтижесін
болжамдау және келешекте ғылыми негізделген экономикалық
саясатты өткізуді де қамсыздандыру қажет деген нәтиже
шығаруға болады.
.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Лисак Б.И. //
Некоторые аспекты управления ликвидностью казахстанских банков второго уровня //
Банки Казахстана, - 2007 г. - № 7, С. 38-47.
2. Мусина А.А. // Банковская
ликвидность: современные проблемы и методы регулирования, // Банки Казахстана, - 2009
г. - № 5, С. 16-21.
3. К.О.
Шаяхметова, Н.Н. Керімбекова // Банк өтімділігі: басқару,
бағалау және талдау // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика
сериясы, - 2010 ж. - № 2 (78). С.59-62.