Қайдаулова
Б.И.
Қазақ экономика,
қаржы және халықаралық сауда университетінің
магистранты, Астана қаласы (Қазақстан Республикасы)
Қазақстандағы әлеуметтік сфераны дамыту
ерекшеліктері
Қазақстанда
таңдалынып алынған әлеуметтік реформа стратегиясы
ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық
өсімнің дамуына мүмкіндік ашуға, халықтың
әртүрлі топтары мен таптарының
қызығушылығын ескере отырып, әлеуметтік саясатты
жандандыруға бағытталған. Қазақстандағы
әлеуметтік саясаттың басты мақсаты - халықтың әлсіз
топтарына қолдау көрсете отырып, өмір сүру
деңгейін арттыру.
Қазақстанның нарығы, қазақстандық
экономиканы реформалау жағдайында қалыптасты және әлі
де 90-шы жылдардағы өндірістік сектор мен
ауылшаруашылығындағы құлдырауларға, жұмыс
күшіне деген сұраныстың азайыуына, жалпы және тіркелген
жұмыссыздардың өсіміне және 2007ж. басталған
бүкіләлемдік экономикалық дағдарысқа негізделген
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың кері ықпалын
сезініп келе жатыр [1].
Осыған
байланысты, Қазақстанда еңбек ақыны реформалау
арқылы табыстарды бірқалыпты ұстау жүйесі
құрылуда, жұмыссыздық деңгейі жоғары
аудандарда қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа
орналастыру механизмдері арқылы халықтың жұмыспен
қамту деңгейін арттыру шаралары қолға алынуда. Сонымен
қатар елде әлеуметтік жаңа бағыттарды қарастыратын,
стратегиялық және бағдарламалық құжаттар
жасалынып, жүзеге асуда.
2010ж.
Қазақстанда әлеуметтік сферасындағы өзекті
мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік және салалық
бағдарламалардың бірнеше концепциясы дайындалған болатын.
Бағдарламалық құжаттар әлеуметтік сфераны
толығымен қамтыды деп айтуға болады. Олар білім,
денсаулық, тілді, тұрғын үй құрылысын,
гендерлік саясатты, зейнетақы жүйесін дамытуға және
мәдени мұраны сақтауға бағытталды. Барлық
бағдарламалар, 2030ж. дейінгі Қазақстанның Стратегиясының
ішіндегі басты бағыттарды іске асыру мақсатында жасалған.
Бағдарламалық
және стратегиялық құжаттар аясында
қолданған шаралардың нәтижесінде белілі бір
нәтижеге қол жеткізді. Нарық ара қатынасы
қағидасына негізделген қазақстандық
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйеі қалыптасқан.
2009ж. елде өткізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі
құжаттарының тексерісі нәтижесі, қол жеткізген
нәтижелерге қарамастан, бірқатар маңызды
мәселелер туындады, әлемдегі экономикалық
дағдарыстарға байланысты жаңа мәселелі
сұрақтар туындағанын көрсетті.
Құжаттарды тексеру нәтижесін ескере отырып, 2010ж. бастап
елдің ең жоғарғы стратегиялық
құжаттарының қажетті бағыттарына сәйкес
жасалған жаңа мемлекеттік жобалау жүйесінің талаптарына
сәйкес жаңа стратегиялық және ақпараттық
құжаттар жасалынып шығарылды.
Оларға 2030ж. дейінгі Қазақстанның Стратегиясы,
2020ж. дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспары жатқызылады.
2012ж. ел Президенті жаңа 2050ж. дейін Қазақстанның
Стратегиясын жариялады. Аталмыш стратегияда және Президенттің Жолдауында
да соңғы жылдары әлеуметтік сфераға ерекше
көңіл бөлетіні атап өткен жөн.
Елдегі
әлеуметтік сфераны басқару жүйесінің ерекше
маңыздылығын стратегиялық және
бағдарламалық құжаттар арқылы
байқауға болады. Бес мемлекеттік бағдарламалардың 3
әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
Оларға:
1) 2011-2020жж.
аралығындағы ҚР білімді дамыту Мемлекеттік
бағдарламасы;
2) 2011-2015жж.
аралығындағы ҚР «Саламатты Қазақстан» атты
денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы;
3) 2011-2020жж.
аралығында ҚР тілдерді дамыту және қолдану Мемлекеттік
бағдарламасы жатады.
Бұдан
басқа, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму және
«Ақпараттық Қазақстан 2020» атты Мемлекеттік
бағдарламаларда да халықты жұмыспен қамтуды
жоғарлату және мемлекеттік маңызды әлеуметтік
қызметтердің сапасы жайлы мәселелер
қарастырылған.
Бұнымен
қатар, төмендегі бағыттар бойынша бірнеше
тұжырымдамалар мен салалық бағдарламалар іске асуда:
-
мектепке дейінгі балаларды қамту;
-
онкологиядық көмекті дамыту;
-
салауатты өмір салтын дамыту;
-
жастар саясатын дамыту;
-
тұрғын үйе қол жетімділікті арттыру.
Сондай-ақ,
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және
территорияны дамыту аясында әлеуметтік сферада тиімділікті арттыру
бағытында нақты мақсаттар мен шаралар
қарастырылған. Сәйкесінше, Қазақстан
толығымен әлеуметтік сфераны басқару жүйесі
толығымен қалыптасқан деген қорытынды жасауға
болады.
Қазақстандық нарық территориялық белгі
бойынша республикадағы жұмыссыздар деңгейі ауыл
шаруашылығында өте көп екенін көрсетіп отыр:
-
біріншіден бұл, ауылдарда кіші және
үлкен өнеркәсіптердің жоқтығымен байланысты;
-
екіншіден демографиялық көрсеткіштері мен
көшіп қонуға байланысты.
Осыған байланысты, елде,
өкілетті органдардың басшылығымен халықты
жұмыспен қамту бойынша шаралар қолдануда. Сондай-ақ,
еңбек нарығын басқару, мемлекеттік жоспарлау аясында да іске
асуда.
Халықты жұмыспен
қамту саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспары, мақсатты бағдарламалар дайындалды
және көптеген бағдарламалық құжаттар
аясында шаралар қарастырылған.
Республикадағы жаңа
замманның еңбек нарығы, халық арасында өзін
өзі жұмыспен қамтығандарыдың көбейгенімен
сипатталады. 2012ж. қорытындысы бойынша өзін өзі
жұмыспен қамтығандардың саны 31,7%-ды
құрады. Жаңа заман нарығының ерекшелігін
анықтау мақсатында төменде еңбек нарығының
негізгі көрсеткіштері бойынша деректер көрсетілген (кесте) [2].
Кесте - Қазақстан Республикасындағы нарықтың
негізгі индикаторлары
|
Көрсеткіштер |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Экономикалық белсенді халық, мың адам |
7840,6 |
7901,7 |
8028,9 |
8228,3 |
8415,0 |
8457,9 |
8610,7 |
8774,6 |
8981,9 |
|
Жұмыспен қамтылған халық,
мың адам |
7181,8 |
7261 |
7403,5 |
7631,1 |
7857,2 |
7903,4 |
8114,2 |
8301,6 |
8507,1 |
|
Жалдамалы жұмысшылар,
мың адам |
4469,9 |
4640,5 |
4776,6 |
4973,5 |
5199,4 |
5238,8 |
5409,4 |
5581,4 |
5813,7 |
|
Өздігімен айналысушылар, мың адам |
2711,9 |
2620,4 |
2626,9 |
2657,6 |
2657,8 |
2664,6 |
2704,8 |
2720,2 |
2693,4 |
|
Жұмыссыз халық, мың адам |
658,8 |
640,7 |
625,4 |
597,2 |
557,8 |
554,5 |
496,5 |
473,0 |
474,8 |
|
Жұмыссыздық деңгейі,%
|
8,4 |
8,1 |
7,8 |
7,3 |
6,6 |
6,6 |
5,8 |
5,4 |
5,3 |
|
Жастардың жұмыссыздық деңгейі,%
(15-24
жас арасында) |
14,3 |
13,4 |
12,1 |
9,4 |
7,4 |
6,7 |
5,2 |
4,6 |
3,9 |
|
Экономикалық белсенді емес халық, мың
адам |
3383,4 |
3476,9 |
3493,9 |
3463,2 |
3416,2 |
3500,3 |
3487,7 |
3477,3 |
3538,7 |
Талдау нәтижесі елде экономикалық белсенділіктің
артқанын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, жаңа
кәсіпорындардың салынуы, нарықты
инфрақұрылымның дамуы, шағын кәсіпкерлікті
қолдау жұмыссыздар деңгейінің 1999ж. 13,5%-дан 2012ж. 5,3%-ға төмендеуіне әсерін тигізді.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің
деректеріне сәйкес «Жұмыспен қамтудың картасы-2020» бағдарламасы
аясында жүргізілетін шаралар, аймақтық территорияны
басқару бағдарламасын іске асыру, республикадағы еңбек
нарығы жағдайына оң әсерін тигізді.
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес
жұмыспен қамтылғандардың арасындағы өзін
өзі жұмыспен қамтығандардың саны 33,3%-дан 31,2%-ға
азайды.
Бірақ «Жұмыспен қамтудың картасы-2020»
бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралардың іске
асуының тиімділігі жоғары болмай отыр. 2012ж. қорытындысы
бойынша Республикадағы жалпы оқу бітіргендердің ішінде кейбір
аудандардағы жұмысқа орналастыру пайызы - 90%-дан асады.
Осыған қарамастан, республикадағы жалпы оқу
бітіргендердің ішінде жұмысқа орналасқандар пайызы
өте аз - 79,5%, тіпті 50%-дық көрсеткіші бар, тіпті оданда
төмен аудандар бар. Олай болса, оқуды таңдау механизмі
жақсартып, оқитын мамандықты таңдау тәсілдерін
ойластыру керек.
Микронесие беру шаралары аясында 6572 адам микронесие алды, олардың
ішінде өз істерін ашып, бизнестерін
ұлғайтқандардың саны 4558 адамды құрады,
несиенің орташа көлемі 2069,7 мың теңгені
құрады.
Сонымен қатар несие алушылар үшін жоғары мөлшерлеме
дифференциациясы байқалуда. Сыйақы мөлшерлемесі 3,8%-дан
8%-ға дейін әртүрлі деңгейде қалыптасқан.
Бұл, несие алушылар үшін несие құнының
арзандауына белгілі бір мүмкіндіктердің бар екенін білдіреді.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға әсер ету
мақсатында Бағдарламада бюджет қаражатының
көмегімен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамытып, жайластыру қарастырылған. Бұл бағыттағы
шараларға бөлінген қаржының игерілу деңгейі 46,3%
құрады. Сонымен Павлодар облысында игерілген қаржы
көлемі 18,1%, Жамбылда - 51,6%, ал СҚО және Ақтөбе
облыстарында 99,8% және 95%-ды құрады [3].
Қазіргі уақыттағы еңбек нарығындағы
осал жерлердің бірі - аудандық дамуды күшейтудің
біркелкі еместігі, еңбек потенциалын орналасуының сәйкестенбеуінің
аудандық артуы. Сонымен бірге аудандар арасында бағдарламаны іске
асыру мақсатында қаржы бөлу кезінде халықты
жұмыспен қамту деңейінің көрсеткіштері
толығымен қамтылмады.
Осыған байланысты жұмыссыздық деңгейі жоғары
аудандарға бюджет қаражатын дұрыс жұмсау, мемлекетте
іске асырылып келе жатқан бағдарламалар аясында олардың
жұмыспен қамтуға бағытталған шаралараның
тиімділігін арттыру механизмдерін қарастырған жөн деп
білеміз.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Хамбар Б. Государственная политика занятости в условиях перехода на
постиндуриальной экономике // Экономика. Финансы. Исследование. 2009. - №3(15).
- с. 85 – 92
2. ҚР Статистика агенттігінің ресми сайты: www.stat.gov.kz
3.
ҚР Еңбек және
әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты: www.enbek.gov.kz