Ибраева А.К.

ҚИПХДУ-нің аға оқытушысы

 

Шағын бизнестің  экономикалық мазмұны мен даму тенденциялары.

Кіліт сөздер: шағын,бизнес,салық,несие,заңдар.


       Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсеті сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес.
Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.
       Бұл мәселенің тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын бизнесті ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әр түрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын бизнес күрделі технологиларды, қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік деңгейін талап етеді.
Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын бизнес мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика транформациясы кезінде кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын бизнесті жасау және дамыту мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен өзі қалыптасты. Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда қалыптасты. Шағын бизнестің мәселерінің көптеген экономистер зерттеді және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз қалуда, сондықтан Республикамызда шағын бизнесті қолдау және дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.

       Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады : оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын бизнестің кірістерімен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.
Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.

Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

Шағын бизнестің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:

1)    бәсекелестік ортаны қалыптастырады;

2)     нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;

3)    ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады. Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады. Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі. Жаңа салықтық кодексті игеруде алда тұрған басты мәселе, шағын ұйымдық формалар субъектілеріне салық салу ісіне байланысты мәселелер бүгінгі күнге дейін қалай шешіліп келді және алдағы уақытта қандай жолдармен шешілмек екендігін анықтау, сонымен қатар шағын бизнесі салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері қаншалықты тиімді екендігін анықтау қажет болып отыр.

        Шағын бизнес субъектілеріне салық салумен байланысты төменгі мәселелер құрылды:

а) «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау;

б) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау;

в) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау;

г) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті талдау;

д) шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің көмегімен шешу жолдарын аңықтау.

 Шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолында келесі факторлық жағдайларды ескеру қажет:

кәсіпкерлік құқығын қорғайтын жүйе жасау;тексеруші органдардың санын азайту;
рұқсат беруші құжаттардын санын азайту;

         Кәсіпкерлер банктен несие алудан бес түрлі себептен бас тартуда: пайыздық өсімнің жоғары болуы;

кепілдік талаптың тым қатал болуы;

ақпараттың жетіспеушілігі;

банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алашақтығы.

       Шағын кәсіпкерліктің салық салуын жетілдіру жөнінде келесідей ұсыныс жасауға болады:


1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық ставкаларының дифференцияциясын қарап,

2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін,

3. Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген табыс

4. Индустриалдық-инновациалық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғары технологиялық.

Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде  шағын кәсіпкерлікке салық салу жүйесін жетілдіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы
19.06.1997жылғы №135 «Жеке басты кәсіркерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Салық кодексі» Алматы, - 2012, - 300
Мейірбеков Б. «Шағын кәсіпкерлікті жан жақты қолдау керек» //Ізденіс
Қошқаров Ж. «Экономикасы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі» //Ізденіс –
Нұрақым Р. «Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін» // Ақиқат,
Теңізбаева А. «Несиелік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері» // Заң,
Концепция региональной политики Республики Казахстан
Сборник законодательных актов о малом предпринимательстве в Республике Казахстан.
Мамыров Н.К., Смагулов Н.Т. «Основы предпринимательства» Алматы, 2001
Жатканбаев Е.Б. «Малое предпринимательство: теория, практика, мировой опыт и
Лапуста М.Г. «Малое предпринимательство»: Учебное пособие, М: ИНФРА, 2002

                                     Резюме

При изучении нового налогового кодекса главной проблемой являются вопросы налогообложения  малого бизнеса и как эти вопросы решаются после нового законопроекта. Также особым вопросом стоит проблема влияния налогового механизма на развитие малого бизнеса.


Summary

When studying the new tax code by the main problem questions of the taxation of small business and as these issues are resolved after the new bill are. The problem of influence of the tax mechanism on development of small business costs also special question.