Экономические науки /13.Региональная экономика
Аймағамбетова Аида Даукараевна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында қорлар есебін
жүргізудің ерекшеліктері
Ауылшаруашылығы
кәсіпорындарында өндіріс процесінде өнім өндіру
үшін керекті жағдайлардың бірі - еңбек заттары.
Олардың өндіріс құралдарының өзгешілігі,
өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ
қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,
өндірілетін өнімге өз құнының бір
бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндіріте
пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы
құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың
өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек
заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары
өндірістік қор болып табылады.
Материалдық
қорлардың қажеттілік себептері:
1) Өндіріс процесін үздіксіз жүргізу үшін
2) Нарықтық қалыптасқан өндірісі процесін
біршама тәуелсіз ету үшін.
Тауарлы-материалдық
қорлардың компания активтерінің айтарлықтай ірі
әрі маңызды, сонымен қатар шамалы өтемділікті бабы
болып табылады. Тауарлы-материалдық құндылықтар
қоры актив ретінде компанияның баланстағы өтелімділігіне
үлкен ықпал етеді.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1) Дайындалған, келіп түскен, босатылған
материалдарды уақында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2) Материалдардың қоймада және тасымалдау
кезінде түгел сақталуын бақылау.
3) Материалдық қорлар
қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау.
4) Материалдарды өндірісте ұтымды пайдаланылуын
бақылау.
5) Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде
олардың техникалық жолмен анықталған нормасын
және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
6) Дайындалған материалдардың өзіндік
құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу
бағасынан айырмашылықтарын тауып пайдаланылған материалдар
құнын әр объектінің шығынына қосу.
Сатылған
тауарлар құнын анықтайтын фактор ретінде
тауарлық-материалдық құндылықтар қоры
компанияның пайдалылығына және оның пайда мен залал
туралы есепте көрінуіне ықпал етеді.
Қорлардың есебі - бухгалтерлік есептің
маңызды тауарларының бірі. Актив ретінде танылуы және
қорлардың сатылып, тиісті түсімдер танылғанға
дейін келесі кезеңге ауыстырылуы қажет шығын мөлшерін
анықтау қорлардың есебіндегі негізгі мәселе болып
табылады. Шығындарды анықтау және құнның
сатудың ықтимал таза бағасының мөлшеріне дейінгі
кез келген азаюын (аяқтау және өткізуге жұмсалған
ықтимал шығынды шегергендегі сату бағасы)
қосқанда олардың кейін шығыстар ретінде танылуы бойынша
нұсқаулық береді. Ол сондай-ақ қорлардың
өзіндік анықтау үшін қолданылатын өзіндік
құнды есептеу әдістері туралы түсінік береді.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды
ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы
есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу
және матеиалдарды есепке алу мен есептен шығару
операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқы есеп
құжаттарының формалар түрлерін белгілеу және
олармен шаруашылық субъектісінің барлық бөлімін
қамтамасыз ету.
Ауылшаруашылығы
кәсіпорындарында дайын өнімнің есебін жүргізуге, оларды
уақытында жіберіп және сатуға басты назар аударылады, себебі
оның барлығы ұйымның қаржылық жағдайына
тікелей әсер етеді. Дайын өнімнің бухгалтерлік есебін
жүргізудегі мақсат:
-
дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың
жағдайын және олардың қоймада сақталуын
тұрақты түрде бақылау;
-
жіберілген өнімнің (жұмыс, қызмет)
құжаттарын уақытында және дұрыс жасау, сатып
алушылармен есептесуді ұйымастыру;
-
әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап
отыру үшін, сатылған өнімнің көлемі мен
түріне сай, келісім шарт талаптарының орындалысын бақылау;
-
сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен
нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында
және дұрыс есептеу.
Материалдық
қорларды рационалды және тиімді пайдалану
ұғымдарын біріктіріп қарастыруға болмайды.
Материалдық
қорларды тиімді пайдалану қоғамдық
өндірістің материалдық шығынын
қысқартуға және әртүрлі ысырапты
болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын
шаралар жүйесі.
Үнемдеу
категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда
құбылыстың өлшенетін, сандық жағын
көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол
жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады. Демек,
материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің
берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны
жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық
талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе
көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды
қысқарту.
Материалдық қорларды тиімді пайдалану оларды жетілдіруді
және оларды өңдеудің жаңа жолдарын
қарастырады. Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану
өнімнің тұтыну қасиетін, өндіру мен
пайдаланудың техника – экономикалық, ұйымдастырушылық
деңгейін анағұрлым толық пайдалануға және
арттыруға бағытталған шаралар кешені. Материалды пайдалануды
оңтайландыру процесі көп жағдайда халық
шаруашылығы мен салааралық шараларға, кейбір жағдайда
салалық және ішкі өндірістік деңгейге негізделген.
Демек,
ауылшаруашылығында материалдық қорларды оңтайлы
пайдалану дегеніміз – халық шаруашылығы тұрғысынан
алғанда мақсатты бағытталған, материалдық
ресурстардың барлық пайдалы құраушыларын максималды
пайдалану. Ол міндетті түрде өнімнің материал сыйымдылығын
төмендетумен байланысты емес, бірақ ол үнемі
қоғамдық еңбек жиынтығының шығынын үнемдеуді
және оның тиімділігін арттыруын білдіреді.
Материалдық
қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру жеке
кәсіпорынның, сондай – ақ жалпы мемлекеттің экономикасы
үшін маңызы зор.
Шаруашылықтың
қазіргі жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс
істеуіне материалдық ресурстарды үнемді және оңтайлы
пайдалану қалай әсер етеді? Материалдық ресурстарды
үнемдеу мен өндіріс тиімділігін арттыру арасындағы
өзара байланысты қарастырайық.
Экономикалық
тиімділіктің алғашқы белгісі болып жоғары сапалы
өнімнің бір данасына кеткен шығынды минимизациялау,
максималды пайда табу саналса, ал пайданың артуының негізгі
көзі болып сату көлемінің өсуі мен өндіріс пен
сату шығындарының төмендеуі саналады.
Халық
шаруашылығының көптеген салаларында және
өнеркәсіп кешенінің сату мен өндіріс
шығынының құрылымында материалдық
шығындардың үлесі әлдеқайда көп.
Сондықтан материалдық ресурстарды үнемдеу – шығынды
төмендетудің негізгі көзі болғандықтан,
өндіріс рентабельділігі мен пайданы арттырудың маңызды
бөлігі.
Басқаша
тұрғыдан алғанда - өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі. Бір жағынан алғанда, өнімнің
бәсеке қабілеттілігі оның сапасы мен шығын негізінде
қалыптасқан құнына байланысты. Екінші жағынан,
соңғы жылдары экологиялық проблемалар шиеленісе түсуде,
яғни қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды
жинақтау сұрақтары басым болып тұр. Сондықтан,
өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейі материал
сыйымдылық және метал сыйымдылық, энергосыйымдылық,
экологиялық қауіпсіздікті және өндірістің
басқа да ресурс сыйымдылық көрсеткішін қамтамасыз ету
сияқты әсер ететін факторлардың жиынтығынан
тұрады. Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі.
«Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:
- өндірілген
цех өнімдері, материалдар, тауарлар, дайын өнімдер
қоймаға түскенде бірінші ретті құжаттар
өңделеді, жабдықтаушылардан қабылданған
қызметтер құжаттамасы өңделеді,олар шығыс
қа апарылады, ал қосылған құн салығы олар
бойынша есепке алынады;
-
тауарлы-материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной
мөрмен рәсімделеді, мысалға өндіріске немесе сату
нүктесіне;
- материалды есептен шығару бойынша накладной мөрі және
рәсімделуі;
- шығу құжатты құру: қалдық есеп
кітабы, материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі, шығыс
және кіріс ведомостарі, инвентарлық ведомостер;
-
автоматты түрде қосылған құн
салығының электронды салық есебі ақпараты
құрылады.
Бағдарламада
тауарлы–материалды қорлар есебі мен есепті шығару тәсілдері:
фифо, орташа өлшенген болып табылады. Бір накладной бойынша
қабылданған тауарлар қоймада бөлек-бөлек
қабылдануы мүмкін. Құжатты өңдегенде
салық сомасы қосымша құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет
фактура реестріне түседі.
«Айналым
құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның
активі мен пассивінің
құрылымын алуға мүмкіндік береді.
Қоймалардан
түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту
қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың
деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады.
Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге
пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда
қалады, олар құндылықтар топтары және
номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады.
Олар
анықтамалық мақсатта қоймалардағы
бухгалтериядағы есептердің деректерін салыстыру тексеру
үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың
деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды
жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде
топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар
кірісі мен шығысы бойынша «Материалдар» бөлімшесінің
жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша
жүргізіледі.
Бұл
тізімдемеде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен
айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің
топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық
сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы
қалдығы, ағымдағы құжаттардағы
өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен
шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың
аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы
бойынша қалдығы шығарылады. Жинақтаушы ведомосы
қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру
үшін пайдалынады, ол материалдар есебінің карточкасы мен
материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі.
Материалдардың
қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда
сақталады және оны материалдардың қалдықтары
туралы мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың аяғында
кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма
меңгерушісі есепті жылдың аяғында материалдық
құндылықтардың қалдықтарын оған
түсіріп, өз қолын қойып оны растайды.
Материалдар қалдықтарының кітабы
кейінгі 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен
тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу
жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі.
Материалдардың қалдық кітабы төменде келтірілген.
Айдың аяғында материалды жинақтап есепке алудың
жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір
есептік топ бойынша салалық түрдегі дерек материал қалдықтарының
кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.
Бұл деректер сәйкес келуге тиіс,
өйткені қоймадағы және бухгалтериядағы жазбалар
бір құжаттың негізінде жазылады. Бухгалтерияда
материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің
негізінде немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың
материалдық құндылықтардың қалдықтары
мен қозғалысы туралы есеп берулерінде
«Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген
тізімдемесі жасалынады.
Бұл
тізімдемеде материалдық қордың қоймадағы немесе
материалдардың жауапты адамдар арасындағы қозғалыс
көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік
бағалары бойынша бір айдағы материалдық
құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы
деректері шығарылады.
Олардың
негізінде материалдық салалық және пайыздық
ауытқулары анықталады. Табылған процент бойынша
жұмсалған материалдық құндылықтардың
нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен
тұрады: тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорында
түскен материалдардың нақты өзіндік құны
мен есептік бағасының арасындағы ауытқулар
анықталады. Тізімдеменің екінші бөлімінде екінші
бөлімін «Материалдардың синтетикалық есебінің
жинақтаушы ведомствосы» немесе «Материалдық
құндылықтардың қозғалысы мен
қалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде
жасалады. Бұл бөлімнің деректері 1310 «Материалдар» мен 1320
«Тауарлар» бөлімдерінің шоттары жөніндегі мәліметтер
Бас кітаппен салыстырылады.тізімдеменің екінші бөлігі төменде
келтірілген.
Бухгалтерияда
жинақтау ведомосінің немесе материалдың жауапты
адамдардың материалдық құндылықтардың
қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің
негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі
қозғалысы» деген №10 ведомосі жасалады. №10 ведомосі талдамалы
есептің деректерін материалдық
құндылықтардың талдамалы есебінің
көрсеткіштерімен ұйымдастыруға арналған.
Келіп
түскен материалдық құндылықтардың
құны жинақталмалы шоттардың немесе есептік
топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен
бірге ведомосте сатып алынған материалдық
құндылықтарын нақты құнының
олардың есептік бағағсы бойынша құнынан
ауытқуының есебі жүргізіледі. №10 ведомость материалдар
шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге
қызмет етеді. №10 ведомость бірнеше бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім нақты
өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішіндегі
келіп түскен материалдардың есептік құнын
көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі журнал
–ордерлерден ( №6, №10, №3, №7, №1 және т.б.) көшіріледі. №10
ведомостің екінші және, одан кейінгі бөлімдері
материалдың құндылықтарды сақталу жері бойынша
кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай
өлшеммен көрсетуге арналған.
Бұл
деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы
ведомостерінің негізінде толтырылады, ал онда материалдық
құндылықтардың қозғалысы мен
қалдығы есептік бағамен келтірілген.
Материалдың
толық нақты өзіндік құны есептік бағалар
мен ауытқулар бойынша материалдар құнының саласы
ретінде анықталады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абдушукуров Р.С., Мырзалиев Б.С. Теория и практика бухгалтерского учета. Учебник.
Алматы, “Нұр-Пресс”, 2007, 796 с.
2.
Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С.
Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Оқу құралы. Заң әдебиеті» баспасы, Алматы, 2006,
163 бет.