Экономика/ Экономика промышленности
Л.А. Қазбекова, э.ғ.к
Э.Ж. Жунусова, магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
ТМД елдерінің
фармацевтикалық нарығының даму тенденциялары
Фармацевтика нарығы бүгінде – ең бір табысы мол индустрия
болып табылады. Осы заманғы әлемдiк
медицина әртүрлi дәрi-дәрмектердiң 10000-дай
атауын пайдаланады. Медициналық практикада қолданылатын
маңызды препараттар тiзбесiне 700-ге жуық атаулар кiредi. Әлемде
бiрде-бiр ел медикаменттердiң толық номенклатурасын шығара
алмайды. Әлемнiң анағұрлым дамыған елдерi
олардың маңыздыларының өндiрiсiн қамтамасыз
етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен
толықтыруға тырысады.
2012 жылдың қорытындылары
бойынша ТМД елдерінің фармацевтика нарығы жалпы ақшалай
тұрғыда доллармен есептегенде 18% өсті[1]. ТМД
мемлекеттерінің дәрі-дәрмек құралдары
нарығындағы сатып алу бағалары жалпы есеппен 39 млрд$
құрады (1 кесте).
|
ТМД елдерінің дәрі-дәрмек құралдарын сатып
алу нарығы |
|||
|
Халқы, млн |
Елдер |
Дәрі-дәрмек құралдарының нарығы, млн$ |
Өсімі, %,$ |
|
143 |
Ресей |
30727 |
12% |
|
46 |
Украина |
3500 |
15% |
|
17 |
Қазақстан Республикасы |
1288 |
44% |
|
30 |
Өзбекстан |
880 |
22% |
|
10 |
Беларуссия |
663 |
4% |
|
10 |
Әзірбайджан |
350 |
24% |
|
5 |
Грузия |
345 |
27% |
|
4 |
Молдава |
248 |
-4% |
|
5 |
Түркменстан |
200 |
8% |
|
3 |
Армения |
125 |
-3% |
|
8 |
Тәжікстан |
140 |
8% |
|
6 |
Қырғызстан |
112 |
21% |
|
284 |
Барлығы |
385787 |
18% |
|
Дерек көзі: SMD, DSM |
|||
DSM компаниясының мәліметтері
бойынша ресей нарығы долармен +12 оң нәтижелі өсімді
көрсеткен болды.
ТМД елдерінің
фармацевтика нарығында екінші көшбасшы бұл Украина, ол
нарық көлемінің 10% алып отыр. 2012 жылдың
қорытындысы бойынша нарықтың көлемі 3,5 млрд.долл
құрады.
Фармацевтика нарығында
сонымен бірге оң нәтижені көрсеткен Орталық Азия
мемлекеттерінің ішінде – Қазақстан мен Өзбекстан
нарықтарынан көруге болады.
Қазақстан
Республикасының фармацевтика
нарығы госпиталды сатылымдар мен емделушілердің келіп жүріп
емделгені үшін мемлекет тарапынан өтем ақы
төлеудің арқысында нарық көлемі белсенді
түрде 44% өсіп, нарықтың көлемі 1,3 млрд. долл
құрады. Қазақстан мемлекеті постсоветтік
кеңістікте өз азаматтарын емдеудегі өтемді мемлекет өз
жүктемесіне алған жалғыз мемлекет. Сонымен қатар
госпиталды буынның үлесі ақшалай баламада 45%
құрап, мемлекет емделушінің стационарда ем алуындағы
шығындарды өз мойнына алып,
39 нозология бойынша емдеуді өтеп отырады. 2012 жылдың ерекшелігі
болып жергілікті өндірушілерің сату көлемінің
өсуі болды және ТМД елдерінің ішінде Қазақстан
үкіметі өз өндірушілеріне қаржылай көмек беретін
жалғыз мемлекет болып табылады.
Халықтың әлеуметтік әлсіз
және аз қамтылған тобын қолдау мақсатында,
сондай-ақ халық үшін дәрілік заттардың
экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар
бағасының өсуін ұстап тұру жөніндегі
меморандумға жыл сайын қол қояды, оған сәйкес,
дәрілік заттардың жекелеген түрлері бойынша баға
бекітіледі (мысалы, 2012 жылы 200 препаратқа қатысты бекітілді) [2].
Осыған байланысты
Қазақстан фармацевтiк индустриясының қалыптасуы
кезеңiнде дәрi-дәрмек өндiрушiлерге қолдау
көрсетудiң оңтайлы жүйесiн жасау қажет.
Нарықтық экономикаға өту сатысындағы
қалыптасқан бюджет тапшылығын ескере отырып, бұл
жүйе тiкелей дотациялардың есебiнен емес, керiсiнше инвестициялар,
кредит желiлерiн тарту және мемлекеттiк тапсырыс жолымен жасақталуы
тиiс. Бұған қоса республиканың фармацевтiк
өнеркәсiбiн дамытуға шетел инвестицияларын тарту үшiн
қолайлы жағдай туғызатын заң базасын жасау қажет. Дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету саласы мемлекет
үшін стратегиялық маңызға ие.
Өзбекстан мемлекеті 2012
жылдың жаңалығы болып, фармацевтика нарығында біршама
өсімді көрсетті. Керісінше Беларуссия нарығы төменгі
көрсеткішке ие болды. Бұл жағдайды елде болған 2011
жылы туындаған девальвациямен байланыстырады.
Постсоветтік елдердің
фармацевтикалық нарықтары шетел мемлекеттердің жоғары
назарына алынып отыр. Дамудың негізгі қозғаушы факторы
ретінде еуропа бөлігіндегі халықтың қартаюы мен азия
бөлігіндегі халықтың белсенді түрде өсуі болып
есептелінеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Горлова И.
Фармрынки стран СНГ: итоги 2012 года //Фармацевтическая отрасль, февраль № 1 (36)
2. Қазақстан Республикасының
фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 -
2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы. http://www.mint.gov.kz