ИСАҚОВА АЙНҰР

УМИРКУЛОВА САНДУҒАШ

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң 1-курс магистранттары

ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Түйін сөздер: туризм, перспектива, индустрия, ландшафт, туристік ресурстар, инфрақұрылым, инвестиция.

Туризм дүние жүзілік экономика саласында басты рөлді атқарады.Туризм экономиканың жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Туризм саласының еліміз үшін пайдасы мен перспективасы зор, маңызды салалар қатарына жатады. Елімізде туризм саласын арттырудың бірден-бір көзі Туристік компаниялармен қызметтерімізді жақсартуымыз қажет. Туристтік кешен қызметтер сферасының бір бөлігі, ал сферамызды дамыту барысында көптеген шешілуі тиіс мәселелерге тап болуымыз мүмкін [1, 37-38].

Туризм саласы – экономикада бизнестің ең табысты және қарқынды дамудың толықтай көрсеткішін беретін сала. Туризм индустриясы көптеген елдердің бюджетінің негізгі үлесін құрайды және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған.Бұл индустрияның үлесіне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспортының 8%-ы сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының егемендік алуы туризм саласының  қызметтерін  реттеуде және халқымыздың мәдени мұрасын жаңғыртуда ерекше табыстарға жеткізді. Туризмнің жедел дамитын сала және өсуі тұрақты, қоғам мен қоршаған ортаға әсерін ескере оырып, экономикалық салаларға қажеттігін есепке ала отырып,туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп айтуымызға болады[2, 42].

Қазақстан Республикасында туристердің демалуына айтарлықтай мүмкіншіліктер бар.Демалатын жерді таңдағанда туристер ең алдымен табиғат ландшафтысына,географиялық орналасу ерекшеліктеріне,тарихи-мәдени мұрасына, дамыған инфрақұрылымыдық ерекшеліктеріне және демалыс орнының қауіпсіздігіне ерекше назар аударатыны белгілі.Бұл ретте еліміздің туристік демалыс орындары толық стандартқа сай деп айтуымызға толық құқұылымыз.

Біздің еліміз Еуразия материгінің орталығында, Азия құрлығы мен Еуропа сынды  алып елдерді біріктіретін жол торабтарында орын тапқан. Географиялық орналасуы тиімді біздің еліміздің халықаралық туристік қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіншілігі орасан зор. Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктері зор[3].

Белгілі-бір өндіріс саласын дамыту үшін, сол саланың әлсіз және күшті жақтарын,қауіптері мен мүмкіндіктеріне талдау жасалынуы тиіс.Осы сынды туризм саласын дамытуда да кездесетін кедергілерді болдырмай алдын алу белгіленген мақсатқа жетудің дұрыс бағытын таңдауымыз қажет. Сонда ғана біз туристік саланы дамытудың тиімді жолына жетеміз.

Қазіргі таңда Қазақстанда туристік мәселені шешу өте өзекті мәселелердің санатында. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арналған әр жылдық Жолдауында елдегі туризмді дамытуға ерекше мән беруде.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «бүкіл елдегі туризмді дамыту орындарын зерттеу керек, олар аз емес» деген болатын. Қазақстанда әлі игерілмеген туризмді дамытатын орындар жетерлік.Тек соған мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдаулар көрсетілсе,біршама уақыт аралығында басқа елдер сияқты Қазақстанныңда туризм саласы дамуын бастар еді[4].

Еліміздің табиғаты қолайлы,туризм саласын жоғары деңгейде дамытуға мол мүмкіндіктер бар екені белгілі.Алайда,туристік ресурстарымыз мол болғанымен, сол өнімдеріміздің шет елдерде насихаттай алмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы оны экспорттауға кедергі жасауда. Сонымен қоса,саланың өнімдерін сыртқа шығаруға теріс ықпалын тигізіп жатқан  мәселелердің бірі,индустриядағы менеджменттің әлсіздігі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі және инфрақұрылымның ескіргендігі, біліктілік кадрлар деңгейінің төмендігі,мемлекеттік қаржылық қолдаудың төмендігі және әлемді қаржылық дағдарыс жайлағанда отандық инвесторлар туризм секторына қаржылай қаражат көлемін жеткілікті деңгейде салмайды,нәтижесінде туризмнің даму қарқыны бәсеңдейді.Туризм саласының инфрақұрылымдық деңгейін дамыту үшін туристік ұйым орталықтарына бірқатар жеңілдік жасалыну қажет және туризм саласына инвесторлардың құятын инвестиция көлемін ұлғайту қажет.Осындай шараларға қол жеткізгенде ғана туризм саласының дамуына ілгері жылжуы мүмкін[5].

Еліміздің Қонақ үйлері, пансионаттары,демалыс орындары мен  демалыс базалары, олардың орналасқан объектілері мен санаторий-курорттық мекемелерінің материалдық жабдықталу базасы айтарлықтай дәрежеде физикалық және моральдық тозуға ұшыраған. Қазіргі таңда біздің еліміздегі туристік орындардың басым бөлігінің  ахуалы, туристерге ұсынылатын демалыс орындары, сапа жағынан халықаралық талаптарға сәйкес келе бермейді,нәтижесінде елімізде демалатын туристердің санының аздығына алып келеді. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін Қазақстанда туристердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету қажет, сонымен қатар көлік қатынасының дамуына айтарлықтай мән берілуі тиіс, сонда ғана елімізге келетін туристер санының артуына азда болса үлесімізді қоса аламыз[6].

Дүние жүзінде туризмді дамытуды басты бағыт деп есептейтін елдерде, әдетте, туристік инфрақұрылымдарды, оның ішінде қонақ үйлерді және т.б демалыс орындарын дамытуды қолдайтын заңнамалық сипатта іс-шаралар қабылданады. Бұл орайда, мемлекеттік органдар мен қаржылық мекемелер туризмге салынған инвестициялардан жаңа жұмыс мекемелерін ашады, ашылған мекеме орындары ел экономикасына жоғарғы көрсеткіште  кіріс әкеледі.Сол себепті әлемнің көптеген елдері туризм және т.б салаларды дамыту барысында мемлекет тарапынан айтарлықтай жеңілдік көрсетіледі. Мәселен, туристік орындарды көбеітім деген әр бір отандық азаматты,мемлекет басшылары салық мөлшерін жеңілдету туралы сынды заңнамалық шешімдер қабылдайды.Тек туризм саласының табысы арқылы өз елінің экономикасына жоғары деңгейде табыс әкеліп жатқан мемлекеттер өте көп.Мәселен,Кішкентай Израйль мемлекетінің экономикалық бюджет саласына туризмнен келетін табыс көзі 2 млрд.долларды құрайды,ал Тайландқа- 7 млрд.доллар, АҚШ-ң бюджетіне түсетін табыс мөлшері-50 млрд.долларды құрайды.Ал біздің елімізде шет елге баратын туристік сапарлардың мөлшері-50%-ға жуық болса,ал елімізге келетін туристік сапарлардың мөлшері 16%-ды ғана құрайды.Қазақстанға шет елдегіндей туризм саласының дамуына жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаулар жасалынғанда , туризм саласының даму мәселелері жүйелі түрде шешім табар еді [7].

Алайда елімізде туризмді дамыту барысында мүлде жұмыстар атқарылған жоқ деуге болмайды..Қазіргі таңда туризм саласындағы мәселелерді жүйелі шешу бағытында билік тарапынан көптеген  орындалуға тиіс міндеттер атқарылуда, атап айтқанда - әртүрлі халықаралық жәрмеңкелерге қатысу, өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдар мен акцияларды жүзеге асыру іс-шаралары өткізілуде.Ел экономикасын дамыту барысында туризмді дамыту – басты нысанға алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан туризм саласын дамытуға айрықша көңіл бөлген жатыр. Еліміздің мемлекет басшылары Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес туризмге мемлекеттік басым бағыт берілген. Елімізде мәдени,тарихи,табиғи ресурстардың мол болуы бәсекелестікте артық­шылыққа жеткізіп, демалыс­тың белсенді түрімен, сауықтыру және спорттық туризммен белсенді айналысуға мүмкіндіктің барлығын көрсетеді.

Еліміздің Қарқаралы, Ұлытау, Ақтоғай аудандары ерекше мәдени-тарихи мұралардың және аймақтағы әдемі табиғат белсенді, спорттық, тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қарқаралының мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің, Ұлытаудың, Қызыларайдың ұлттық табиғат парктерінің, сондай-ақ Балқаш көлінің байлықтары туризм саласынын дамутың көздері болып табылыды. Туризм саласы- құлдырамайтын сала қатарына жатады. Мамандардың жүргізген зертеулеріне қарасақ, орта есеппен,1 шетелдік туристің беретін табыс мөлшерін алу үшін,оған шамамен 15 тонна мұнай немесе 9 тонна тас көмір немесе жоғары сұрыпты бидайдан 12 тонна әлемдік нарыққа шығару қажет. Бұл орайда шикі зат сату еліміздің энергия көздерінің азаюына алып келеді. Шетелдегі экономистердің мәлметіне сүйенсек, 100 000 шетелдік турист демалыс аумағында 2 сағат болған кезде 35000 доллар немесе адам басына 1сағатта 17,5млрд доллар жұмсайды. Сонымен елімізде шикізатты сату өз алдына экономиалық тығырыққа тірелу болса,туризмді дамыту экономикалық тиімді болашақтың ұзақ мерзімін қамтитын құрамдас бөлігі [8].

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

  -халықты ынталандыру

  -мемлекеттік және жеке меншік туризм сферасының тиімділігін артыру

  -шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

  -халықты жұмыспен толықтай қамтамассыз ету

  -туризмді экономикаға табыс әкелетін салаларының біріне айналдыру

  -республиканың туристік потенциялын арттыру

  -табиғи байлықтарымызды сақтау және ұтымды пайдалану

-елдің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу

-елдің экономикалық  даму қарқынын арттырады.

Елімізде Туризм, спорт және дене шынықтыру орталығының тапсырысы бойынша аймақтық дамуды, ғылыми-зерттеу институты мамандары Қарағанды облысында 2012-2016 жылдар аралығында туризм саласын дамытудың мастер-жоспарын дайындады. Жоспарда туристік қызмет потенциалын нығайту, еліміздің туристік даму мүмкіншілігі басым аймақтарында ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және туристік, көліктік инфрақұрылымдық дамытудың басым бағыттары анықталды. Сонымен қоса, осы салаға білікті кадрлар даярлау, туристік қызмет көрсету мекемелері, сервис және туризмнің жаңа кәсіпорындарын ашу, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Сарыарқа» ӘКК, мемлекет пен жеке меншіктік әріптестіктің аймақтық орталығы арқылы туризм саласына инвестициялық жобаларды таңдау мәселесі қарастырылды. Осы аталған шараларды жүзеге асырылса сыртқы туризмді жыл сайын 10%-ға, ішкі туризмді 12%-ға артуына мүмкіндік берер еді. Туристік қызметтен түскен кіріс жылына 10%-ға өсіп, 2016 жылға қарай 5 млрд. теңгеден асатын еді деп жоспарлануда.[9]

Қазақстан дамытуға тиімді туристік зоналар орналасқан кең ауқымды территорияға ие. Дегенмен елімізде туризм саласы әліде болса тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Болашақта туризм саласына мемлекет белсене қаржылай қолдау көрсетсе, туризм саласы ел экономикасындағы үлкен табысты сала болып қалыптасарына сеніміз мол.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шербакова С.А. Международный туризм: экономика и география/ Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2007. -144б.

2. Никитинский Е.С. Қазақстанның туристік құқығы. Туризм саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жинағы. – Астана, 2009. – 497б.

3. ИсекешевА.О. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің сөзінен/ Алматы/ 14.11.12/ Режим доступа:http://www.kit.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/31-privetstvennoe-obrashchenie/106-tty-tau-s-zi

4.Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 Қаулысы

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары/ Алматы/ 15.11.12/ Режим доступа:http://www.kit.gov.kz/index.php/kz/aza-standa-y-turizm

6. Дурович А.П. Маркетинг в туризме. Минск: НПЖ «Финансы, учет,
аудит», 1998. — 199 с.

7. Основы менеджмента туризма / под ред. Квартального В.А. М.: Финансы и статистика, 2001. — 125 с.

9. Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг. — М.: Ось, 1997.-89с.