Cовременные
информационные технологии/ 2. Вычислительная техника и
программирование
Абатова
Б.У, Керімақын А
Алматы Технологиялық Университеті
ВИРТУАЛДЫ
ТУР ЖАҢА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Компьютерлік техника
және коммуникативтік технологияның қарышты дамуы
нәтижесінде 3D панорама мен виртуалды кез келген саладағы PR-дың танымал
құралына айналып келеді. 3D панорама мен виртуалды турды
қолданудағы негізгі мақсаттар – кез келген сала
нарқындағы мекеменің ұстанымын нықтау,
әріптестерді, демеушілерді, клиенттерді көптеп тарту,
мекеменің «маркасын» танымал ету, имидждік саясатын жетілдіру.
Виртуалды тур
арқылы сол мекеменің барлық бөлімдеріне серуен
жасауға мүмкіндік туады. Көптеген мекемелер виртуалды
турларды өздерінің ресурстары (территория, ғимараттар,
кампус, ғылыми-зерттеу орталықтары, лабораториялары және
т.б.) мен мүмкіндіктерін жарнамалауға белсенді түрде
қолданып жүр. Бұл жаңа технология арқылы
объектіні толық түрде жан жағынан көрсетуге болады.
Осы ретте неге
виртуалды тур қолданылады деген заңды сұрақ туады.
Бұл
технологияның бүгінгі
таңда қолданылу аясы өте кең. Өзінің
интерактивтілігі мен көлемінің шағын болуына байланысты
виртуалды тур барынша танымал болып келеді.
Бұрынғы
атқарып жүрген қарапайым қызметінен басқа
виртуалды турдың сфералық панорамалары сайтты жандандырады,
оның динамикасын арттырады. Бұндай презентация сайтта
тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді болады.
Сонымен қатар виртуалды тур ойын түрінде қабылданады,
қолданушы ондағы оқиғалардың нақ ортасында
жүріп, сол ортаны өзі басқарып отырады. Сфералық 3D панорамалар
және виртуалды турлар – қазіргі уақыттағы
ақпаратты елестете алудың ең тиімді және сенімді
тәсілдерінің бірі болып табылады, себебі ол адамға
қызықты виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік береді
және тура сол жерде жүргендей әсер етеді. 360°х180°
өлшемді панорамалық проекцияны және интерактивті
басқарылатын сфералық 3D панорамалар және виртуалды турлар
кеңістікті елестетудің заманауи тамаша
нышаны болып табылады. Сфералық
3D панорамаларды және виртуалды турларды көру ақпаратты
берудің жоғары жылдамдығын талап етпейді, сондықтан оны
Интернет-кеңістікке салуға және белсенді түрде
жарнамалауға болады.
Виртуалды панорама,
3D панорама ең алдымен, компьютерде көруге арналған
(әрине, арнайы бағдарлама көмегімен). Сфералық панорама
негізіне көптеген жекелеген кадрлардан жиналған сфералық
(эквидистанттық, equirectangular, sphere) немесе кубтық
проекциядағы бейнелер жиынтығы алынады. Сфералық
панорамалардың басты сипаттамасы-кеңістікті көрудің
барынша мүмкін бұрышы (360х180 градус).
Сфералық
проекция бейнені көрсеткенде өзіндік бұрмалауға жол
береді (әсіресе, жоғары және төменгі жақтарында),
сондықтан сфералық панорамалар ешқашан баспа күйінде
немесе жай графикалық файл түрінде көрсетілмейді.
Көрсетілімнің негізгі тәсілі-flash (барынша кеңінен
таралған), QuickTime, DevalVR (ескірген) немесе Java технологиялары
негізіндегі визуализация. Көрермен көңілінде сфераның
ішінде жүргендей сезім туады,
қоршаған ортаның бейнесі сфераның ішкі бетіне
«тартылып» жасалады. Бұл кезде оптикалық бұрмаланулар
(сфералық аберрациялар) көрінбей қалады. Сонымен бірге,
әдетте, сфералық панорамалар көрудің бағытын
өзгертуге (жоғары-төмен, оңға-солға)
және бейнені жақындатуға немесе алыстатуға
мүмкіндік беретін басқару құралдарымен
қамтылған. Осының арқасында көрермен
түсірілім жүргізілген орынды өзі сол жерде жүргендей
көре алады.
3D визуализациямен
салыстырғанда 3D панорамалардың интерактивтілігі төмен.
Бірақ 3D панорамаға қарағанда визуализация сайтқа
қойылмайды және қосымша бағдарламасыз көрсетілмейді.
Ал панорамалар телефондар мен планшеттік компьютерлерде көрсетіле береді. 3D
панорамалардың дайындалу мерзімі, сондай-ақ оның бағасы
визуализацияның дайындалу мерзіміне қарағанда он есе, жүз
есе аз. Видео-презентациялармен салыстырғанда 3D панорамалар
интерактивтілік жағынан, салмағы және бейнені көрсету
сапасы жағынан өте ұтымды (3D
панорамаға қарағанда видеоны өңдеу күрделірек).
Видеоны көргенде оны басқа жағын қарауға (көру
бағытын өзгертуге), жақындатуға немесе алыстатуға мүмкіндік
жоқ. Қарапайым фотосуреттермен салыстырғанда 3D
панорамалар ақпараттардың мол болуымен ерекшеленеді. Көптеген
панорамалар көрсетілімнің барынша рұқсатты өлшеміне
ие, бұл түсірілім объектісінің мейлінше
кішкентай деталдарын көруге мүмкіндік береді, мұнда
мультирезолюшн қызметі үлкен рұқсатты
панорамаларды санаулы секундтар ішінде, процессорға күш
түсірмей көрсету үшін
жұмыс жасайды.
Виртуалды турдың басты ерекшелігі:
- Қатысу әсері. Виртуалдық
панорама қоршаған ортаны, керекті объектті, қажетті бұрыштан
немесе оны жақындатып, алыстатып көруге мүмкіндік
береді;
- Есте қалу әсері. Еліктіргіш саяхат
және 360 бұрыштағы әсерлі сурет, ғимараттың
ішкі көрінісінің қажеттісін белгілеп, қажетті
аудиторияға есте қалады;
- Ақпараттылығы. Барлық
ғимаратты, зертханаларды бір суреттен көруге
қарағанда, барлығын бірақ көру әсерлірек;
- Әмбебап және қарапайым.
Виртуалдық тур және панорама сайтқа жеңіл
ықпалданады
және оларды электрондық тасымалдаушыда сақтау
ыңғайлы.
Виртуалды турдың маңыздылығы:
көретін аймақтардың, ғимараттардың,
университеттер
мен институттардың нақты міндеттерін, олардың тарихын
зерттеуге мүмкіндік береді. Оқыту барысында виртуалды тур
оқу сабақтарын даралау және студенттердің
ақпаратты аз уақытта қабылдау мүмкіндігін дамытады.
Виртуалды турларды сабақта қолдану барысында студенттердің
уәждерін дамытып, қанағаттандырып, оны ары қарай
жетілдіруге үлкен ықпалын тигізеді.
Виртуалды турды жасаудың
процесі негізгі үш этаптан тұрады:
1.
Фотосьемка
2.
Монтаж
3.
Программалау
Бірінші этапта кеңауқымды обьективті
фотокамерамен объект суретке түсіріледі. Камера
штативте орнатылады және 180 градусқа айналады.
Екінші этапта барлық суреттер панорамаға
біріктіріледі. Содан соң дайын панорамадан
бағдарламалық құралдармен Flash технологиясымен
жасалынатын кубтық суреттер құрылады. 3d-турға
суреттермен қатар музыкалық, мәтіндік, фотогалерея енгізуге
болады.
Соңғы этапта қолданушы объект бойымен
сырттай жүре алады. Яғни, тышқан
көмегімен кажет бағытты таңдап, объект ішінде орын ауыстыра
алады. Қорытындылайтын болсақ, бір 3d-тур жасау үшін
фотограф, монтаждау маманы, программист және дизайнер қажет.
3d-тур
қонақ үй, мейрамхана сияқты мекемелерге пайдасы зор.
Виртуалды 3d-турды мекеменің веб-сайтына шығаруға,
CD/DVD-дискілерге жазып презентация кезінде қолдануға да болады.
Қолданылған
әдебитеттер тізімі
1. Лысак А.П., Зайцева М.А., Сидоренко В.В. Проектирование системы для создания
виртуальных туров Rubius 3DTourKit Studio // Научная сессия ТУСУР-2010: Матер.
докл.
Всеросс.
научно-техн. конф. студентов, аспирантов и молодых учѐных. - Томск:
В-Спектр,
2010.
- С. 347-349.
2. http://3dtour.kz/project