Cовременные информационные технологии/ 2. Вычислительная техника и программирова­ние

Бейсембай Т.Б, Керімақын А

Алматы Технологиялық Университеті

 

Теориялық информатика негіздерінен электронды окулық құру технологиясы

 

 

1. Мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне

қолдану мүмкіндіктері

         Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы т.б.

         Электрондық оқулықтар қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.

         Осы уақытқа дейін бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеуші, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданып келеді. Бұл программалар оқушының өздігінен оқып-үйренуіне және өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

         Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан көрі графиктік ақпараты көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасады.

 

        Электрондық оқулықтың құрылымы

         Біз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренуші сынақ немесе эмтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесі үш түрде өрнектелетін болады:

1.            материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2.            материалдың кескін түрде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3.            өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

         Материалдың мұндай түрде бейнеленуі оқушының есте сақтау қабілетінің дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игі әсерін тигізді. Ал енді электрондық оқулықтың элементтеріне жан-жақты тоқталайық:

-                сыртқы беті;

-                титульдық экран;

-                мазмұн;

-                аннотация;

-                оқу материалының толық баяндалуы (кескіндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

-                оқу материалының қысқаша мазмұны (кескін курс түрінде берілуі);

-                қосымша әдебиеттер (оның тізім ғана емес, мәтіндерді де енгізуі қажет);

-                өзіндік білімді тексеру жүйесі;

-                өзіндік бақылау жүйесі;

-                мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

-                авторлар тізімі;

-                терминдік сөздер;

-                оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

-                оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

 

        Сыртқы беті түрлі-түсті бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан безендірілуі қажет. Ол үшін графиктік қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендірілуі қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы білім мекемелері (мысалы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгісі, баспаға тапсырылған күні, оқулық авторларының мекемелері туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негізгі құрылымдық бөліктерін шағын түрде үйренушінің оқуына жеңіл болатындай етіп көрсету қажет. Сонымен бірге мазмұн басқа бөлімдерге өтуді қамтамасыз етеді.

-  білімді өзіндік тексеру жүйесіне;

-  аралық.

 

2. Функционалдық қолданылуы

 

        Жоғарыда келтірілген электрондық оқулықтың құрылымдарын оларға қойылатын талаптарды сараптай келе отырып келесідей құрылымдағы oқулық жасалынды. Оқулықты бұндай логикалық құрылымдарға бөлу оның құрылымын зерттеуге, түсінуге мүмкіндік береді.

        Бұл құрылған электрондық оқулықты, жалпы алғанда, үш негізгі ішкі жүйеге бөлуге болады:

-                            «Дәріс»;

-                            «Зертханалық жұмыс»

-                            «Тестілеу»;

-                          «өзін-өзі тексеру ».

-                         Бұл электрондық оқулық  «Теориялық информатика» пәні бойынша ақпарат алушыларға және осы обылыста білімін толықтырушыларға арналғандықтан жасалынды.

        Осы оқулық оларға «Теориялық информатика»  пәні бойынша мәліметтерді, тілде кездесетін кейбір сөздер түсініктемесін алу және білімін тексеру үшін толық негіз бола алады.

     

  

                 

 

        «Теориялық информатика» пәні бойынша бұл бетте  «Дәрістер», «Зертханалық жұмыстар», «Тестілеу», «Өзін-өзі тексеру » тесттері енгізілген  сонымен қатар дәріске сәйкес бес  дәріс зертханаға сәйкес бес зертханалық жұмыс қойылған жәнеде «Теориялық информатика» пәні бойынша жалпы тест сұрақтары берілген тест сұрақтары арқылы пәнінен алған білімін тексеруге толық мүмкіндік  бар бұл электрондық оқулық арқылы осы  пәнді  толық түсініп  және мақсатымен таныса аласыз.

        Сол себепті электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

        Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуте болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

 

Пайдаланылған әдебиттер тізімі

 

1. Информационные технологии управления : Учебное пособие для вузов/ Под

ред. проф. Г.А. Титоренко. – 2-е изд, доп. – М.: Юнити-Дана, 2004 - 439 с.

2. Информатика негіздері журналдары

3. www.nci.kz/content/elektrondyk-okytu