Сланбекова А.Е., Каменова Ш.К., Аманкелди Д.Б.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

КИІЗ ҮЙДІҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ СЫЗБАСЫ

ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІ

 

Компьютерлік модельдеу – қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Қазіргі таңда кез-келген адамның қызмет ету облысында қай дәрежеде болмасын модельдеу тәсілдері қолданбайды деп айтуға болмайды. Әсіресе, ол әртүрлі өндірістермен және жүйелермен басқару негізіне, яғни онда келіп түсетін ақпараттардың негізінде қабылданатын шешімдер жатады. Сондықтан, ғылыми-практикалық зерттеулерде компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол инженер мамандардың білуге тиісті жобалау, талдау, сараптау іс-әрекетінде маңызды міндет атқаратын таным құралдарының ең қуаттыларның қатарына жатады. Компьютерлік модельдеудің мән-мағынасы, маманның нақты объектіні практикада толық зерттеу мүмкін емес жағдайда, оны есептеу алгоритмдерінің көмегімен компьютер арқылы іске асыратын, сол нақты объектіні математикалық модельмен алмастыру болып табылады.

Қазіргі кезде ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір адамға сапалы терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Арғы - бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады.

Киіз үйдің өзін, оның негізгі сүйегінің әрқайсысын алып қарасақ, барлығынан геометриялық бейнелерді көруге болады. Оның негізгі бөліктері, тіпті ішіндегі жиһаздары геометриямен тығыз байланысты. Алдымен киіз үйдің құрылымы мен түрлеріне қысқаша тоқталайық.

Киіз үйдің даму сатысы бойынша айтсақ. Киіз үйдің алғашқы үлгілері - қостар конус тәрізді, одан кейін қиық конус тәрізді, кейінгі үлгісі төменгі бөлігі цилиндр, ал жоғарғы бөлігі қиық конус тәрізді болған [1].

Шаңырақтар әр түрлі (1 - сурет) болғанымен, олардың шеңберлерін (1) айқасқан үш параллель доғалар керіп тұр. Бұл параллель доғалар шаңырақтың күлдіреуіштері (3) деп аталады. Параллель күлдіреуіштердің қиылысуынан пайда болған төртбұрыштар ромбыны құрайды. Күлдіреуіштер кепілдіктермен (2) бекітілген. Бұл кепілдіктер бір түзудің бойында жататын нүктелер тәрізді.

 

1 – сурет Шаңырақ көрінісі

 

Киіз үйдің көп тараған, мейлінше жетілдірілген үлгісі - ақ боз үй. Ол биіктігі 135 - 140 см - дей 15 басты алты керегеден, күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250 см - дей, 80 - 90 уықтан, диаметрі 180 - 190 см - дей шаңырақтан, босаға, маңдайша, табалдырыққа бекітілетін қос қанатты ағаш есіктен (сықырлауық) құрастырылады.

Шаңырақ деп жоғарғы жағынан бірнеше күлдіреуішпен бекіткен дөңгелек ағашты айтады. Үйдің төбесіне жаңбыр іркілмес үшін 45 градус шамасында иілген ағаштан күлдіреуішпен орнатады.

Уық – кереге мен шаңырақты байланыстыратын шатыры. Кереге – уықтың төменгі басын бекітіп, үйдің барлық салмағын көтеретін іргесі, қабырғасы. Керегенің жайылған кездегі формасы - тік төртбұрыш, ал айқасқан ағаштары параллель және қиылысушы түзулер құрайды. Ал қиылысудан пайда болған тор көздер ромбыны береді. Яғни керегенің тор көздері - қабырғалары тең, қарама - қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш.

Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі, тіпті оның ішіндегі жиһаздары да геометриялық фигураларға, геометриялық денелерге ұқсайды. Киіз үйдің жабу әбзелдері де геометриялық фигураларды береді.

Киіз үй сан мен сапаны қамтыған тағылымы биік, танымы терең, табиғи көркем туынды. Енді осы геометрияны компьютерлік модельдеу технологиямен байланысы жайлы айтасақ. Қазіргі уақытта компьютер – модельдердің іске асырудың барлық белгілі тәсілдерін қамтитын, әмбебап құрал. Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуының, модельдеуге ұшыратылуы мүмкін процестердің күрделілігі деңгейін күрт жоғалтқанына күмән жоқ. Компьютерлік моделдеудің мәні құбылыстың, объектінің, жүйенің процестің сандық және сапалық сипаттамаларын практикалық қызметте пайдалану үшін жарамды түрде алудан тұрады.

Модель – нақтылы объекттің немесе объектті құрайтын бөлшектердің өзгеру заңдарын, олардың байланыстарын бейнелейтін құбылыстардың тұрпайланған аналогы болып саналады. Модельді құру және оны талдау – модельдеу деп аталады. Модельдеу барысында экономикадағы, өндірістегі, қаржы салаларындағы, қызмет көрсету жүйелеріндегі көптеген проблемалардың шешімдері табылады. Модельдеу арқылы жасалған жоспарларды, жобаларды, ұсыныстарды тексеруге, өзгертуге болады.

Модельдеу (моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр-түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Объектіні құру үшін Line сплайны пайдаланылады. Line құрылғаннан кейін оны ерекшелеп, Modify қойылмасында Line жанындағы + белгісін шертеміз және әрбір объект жасағанда осы әрекетті орындаймыз.

Объектінің көрінісін 3D max ортасында әртүрлі терезелерде көруге болады. Яғни жасалған объектіні үстінен, алдынан, сол жағынан және perspective терезелерінен көре аламз. Бұл бізге объектінің моделі түзу, өлшемдері нақты шығу үшін қажет.

2 – сурет. 3D max ортасындағы көрінісі

Рендерингтің негізгі мақсаты өмірдегі бейнеге максималды ұқсас моделін құру. Яғни top, front, left терезелерінде жасалған бейнені көрнекі етіп корсету үшін рендерингті пайдаланамыз. Сонымен қатар рендеринг терезесінде жасалған объектіге фон қоюға және оны jpeg, bmp форматтарында сурет ретінде сақтауға болады [2].

Render батырмасын басқанда Rendering орындалады да, процессті көрсететін терезе пайда болады. Rendering әрекеті орындалған соң perspective терезесінің көрінісі (3 – суретте) көрсетілген. Рендеринг батырмасын басқанда барлық орындалған жұмыстың процесі көрсетіледі. Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 1. Сурет рендерлеу. 2. Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, немесе одан да көп камерелар көмегімен түрлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Біздің жағдайымызда суретті рендерлеу.

3 – сурет. Rendering әрекеті

Киіз үйдің моделін ұсынудағы мақсатымыз жас ұрпаққа баба мирасының көне көзін жаңа түрде ұсыну. Ақпараттық технологияның дамыған заманында киіз үйдің моделін дәл осындай көріністе ұсыну жас ұрпаққа ақпарат жеткізудің ұтымды түрі деп санаймыз.

 

 

Әдебиеттер:

1.       Арықбаева А.С. Қолөнер үлгілері.//«Елорда» Астана-2005.

2.       Кротова А.Ю. 3ds Max 2009 для начинающих. – СПб.: БХВ-Петербург, 2009. – 352 с.: ил.