Абильдина С.К., Абылайхан С.М.

Қарағанды қ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қашықтықтан оқыту – оқытудың жаңаша түрі

 

Біз оқытудың жаңа формасы – қашықтықтан оқыту жайында сөз қозғағалы отырмыз. Оның негізі болып компьютер, интернет технологиялар табылады. Бұл әңгіменің негізгі өзегі тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік дамуы, білім беру жүйесінде өз бетімен сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру болады /1/.

Интеллектуалды ойлауды дамытудың мақсатты бағыты, сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру тұтас білім беру жүйесіне жатады. Компьютер, теледидар адамның ойлауын жүзеге асырудың құралы болып қана табылады. Олардың қалай әсер ететіні біздің өзімізге байланысты. Әсіресе ол білім беру жүйесі үшін маңызды.

Оқытудың кез-келген жүйесі алдымен педагогикалық ғылымдардың – педагогика, дидактика, жеке әдістемелер сонымен қатар педагогикалық психология, базалық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді. Қашықтықтан оқыту жайында сөз қозғай отырып, оның қазіргі қоғамда қалай даму үстінде екеніне тоқталуды жөн көрдік.

Ақпараттық қоғамда қашықтықтан оқыту формасы үздіксіз білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Сондықтан оқытудың осы формасының қандай ерекшеліктері бар екенін, қазіргі қоғам өмірінде қашықтықтан оқыту формасы қандай роль атқаратынын білу маңызды.

Ол үшін базалық түсініктерді анықтап, әр елде білім берудің қазіргі жүйесінің даму тенденциясын зерттеп, біздің елімізде қашықтықтан оқытудың дамуына баса назар аударған жөн.

Қашықтықтан оқыту бұл оқушы мен оқытушы немесе білім алушы географиялық бөлінген оқыту процесі, ол оқыту процесін ұйымдастыруға арналған баспа және электронды құралдарға сүйенеді. Қашықтықтан оқыту – қашықтықтан білім беру және қашықтықтан білім алудан (оқушылардың танымдық әрекеті) тұрады, яғни оқыту процесіне мұғалім мен оқушы қатысады. Қашықтықтан оқыту формасын анықтайтын негізгі факторлар:

1.                 оқытушы мен білім алушы ара қашықтығының бөлінуі;

2.                 оқытушы мен білім алушының күшін біріктіруге қабілетті оқыту құралдарын қолдану және курс мазмұнын игеруді қамтамасыз ету;

3.                 оқытушы мен білім алушы арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ету /2/.

Біз қашықтықтан оқытуды оқытудың жаңа формасы десек те, ол модернизация тіпті, үздіксіз білім беру жүйесінде өзінің орны бар, ешкім оны өзгертпеген сырттай бөлімнің аналогы болып табылмайды. Бұл оқыту формаларының айырмашылықтары төмендегі факторлардан көрінеді:

1.        Қашықтықтан оқытудың кілт сөзі болып интерактивтілік табылады – оқу процесінде оқытушы мен білім алушының, білім алушы мен білім алушының үнемі жүйелі түрде бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Сырттай оқуда интерактивтілік эпизодты ғана болады. Қашықтықтан оқыту формасында интерактивтілік екі деңгей бойынша жүзеге асырылады: оқытушы мен білім алушының, білім алушы мен білім алушының бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау деңгейінде және білім алушылардың қолданылатын оқыту құралдарымен негізінен электронды құралдармен қарым-қатынас жасау деңгейінде. Қарым-қатынастың екінші формасы оқытудың кез-келген формасында мүмкін болады.

2.        Сырттай оқыту курсы және қашықтықтан оқыту курсы оқу материалын ұйымдастыруы, құрылымы, оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара қарым-қатынас тәсілі, оқыту процесінің ақпараттық-білім беру ортасын ұйымдастыруы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

3.        Білім алушылардың танымдық әрекеттерін басқару жүйесі Интернет ұсынған қызметтерді қамтиды.

Қашықтықтан оқытудың анақтамасында біз мынаны көрсетеміз, басқа да кез-келген білім беру жүйесіндегідей, мұнда да оқытудың қабылданған тұжырымдамасы шеңберінде оқытушы мен білім алушының, білім алушы мен білім алушының арасында өзара байланыс орнайды, бірақ бұл байланыс интернет-технология немесе басқа да интерактивті технологиялар көмегімен жүзеге асады.

Қашықтықтықтан оқыту - білім, білік дағдыларды игеру процесі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен білім алушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады /3/.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Білім алушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді жылдамдықпен өз бетінше жұмыс жасайды. Сондықтан білім алушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қашықтықтан оқытудың технологиялық, мазмұндық және ұйымдастырушылық деп аталатын үш негізі бар.

Технологиялық негізі материалдық базасыз және бағдарламалық қамтамасыз етусіз мүмкін емес.

Мазмұндық негізі көп шығынды талап етеді. Бұған қашықтықтан оқыту курсы түрінде ақпараттық ресурстар, арнайы сайттар мен порталдар құру енеді.

Ұйымдастырушылық негізі қашықтықтан оқыту оқытушыларын оқыту мен қайта даярлауды, оқыту процесінде студенттерді педагогикалық сүйемелдеуді көздейді, яғни оқыту процесін ұйымдастыру мен өткізу /1/.

Сонымен, қорытындылай келе қашықтықтан оқыту технологиясы бізге білім беруді демократиялық етуге, біздің мемлекетіміздің әрбір тұрғынына білім, кәсіп алуға, өзінің мәдени және кәсіби деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.        Теория и практика дистанционного обучения: Учеб.пособие для студ. Высш. Пед. Заведений / Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева; Под ред. Е.С.Полат. – М.: Изд.центр «Академия», 2004. – 416с.

2.        Дистанционное обучение. Учеб. Пособие /Под ред. Е.С.Полат.-М.:Гуманист. Изд.Центр. ВЛАДОС, 1998. - 192с.

3.        Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. 194с.