Бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекетін қалыптастыру барысында зерттей оқуға
үйрету тәсілдері
Абдикаева Айгерім Шайхидинқызы
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
педагогика
ғылымдарының магистрі, оқытушы
Рысбаева Гулнара Исаханқызы
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
педагогика
ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қазіргі таңда
Қазақстан
Республикасында білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес мектептегі
оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекте
бұрынғыдай
оқушыны пәндік білім, білік және
дағдылардың
белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес,
оқушының оқу әрекетін дұрыс
және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас
тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға
қойылып отыр [ 1,66].
Қазіргі кезде
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
өміріндегі
түбірлі
өзгерістерге
байланысты білім жүйесінде және
оның мазмұны мен
оқыту технологиясында
да өзгерістер болып жатыр [2,4].
Бастауыш
білім берудің негізгі
міндеті – білім
алушының
даралығын ашу және
оқу әрекетін игерту.
Бастауыш білім – үздіксіз
білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екендігін
ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемде білім, білік,
іскерлік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат,
қоғам, өзін қоршаған дүние туралы танымын
қалыптастыру, оқушының жеке басының
қасиеттерінің негізін
қалап, оны жан-жақты дамыту, жоғарғы ізгілікке
тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы. Қазіргі кезде
бастауыш сынып мұғалімдері оқу әрекетінің
табиғатын теориялық және практикалық
тұрғыдан жете меңгеруі қажет. Себебі, оқу
әрекетінің негізі осы кезеңде қалыптасады.
Оқу әрекетінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:
1. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары
түрінде құрылуы;
2. Оқу әрекетінің бұрын танылған білім мен білікті
онан әрі игеруге бағытталуы;
3. Оқу әрекетінің негізгі мақсаты – білім беру,
оқуға үйрету;
4. Оқу әрекетінденақты нәтижемен қатар,
нәтижеге жету барысының ескерілуі;
5. Оқу әрекетінде жаңалықтың ашылмауы дегеніміз
– ол жаңалықтың тек оқушылар үшін ғана
жаңалық болып, ғылым үшін жаңалық болмауы;
6. Оқу әрекетінде дербестіліктің деңгейінің
төмен дәрежеде болуы;
7. Оқу әрекетінде тексерудің процесті тұтас
қамтуы;
8. Оқу әрекеті – мөлшерлі әрекет.
Оқу әрекетін жүзеге асыру барысында оқушыларда
мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік,дербестілік,
шығармашылық, ұжымшылдық, тәртіптілік, икемділік,
тұрақтылық, табандылық т.б. сияқты
тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Білім алу,
іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекеті
арқылы ғана болады деу – біржақты түсінік. Себебі ол
басқа әрекеттерге де тән. Әрекет – жеке адамның
белсенді түрдегі жұмысының қорытындысы. Әрекет
психологияда дамыта оқыту идеясымен тығыз байланысты. Себебі, ол
түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір
мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекет
дұрыс болуы үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің
оған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін... анықтап
алуға тиіспіз».
Ал көрнекті психолог-ғалым
Д.Б.Эльконин оқу әрекеті баланың психологиялық дамуын
шапшаңдататын жетекші әрекет болумен қатар, қорытынды
жаңа өзгерістер осы кезеңге тән екенін ерекше айтып,
оның төмендегідей компоненттерін көрсетті: оқу таным
мотиві, оқу есебі және оқу әрекетінің оперативті
құрамын құрайтын оқу операциялары – талдау мен
бағалау.
Оқу
әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының
дамуына кем дегенде төрт жағдай әсер етеді. Олар:
1. Ғылымның даму деңгейі;
2. Қоғамның жас ұрпақтарға ғылыми
білім беруді қажетсінуі;
3. Нақтылы қоғамның материалдық
мүмкіншілігі;
4. Психология-педагогика ғылымының даму деңгейі.
Олай болса, оқушыларға
нені, қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр.
Зерттеуші И.Я.Лернердің айтуынша, әрбір оқушы
төмендегідей білім мазмұнының түрлерімен танысып,
игеруі тиіс:
§
Білімдік әрекет түрлерін жүзеге асыру;
§
Шығармашылық әрекет;
§
Қоршаған ортаға сезіммен тәжірибелері.
Ал, көрнекті педагог Ю.К.Бабанский
әдісі адам әрекетіне сипаттама беру элементіне сүйеніп,
мынадай әдістемелер береді:
§
Оқу танымдық әрекетін ұйымдастыру
және жүзеге асыру әдістері;
§
Оқу танымдық әрекетіне ынталандыру
және қызығушылықты дамытатын әдістер;
§
Оқу танымдық әрекетінің
тиімділігі үшін талдау және өзін-өзі талдау
әдістері.
Бұл
әдістердің барлығы да оқу әрекетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осындай
күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың
ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау сөйлеумен тығыз
байланысты. Ол белсенді оқу әрекеті арқылы іске асады.
Оқу
әрекеті – адамзат баласы жинақтаған тәжірибені
меңгеру. Қазіргі кезде білім беру мақсаты мен
міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі
өзгешеліктері бар. Ол білім, іскерлік, дағдыларды меңгертудің
негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету
міндеттерін шешуді көздейді.
Психология
ғылымдарының соңғы зерттеу нәтижелеріне
сүйене отырып, оқу тапсырмаларының орындалуының
төмендегідей инвариантты тізбегін беруге болады:
а)
Талдау (белгілі, белгісізді анықтау);
ә)
Мақсат (оқу тапсырмаларын
орындағанда неге үйренетіндігін
анықтау);
б)Актуализация /өзектілеу/ (тапсырманы орындауға қажетті
ережелерді,
заңдарды, іскерлікті еске түсіру);
в)
Жоспарлау (әрбір талапты
орындау, амалдар реттілігін белгілеу);
г) Орындау;
д) Тексеру (нақтылы нәтижені
және орындалу барысын тексеру);
е)
Бағалау (мақсатқа
жетті ме, жетпеді ме, оның сапасы).
Бұл
инвариантты оқу тапсырмаларын орындау тәсілдері оқулық
таңдамайды. Оқу тапсырмаларын орындаудың әрбір
кезеңін бастауыш сынып оқушылары сапалы меңгеріп, өз
беттерімен әрекет жасауға мүмкіндік алады. Ол үшін
арнаулы жұмыстар жүргізіледі. Солардың нәтижесінде
оқушылар дербестілікке ие болады, уақыт үнемделеді,
жұмыс шапшаң жүреді, нәтиже сапасы жоғары болады, оқушылардың
өздеріне деген сенімі артады, батылдыққа , табандылыққа
үйренеді.
Оқу процесін
ұйымдастырушы
мұғалім
үшін
іс-әрекеттің
құрылымын білу өте
маңызды. Оның
негізгі
компоненттерінің
тізбегін беруге болады. Олар: мотив, мақсат,
міндеттер, мазмұн, құралдар, түрлер, әдістер және
амалдар нәтижесі.
Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек
қана мұғалім
емес, оқушылар да меңгеруі тиіс. Әрбір
компоненттің өзіндік
ерекшеліктерін және іс-әрекетте алатын орнын субъекті
ой елегінен өткізгені жөн.
Оқыту процесінің екі жақты үрдіс
екенін ұдайы есте
сақтай отырып,
алға қойған мақсатқа мұғалім мен
оқушының
бірлескен әрекеті арқылы жүзеге
асыруға батыл қадам
жасау қажееттілігі - бүгінгі күннің
талабы. Өкінішке орай,
көп жағдайларда таным
әрекеттеріне
оқушылар белсенді
араласа алмай, енжар бақылаушы, тыңдаушы,
орындаушы күйінде қалып
отыратын жағдайлар жиі
кездеседі. «Білім
алуға үйрету» оқытушы қызметі, « Білім
алуға үйрену, оны жүзеге асыру» оқушының
іс-әрекетін танытады.
Мұғалім оқушыны білім алуға үйрете алмаса, онда ол оқулықтың мазмұнын айтып берумен ғана
шектеледі.
Оқу
іс-әрекеті қалыптасуының негізгі шарты – балада, білім,
ептілік және дағдыларды игеруге деген саналы сеп-
түрткілердің оянуынан. Бала дамуына қоғамдық
ықпал жасаушылар- әрдайым ересектер. Адамзаттың
қоғамдық тәжірибесін бала әрекет-
қылығы мен іс-әрекетін бағыттауға арналған
белсенді процесс- оқыту деп аталады. Ал осы процестің жеке адам
қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруға бағытталуы –
тәрбие ұғымын туындатты. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру және жүргізу – педагогика
ғылымының зерттеу
аймағы [3,92].
Оқытудағы
зерттеу әдісі – оқушыларды айналадағы
құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды
тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйретуде
зерттеу элементін қолдану. Оқушының белсенділігін,
қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын
дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады [4,162].
Оқушының зерттеу
әрекеті – білім беру міндеттеріне қол жеткізетін білім
беру технологиясының басты
құралы - зерттеу
жұмыстары. Зерттеу жұмыстары оқушылардың алдын-ала
белгісіз оқу –зерттеу жұмыстарын жүргізуді
көздейді. Бұл
зерттеу жұмыстары қоршаған ортаның нысандары немесе құбылыстары туралы
оқушының
түсінігін
қалыптастыруды немесе кеңейтуді мақсат етеді.
Зерттеу жұмысы мынадай
кезеңдерден тұрады (зерттеу салаларына
тәуелсіз): ғылым
саласындағы
зерттеулерге тән:
мәселенің қойылуы,
(немесе басты мәселенің
анықталуы), таңдалған
тақырыпқа
байланысты теориямен танысу, зерттеу жұмысының
бағыттарын болжау,
әдістемені таңдау және
оларды практикада меңгеру, өз материалдарын жинау оған талдау
жасау және жалпылау, өз тұжырымдарын
қорытындылау.
Зерттеу әрекеті – зерттеу жұмыстары технологиясы негізінде жүзеге асырылатын білім беру
үдерісі. Оның
негізгі мақсаты мынадай: 1)оқу материалындағы маңызды мәселелерді
немесе немесе түйіндерді анықтау; соған
сәйкес оқу үдерісін ұйымдастырудың
модельдерін анықтау; 2)
зерттеу нысаны бойынша
болжам жасап,
жұмыстың
бағдарын анықтай
білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту; 3)
дәлелдер немесе алғашқы дерек көздерді- (материалды жинау
әдістемесі, салыстыру т.б.) талдау негізінде дұрыс
шешім қабылдау [5,29].
Зерттеу әрекеті – шынайы әлем
мен тіршілік иелері
арасындағы өзара
әсердің іргелі формаларының бірі, ол сол әсерлерді танып білуге, адам
әрекетінің нағыз
мәнін түсінуге бағытталған. ( А.Н.Поддьяков ) [5,29].
Зерттей
оқу дегеніміз – баланың қоршаған ортасын өз
бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде
құрылған оқытудың негізгі тәсілі.
Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты –
оқушының адамзаттық мәдениеттің қай
саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс -
әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін
қалыптастыру.
Олай болса, оқушылардың
оқу әрекетін қалыптастыру барысында зерттей оқуға
үйрету тәсілдерінің тиімділігін зерттей келе мынадай
ұсыныстар жасадық:
§
Сұрақ қойып, жауап іздеуге,
болжамыңды ұсынуға, бақылау жасауға, эксперимент
жүргізуге, қорытынды шығаруға, дәлелдеуге,
өзінің пікірін қорғауға үйрету;
§
Әртүрлі әдістерді қолдану:
бақылау жасау, эксперимент жүргізу, «мен не білемін?», «тағы
не білуіме болады?», өз білетіндерін жазып қою, суретін
салуға ұсыну. Бақылау кезінде түрлі
құралдар қолдану. Олар: сағат, тұсбағдар,
телескоп, микроскоп, дүрбі, түрлі электронды құралдар.
§
Тақырып бойынша не білетіндігі туралы
ойлануға болады. Нені зерттеп отырғандығын ойлау.
§
Ақпарат көздерінен қарауға
болады, энциклопедиялардан, интернет желісінен қарау, достарынан, ата -
әжесінен, аға- апасынан сұрау, тақырыпқа
байланысты кинофильмдерден қарау.
§
Эксперимент жоспарын ойлау.
§
Неге бұл тақырыпты таңдады?
Түрліше
көрнекіліктер қолдану: сызбалар, макеттер, суреттер,
көрнекіліктер, эскиз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Жексенбаева Ү.Б., Игенбаева Б.Қ., Ниязова
Г.Б. Оқушыларды зерттеушілік оқытудың технологиясы.-Астана,
2006.- 48б
2.
Бап-Баба С. Жантану негіздері. -Алматы, 2004.-302б.
3.
Қаңтарбай С.Е. «Болашақ
мұғалімдерді оқу әрекетін тәрбие міндеттері мен
үйлестіру құралы ретінде қалыптастыруға даярлау»
//«Білім мен тәрбие беру үдерісіндегі этномәдени
құндылықтардың рөлі мен маңызы»атты
республикалық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.-Ақтөбе,
2009.-468б.
4.
Тұңғатова Ғ.Ж. Оқу-зерттеу
әрекетінің негізгі ұғымдары// Мектептегі ғылыми
жұмыс.-2009.-№5.-29-32б.
5.
Поддьяков А.Н. Зерттеудің
мінез-құлқы, парасат және шығармашылық//
Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстары.-2002.-№2. .29б.