ИНТЕРАКТИВТІ
ОҚЫТУ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ СУБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІҢ
ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
Беркенова Г.С.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы.
Абдигалиева А.К.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім
сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін
анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн
тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі
қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге
қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып
отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік
маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай
экономика дамымайды.
«Өткенге
қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз»
демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының
педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі –
білім алушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру,
ал екіншісі білім алушының өздігінен оқып, ой-өрісін
тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан
педагогтің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты
дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Талантты дер
кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы
ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын
табуға көмектесу қажет.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің
қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану,
оқытуды білім алушы жеке тұлғасына бағытталу, ал
оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға
бейімдеу болып отыр. Демек,білім алушы білімді дайын күйінде педагог
түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық
"жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау
негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде білім
алушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен
көзқарасы қалыптасуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
таңдауда көп нұсқалық қағидасына
педагогтардың өзіне ыңғайлы нұсқаны
қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім
сапасының алдында шығармашылық бағытта
жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
міндеті тұр [1]
Шығармашылық жұмыс жасауға
қатысу, білім алушылардың танымдық деңгейін,
шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін
басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын
қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа,
өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді білім алушының
бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы
дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті
оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Бiздiң
ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты,
бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға
тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта білім
алушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн
әдiстемелiк тәсiлдер интерактивтi деп аталып жүр. Бұл
әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен,
өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактивті
оқыту ағылшын тілінен енген («interactive», «inter» өзара
«active» «ast» әрекет ету). Осылайша интерактивті әдістер терминін
білім алушылардың өзара әрекет етуіне мүмкіндік беретін
әдіс деп аударуға, ал өзара қатынасқа
арналған оқытуды интерактивті оқыту деп атауға
болады. Интерактивті әдістемелердің
негізгі мәні оқытудың оқытушымен қоса
барлық білім алушылардың өзара қатынасынан
тұратындығында. Оқытудың бұл әдістемесі
оқытудың тұлға бағытталғаны болып табылады.
Өйткені бұл бірігіп оқытуды яғни ұжымды, бірлесіп
оқу, серіктесіп оқытуды білдіреді. Бұл жағдайда білім
алушылардың өзі де, оқытушы да оқу
үрдісінің субьектісі болып табылады. Білім алушылар көбінесе
оқу үрдісі кезінде ұйымдастырушы рөлінде, фасилитатор,
топтың басшысы, көмекші, студенттердің бастамасына
түрткі болушы ретінде ғана орын алады.
Интерактивті оқыту
әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған
мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың
өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын
қанағаттандыру керек.
Оқытуды
ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені
білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау,
оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату
және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып
жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап
алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес.
Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында
икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол
үшін оқыту білімді білім алушылардың өздігінен оқып-үйренуге
бағытталуы керек.
Интерактивті
оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу.Яғни, үйрене бiлу – қажеттi
дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi
болып табылады және барлық дамыған және дамушы
елдердегi азаматтар үшiн қажет.Екінші жағынан,
құстың қос қанаты сияқты
оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса,
екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек
білім алушылардың дербестігін
құраса, екіншісі белсенділікті береді [2]
Педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың
тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде білім
алушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып,
өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның
дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың
қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері
ретінде білім алушылар өз міндеттері мен құқықтарын
түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп,
топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің
субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға
болады.Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары
қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Педагог
психолог-ғалымдардың
айтуынша,білім алушылар білімді төрт түрлі жағдайда алады
екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық
ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез
арқылы бұйым құрастыру немесе өнім
жасау. Интерактивті оқыту әдістері білім
алушыларға рольдік ойындар
арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол
ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде
шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды,
дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап,
сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек
мүмкіндік береді [3]
Қорыта айтқанда
болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық
үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы.- 2007жыл, 26 маусым
«Қазақстан мұғалімі» газеті.
2. Панина Т.С.,
Вавилова Л.Н. Современные способы активизации обучения. – М.: Издательский
центр «Академия», 2007.-176с.
3.
Құдайбердиев Т.К. Проблемы реализации инновационных процессов в организациях оброзования: Материалы науч.-практ.конф.-Караганда,2004