Жеке тұлғаға ұлттық
құндылықтар арқылы тәрбие беру
ҚазҰПУ-нің аға
оқытушысы Сраилова Г.М., Алматы,
Қазақстан.
Қазіргі кезеңде жас өспірімдерге әлемдік деңгейде өркенниеті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сыңыру ғаламдық мәні бар проблемаға айланып отыр. Бүгінгі қоғамдың талабы адам тәрбиесіне мазмұнмен қарау және жастарды жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Тәрбие деген сөздің ұғымы өте кең. Оқу тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, рухани-адамгершілік тәрбие. Ұрпақ тәрбиесі бүгінгі таңда білімнің шынайы міндетіне жауап беруы тиіс. Қазір адамдардың санасы жоғары, ғылым техникалық дамудың шарықтап турған кезеңі, компьютер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Рухани жақтан бай адамдарды, ұлттық рухы жоғары, рухани ұстаз секілді тіркестермен байланыстырып айта отырып, рух деген нәрсенің адам денесіндегі қасиет екендігіне көз жеткізуге болады. Оның адам бойында кездесетін барлық жақсы ерекшеліктерімен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі. Жаратылыстың өзі берген адам бойындағы өзгеше қасиеттері рухтан туындайды да барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады.Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан балдырған, жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір заңдылықтарын үйренеді әдептілік, шындық, мейірімділік, ізеттілік, қонақжайлылық, құндылықтармен тәрбие алып, халқымыздың қалыптасқан асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру әрбір тәрбиеші ұстаз, халық педагогикасын сан ғасырлар, қалыптасқан салт‐дәстүрлерді, әдет‐ғұрыптарды, жан‐жақты, терең білу мен қатар, оның бойына адамгершілік қасиеттерді терең сіңірген рухани жаны таза адам болуы шарт .
Ұрпақ тәрбиесі күрделі тәрбие,айталық ұлтымыз ұл және қыз бала тәрбиесіне жеке көңіл бөліп қараған. “Қыз қылығымен көрікті”, “Атадан жақсы ұл туса елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса елінің малын жейді” деген мақалдар осыған дәлел бола алады.Қазіргі жағдайларда балалардың бойында жақсы қасиеттерді дамытудың мынадай мүмкіндіктері бар:1. Адамгершілік тәрбиені кез‐келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.2.Оқудан тыс сабақтарды баланың адамгершілік асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. 3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу. Жоғарыда айтылғандай кез-келген оқу пәні баланың жақсы ісін қалыптастыру құралы бола алады, мысалы география , тарих , химия, әдебиет пәндері туралы айтатын болсақ, бұл пәндерде балалардың рухани адамгершілік тәрбиесіне деген мүмкіндігі шексіз. Ал география және биология сабақтарында ауылшаруашылық дақылдарының алуан түрін өсіретін елдер туралы айту барысында мұғалім басқа мемлекеттермен біздің ел өзара экономикалық байланыста екендігімізді түсіндіре алады. Қазіргі кезде үлкендерге баланың ынтасымен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді, бала тәрбиесіне кері әсер етуші факторлар, жат қылықты жариялайтын фильмдер кассеталар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда, мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн. Спорт, табиғатқа серуен, әсерлі әңгімелер музейге, концертке бірге бару, үйірмедегі сабақтар осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтың бағдарламасына енгізу мұғалімнің бұл сабақтарға дайындалуына қажетті қайнар көзі көп. Ол үшін өз елінің мәдени мұраларын, ауылынан шыққан ақын, жазушы, батырлар, әншілер, спортшылар туралы айтудың маңызы зор.
Шет тіліне тоқталар болсақ, мейлі ол неміс тілі, не ағылшын тілі болсын ең әуелі балалардың бойында осы шет тілге деген қызығушылық сезімін тудыру керек, шет тілін оқуға кіріскенде басы оңай көрінгенмен, сабақ күннен- күнге күрделілене береді, міне осы кезде олардың ынтасы қиндықты көтере алмай төмендей береді. Сондықтанда, оқушылармен шет тілінің пайдасы туралы тәрбие жұмыстарын үзбей отыру керек. Ол үшін сабақ үстінде, атақты ұлы адамдардың шет тілді қалай оқығандары және қазіргі кездегі полиглоттар туралы айту арқылы оқушылардың шет тілін оқуға деген қаблетін, ынтасын арттыруға болады. »Кез келген тіл басқа тілдермен өзара әрекеттесіп дамып, жетілетінін түсіну қажет,» дейді ұлт көшбасшысы Қазақстан халқына жолдауында.Сонымен бала мектепте оқып қана қоймайды, ол мектепте өмір сүреді. “Бала жайлы әділеттіде дұрыс ойлау үшін біз балаларды өз өресінен, біздің өремізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта біз оның рухани әлеміне үңілуге тиіспіз ”-деп жазған Н.И.Пирогов. Бұл өте дұрыс айтылған пікір сондықтан, әдепті, білімді, кішіпейіл, тәртіпті балалар тәрбиелеп шығару бізге байланысты. Кейде бала жас кезінде кейбір пәнге нашар үлгереді, бірақ өсе келе оның қабілеті өте тез жетіледі,талапсыз бала болмайды, оларға ақылшы болып дұрыс бағыт беріп отыру ата-аналар мен мұғалімдердің борышы.
Даналық сөздің ойшылы
Эпикет:»Дүниенің ең
тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып
табылады,»- деген екен. Сондықтан да ертеңгі күніміз
көлеңкесіз жарық болсын десек, бала тәрбиесіне
көңіл бөлейік.
Әдебиеттер
1.С.Ш.Әбенбаев. Тәрбие теориясы
мен әдістмесі.-Алматы.,1987ж.
2.Н.Бижанова. Ұлттық құндылық қасиеттер.-Алматы,Қазақстан мектебі №3,2007ж.
3.Ж.Ж.Ізбасарова.Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту.- Тараз,2010ж.