Педагогика /5.Современные
методы преподавания.
Профессор Н.Б.Әужанова
І..Жансүгіров
атындағы ЖМУ, Қазақстан
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
СОҚПАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушыларға
экологиялық тәрбие беру жұмыстарында экологиялық
соқпақтың да өзіндік орны зор.
Cоқпақ дегеніміз - экологиялық біліммен тәрбие беру
табиғатты қорғауға арналған алдын-ала белгіленген
маршрут және олар бойынша оқушылардың жүріп
өтетін жолы.
Биосфера
компоненттерінің арасында оқушылардың айналаны
қоршаған сыртқы табиғи ортада мінез-құлқын
қалыптастыру және денсаулығын арттыру, бірге
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттыру. Оқушыларға биосферада болып жатқан экологиялық
құбылыстағы экологиялық білімдерін дамыту;
оқушыларға биосферада болып жатқан әр түрлі
ластану процестерін, экологиялық-биологиялық
құбылыстарды. Мұғалімдер оқушыларға
биосфера компоненттеріне адамның іс-әрекетінің әсерін
көрсетіп, антропогендік фактордың не екенін
көзбе-көз түсіндіреді.
Биосфера компоненттерін аялауға баулиды. [1]. Экологиялық
соқпақ ұйымдастыратын аймақ алдын-ала жан-жақты
тексеріліп, ондағы табиғи жағдайлар ескеріледі, оған
қатысқан әрбір оқушының бойында
табиғатқа аяушылық, сүйіспеншілік сезім, дүниетанымы қалыптасады,
сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды.
Экологиялық соқпақтың ұзындығы 1,5-2
шақырымнан аспағаны жөн, егер одан ұзақ болса,
оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық
соқпақтың мектеп маңында болғаны жөн.
Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқабында
әр түрлі ландшафта қамтылып, онда сирек кездесетін
өсімдіктер мен жануарлар түрлері болуы тиіс. Сонымен бірге
экологиялық соқпақ өтетін жер антропогендік
әсерлерге ұшыраған алқаптарды да қамтыған
жөн, ластанған су айдынды, қоқыс-қалдықтар,
эрозияға ұшыраған жер, карьер, өртенген орман
алқабы немесе дала т.б. жерлер болса, сол арқылы адамдардың
табиғатқа әсеріне оқушылардың көзін
жеткізуге болады.
Экологиялық
соқпақ өтетін жер, алдын ала тексеріліп, жергілікті
жердің шаруашылық иелерімен келісіп, шарт жасасып,
заңдастырылады. Экологиялық соқпақтың ашылуына
ерекше көңіл бөлу керек, әрбір оқушының
есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай
салтанатты түрде өткізілсе ғана оқушы табиғат
алдындағы жауапкершілігін сезіне алады [2, 3].
Экологиялық
соқпақтың оқушыларға пайдасы:
·
пәннен алған табиғат туралы білімін
толықтыруға әсер етеді; табиғатқа деген
сүйіспеншілігі артып, тек сабақ үрдісінде алған
біліміне сүйенбей, оқушы экологиялық соқпақ
кезіндегі алған іс-тәжірибелеріне сүйенуіне мүмкіндік
алады; табиғатпен, айналадағы ортамен тікелей
қарым-қатынастың нәтижесінде оқушылардың табиғатқа
сүйіспеншілігі, жанашырлығы, аяушылық сезімі,
экологиялық санасы қалыптасады;
·
оқушылардың табиғат байлықтарын күтіп-баптау
жөнінде, оларды ұқыпты, үнемі пайдалану туралы
түсініктері қалыптасады.
Экологиялық
соқпақтан келгеннен кейін өз көрген білгендері,
атқарған жұмыстары жөнінде шығарма жаздырып,
оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасын
білуге болады. Бұл – оқушыларға білім берудің,
тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы.
Экологиялық
соқпақтың қазіргі кезде бірнеше түрі бар екені
анықталып отыр. Олар: табиғи қызығушылық
танымдық жолы (соқпақ), оқу-экологиялық жол
(соқпақ), туристік танымдық экологиялық
(соқпақ) және т.б. түрде болуы мүмкін.
Олардың өз алдына қойған мақсаттары мен
міндеттері бар. Табиғаттың ғылыми негізінде
қорғауға көмектеседі [4].
1. Оқу-экологиялық
соқпақтың негізгі мақсаты – экологиялық білім
мен тәрбие беру, табиғат аясында демалуды сүйетіндердің
көңіл-күйін көтеруге, белгілі бір аймақта
биосфера компоненттерін сақтауға бағытталған.
Оқу
экологиялық соқпақтар бірнеше түрде жасалынуы
мүмкін: қорықтар арасында; ұлттық бақтар
ішінде; аралық зоналарда; орман бақтары, демалыс зоналары,
қалың қамыс аймақтарында, шөл және
шөлейт зоналарда да оқу экологиялық соқпақтар
жасалынуы мүмкін.
Қорықтар
арасындағы экологиялық соқпақтардағы
ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге болады. Тақырыптарын
алғанда, олар алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы,
«Фитофагтардың алуан түрлілігі», «Насекомдардың
экологиялық жүйеленуі», «Улы өсімдіктер» т.б.
Оқушылардың
жазғы сауықтыру орыны (лагерь) орналасқан жерлерінде
оқу-экологиялық соқпағы жасалынуы мүмкін.
Оқу экологиялық соқпақтың мақсаты
экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс
ұйымдастырылуы биосфера компоненттеріне деген оқушылардың
адамгершілік көзқарасын өзгертеді. Биосфера компоненттерімен
саналы түрде қарым-қатынас жасайды. Серуен 2 немесе 3
сағат мөлшеріне есептелінеді. Қарапайым адамдарға да
мүмкіншілік туғызады. Экологиялық соқпақпен жүріп
отыру үшін сол аймақты жақсы білетін адам жолға
басшылық етеді. Барлық жағдайларды түсіндіріп айтып
отырады. Бағалы өсімдіктерді жұлмау, сындырмау,
өсімдіктердің жеміс-жидектерін үзбей және т.б.
қолайсыз жағдайларды жасамау қажет. Бұл процеске мектеп
оқушылары басшылық етеді.
2. Биосфералық танымдық-серуендер
соқпағы. Бұл экологиялық соқпақ
курорттық тынығу үйлерінің маңайында орналасады.
Негізігі мақсаты – адам мен биосфера арасындағы
қарым-қатынас, өндіріс және ауыл шаруашылықтарының
биосфераға тигізетін әсерін көрсету. Бұл
соқпақтың ұзындығ 8-10 километрге дейін созылуы
мүмкін. Жаяу жүру 3-4 сағатқа созылады.
Аймақтағы табиғат ескерткіштерімен демалушыларды таныстырады.
Сондай-ақ мәдени-тарихи ескерткіштермен таныстырады. Қыс
кезінде танымдық серуендеу экологиялық соқпақ
жұмыс істеуі мүмкін. Шаңғымен сырғанау, тебу
кең көлемде жүргізіледі. Қыстық оқу
экологиялық соқпақтары биосфера компоненттерін аялауға,
рекрациялық, ақпараттық танымдық
қызығушылық және экологиялық білім мен
тәрбие беру проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
3. Танымдық-туристік экологиялық
соқпақ. Негізгі мақсаты – адамзат баласының
биосфера компоненттеріне тигізетін әсеріне мониторинг жасау. Алған
экологиялық білім мен тәрбиені оқу процесінде қолдану.
Танымдық
серуендеу және танымдық туристік экологиялық
соқпақтар негізінен ғылыми-ақпараттық
жағынан экологиялық, ботаникалық, зоологиялық
құндылығы орасан зор болады.
Экологиялық
соқпақтардың маршруттарын таңдағанда белгілі бір
мақсат қойылады. Негізінен екі мақсат болуы шарт: тартымдылық,
ақпараттық.
Әрқашан
да осы екі қағиданы басшылыққа алып отырған
жөн. Танымдық экологиялық бағыттың белгілерінде
үш принципті басшылыққа алады.
1. Биосфера
компоненттерінің (жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар
дүниесі) алуан түрлілігі. Биосфера компонентінің
тартымдылығы.
2. Биосфера
компонентінің өзіндік биологиялық және экологиялық
ерекшеліктері.
Табиғи
экологиялық соқпақтар келушілердің
табиғатқа деген қызығушылығын арттыра
түсуіне мүмкіндік туғызатындай болуы шарт. Қорыта келе,
табиғи оқу экологиялық соқпақтарын салу бірнеше
мақсаттарға сүйенеді:
1.
Келушілерге ерекше түрде әсер етуі. Келушілердің
экологиялық көзқарастарын арттыру. Өсімдіктер
түрлерін жазып, оны анықтау.
2. Биосфера
компоненттеріне абиотикалық, биотикалық, антропогендік
факторлардың тигізетін экологиялық әсерін анықтау.
Әдебиеттер:
1.
Әбубәкіров С. Ә. Экологиятану. – Алматы: Ғылым
баспасы, 1995.
2.
Банников А. и др. Основы экологии и охраны окружающей среды. - М.: Колос,
1996.
3.
Жетісу табиғатын аялайық. – Алматы: Бекет-Ата баспасы, 1999.
4.
Қожамқұлова Ж.Қ. Экологиялық білім мен
тәрбие беру ерекшелігі. – Алматы: Бастау баспасы, 2003.