Айтжанова
Р.М., Алимжанова А.Қ.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Орта адамның дамуы - күрделі процесс. Адамның дамуына
табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи
орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам
тұрмысына қызметіне ықпал жасауы.Тропикалық ауа райы
жағдайында және ауа райы өте суық солтүстік
аймақтарда тұратын халықтардың тұрмысында
және іс - әрекеттерінде елеулі айырмашылықтар болады. Ауа
райы өте ыстық елдердің халықтары егін шаруашылығымен
шұғылданса, ал Қиыр Солтүстіктің
қатаң ауа райына шыныққан тұрғындар бұғы өсіру, балық аулау
кәсібімен айналысады. Табиғат жағдайларына байланысты
олардың мінез - құлықтарында да ерекшеліктер
байқалады. Әрине, бұл жағдайлар халықтардың
адамгершілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына зиянды
әсерін тигізбейді; Әлеуметтік орта жеке адамның мінез -
құлқының дамуына ықпал жасайтын
қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар,
олардың көп қырлы іс - әрекеттері.
Көптеген ғалымдар адамды ортаға белсенді әсер ететін,
өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын
әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Қоғамдағы адамның дамуы табиғи, әлеуметтік
орта мен адамның күрделі және өзара
әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс -
әрекеттері арқылы жұмыс жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.
Біздің
елімізде адамның қалыптасуы әлеуметтік ортаны
құрайтын шындық жағдайларында жүзеге асырылады.
Әлеуметтік орта мен мектептің ықпал жасауы нәтижесінде
дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып
қалыптасады [1].
Әрине,
әлеуметтік орта адамның қалыптасуына жоспарлы түрде
ықпал жасамайды. Сондықтан ортада стихиялық
жағдайлардың да болуы сөзсіз. Егер адамның
қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта
адамның талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Адамның
дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктердің санды табиғат береді. Бірақ нышан
өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын
факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік
өмірден тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан
жоғары болмайды.
Педагогика
адам дамытуда әлеуметтік ортаның
ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны
шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
Ғылымда
«Мәңгілік мәселе» атты термин көптеп кездеседі.
Бұл термин бірнеше жүздеген жылдар бойы шешімін таппаған
ғылыми мәселелерге арналған. Бірнеше жүздеген жылдар
бойы зерттеушілер бір сұрақты қайта-қайта қойып
оны шешуге жауап таппаса, бұл мәселе дұрыс
қойылған ба? деген пікірлер
туындайды. Осындай мәңгілік сұрақтардың
қатарына адамдағы биологиялық және әлеуметтік қатынастардың
мәселелелері жатады.
Осы мәселе психология
ілімінде мынадай атауларға ие:
·
орта және тұқымқуалаушылықтың
қатынасы;
·
тұлғадағы «хайуанаттық» дәреже және
«адамшылдық» дәрежесі;
·
тұлға дамуындағы ішкі және сыртқы
детерминация;
·
тұлға дамуындағы объективті және субъективті
факторлар;
·
тұлға қалыптасуындағы қоғам мен
даралықтың қатынасы.
Орта, қоғам,
объективтілік және тұлға детерминациясының сыртқы
факторларын жақтаушылары «адам сыртқы табиғи
күштердің негізінде тұлға ретінде қалыптасады»
деген ұстанымды қолдайды. Осы ұстанымдардан тұлға
өмірінің жалпы заңдылықтары қалыптасады.
Тұлғаның ұстанымдары кейінрек бала-бақшада,
мектепте, спорт алаңдарында және жанұяда өзгере
бастайтындығын (яғни ортада) ешкім жоққа шығара
алмайды. Басқа адамдардың қылықтарын,
қоғамдағы ұстанымын және мінезін көрген
бала сол ұстанымдардан өзіне үлгі ретінде көшірмелер
жасайды. Әртүрлі мәдениет өкілдері адамдарының
өзіндік дәстүрлері мен ұстаным стереотиптері
әртүрлі болады. Осы «сыртқы» факторларды ескермей
тұлғаның қалыптасуын болжай алу мүмкін емес.
Жоғарыда аталған фактілерден «орта» теориясының
жақтаушылар көптеген тұжырымдар ұсынады. Мысалы,
«эмпиризм» позициясы, ол бойынша бұл әлемге келген адамдардың
барлығы «таза, мөлдір тақтай» іспеттес, кейінрек «орта»
бұл тақтай бетіне өз өрнектерін салады (В. Мишель).
Әрине, әлеуметтік орта адамның
қалыптасуына жоспарлы түрде ықпал жасамайды. Сондықтан
ортада стихиялық жағдайлардың да болуы сөзсіз. Егер
адамның қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда
орта адамның талабын қаиағаттандырмайды. Сондықтан адам
өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы
әлеуметтік ортадан жинайды [2].
Баланың дамуы күрделі қайшылықтары
бар процесс болып табылады.Бқған негізгі педагогикалық
үш фактор әсер етеді.
1.
Ұрпақтарда
ата-аналарға тән биологиялық
ұқсастықтың болуы
тұқымқуалаушылық деп аталады.Мысалы: балаға
ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсі, көздерінің,
терілерінің түсі ауыса алады.
2.
Адамдардың дамуына орта
ықпал етеді.Олар: геологиялық орта, үй-іші ортасы,
әлеуметтік орта және ұжымдық орта болып бөлінеді.
3.
Тәрбие - баланың
дамуына ықпал ететін негізгі әрі шешуші фактор болып
табылады.Тәрбиенің басқа факторлардан айырмашылығы- ол
адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп
ықпал етуі.Сондықтан тәрбие адам дамуы үшін
басқарушы рөл атақарады.
Әлеуметтену процесіне бірнеше негізгі факторлар
әсер етеді.Олар: мегофакторлар, макрофакторлар,мезофакторлар және
микрофакторлар.
Мегофакторларға (мего- өте
үлкен, жалпы деген мағынаны білдіреді) космос, планета, әлем
және т.б. жатқызуға болады.
Космостың Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін
әсері ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып
келген.Бүгінде бұл жаратылыстану ғылымдарында адамдар
өмірінің космостық әсерлермен байланысы
қарастырылып, есепке алынған.
Планета,
әлем- бұлар да
әлеуметтендірудің мегофакторлары.Планета- аспан денелерін
білдіретін астрономиялық ұғым.Ең ірі
планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің
нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің
әртүрлі формалары қалыптасады.
Макрофактор (макро-үлкен деген
мағынаны білдіреді), оған ел, қоғамдық этнос,
мемлекеттің әлеуметтенуге әсерін түсінеміз. Ел-
мәдени- геологиялық феномен.
Мезофактор (мезо-орта, аралық
деген мағынаны білдіреді)-бұлар үлкен адамдар тобының
әлеуметтенуге тигізетін әсері.Оларға: этнос, аймақ,
халық жатады.
Мезофакторлардың жекеленген адамдарға әсері
арқылы төртінші топ факторы анықталады.Оны микрофактор деп атаймыз (микро-кіші
деген мағынаны білдіреді).Оған: отбасы, тәрбие институттары,
құрдастар тобы, ұйымдар жатады [3].
Адамның
дамып, жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерін санды табиғат
береді. Бірақ нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші
болатын факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала
әлеуметтік өмірден тыс қалса, онда оның даму
дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Оқу, білім алу, қоршаған ортаны тану
тұлға қалыптастыру процесімен тығыз байланыста болады.
Білімнің жиналуымен индивидтің көзқарасы
кеңейеді. Сөйтіп білімнің артуымен жеке тұлғаның
белсенділігі өседі.
Әрбір адам саналуан жағдайларда өзін
әр түрлі ұстайтын болса да, оның жеке басының
негізгі сапаларын біршама тұрақты, аз өзгереді.
Сондықтан психикалық ерекшеліктерін біле отырып, адамның
белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын
болжастыру мүмкін.
Сонымен қатар жеке адамның психикалық
процестері, психикалық жай-күйі және қасиеттері
өзара тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді болып келеді.
Адамның психикалық процестерінің, жай-күйінің
және қасиеттерінің өзара байланысы мен тәуелдігі
оның барлық кісілік сапаларының бірлікті
құрылымын жасайды.
Жеке адамдардың белсенділігінде, яғни
олардың қоршаған ортаға ықпал жасау
қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің
шығар көзі - біріншіден, адамның қанағаттандырылуы қажет
мұқтаждықтары, екіншіден, көңіл аударуды керек ететін сыртқы дүние ықпалдары. Адамның мұқтаждықтары
мен өзі тіршілік ететін жағдайлары үнемі өзара тәуелді келеді. Оның
белсенділігі қоршаған ортаның тәрбиелік ықпалынан
туындайды.
Адам
қоғамда өмір сүретін болғандықтан
оның белсенділігі қоғамдық сипатқа ие
қызметтің әрқандай
түрінде көрінеді. Адам белсенділігі жануарлар
белсенділігінен сапа жағынан ерекшеленеді. сонымен қатар адам
қоғамының тарихи дамуының нәтижесі болатын ерекше
мұқтаждықтарға да
(мәдениет, білім алу, қарым-қатынас, еңбек т.б.)
байланысты [4].
Психоаналитикалық теория бойынша даму жеке адамның
ішкі психологиялық құрылымының калыптасуына
әкеледі деді.
Социодинамикалық теория бойынша сыртқы
құлықтың жетілуі және калыптасу.
Интеракционистік теория жеке адамның даму процесіндегі
ішкі және сыртқы жекелік құрылымдары бірігіп қалыптасады деді.
Ал гуманистік теория бойынша жеке адам дамуының
шығармашылық потенциалының және ішкі еркіндігінің
негізінде көреді.
Баланың жеке даралық дамуын ашып
көрсететін теорияларды жеке-жеке қарастырайық. Психоанализде баланың жеке даралығының
қалыптасуын баланың өмірлік биологиялық
қажеттіліктерімен, оны қанағаттандыру жолындағы
конфликттермен және әлеуметтік кұндылықтарымен немесе
қажеттіліктерді қанағаттандыру жолындағы
сәтсіздіктермен байланыстырады. Психоаналитикалық теория бойынша баланың
жеке дара дамуы үш деңгейден тұрады, яғни олар
«Ол» (оно), «Мен», «Жоғары-Мен». Онтогенетикалык тұрғыда бірінші «Ол» пайда болады, яғни бала туылғаннан
бастап кейінен «Мен» - яғни сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынас
жасау барысында қажеттіліктерді қанағаттандыру болып
табылады. Бірнеше жылдан кейін «Жоғары-Мен» яғни ішкі
әлеуметтік құндылықтар мен нормалар негізінде
калыптасады [5].
Жаңа туған
сәбидің жекелігі, психоаналитикалық теориясы бойынша, бір
ғана «Ол» компонентінен тұрады. Бұл компонент туа пайда
болады, оған - инстинкт жатады. Либидо - энергияның қайнар
көзі, егер либидо энергиясының шығуы жабылса, бала қиыншылық
көреді. Психологиялық либидо қажеттілік түрінде
кездеседі. Осы қажеттіліктері қанағаттандырылса сәби
сезімдерді бастан кешіреді. Ал, бұл жердегі қажеттілікке,
яғни «Ол» компонетінің негізіне
Фрейд бойынша тамақ, су, жылу және т.б. органикалық
қажеттіліктерді жатқызады. 3. Фрейдтің
түсінігінше «Мен», «Ол» компонетінен туындайды, уақыт өте
келе ол либиозды энергиямен толықтырылады. «Мен» компоненті
индивидтің өзін-өзі танумен байланысты.
Бала бір жасынан бастап-ақ
құлықтың ережелеріне тап болады, не жақсы не
жаманын, мадақтау немесе жазалау жүйесін түсіне бастайды. Кейіннен
келе өзіндік пікірлері пайда болады, сонымен қатар
кұндылықтар жүйесі түзіледі. Міне осылар
«Жоғары-Мен» компонентіне кіреді [6].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ряхов В.Ф. «Отбасы суреті»., М., 1990г.
2. Жарықбаев
Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
3. Әтемова
Қ.Т. Әлеуметтік педагогика:Оқулық.-Алматы: 2012ж
4. Жарықбаев
Қ. Педагогикалық ізденіс. - Алматы: «Рауан», 1990 ж.
5. Елеусізов С.
Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, «Рауан», 2006ж.
6. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т-Т. I –М., 2004 г.