Минайдарова М.И. оқытушы,
Жұмашева
А.Қ. студент
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты
«Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу» кафедрасы
МЕКТЕП
ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ
Қазақстан Республикасының Ата
Заңының 27 – бабы, 2 тармағында балаларына
қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи
құқығы әр парызы Елбасымыздың
Қазақстан – 2050 атты халыққа жолдауында әкелер
мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте
ұстауға тиіспіз делінген[1].
«Отбасы»
дегеніміз тек ошақ қасы емес. Ол Оттанның ошағы.
Мың, миллиондаған отбасы «Отан» деген
ұғымды құрайды. Отаның болу
үшін жерің, үйің, елің,
мемлекетің, дінің, тілің болуы шарт.Қазақ
халқы «Отбасы – өмір тұтқасы» ұғымына
сүйенеді деуге болады.Баланың құқы
жөнінде конвенцияда отбасында бала құқын,
қорғау оған қамқорлық
жасау көрсетілген. Бала тәрбиесінде отбасында
ата-ананың ықпалы зор болса, тәрбиеші
үшін бұл ең тиімдісі. Тәрбиенің ең алғашқы
негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан
әрі жалғасады. «Жұмыла көтерген жүк
жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар
– балабақша мен отбасы.
«Баланы
жастан», «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілесің» деген
даналық сөздердің мағынасы өте терең.
Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін,
қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту
өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін
бастамас бұрын, өзіңіздің мінез -
құлқыңызды, өмірге
көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп,
бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Сондықтан
да тәрбиеші баланың ата – анасымен тығыз байланыста болу
керек.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің
отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен
түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар
арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға
біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және
бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара
сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында
іске асыруға болады:
-педагогикалық және
психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары
(ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу,
әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша
қызмет көрсету;
-балалардың шығармашылық
жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
-қалыптасу мен дамыту мәселелері
бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта
қалыптастыруға көмек көрсету[2].
Балалардың
педагогикалық-психологиялық даму картасы:
1.Балалардың негізгі
құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін
бағалау индикаторлары.
2.Тәрбие мен білім берудегі дамытушы
ортаның деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын.
3.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу
(отбасына бару
сауалнама,тест,интерпритация - суреттері, т.б)
жазып қоямын.
4.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру.
5.Топтық,жеке кеңес беру.
Бауыржан
Момышұлы өзінің үш өсиетінде
былай деп көрсетеді.
1.Немересін ертегі айтып бере
алмаған әжелерден қорқамын.
2.Бесік жырын ыңылдап жеткізе алмаған келіндерден
қорқамын.
3. Қазақтың әдеп – ғұрпымен салт
– санасын ұмытқан жастардан қорқамын.
Бұл
міндетті орындау тек балабақшаның емес, отбасының игі ісі:
Кейбір ата
- ана балаларын асырауды, киіндіруді күтуді «тәрбие»
деп түсінеді. Бұл керек нәрсе дегенмен
тәрбиенің бір жағы ғана. Ата – ана тіпті
тәрбиеші де «Тәрбие» ешқандай рольді атқармайды, бала
жаратылысынан ата –анасына ұран бұтағына тартып
туады деп есептейді. Бала жаратылысына мінез – құлқына осылай
қарап, баланың ұнамсыз қылықтарының
үдей түсуіне себепкер болып, жатамыз.
Балабақша
тәрбиешілерінің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп
жұмыс істеудің әр түрлі формалары
қалыптасқан (әңгімелесу, дөңгелек
үстел, пікірталас, отбасы бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру,
психологиялық тренинг т.б.) және жемісті түрде
қолдануда. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық
жұмыстар жүргізеді. Ата-аналар өздерінің
педагогикалық білімдерін толықтырып, өз балаларының
даму ерекшеліктерін көру үшін ашық көріністерге белсене
қатысады. Бала
тәрбиесіне тек ясли-бақша, мектеп, оны қоршаған орта
ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни әкесі, анасы,
атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Мысалы,
ясли-бақшада өткен «Әкем, шешем және мен – спорттық
жанұя» эстафеталық ойын, отбасымен бірлесіп саябаққа
барып дем алу осы ойдың дәлелі. «Қиқар бала
қайдан шығады?» атты кеңесте тәрбиешілер ата-анамен
бірлесіп отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтардың
шығу себептерін анықтайды. «Отбасындағы тәрбие» атты
кеңесте тәрбиешілер бала тәрбиесі мәселесінде
ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам
баласына тән қасиеттері дағдыланып, ұяда
көргенінен өнеге алатындығы сөз етті[3].
Отбасы -
адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның
өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы
отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын –
тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бүгінгі
таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар
алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі
тәрбие берудің негізгі міндеті ең алдымен дені сау,
ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер,
бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу[4].
Бала жақсы адам болып өсуі үшін
ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды,
ең әділ қарым-қатынастардың күәсі
болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы,
сүйеніш екенін сезінуі керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс
емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді.
Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан
бөбек тәрбиесін ерте жастан-ақ бастаған. Баланың да өзіндік ойы,
қызығатын ортасы, туа бітетің мінезі бар. Сөзіміз
дәлелді болуы үшін соның біразын санамалап берейік:
1. Балабақшаға барған
балалардың өзімен қатарлас балалармен араласып, тіл табысуына
үлкен мүмкіндік туады.
2. Балабақша баланы өзімшілдіктен
арылтады. Ата-анасының ғана айтқанын орындап, еркелікпен
өзім білемдікке салынып жүрген балаға тәрбиешіні
тыңдау, көңілінен шығу көп нәрсеге
үйретеді. Тәрбиешінің тәрбиесіне төселген бала
мектепке барғанда мұғаліммен тез тіл табысатын болады.
3. Үйден шықпаған бала тым
ерке, өзімшіл болып кетеді. Ата-анасы да көзінің ағы
мен қарасы болған ұл-қызының тілегін
орындауға бейім. Отбасының еркесі болған бала
балабақшаға барып, топ баланың арасына түскенде,
өзінің көптің бірі екенін түсінеді.
Алайда
тәрбиенің шынайы жемісін көргіңіз келсе, бар
ынтаңызбен балабақша ұжымымен йық тіресе жұмыс
істегеніңіз абзал. Баланың күні бойғы сағынышын
басып, жұмыстан қанша шаршап тұрсаңыз да оның
айтқан барлық әңгімесін ықыласпен тыңдап,
көңіл бөлгеніңіз жөн. Балабақша мен отбасы
ынтымақтастығының арқасында тәрбие
өзінің игі жемістерін бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты - 2012.
2.Мектепке дейінгі
және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырымдамасы. – Алматы, 2007.
3.
В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы,1982.
4.Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі педагогика.- Алматы, 1992.