БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖЕТКІНШЕК ҚЫЗДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ
КӘСІБИ АНЫҚТАУ
БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Педагогика ғылымының докторы Мукашева
А.Б., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4курс студенті Шайзадаева А.А.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы
мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының
жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі.
Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі
төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы
қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті
қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жеткіншектік кезең жас кезеңдері ішіндегі ең
күрделісі. Сонымен қатар жеткіншектік кезең баланың
адамдарға, қоғамға, өзіне қатынасын
адамгершіліктің негізін қалыптастыратындықтан жауапкершілікті
қажет ететін шақ. Осы жаста мінездің,
тұлғааралық мінез-құлықтың негізгі
түрлері тұрақтанады. Жеткіншек кезеңінің басында
балада ересектерге ұқсас болуға құштарлығы
көрініс береді. Осы кезде балалар өздерін ересек санап, ересектерге
еліктеп өздеріне ересек адам сияқты қарауды талап етеді.
Бірақ олар ересектерге койылатын талаптарды орындай алмайды.
Жеткіншектердің жылдам өсуіне өмір жағдай әсер
етеді. «Ересек сияқты болу» деген мақсатқа жетудің
ең жеңіл әдісі бақылаудағы
мінез-құлықтың сыртқы түріне еліктеу болып
табылады [1].
Жеткіншектер 12-13 жастан бастап ( қыз балалар ұл
балаларға қарағанда ертерек) өздерінің
айналасындағы ересек адамдардың мінез-құлқын
қайталауға тырысады. Бұған киім киісі, шаш
қойысы, сәндік бұйымдары, мінез-құлық
мәнері, құштарлығы т.б. жатады. Ал ұл
балаға көбінесе еліктейтін адамдары болып, өзін «нағыз
еркек сиақты» ұстайтын, ерік-жігері күшті, төзімділігі
жоғары, батыл, көзге түскен адамдар болып табылады. Бұл
кезеңде баланың өзіндік санасы қалыптасып, даму
үрдісі жалғасады. 7-8 сыныптарда жеткіншектер жүйелі
түрде өзіндік тәрбиемен айналыса бастайды. Бұл
әсіресе ұл балаларға тән [2].
Жетім балалар үйінде
тәрбиеленетін балалардың «Мен» образы ғалымдар айтуынша
толыққанды отбасындағы баламен салыстырғанда нашар дамыған. Бірақта ол балаланың
қай уақыттан бастап балалар үйінде тәрбиеленетініне
байланысты болып келеді. Балалар үйіне кішкентай кезінене бастап
тапсырылып, сол жерде тәрбиеленген баланың «Мен» образы қалыптасқанмен де оның
басты фундаменты мықты болмайды. Өйткені балада 3 жасынан бастап
«Мен» образы қалыптасады, ал оның дұрыс қалыптасуына
баланың индивидуалды қозғалып, жүріп тұруы,
пікірінің тәуелсіз болуы қатты әсер етеді. Ал, балалар
үйінде ондай мүмкіндіктер жиі туа бермейді, барлығы «Біз»
деген түсінікке жақынырақ болып өседі. Баланың
образының дұрыс қалыптасуына үлкендердің
тигізетін әсері, атқаратын рөлі зор. Блалар үйінде
мұндай қарым-қатынас жоқтық қасы.
Сондықтан да балалар үйіндегі
тәрбиеленушілердің де қарым-қатынасқа ашық
түсе алмауы да осыған байланысты болып келеді. Қоршаған
ортамен қарым-қатынас ол адам үшін биологиялық
қажеттіліктер сияқты аса ерекше қасиеттердің бірі болып
табылады. Қарым қатынас арқылы бала қоршаған
ортадан қажетті ақпарат алып, ақпарат алмасады.
Өзінің пікірін, ойын дәл де нақты жеткізіп, қате
пікірлерді үлкендердің түзетуі арқылы болашақта
дұрыс қарым-қатынас жасау негізін үйренеді. Балалар
үйіндегі педагогтар мен тәрбиешілер көбінде балалардың
барлығымен емес тек, беделі бар, белсенді балалармен ғана
қарым-қатынасқа түсіп қалған
тәрбиеленушілерді шектетеді. Бұл балалардың топтарға
бөлініп, қоғамдағы рөлінің
қаншалықты маңыссыз екендігін анықтауға
мүмкіндік береді. Олардың құнылықтары,
қажеттіліктері, қабілеттері мен қызығушылықтары
ескерілмей қалады. Балалалрыдң автономды дамуына көңіл
бөлмей, көп жағдайларда оны қажетсіз деп таниды.
Осындай жағдайларда психолог балалармен
коррекциялық жұмыстар жасай отырып олардың
комуникативті қабілеттрін арттыруға байланысты жұмыстар
жасауы керек.
Осындай қатынастан кейін балалар
үйінің тәрбиеленушілері үлкендерге қарсы
агрессивті әрекеттер білдіруі мүмкін. Бала мәдениетке сай
емес қылықтар жасап, үлкендерден ала алмаған
қарым-қатынастың компенсациясы ретінде дөрекі
әрекеттер жасап, тәртіпке бағынбауға бет алады. Осындай
жағдайларды көптеген балалар үйлері мен интернаттардан
байқауға болады.
Үлкендермен
қарым-қатынасының толық дамымағандықтан
балалар өздерінің құрбыларымен,
құрдастарымен қарым-қатынас жасайды. Бұл
қатынас түрі үлкендерден қарағанда бөлек
сипатта болып келеді. Балалар өздерінің ішкі жай күйлерін,
қанағаттанбаушылықтарын бір-бірімен бөлісу арқылы
ғана ақпарат алыса алады. Балалар топпен бірге
болғандықтан да олар қақтығыстарды шешуге,
үлкендермен қатынасқа түсуге, жағдайдан
шыға білуге үйренеді. Бірақта зерттулердәлелдегендей
балалар үйінде тәрбиеленушілер мұндай жағдайларды
шешуде толыққанды
обасындағы балалардан қарағанда әлде
қайда әлсіз,
ұйымдаспаған болып келеді. Мұндай жағдайда балалар
үйінің тәрбиеленушілерінен агрессивтілік, қоршаған ортаны тез сатып
кеткіштік, өзінің
кінәсін мойындамау және мойындай алмау сияқты қасиеттер
байқалады [3].
Ал,
жеткіншек қыздарға тоқталар болсақ жеткіншектік
шақ бұл балалықтан ересектік кезеңге өту әр
адамда әртүрлі болуы әбден мүмкін. Бұл жаста тек
жыныстық жетілу, ағзадағы физиологиялық өзгерістер мен қоса
психологиялық және әлеуметтік трансформациялық
өзгерістер болады. Жеткіншек қыздар көбінесе ересек
адамның іс-әрекеттерін балалыққа өзгертуге, өз қалаулары
мен талғамдарын ауыстыруға
бейім болады. Жеткіншектер әрдайым өздеріне беделді
жұлдызды, ата-ананы, жолдастарын, негізінен үлгі тұтар адамы
өзінен әлдеқайда
ересек немесе ақылды
болғандарын таңдап алады. Себебеі, олардың іс-әрекеті
ерекше, қызықты болып көрінеді.
Тағы мінезіндегі ерекше сипаты ол
жоғары ұғымдылық, ерекшеленуге ұмтылу, өзін
тұлға ретінде көру көбінесе есейген жеткіншек
қыздарда байқалады. Оларға өз айтқанынан таймау,
өздеріне сенімді болу және соны айқындау мінездеріне
тән. Сол себепті де
жеткіншектердің осы кезеңде өзін-өзі бағалаулары
төмен болады.
Қыздар көбінесе сырт келбеттерін,
мінездерін, жүріс-тұрыстарын, өз кемшіліктерін асыра сілтеп
айтады. Сыншылдық және өз пікірлерінің
жоқтығы көбіне қыздарда көрінеді, себебі олар
сырт келбетке уайымдауға бейім.
Жеткіншек қыздардағы айқын ерекшелік дербестікке
ұмтылу, ата-ананың қамқорлығынан серпілу
және ата-ананың тексерісінен құтылу. Сонымен
қатар қыздар ересек болып көрінгенді қалайдыү.
Шылым шегу, алкогольды сусындарды ішу, опа-далаптын шектен тыс болуы, киім үлгісіндегі
өзгешіліктер, ақшаны көп құрту, ерте
жыныстық қатынасқа түсу - өз жастарынын
әлдеқайда ересек көріну үшін жеткіншек қыздар
осындай іс-әрекеттерге барады.
Олардың көздерінде билік пен шектеусіздік ересек
адамдардың қолында.
Болашақ
мамандыққа көзқарас. Жеткіншектік
шақ – болашақ туралы балалық армандардың орнына
өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларынын
ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін
практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу
келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниеттердің
дамуындағы мұндай ілгерулер жеткіншектердің бәрінде
бірдей болмайды; кейбіреулерінің барлық ойы қазіргімен болып,
болашақ мамандық туралы аз ойлайды.
Белгілі бір мамандыққа деген ыңтаның пайда болуына
көп жайлар: оқу, адамдар, кітаптар, кино, теледидар, экскурсиялар,
себепші болуы мүмкін. Жеткіншектер көп нәрсеге ден қояды,
көбіне бірнеше бағытты бағдар етіп ұстайды, бірнеше
үйірмеге барып жүреді. Жеткіншектер өздеріне
ұнаған кәсіптерді роммантикаға бөлейді,
көптеген қиыншылықтарды аңғармайды, өз
мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүдделер мен
ниеттердің қалыптасуы үшін үйірмелердегі
тыңғылықты ұйымдастырылған
сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтар жеткіншекке
өзінің бейімділіктерін, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін
ұғынып, бағалауға көмектеседі. Өзін
іс-әрекетте сынау – арманың жүзеге асыру үшін де,
түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс.
Алайда жеткіншектердің көпшілігі үшін VIII және IX
сыныптарда оқитын уақыт – болашақ туралы көп ойланатын
кезең. Біреулері армандарын іс-әрекетке айналдыруға тырысады,
енді біреулері болашақтын әр түрлі варианттарына
өздерін шамалап көреді, үшіншілері өз
мүмкіндіктерінің мамандықтын талаптарына сай келу проблемасын
шешеді, төртіншілері мамандықтын мазмұны ол туралы
түсінікке сай келетін – келмейтінің анықтайды. Қателесем
бе деп қорқу пайда болады.
Балалар өздеріне ұнаған мамандық пен оны
алуға болатын оқу орнының ерекшеліктері туралы хабарлар
жинайды, жақын жолдастарымен бірге әр түрлі проблемаларды
талқылайды, сыныптастарының жоспарларын білгісі келеді. Біреулері
байыпты түрде, өз мүмкіндіктерін дәлме-дәл
бағалайды, екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды
және ондай оқушылар аз емес. Кейбір есейген жеткіншектерде
әжептәуір күмән мен толқулар пайда болып,
бұрынғы армандарын «балалық» арман деп атап (орындалмайтындығы
себепті) бас тартады. Маңызды және заманға сай
мамандықтар, қызғылықты әрі
шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі,
кәсіптердің қоғамға пайдалылығы,
болашақ қызметінің романтикалық сипаты
қызықтырады.
Тоғыз жылдықты бітірудің таялуы есейген жеткіншектердің
болашақ туралы ойларына ой қосады. Біреулері он бір жылдықты
бітіруге ден қойса, енді біреулерін кәсіптік-техникалық
училищеде немесе техникумда арнаулы орта білім алу тартады [4].
Осы жерде әлеуметтік педагогтің қызметінің
объектісіне тоқталар болсақ – әлеуметтендіруге
мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған
бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық,
психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін,
естімейтін, ақыл-есі кемтар және т,б, балалар) да жатады. Егер
балалардағы әлеуметтену процесі ойдағыдай өтетін болса,
онда олар әлеуметтік педагогтің көмегіне мұқтаж
болмайды. Әлеуметтік педагогтің қызмеі мектепте, отбасында
балалар тәрбиесі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
болмағанда қажет болады. Ал, әлеуметтік педагогтің
қызметінің мақсаты – баланың дұрыс өсіп
жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктер жасау.
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі
бағыттары мыналар болып табылады:
1.
Балаларды әлеуметтік ортада дамыту
мақсатындағы кәсіби әлеуметтік іс-әрекет олармен
тікелей қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылады.
2.
Әлеуметтік дамыту мақсатындағы
іс-әрекет балалардың қалыптан ауытқуы кезінде
жүзеге асырылады.
3.
Балалармен олардың отбасыларының жайсыз
жағдайы мен жайсыз, әлеуметтену тәжірибесін жақсартуда
әлеуметтік жағдай жасау.
4.
Әлеуметтік тәрбие мен қорғаныс
жүйесіндегі білім беру мен басқада мекемелерінде жайлы
әлеуметтік-педагогтік жағдай жасауға бағытталған
жиынтықты көмек көрсету.
5.
«Қауіпті» топтағы отбасыларға
және балаларға әлеуметтік -педагогтік мәселелерде сараптама,
түзету, кеңес беру ісін қамтамасыз ету.
6.
Балалардың, жасөспірімдердің,
ересектердің спорттық сауықтыру, бос уақытта демалысын
және тағы да басқа қызметін ұйымдастыру.
7.
Кәсіптік бағыт-бағдарын анықтауда
кеңес беру мен арнайы көмек көрсету.
8.
Психологиялық түзету сыныптарындағы
жұмыс; барлық жастағы балалардың әлеуметтік
және жеке проблемаларын табу мақсатында
әлеуметтік-педагогтық зерттеу ісін жүргізу.
9.
Оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар мен
балалар арасында туындаған
қақтығыстарды шешуде көмек көрсету;
ересектердің балаларға деген қарсылықты
қарым-қатынасын ескерту[5].
Дұрыс ұйымдастырылған әлеуметтік-педогтық
қызмет баланың мәнді қызмет күшін ашуды,
тұлғаға деген бағыттылықты қалыптастыруды;
оның жеке басындағы мәселелерін шешуде әлеуметтік
психологтық-педагогтық көмек көрсетуді; ең
бастысы өзінің өмірінің субъектісі (иесі) екендігін
танытуды көздейді.
Әлеуметтік-педагогтық қызмет адамның
қоғамға енуі, әлеуметтенуі жүйесінде пайда
болатын әрі жеке басындағы мәселелерін шешуге, жеке дара бір
тұлғаға бағытталған болуы тиіс.
Әлеуметтік педагог тұлғаның ерекшеліктерін
айқындап, ішкі жан дүниесін іске қоса білуі тиіс.
Әсіресе, әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік ортада
алар орнын айқындай білуі керек.
Әлеуметтік-педагогтық қызмет балалармен
жеткіншектердің әлеуметтік шындаулуына, қиындықты
жеңе білуіне бағытталған іс-әрекет. Бұл
қызметтің негізгі ұстанымына – баланың адамгершілікті
мінез-құлқын қалыптастыру жатады.
Мақсатты жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік
педагог баланың ортадағы даму ерекшелігін өте жақсы
білуі қажет. Бала көбінесе өзінің болмысында бой
көрсетіп отырған проблемаларды әлеуметтік педагогқа
дұрыс түсіндіріп, жеткізе айта алмайды. Сондықтан
әлеуметтік бала бойындағы өзгешіліктерді дұрыс талдай
отырып, оның әлеуметтенуіне дұрыс бағыт беретіндей
қабілетке ие болуы керек. Ол үшін әлеуметтік педагог
әртүрлі диагностикалық әдістері (психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік) қолдана білуі қажет.
Кез келген іс-әрекет өз құрылымын қамтиды.
Әлеуметтік педагогтің қызметі төмендегідей
компоненттерді қамтиды: объект, субъект, мақсат, қызмет,
құрал.
Балалар
үйіндегі балалар проблемасын кеңінен зерттеген ғалымдар
М.И.Лисина, В.С.Мухина, А.М.Прихожан, Е.О.Смирнова және т.б. болды.
Балалар үйіндегі
әлеуметтік педагогикалық қызмет
|
Әлеуметтік
педагогтың міндеттері |
Әлеуметтік
педагогикалық қызмет функциялары |
Әрекетті
ұйымдастырудың әдістері мен формалары |
|
1.Бала статусын
анықтау |
Диагностика |
Әңгіме,
сұхбат, анкета, тест, интервью, бала құжаттарына талдау |
|
2.Тәрбиеленуші
дамуының жеке бағдарламасын жасау |
Алдын ала болжам жасау |
Бала туралы
жиналған мәліметтерді талдау, балаға медициналық,
психологиялық, педагогикалық анықтама беру |
|
3.Баланы интеграциялау,
адаптациядан өткізу |
Өңдеу |
Бақылау,
сұхбат, ойын, жаттығу, тренинг, мадақтау, жазалау,
тәрбиеленушіге жеке кітапша арнау, әлеуметтік қызмет
көрсету мекемелерімен байланыс |
|
4.Заң және
әкімшілік органдары тарапынан бала қызығушылығын
қорғау |
Делдалдық |
Көз жеткізу,
сұхбат |
Қорыта
айтқанда, көріп отырғанымыздай балалар үйіндегі
әлеуметтік педагогтын басқа мамандықтармен
салыстырғанда жұмыс ерекшелігі тек жеткіншек қыздарды
ғана емес барлық жетім балаларды әлеуметтік ортаға,
қоғамға бейімдеу барысында үлкен еңбек етеді.
Әлеуметтік
педагог балаларды өмірге бейімдеп, кәсіп таңдаумен
қатар, балалардың жеке құжаттарын жасап, жеке шоттарына
зейнетақыларын аударуын қадағалау,
тәрбиеленушілердің тұрғын үй
құқықтарын қорғау, сот орындаушылармен
біріге отырып балалардың құқығын
қорғау, мектеп бітіруші түлектердің
қызығушылықтарымен танысып, оларды оқу орындарына
түсуге немесе жұмысқа орналасуына көмектесу
сияқты жұмыстарын айта кетуге болады.
Балалар
үйіндегі жеткіншек қыздардың өзін-өзі
кәсіби анықталуына әлеуметтік педагогтің жұмыс
ерекшелігі жауапты да, қажетті сол уақытта қиын да,
күрделі мамандық екендігіне көзіміз жетіп отыр.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.
Дружинина В.Н. Психология учебник для гуманитарных
вузов.- СПб.: Питер, 2003. 656с.
2.
Божович Л.И. Личность иее формирование в детском
возрасте.-М., 1968. 232с
3.
Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Психология сиротства. 2-е
изд. – СПб.: Питер, 2005. 400 с.
4.
Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы 1988/ 140-145б
5.
Ю.В.Василькова, Т.А.Василькова Социальная педагогика
/Москва 2004//112-114с.
6.
Қ.Т.Әтемова Әлеуметтік педагогика –
Алматы, 2012 67-74б// 260-265б