Алтайбаева Т.Қ.
Қарағанды
қаласы, №60 ЖББОМ,
Қазақстан
Орыс
тілді мектептерде қазақ тілін деңгейлеп оқыту негіздері
Орыс тілді мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп,
кешенді оқыту бүгінгі уақыт сұранысынан туындап отыр. П.ғ.д.
Оразбаева Ф.Ш. қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
бекітетін екі факторды атап берген:
Бірінші фактор – қазақ тілін үйренуге қажеттілік
тудыратын тиімді жолдарды анықтай отырып, оған ықпал ететін
мотивтерді толық және жан-жақты іске асырумен байланысты. Тілді меңгерудегі мотивация
соңғы нәтижеге бағытталғанда ғана
алға қойылған мақсатқа жетуге болады, яғни оқушы тіл үйренген соң қандай
жетістіктерге қолы жететіндігін білгені абзал. Оқушы тілді
үйренерде өзінің болашақ өміріне: әлеуметтік
мәртебесіне, бәсекеге қабілетті болуына,
мәнсабының өсуіне
және кәсіби деңгейде білікті маман иесі
болатындығына сенім артуы шарт.
Екінші фактор – мектептерде
қазақ тілін үйрету әдістемесіне қажет
технологиялар мен қазіргі уақыт сұранысына орай жаңа
бағыттарды дұрыс жолға қоюмен байланысты.
Осындай факторлар білім жүйесінде «Қазақ тілі»
пәнінің әлеуетін арттырып, тілді меңгерту
әдістемесін жаңартып, жаңғыртып отыруды қалайды.
Бұл осы саладағы жетістіктер мен жетіспеушіліктерді қайта қарап, бүгінгі
күнге сай мәселені дұрыс таңдап, іске қосуды
қажет етеді. Осы бағытта
республиканың тілші-ғалымдарының қатысуымен
қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіру
мақсатында дүниежүзіндегі өркениетті елдердің
екінші тілдерді меңгерту әдістемесіндегі озық үлгілер
сараланып, мемлекеттік тілдің қоғамдық,
әлеуметтік қызметі мен орнына сәйкес жаңа
бағыттар айқындалды [1].
Қазақ тілін өзге тілді мектептерде деңгейлеп
меңгерту тілдік білімді бағалаудың халықаралық,
Европалық стандарттары TOEFL, DALF\DELF, ALTE, IELTS (А1 Бастапқы
игерім; А2 Қалыптасу
қарсаңындағы игерім; В1 Қалыптасқан
игерім; В1+ тереңдетіле
қалыптасқан игерім; В2 Тереңдетіле, ілгерілей
қалыптасқан игерім; С1 Кәсіби игерім) негізінде,
бағалау және оқыту жүйелерін ескере отырып,
әзірленді.
Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін
деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде»
белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан
Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін орта
мектебінің 1-11 сыныптарында қазақ тілін
үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды.
Бұл деңгейлер ҚР өзіндік ерекшелігі мен
қазақ тілін үйренудің әлеуметтік,
қоғамдық орнын ескере отырып жасалған.
ҚАЗАҚ ТІЛІН
ҮЙРЕТУДІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ мынадай:
|
Қарапайым деңгей |
Бастапқы қарапайым игерім А1 |
А1 -1-сынып |
|
Бастапқы деңгей |
Бастапқы игерім А1.1 Бастапқы толық орта игерім А1.2 Бастапқы толық жетік игерім А1+ |
А1.1 - 2-сынып; А1.2 - 3-сынып; А1+ - 4-сынып. |
|
Негізгі деңгей |
Қалыптасу қарсаңындағы бастапқы игерім А2.1 Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 Қалыптасқан игерім А2.1.2 |
А2.1 - 5-сынып; А2.1.1 - 6-сынып; А2.1.2. - 7-сынып. |
|
Орта деңгей |
Қалыптасқан орта игерім А2.2 Қалыптасқан
толық игерім А2.+ |
А2.2 - 8-сынып; А2.+ - 9-сынып. |
|
Ортадан жоғары деңгей |
Тереңдетіле қалыптасқан игерім В1.1. |
В1.1 -10-сынып |
|
Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В1.2. |
В1.2 -11-сынып |
Осы деңгейлерге сәйкес қазақ тілінің
күтілетін нәтижелері ақпараттық,
коммуникативтік, проблеманың шешімін табу секілді түйінді
құзыреттіліктердің қалыптасуына мүмкіндік
тудыратын қарапайым, бастапқы,
негізгі, орта және ортадан
жоғары деңгейлердің өзара сабақтас сатылары
бойынша анықталады.
Қазақ тілін
меңгертудегі деңгейлердің нәтижесі мына
мәселелерді қамтиды: 1. Қарапайым және бастапқы
деңгейде күтілетін нәтиже:
күнделікті жағдаяттарда қарапайым тілдік дағдыларды
өз мүмкіндігінше пайдаланып, қазақ тілінде
қатысымға түседі; 2. Негізгі
деңгейде күтілетін нәтиже:
ауызша және жазбаша ақпараттар алмасуда тілдік бірліктерді
дұрыс, орынды, сауатты жазады және пайдаланады; 3. Орта деңгейде күтілетін нәтиже: өз ойын әдеби
тілде түсінікті әрі еркін жеткізеді, сауатты және дұрыс
жазады; 4. Ортадан жоғары
деңгейде күтілетін нәтиже:
қоғамдық ортада, әр түрлі әлеуметтік
жағдайларда өз көзқарасын білдіріп, оны қысқаша дәлелдеп, қазақша тілдік қатынасты
жан-жақты игереді.
Өзге тілді мектептерде
қазақ тілін деңгейлеп
оқыту жүйесінің мақсаты – қарапайым және
бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей
бойынша базалық және пәндік құзыреттерді
жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан
меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай
оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға
үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік
қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі
тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып,
оқушыларға
қазақша тілдік қатынасты игерту [2].
Мемлекеттік стандартқа негізделген қазақ тілін
коммуникативтік
тұрғыдан қарым-қатынас құралы ретінде
үйретуге байланысты ең басты ұстанымдар: тілді меңгерту
тіл білімін оқытуға емес, тілді қарым-қатынас
құралы ретінде үйрету; тілді тез және сапалы
үйрену үшін сөйлемді дұрыс
құрастыруға қажет басты-басты лексикалық,
грамматикалық минимумдарды ғана сұрыптап алу; оқыту
грамматикалық ережелерге негізделмейді, керісінше, грамматика
сөйлем құрауға негізделеді. Сөйлесім
әрекетін меңгеру үшін тіл үйренушіге ұсынылатын
тақырыптар бір қадамнан екінші қадамға дамытылып,
сабақтасып, отырғаны тиімді. Сонда тіл үйренуші алдында
өткен материалды әрі есте сақтап, әрі
жалғастырып, өзінің сөйлеу әрекетін жетілдіреді.
Тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім
әрекеті бес түрге бөлінеді: оқылым, жазылым, тыңдалым,
айтылым, тілдесім.
Оқылым – графикалық
таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер
мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың
нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп,
ұғынықты оқу және одан қажетті деректі
түсініп, сұрыптап алу.
Жазылым – жаза білу, ойыңды
басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде
сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді. Ол графикалық
таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі
арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Жазылым арқылы адам айтайын деген ойын
қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы
адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады.
Тыңдалым (аудирование) – есту
арқылы түсіну, яғни айтылған немесе техникалық
аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді,
сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау
және түсіну.
Айтылым – тілдік
қарым-қатынас барысында адамның өз ойын білдіруі,
өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізуі.
Тілдесім – адамдардың
қоғамдық - әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл
арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара
пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да,
жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы.
Сөйлесім
әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты
көрсеткіш - түсіну. Бір
адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса,
онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды.
Осы ұстанымдары тілді үйренудегі түпкі нәтижеге
бағытталғанда қазақ тілінің әлеуметтік
қызметі жоғары дәрежеге жетеді. Басты нәтиже – тіл
үйренушінің коммуникативтік құзыреттілігін
қамтамасыз ету; қазақ тілінде сауатты жаза білу, өз
ойын әдеби тілмен түсінікті, еркін айта білу [1].
Әдебиеттер:
1.
Ф.Ш.Оразбаева. Тіл
әлемі. Алматы. 2009
2. Оразбаева
Ф.Ш., Аяпова
Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т.
және т.б. Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін
мектептің 1-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі»
оқу бағдарламасы. А., 2010